Жоғары қауіп тобындағы перинаталды патологияда жәнежүктіліктің 22-32 апталық мерзімдеріндегі мерзімінен ерте босануларда перинаталды көмек көрсетудің қай деңгейінде жүргізіледі?
үшінші
Жүкті және босанатын әйелдерге емхананың қандай құрылымдық бөлімі медициналық көмек көрсетеді?
акушерлік-гинекологиялық блок
Жүкті әйелдерді қарауда қандай тексеру әдістері қолданылады?
сыртқы және ішкі акушерлік тексерулер, лабораторлы әдістер, бойы мен салмағын өлшеу, УДЗ
Емхананың акушер-гинекологының негізгі мақсатына жатады:
жүктілерді ерте есепке алу, жүктілік кезінде диспансерлік бақылау, ана мен перинаталды аурушаңдықтың алдын -алу, гинекологиялық науқастарға көмек көрсету, отбасын жоспарлау бойынша шаралар, аборттардың алдын -алу, ракалды және рак ауруларын анықтау, санитарлы-ағарту жұмысы
Жүкті әйел Р, 31 жаста, ұрық айналасы суының 15 минут ағуы шағымымен жедел медициналық көмек бригадасын шақырды, жүктілік мерзімі 30 апта. Жүктілік анамнезі -3, оның біреуін мезгілінен ерте босанған, баласы тірі, келесі жүктілік 18 апталық мерзімде үзілген. Аймақтандыру бұйрығына сәйкес әйелді ауруханалық көмектің қандай деңгейіне жіберу керек?
3
ҚР ДСМ 16 сәуір 2018 ж. № 173 бұйрығына сәйкес акушер-гинеколог дәрігеріне кеңес алу мақсатында жолдамаға медициналық көрсету:
8 жасқа дейін жыныстық белгілерінің пайда болуы
ҚР ДСМ 16 сәуір 2018 ж. № 173 бұйрығына сәйкес акушер-гинеколог дәрігеріне кеңес алу мақсатында жолдамаға медициналық көрсетуі болып табылады:
13 жасқа дейін екіншілік жыныстық белгілерінің болмауы
ҚР ДСМ 16 сәуір 2018 ж. № 173 бұйрығына сәйкес қыз балдардың медициналық қарауына кіреді:
объективті қарау, пубертатты бағалау, УДЗ және тік ішек арқылы қарау (көрсетулермен)
ҚР ДСМ 16 сәуір 2018 ж. № 173 бұйрығына сәйкес жүкті әйелдердің міндетті қарауын жүктіліктің ... апталарында жүргізілуі қажет.
12 және 30-32
ҚР ДСМ 03.07.2012 ж.№ 452 бұйрығына сәйкес фертилды жастағы әйелдерді акушер-гинекологпен жыл сайын тексеру алгоритмі: анамнез жинау, сүт бездерін бағалауымен объективті қарау, гинекологиялықческий тексеру, … .
онкоцитологияға жағынды алу, RW, ВИЧ; УДЗ және ЖЖАБИ (ИППП) көрсетулермен
Қайта жүкті әйел, 29 жаста, ауыл тұрғыны, жатырында екі тыртығы бар жүктіліктің 36 аптасында стационарға жіберілді. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ауыр дәрежелі преэклампсиямен асқынып, босану 36 апталық мерзімде операциямен аяқталған, екінші жүктілігі 37 апталық мерзімде жатырдағы тыртықтың ажырауына байланысты кесар тілігі операциясымен аяқталған.
Әйел ... босануы тиіс.
облыстық перинаталдық орталықта
Жүктілік бойынша есепке тұру кезінде қандай құжаттар рәсімдейді?
жүкті және босанатын әйелдің жеке картасын, алмасу картасы
Қазақстан Республикасында ана өлімі жөнінен бірінші орынды ... алады.
қан кету
Босанғаннан кейінгі ... күнге дейін өліммен аяқталған кезде ана өліміне жатады.
42
26 жастағы қайта жүктінің УДЗ қорытындысы: Ұрықтың антенаталды өлуі. Бұл түсінікке анықтама беріңіз:
жүктіліктің 22 аптасына дейінгі және босанудың басталуына дейінгі ұрық өлімі
БДЖДСҰ (ВОЗ) тірі туылу критерийлеріне өтуге байланысты перинаталды өлім көрсеткіші өте жоғарылады.
Бұл өлім көрсеткішін төмендету мақсатында жүргізілетін шаралар:
ұрықтың денсаулығына қауіпті жағдайларды ерте анықтау
Ана өлімі көрсеткіші... саналады.
жүктілік аяқталғаннан кейін 42 күн ішінде өлген жүктілер,босанатын және босанған әйелдер саны/тірі туылған нәрестелермен босану саны х 100000
Перинаталды өлім .... көрсеткіштер бойынша саналады:
өлі туылғандар саны/жаңадан туылғандар х 1000
Перинаталды өлімді төмендету шаралары жөнінен .... бағалы болып табылады:
перинаталды өлім себептерінің анализін жүргізу
Жанұяны жоспарлау бойынша әйелдер кеңесінің жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады:
фертильді жастағы 1000 әйелдердің түсік саны
Перинаталдық өлім-жітімдік дегеніміз не:
антенаталдық өлім-жітім + интранаталдық өлім-жітім + ерте неонаталдық өлім-жітім
Аяғы ауыр 28 жасар әйел әйелдер консультациясы дәрігеріне ішінің төменгі жағының тартып ауыратынына шағымданып келді. Анамнезінде жатырдың төменгі бөлігіне 3 рет кесарь тілігі жасалған. Жағдайы қанағаттанарлық. Жатыры тітіркенгіш, толғақ жоқ. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Жатырдың тыртық аймағын пальпациялағанда ауырады. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойнағы 6 балл. Қандай тәсіл негізді саналады:
3-деңгейлі перзентханаға жіберу
Перзентханада бір жылда 5000 әйел босанған, туылған сәбилердің 4900 тірі туылған, 4-і өлі туылған, 3-тәулікте 2 нәресте қайтыс болған, 5-тәулікте 3, 6-тәулікте 1 нәресте қайтыс болған. Перинатальдық өлім-жітімділік көрсеткішін қандай формула бойынша есептеген дұрыс:
(4+6/5000)*1000
Перинаталдық кезеңге жататын уақыт:
нәрестенің тіршілікке қабілеті басталғаннан туылғаннан кейін 7-ші тәулікте аяқталады(168 сағат)
27.12.2017 жылғы ҚР ДСМ “Нәрестені бағалау” №36 хаттамасына сәйкес допплерометрия ... аптада өткізіледі.
27
24 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнына 10-11апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ешқандай асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, соматикалық анамнезінде өзгерістер жоқ. Тексеру барысында өзгерістер анықталған жоқ. Жүктіліктің қалыпты ағымында жүкті емханаға ... рет қаралу қажет.
жүктілік бойынша 7 рет
1-ші диспансерлік бақылау тобына әйелдер жатады:
жиі рецидивы бар жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары бар
Жүкті әйелде 32 апта мерзімінде 150/90 мм.с.б. гипертензия анықталды, зәр анализінде протеинурия - 0,33г/л. ҚР ДСМ 07.05.10ж. № 325 бұйрығы бойынша, қандай деңгейдегі стационарға госпитализациялау:
преэклампсияның жеңіл дәрежесіне байланысты 2-ші деңгейдегі стационарға жаткызу
Жүкті әйелде 39 апта мерзімінде 150/90 мм.с.б. гипертензия анықталды, зәр анализінде протеинурия - 0,33г/л. Анамнезінде 2 босану кесар тілігімен. ҚР ДСМ 07.05.10ж. №325 бұйрығы бойынша, қандай деңгейдегі стационарға госпитализациялау:
2-ші деңгейдегі стационарға госпитализациялау, преэклампсияның жеңіл дәрежесімен
БМСК қабылдауына жүкті әйел жүрек айну, үйінде бір реттік құсуға шағымданып келді. Жүктілік бірінші. Д есепте 10 аптадан бастап тұрады. 2 күн бойы жағдайының нашарлағанын айтады. Жағдайы орташа ауырлықта. АҚҚ 150/100 мм.сын.бағ., пульс-86 соққы/мин. Жатыр жүктіліктің 35 аптасына сай. Ұрық басымен келген, жүрек соғысы анық, ретті 140 соққы/мин. Қарау кезінде аяқтарында және алдыңғы құрсақ қабырғасында ісінулер бар. Зәр анализінде протеинурия 0,9г/л. Медициналық көмек көрсетудің қай деңгейіне госпитализация көрсетілген және неге?
үшінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ., протеинурия 0,9г/л және жүрек айну мен құсу шағымдары
БМСК қабылдауына жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі толғақтәрізді ауырсынуға шағымданып келді. Жүктілік екінші. Д есепте жүктіліктің 7 аптасынан бастап тұрады. Анамнезінде жүктіліктің 28 аптасында уақытынан бұрын босану. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/70мм.сын.бағ., пульс- 78 соққы/мин. Жатыр жүктіліктің 27 аптасына сай, толғақ ұзақтығы 15-20 секундтан, әр 15 минут сайын. Ұрық басымен келген, жүрек соғысы анық, ретті 134 соққы/мин. Жатыр мойны Бишоп бойынша 10 балл. Медициналық көмек көрсетудің қай деңгейіне госпитализация көрсетілген және неге?
Үшінші деңгейге, себебі жүктіліктің 29 аптасында жалған толғақ, жатыр мойны Бишоп бойынша 9 балл
Жүкті әйел 20 жаста, жүктіліктің 35 аптасында 2 деңгейлі перзентханаға келіп түсті. Шағымы жоқ. Обьективті: бүкіл денесіне жайылған ісіну, бауыр пальпациясында ауырсыну. АҚҚ 140/110 мм.сын.бағ. Зәрдегі белок мөлшері 1.0 г/л. Сіздің әрекетіңіз және неге:
магнезиалді терапияны бастау,преэклампсияның ауыр дәрежесін ескере отырып, жағдайы тұрақтанғаннан кейін 3 деңгейлі перзентханаға ауыстыру
Гестациялық мерзімі 32апта болатын қайта жүкті, қайта босанатын әйел ҰҚДТ диагнозымен апта болатын қайта жүкті, қайта босанатын әйел ҰҚДТ ассиметриялық формасы диагнозымен 3 деңгейлі перзентханада жатыр. Допплерография: қанайналымның декомпенсирленген бұзылысы. Сіздің тактикаңыз және неге:
РДС-синдромының профилактикасы келесі оперативті босандырумен, себебі ҰҚДТ ассиметриялық формасы декомпенсирленген қанайналым бұзылысымен
Жүкті әйел 1деңгейлі перзентханаға жүктіліктің 28 аптасында судың кету шағымымен келіп түсті. Обьективті: жатыр қалыпты тонуста, көлемі жүктіліктің 28аптасына сай. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті 136 соққы/мин. Температура 36,6 0 С, ЖҚА: Л- 7,5*109/л. Сіздің тактикаңыз және неге:
Жүктілікті жалғастыру антибактериальді терапия және дексаметазон фонында, себебі ұрықтың РДС-синдромына профилактика жүргізу керек, жүктіліктің 28-29 аптасын ескере отырып 3 деңгейлі перзентханаға ауыстыру.
Аймақтандыру бұйрығы бойынша жоғарға қауіп тобындағы жүктілерге көмек қай деңгейде көрсетіледі:
III деңгейде
Нәрестенің антенатальды өлімі – нәрестенің жүктіліктің ... өлімі.
22 апта мерзімінде және босануға дейінгі
Ұрық иықтарының дистоциясында антенаталды қауіп факторлары болып ... табылады.
ұрық макросомиясы
Ұрық иықтарының дистоциясы кезінде антенаталды қауіп факторларына жатпайды:
плацентарлы жетіспеушілік
Ұрықтың құрсақішілік дамуы кідіруінің негізгі диагностикалық шараларына жатпайды:
партограмманы жүргізу
Пайда болу уақытысы байланысты ұрықтың құрсақішілік дамуы кідіруінің клиникалықжіктелу түрлері:
ерте, кеш
Даму түріне байланысты ұрықтың құрсақішілік дамуы кідіруінің клиникалықжіктелу түрлері:
симметриялық, асимметриялық
Ұрықтың құрсақішілік дамуының кідіру кезіндегі негізгі диагностикалық шараларының тізімі:
гравидограмма, ұрықтың УДЗ, биофизикалық сынамалар, допплерометрия
Ұрықтың құрсақішілік даму кідіруінің факторлары:
аналық, плацентарлық, сыртқы, тұқым куалаушылық
Есепте тұратын жүкті әйел жүктіліктің 11-12 аптасында жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліністерге шағымданып келді. Амалыңыз:
жатыр мойнын айнамен қарау және бимануалды тексеру
Жүктіліктің 19-20 аптасында жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданып келген әйелде жатыртүбінің биіктігі 25 см. Жатыр тугоэластикалық консистенцияда, ұрық бөліктері анықталмайды.
Болжам диагноз: Жүктіліктің 19-20 аптасы. ... .
Көпіршікті кезбе
Плацентаның жатуы
Жатыр мойынның патологиясы
Басталған түсік
Плацентаның ажырауы
26 жастағы қайта босанушы әйел, емханаға орнына 9 апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: Артериалды гипертензия диагонзымен участкелік терапевте тіркеуде тұратыны анықталды. Алдыңғы жүктілігі ауыр дәрежедегі преэклампсиямен асқынған, соған байланысты жүктілік 32 аптасында медициналық көрсеткіш бойынша үзілген. Тіркеуге алған уақытта әйелде ешқандай шағымдар жоқ. АҚ=120/80 мм сын. бағ. Осындай патологиясы бар жүкті әйелді бірінші рет стационарға ... аптаға дейін жатқызу қажет.
12
8
16
22
38
Әйелдердің жүктілік кезіндегі гипертензияның дамуы бойынша қауіп-қатер тобына жататындары:
анамнезінде алдындағы жүктілігінде эклампсия болса
гипотиреозы бар әйелдер
анамнезінде созылмалы гастрит болса
нәрестенің жамбаспен жатуы
20 мен 30 жас аралығында қайта жүкті әйелде
30 жастағы бірінші босанатын әйелде гипертониялық ауруының І дәрежесімен ... қауіп тобына кіргізуге болады:
преэклампсиямен
жүктіліктің мерзімінен асуы,ірі ұрықтың дамуы
бүйрек жетіспеушілігімен
жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің дамуымен
босанғаннан кейінгі септикалық аурумен
Көп сулық – бұл … .
амниотикалық сұйықтықтың тым артық жиналуы
плацентарлық ұлпаның тым артық жиналуы
ұрық маңындағы сулардың 5 л және одан да көп жиналуы
қынапта амниотикалық сұйықтықтың болуы
плевралық қуыста ұрық маңындағы сулардың болуы
Аз сулық – бұл … .
амниотикалық сүйықтықтың 0,5 л азаюы
амниотикалық сүйықтықтың 1,5 л азаюы
босанудың I кезеңінде ұрық маңындағы сулардың азаюы
амниотикалық сүйықтықта зәрдің болуы
ұрық маңындағы сулардың жеткіліксіз жиналуы
Ағымының ауырлығына байланысты көп сулық бөлінеді:
жіті және созылмалы
біріншілік және екіншілік
латентті және қайталанбалы
толық және толық емес
жеңіл және ауыр
Ағымына байланысты аз сулық бөлінеді:
біріншілік (18-25 апталарында) және екіншілік (26 аптасынан кейін)
жіті, жіті асты, созылмалы
біріншілік және екіншілік
жіті және созылмалы
босануға дейін және босанғаннан кейін
Ұрық маңындағы сулар келесі қызмет атқарады:
ұрықты жарақаттар мен инфекциялардан қорғайды, өкпе дамуына әсер етеді және ұрық денесі мен аяқ қолдарының қимылдарын жеңілдетеді
ұрық иықтарының дистоциясын, кіндік бауларының түсіп кетуін алдын алады
босанудан кейінгі қан кетулердің, қалыпты орналасқан плацентаның мезрзімінен бұрын ажырауын алдын алады
жарақаттардан ұрықты қорғайды, босану кезінде ұрық басының жылжуына көмек бнреді
атониялық қан кетуін, жүктілер токсикоздарын алдын алады
Көп сулық кезінде амниотикалық сұйықтықтың жоғары мөлшеріне байланысты ... қиындайды.
ұрық жүрек соғуының аускультациясы
жүкті әйелдің жүрек тондарының аускультациясы
ұрықтың төменгі жатқан бөлігінің пальпациясы
жатыр бөлімінің пальпациясы
ұрықтың тыныс алуының аускультациясы
Ұрық қозғалуының шектелуінен оның дұрыс орналаспауына себебі болады, ұрықтың тері жабындылары және амнион арасында жіпшелер мен жолақтар түрінде бітісуі ... тән.
аз сулыққа
көп сулыққа
эндометритке
пельвиоперитонитке
симфизитке
Ұрық маңындағы сулардың ауытқуы кезінде диагносикасында мәліметті болып амниотикалық сұйықтықтың индексін анықтау болып табылады:
аз сулықта - <5 см,– көп сулықта - >24 см
аз сулықта - >5 см,– көп сулықта - >20 см
аз сулықта - <10 см,– көп сулықта - >54 см
аз сулықта - <12 см,– көп сулықта - >22 см
аз сулықта - <5 см,– көп сулықта - >34 см
Көп сулық және аз сулықта тиімді емдеуінің индикаторлары:
тірі нәрестенің туылуы, анасында асқынулардың болмауы
тірі нәрестенің туылуы, босанған әйелде септикалық асқынудың болуы
нәрестенің шала туылуы, босанған әйелде преэклампсияның болуы
шала нәрестенің өлі туылуы, анасында асқынудың болмауы
тірі нәрестенің туылуы, босанған әйелде лактациялық маститтың болуы
Аз сулық және көп сулық кезінде кесар тілігі отасына көрсетулер:
ұрықтың қауіп жағдайы, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы
ұрықтың қауіп жағдайы, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, ұрық басымен жатуы
қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, ұрық басымен жатуы, протеинурияның 0,0033г/л тең болуы
ұрықтың қауіп жағдайы, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, гипертензияның 125/85мм рт.ст. тең болуы
ұрықтың қауіп жағдайы, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, IA дәрежедегі жатыр-ұрық қан айналымының бұзылуы
52 жастағы пациент әлсіздік, іштің төменгі жағындағы тартып ауыратын ауыру сезіміне байланысты емханаға келді. Постменопауза 1,5 жыл. Анамнезінде бір босану және екі түсік, жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуы. Қараған кезде ішінің мөлшерінің ұлғаюы, бүйір бөліктерінде перкуторлық дыбыстың тұйық талуы аңықталады.
ҚЗ: жатырдың мөлшері кішірек, оңға ығысқан; сол жақта және артқа қарай одан адыр-бұдырлы, ауырмайтың, қозғалысы аз, консистенция тығыз, мөлшері 10-12см-ы дейін құрылым аңықталады. Болжама диагнозы:
аналық бездерінің обыры
сол жақ аналық безінің кистомасы
тубоовариальды абсцесс
жатырдың субсерозды миомасы
генитальды эндометриоз
34 жастағы жүкті әйел, жалпы тәжірибелі дәрігерге жүрек айну, құсу, ішіндегі ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: бірінші жүктілігі нәрестенің жамбаспен жатуы, босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі бойынша кесар тілігі отасмен аяқталған, екінші жүктілігі- асқынусыз медициналық түсікпен аяқталған. Осы жүктілігі үшінші, мерзімі 37 апта. Перзентханаға жүрек айнуға, құсуға, ішінің ауырсынуына шағымданып түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 120/70 мм сын бағ., тамыр соғысы 80 рет минутына, дене қызуы 36,7., нәрестенің жатуы тік, басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан, жүрек соғысы 136 рет минутына, анық, ырғақты. Отадан кейінгі тыртық орнында жергілікті ауырсыну бар.
Жүргізу тактика:
жедел түрдегі кесар тілігі
күту амалы
токолитиктерді қолдану
босануды қоздыру
жоспарлы кесар тілігі
Дәлелді медицина көзқарасынан витамин А қандай тәуілікті дозасы тератогенды әсерін білдіреді?
700 мкг көп
700 мкг аз
1грамм көп
200 мкг аз
1000 мкг көп
Дәлелді медицина көзқарасынан қандай препараттар ұрықтың гипотониясына алып келеді, ми қан айналымын ұрлайды, ұрықтың ему рефлексын бұзады, босанудан кейінгі қан кетуді көбейтеді?
спазмолитиктер
анестетиктер
антибиотиктер
диуретиктер
витаминдер
Дәлелді медицина көзқарасынан қандай препарат плацентарлық айналымды төмендетіп ұрық гипоксиясына алып келеді?
фраксипарин
актовегин
адреналин
эуфиллин
добутамин
Дәлелді медицина көзқарасынан қандай препараттар салмағы төмен балдардың туылу жиілігін жоғарлатады?
С және Е витаминдер
В және Е витаминдер
гормондар
антибиотиктер
анестетиктер
Берілген критерийлер: дәлелді медицинаға негізделген – көмек дәрісіз болу қажет, медицина мекемелердің деңгейлері бойынша бөліну қажет, конфиденциалды болу қажет, жанұя маңызды болу керек, әйелді шешім қабылдауға қосу керек … болып табылады.
перинаталды денсаулықты сақтаудың принциптері
антенатальнды күтімнің қадамдары
стационардағы емдеу индикаторы
ана қауіпсіздігі принциптері
босанудан кейінгі күтімнің принциптері
Дәлелді медицина көзқарасынан жүкті әйелдерге фолий қышқылы қандай мақсатпен және қандай мерзімдерде тағайындалады?
ұрықтың аномалияларын алдын алу үшін, жүктілікке дейін және 12 аптаға дейін
жүктілер токсикозын емдеу үшін, 12 аптаға дейін
авитаминоздың алдын алу үшін, ұрықтанған кезден
анемияның алдын алу үшін, жүктіліктің соңына дейін
жыныстық инфекцияларды емдеу үшін, 16 аптадан кейін
Дәлелді медицина көзқарасынанйод препараттарын қандай мақсатпен тағайындайды?
йодқа тапшы аймақтарда репродуктивті жастағы әйелдерге жүктілік асқынуларын және критинизмнің алдын алу үшін
йододефицитті алдын алу үшін барлық жүктілер мен босанған әйелдерге
ұрық дамуының аномалияларын алдын алу үшін барлық жүктілерге
кретинизм және тиреотоксикозды емдеу үшін барлық балдар мен жасөспірімдерге
анемия және йододефицитті емдеу үшін барлық жыныстық қатынастағы әйелдерге
Дәлелді медицина көзқарасынанвитаминдердің қолдануы ... тиімді.
өте жағдайы төмен және тағамдануы нашар аймақтардағы халыққа
жүктілердің токсикозы және преэклампсияны емдеуде
жүктіліктің 12 аптасына дейін ұрық дамуының аномалияларын алдын алу кезінде
құрсақішілікұрық дамуы кідіруінің емдеу кезінде
жүктілікті және босанудан кейінгі кезеңде жүктілікті жоспарлау кезінде
Қанның теріс-резусымен қайта жүкті алғаш босанатын әйелде жүктіліктің 33-34 аптасында антидене титрі 1:32 анықталды. Анамнезінде: жатырдан тыс жүктілік, сол жақтың тубэктомиясы, ерте мерзімде жатыр қуысын қырумен болған өзіндік түсік. Нәрестенің құрсақішілік жағдайын анықтауда қолданылады:
нәрестенің УДЗ, амниоцентез, кардиотахография
нәрестенің УДЗ, амниоцентез, нәрестенің қозғалуы
кордоцентез, кардиотахография, нәрестенің УДЗ
кардиотахография, нәрестенің қозғалуы
ұрықтың биофизикалық профилі
Қанның теріс-резусымен қайта босанатын әйелде жүктіліктің 34-35 аптасында антидене титрі 1:64 анықталды. Анамнезінде: балалық шақта гемотрансфузия болған. Бірінші жүктілігі 35-36 аптада мерзімінен ерте нәрестенің ауыр гемолитикалық ауруымен туылған, нәресте 2-ші тәулікте өлген. Зерттегенде: Нв-94 г/л, УДЗ – плацентаның қалыңдығы 35 мм, асцит жоқ, бауыры аздап үлкейген, нәрестенің жүрек соғысы минутына 130 рет. Амниоцентез - билирубиннің оптикалық тығыздығы 0,30 қатысты бірлік, протеин концентрациясы - 0,250 г/%. Диагнозды дәлелдеу үшін жүргізу қажет:
амниоцентезді
амниоскопияны
кульдоцентезді
УДЗ-ді
допплерометрияны
Қайта жүкті, алғаш босанатын 28 жастағы әйел емханың акушер - дәрігеріне жетілген жүктілікпен қабылдауға келді. Жақында кардиотокография жүргізілген. Келесі параметрлер анықталды: базальді ЖЖЖ – 138-142 рет минутына, осцилляция жиілігі 1 минутта 12, спорадикалық акцелирация байқалады, децелерация жоқ. Ұрықтың жүрек қызметінің жағдайын қалай бағалайды
Ұрықтың жағдайы қалыпты
Өмір әрекеттерінің бұзылыстарының алғашқы белгілері
|