Ақтау қаласының 2015 жылғы қаңтар-сәуір айлары
бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қала 1963 жылы құрылған.
Қаланың ауданы – 29,36 мың га.
Қала орталығы – Ақтау каласы.
Қаланың халқының саны 01.04.2015 жылға – 185,1 мың адам.
Қаланың әкімшілік бөлімі: Өмірзақ ауылы, халық 2,7 мың адам.
Ақтау қаласы ірі өнеркәсіп орталығы болып табылады, өңдеу және кен өндіру өнеркәсіптік ірі кәсіпорындары жұмыс атқарады (химиялық өнеркәсібі, машина жасау, металлургия жеңіл және азықтық өнеркәсібі). Қаланың негізгі өндірушілері: «МАЭК – Қазатомпром» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Ақтау құю зауыты» ЖШС, «Каспий машина құрастыру комбинаты» ЖШС, «Кеппел Қазақстан» ЖШС және т.б.
«Ақтау теңіз порты» 2000 га. құрайтын арнайы экономикалық аумағын пайдалануда.
2015 жылдың қаңтар – сәуір айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 42,3 млрд. теңгені құрады, нақты ауқым индексі (бұдан әрі НАИ) – 90,6% -ды құрады (2014 жылдың осы кезеңінде НАИ – 121,4%). Оның ішінде:
-
тау-кен өнеркәсібінде – 907,0 млн. теңге (НАИ – 30,2%);
-
өңдеу өнеркәсібінде – 17 381,8 млн.теңге (НАИ – 92,7%);
-
электрмен жабдықтау, газ, бу беру – 20 431,6 млн. теңге (НАИ –90,4%);
-
сумен жабдықтауда – 3 607,9 млн. теңге (НАИ – 120,5%).
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 69,8%-ға төмен. Гранит және ескерткіштерге арналған тастар өндірісінің көлемі 2014 жылдық сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға төмендеп, 9,6 мың.куб.м. құрады.
Сонымен қатар, табиғи құм өндіріс көлемінің 22,4%-ға төмендеуі айқындалып, 6,6 мың куб.м. құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі келесі өндірістер бойынша 7,3%-ға төмендегені анықталды:
-
нан тоқаш және ұн өнімдері 17,1%-ға (436,0 млн. теңге);
-
сусындардың 12,9 пайызға (56,9 млн. теңге);
-
жеңіл өнеркәсібі 23,5%-ға (206,4 млн. теңге);
-
тоқыма бұйымдары 10,2%-ға (23,5 млн. теңге);
-
киімдер 66,5%-ға (37,1 млн. теңге);
-
ет өнімдері 94,4%-ға (1,2 млн. теңге);
-
кокс және мұнай өнімдері 77,9%-ға (1156,4 млн. теңге);
-
машина жасау 46,4%-ға (1927,3 млн. теңге);
Сонымен қатар, келесі өндірістердің көлемі артқаны анықталды:
-
тамақ өнімдері 3,7 пайызға (1129,8 млн. теңге);
-
сүт өнімдері 21,8%-ға (609,1 млн. теңге);
-
басқа да тамақ өнімдері 8,7%-ға (77,8 млн. теңге);
-
химия өндірісінің өнімдері 2,7 пайызға (5623,9 мл.теңге);
-
пластмасса өндірісі 2,1 есеге (1343,9 млн. теңге);
-
өзге де металл емес минералды өнімдер 2,3 есеге (3598,4 млн. теңге);
-
фармацевтикалық өндірістері 2,8 есеге (23,5 млн. теңге) және басқалар.
Электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және әуе салқындатқышында электр энергиясы көлемі 4,6%-ға (1672,6 млн. кВт.ч) төмендеді және жылу энергиясы көлемі 12,0%-ға (1512,3 мың. Гкал) артты.
Табиғи су өндірісі 2014 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде қалды (342,9 млн.куб.м.).
Ауыл шаруашылығы өнімі. 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі 25,5%-ға (37,5 тонна), сауып алынған сиыр сүті 71,0%-ға (5,3 тонна) өсті және 3,7 есе жоғары тауық жұмыртқалары алынды (3,7 мың дана).
2015 жылдың 1 мамырына ірі қара малының бас саны –20%ға (252 бас), қойлардың 26,1%-ға (1792 бас), ешкілердің 6,4% (452 бас), доңыздың – 79,2% (31 бас) және жылқының 21,6 пайызға (163 бас) азайды.
Сонымен қатар, түйелердің 4,1 есеге (146 бас) және құстардың – 19,2 есеге (230 бас) артқаны байқалды.
Мал шаруашылығының 2015 жылдың 1 мамырына
негізгі көрсеткіштері
(бас)
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында 11,4 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 82 пайызға көп. Құрылыс-монтаж жұмыстары (бұдан әрі ҚМЖ) 2,2 есеге (11 117,5 млн. теңге) және ағымдағы жөндеудің көлемі 31,4%-ға (201,4 млн. теңге) өсуінің есебінен сала бойынша НАИ 182,0%-ды құрады. Сонымен қатар, күрделі жөндеу бойынша көлемі 88,3%-ға (124,4 млн. теңге) төмендеді.
(млрд. теңге)
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде 131 жаңа ғимарат пайдалануға берілді, олардың 129 тұрғын үйлер.
Қала бойынша тұрғызылған тұрғын үй ауданы 60,7 мың м2, оның ішінде тұрғындардың есебінен салынған – 41,4 мың м2 жалпы салынған тұрғын үйдің көлемінен 68,2%-н құрайды. Тапсырылған тұрғын үй ауданы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,5 есе ауқымды (НАИ – 246,9%).
(мың м2)
Тұрғын үй құрылысына 2,8 млрд. теңге бағытталды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,4 есе жоғары.
Негізгі капиталға инвестиция салу 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында 39,6 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,1 есе жоғары, оның ішінде 16,2 млрд. теңге (жалпы көлемінен 41,1%) көлік және қоймалауға бағытталған.
(млрд. теңге)
Атап кететін жәйт, бюджеттік қаржылары есебінен инвестицияның артуы бюджеттік қаржылары 1,2 есеге (1547,1 млн. теңге), меншікті қаржылары есебінен 1,9 есеге (25182,9 млн. теңге), қарыздық қаражаттар есебінен 2,3 есеге (7087,3 млн. теңге) және банктік несиелер есебінен 30,6 есеге 5771,4 млн. теңге сомада.
(млрд. теңге)
Негізгі капиталға салынған инвестиция техникалық құрылымы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына бағытталған – 23,5 млрд. теңге (жалпы көлемінен 59,3%), машина және түгендеу құралдарын сатып алу – 11,4 млрд. теңге (28,8%) және өзгелер – 4,7 млрд. теңге (11,9%).
Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,0%-ды құрайды.
01.05.2015 жылға жұмыспен қамту органына өтініш білдірген азаматтар саны 1227 адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті деңгейінен 56,7% жоғары.
Қала бойынша 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1480 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2014 жылдың тиісті деңгейінен 6,8%-ға жоғары (1386).
Ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі адамдар саны, 01.05.2015 жылға 769 адамды құрады немесе 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 44,0%-ға көп (01.05.2014 жылға – 534 адам).
Халықтың табиғи қозғалысы. Қала бойынша 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында табиғи өсім 20,8 промилле (2014 жылдың үйлесімді кезеңі – 23,4 промилле), бала туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 26,69 промилле (8,8%-ға төмен) және өлім-жітім деңгейі – 5,96 промилле (5,9%-ға өсу). Сонымен қатар, қаңтар-сәуір айларында аналар өлімі болған жоқ, дәл солай сәби өлімі деңгейі – 6,0 промилле (28,6%-ға төмен) және туберкулез бойынша ауру-сырқау көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 28,2 промиллені құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 33%-ға жоғары (2014 жылғы қаңтар-сәуірінде 21,2 промилле).
Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері
01.05.2015 жылдық жағдай бойынша жергілікті бюджетке салық пен төлемдерден 8 031,6 млн. теңге түсті, жоспар бойынша 6 960,2 млн. теңге немесе орындалысы 115,4% құрады.
Жергілікті бюджет кірісіне жалпы салықтық түсімдер мен жинақтардан салықтық түсімдер – 5 032,9 млн. теңге (126,6% - есептік жоспарға), салықтық емес түсімдер – 60,6 млн. теңге (150,7 пайыз), негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 692,4 млн. теңге (99,3%) және трансферттік түсімдер – 2 245,7 млн. теңге (99,3%).
Трансферттік түсімдерін есептемегенде, жергілікті бюджетке 5 785,9 млн. теңге түсті немесе есептік жоспарына 122,8% орындалды.
Бюджеттің шығын бөлігі 6 062,3 млн. теңгеге орындалды немесе жоспарланған қаржының 85,7%-ы (7 073,9 млн. теңге).
(млрд. теңге)
Достарыңызбен бөлісу: |