Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының 2014 жылдың қаңтар – қыркүйек айларындағы жұмысы туралы
Ақпарат
Жергілікті атқарушы органдардың жоспар жұмысының сәйкестігі бойынша 2014 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында облыста 14393 жаңа жұмыс орны құрылды.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының ықпалымен 7371 азамат жұмысқа орналасты.
Мақсатты топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін облыс аймақтарының мекемелері мен кәсіпорындарында 2329 әлеуметтік жұмыс орны ашылды, соның ішінде жұмыспен қамту жол картасы 2020 Бағдарламасы бойынша – 1291 жұмыс орны.
Жастар арасында жұмыссыздықты қысқарту үшін “Жастар тәжірибесіне” 1391 адам жіберілді, соның ішінде жұмыспен қамту жол картасы 2020 Бағдарламасы бойынша – 856 адам.
Жұмыспен қамту жол картасы 2020 Бағдарламасы бойынша 385 адам кәсіби даярлауға бағытталды.
Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстары жалғастырылды, оған 3785 адам қатысты, солардың ішінде 62,1 % (2352 адам) ауыл тұрғындары құрайды.
Уақытында шаралар қолдану мен облыс басшылығын ақпараттандыру үшін қысқартылған жұмыс кестесімен жұмыс істейтін және әкімшіліктің бастамасымен азаматтарды демалысқа жіберген кәсіпорындардың ай сайынғы мониторингі жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне облыс кәсіпорындарында қысқартылған жұмыс кестесімен 49 адам жұмыс жасады, өндірістің (жабдықтың) тұруына байланысты уақытша жұмыспен қамтылмағандар жоқ.
2014 жылдың 1 қазанына облыстағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында тіркелген жұмыссыздардың саны 925 адамды құрайды.
2014 жылдың 1 қазанына тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың санынан 0,2 % құрайды.
Жергілікті атқарушы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары аз қамтылған отбасыларды кедейшілік жағдайынан шығару жөнінде жұмыстарды жалғастыруда. Уәкілетті органдарға және ауылдық жерлердің әкімдеріне аз қамтылған отбасыларды анықтау және оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстың әрбір ауылдық округтарында 168 учаскелік комиссиялар құрылды.
2014 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне құрамында 293 адамы бар 71 аз қамтылған отбасы өтініш жасады.
2014 жылдың 1 қазанына облыс халқының санынан аз қамтылған азаматтардың үлесі 0,03 % құрайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 71 отбасында тұратын 293 аз қамтылған азаматқа 5683,0 мың. теңге көлемінде тағайындалды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы 13 аз қамтылған отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қоса тұрғын үй көмегін алады, оларға 291,5 мың. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалған.
2971 отбасына облыс бойынша тұрғын үй көмегінің жалпы мөлшері 34,6 млн.теңге құрады.
2014 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 5919 отбасының құрамындағы 18 жасқа дейінгі 16560 балаға 209,8 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.
Жалпы тағайындалған төлемдердің мөлшері негізгі заңнамаға және жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес 109105 азаматқа 1785,6 млн.теңге құрады. Жергілікті бюджеттің қаражатынан жалпы тағайындалған сомманың ішінен халықтың ахуал топтарын қолдау үшін қосымша төлемдер және өтемақылар, әр түрлі жеңілдіктер 73723 азаматқа 1068,3 млн.теңге көлемінде тағайындалды.
Жалғыз басты қарттармен және мүгедектермен жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылдың 1 қазанына облыс бойынша 19656 мүгедек есепте тұр, солардың ішінде 2315 жуық адам 16 жасқа дейінгі бала жастан мүгедек балалар.
Мүмкіндіктері шектеулі түлғаларды жұмыспен қамтамасыз ету Картасына сәйкес 2014 жылы 1008 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған, ағымдағы жылдың 1 қазанына 898 мүгедек жұмысқа орналасты, ол жоспардан 89,1 % құрайды.
Облыста есепті кезеңде 77 бос жұмыс орындар жәрмеңкелер өтті. Өткізілген жәрмеңкерлердің нәтижесінде 1676 адам – жұмысқа орналасты, 438 адам – қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 430 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты, 292 адам Жастар тәжірибесіне, 44 адам – кәсіби даярлауға бағытталды.
2014 жылдың 1 қазанына мүгедектерді жеке оңалту бағдарламаларға сәйкес 4345 мүгедек 240,2 млн.теңгеге техникалық және басқа жабдықтармен қамтамасыз етілді
Әлеуметтік көмек беретін бөлімшелер 1659 жалғыз басты және жұмысқа жар азаматтар, 236 – і - мүгедектер. Солармен бірге 512 мүгедек – балаларға үйде қызмет көрсетіледі.
2 интернат үйінде мемлекеттік күтуде 664 жалғыз басты қарт азааттар және мүгедектер тұрады. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлемуметтік бейімделу орталығында 2014 жылдың 1 қазанына 188 адам бейімдеуден өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |