Ақтау қаласының 2015 жылғы қаңтар-наурыз айлары
бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қала 1963 жылы құрылған.
Қаланың ауданы – 29,36 мың га.
Қала орталығы – Ақтау каласы.
Қаланың халқының саны 01.03.2014 жылға – 185,1 мың адам.
Қаланың әкімшілік бөлімі: Өмірзақ селосы, халық 2,7 мың адам.
Ақтау қаласы ірі өнеркәсіп орталығы болып табылады, өңдеу және кен өндіру өнеркәсіптік ірі кәсіпорындары жұмыс атқарады (химиялық өнеркәсібі, машина жасау, металлургия жеңіл және азықтық өнеркәсібі). Қаланың негізгі өндірушілері: «МАЭК – Қазатомпром» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Ақтау құю зауыты» ЖШС, «Каспий машина құрастыру комбинаты» ЖШС, «Кеппел Қазақстан» ЖШС және тб.
«Ақтау теңіз порты» 2000 га. құрайтын арнайы экономикалық аумағын пайдалануда.
2015 жылдың қаңтар – наурыз айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 30,2 млрд. теңгені құрады, нақты ауқым индексі (бұдан әрі НАИ) – 91% -ды құрады (2014 жылдың осы кезеңінде НАИ – 126,5%). Оның ішінде:
-
тау-кен өнеркәсібінде – 709,7 млн. теңге (НАИ – 28,6%);
-
өңдеу өнеркәсібінде – 10937,3 млн.теңге (НАИ – 95,1%);
-
электрмен жабдықтау, газ, бу беру – 16008,1 млн. теңге (НАИ – 89,9%);
-
сумен жабдықтауда – 2542,6 млн. теңге (НАИ – 117%).
Өткен жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 71,4%-ға төмен. Оның ішінде гранит және ескерткіштерге арналған тастар өндірісінің көлемі 2014 жылдық сәйкес кезеңімен деңгейлес болып тұр (7,2 мың куб.м.).
Сонымен қатар, табиғи құм өндіріс көлемінің 1,8%-ға өсуі айқындалды (5,6 мың куб.м.).
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі келесі өндірістер бойынша 4,9%-ға төмендегені анықталды:
-
ет өнімдері 94,4%-ға (1,2 млн. теңге);
-
нан тоқаш және ұн өнімдері 17,8%-ға (312 млн. теңге);
-
жеңіл өнеркәсібі 19,7%-ға (145,3 млн. теңге);
-
тоқыма бұйымдары 13,3%-ға (17,7 млн. теңге);
-
киімдер 65,2%-ға (25 млн. теңге);
-
кокс және мұнай өнімдері 85,3%-ға (360,7 млн. теңге);
-
машина жасау 51,6%-ға (1268 млн. теңге);
Сонымен қатар, өндірістердің көлемі артқаны анықталды:
-
сүт өнімдері 23,2%-ға (451,5 млн. теңге);
-
тамақ өнімдері 1,6-ға (826,2 млн. теңге);
-
басқа да тамақ өнімдері 10,6%-ға (58,2 млн. теңге);
-
қағаздар 23,5%-ға (2 млн. теңге);
-
фармацевтикалық өндірістері 4,9 есеге (7,1 млн. теңге);
-
пластмасса өндірісі 2,5 есеге (954,2 млн. теңге);
-
өзге де металл емес минералды өнімдер 2,9 есеге (2492,9 млн. теңге);
-
металлургия өнеркәсібі 15,7%-ға (399,1 млн. теңге) және басқалар.
Электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және әуе салқындатқышында электр энергиясы көлемі 2,4%-ға (1293,5 млн. кВт.ч) төмендеді және жылу энергиясы көлемі 10,2%-ға (1187,4 мың. Гкал) артты.
Табиғи су өндірісі 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға (258,4 млн.куб.м.) артты.
Қалалық өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің облыстық көлемдегі үлесі 7,7%-ды (392 млрд. теңгеден) құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімі. 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі 31,3%-ға (18,7 тонна), сауып алынған сиыр сүті 29,7%-ға (14,4 тонна) өсті және 2,3 есе жоғары тауық жұмыртқалары алынды (2,3 мың дана).
2015 жылдың 1 тоқсанында ірі қара малының бас саны – 41,9% (254 бас) оның ішінде сиырлар 40,8% (100 бас), қойлар 9,3% (1698 бас), ешкілер 2,2% (457 бас), түйелер 4 есе (148 бас) және құстар – 23,2 есе (232 бас) өсті. Сонымен қатар, жылқының бас саны – 5,2% (165 бас) және доңыз – 79,7% (31 бас) төмендеді.
Мал шаруашылығының 2015 жылдың 2 тоқсаны бойынша
негізгі көрсеткіштері
(бас)
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 9,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп. Құрылыс-монтаж жұмыстары (бұдан әрі ҚМЖ) 2,9 есеге (8953,2 млн. теңге) және ағымдағы жөндеудің көлемі 25,2%-ға (103,6 млн. теңге) өсуінің есебінен сала бойынша НАИ 251,2%-ды құрады. Сонымен қатар, күрделі жөндеу бойынша көлемі 25,2%-ға (103,6 млн. теңге) төмендеді.
(млрд. теңге)
Ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша 131 жаңа ғимарат пайдалануға берілді, олардың 129 тұрғын үйлер.
Қалалық құрылыс жұмыстарының көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемінен 45,3%-н құрайды.
Қала бойынша тұрғызылған тұрғын үй ауданы 60,7 мың м2, оның ішінде тұрғындардың есебінен салынған – 41,4 мың м2 жалпы салынған тұрғын үйдің көлемінен 68,2%-н құрайды. Тапсырылған тұрғын үй ауданы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3 есе ауқымды (НАИ – 298,5%).
(мың м2)
Тұрғын үй құрылысына 2,8 млрд. теңге бағытталды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,1 есе жоғары.
Негізгі капиталға инвестиция салу 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 30,5 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,6 есе жоғары, оның ішінде 12,1 млрд. теңге (жалпы көлемінен 39,8%) көлік және қоймалауға бағытталған.
(млрд. теңге)
Атап кететін жәйт, бюджеттік қаржылары есебінен инвестицияның артуы бюджеттік қаржылары 8,8 есеге (1294,4 млн. теңге), меншікті қаржылары есебінен 2,4 есеге (20339,1 млн. теңге), қарыздық қаражаттар есебінен 132,8%-ға (3180,7 млн. теңге) және банктік несиелер есебінен 93,6 есеге 5702,7 млн. теңге сомада.
(млрд. теңге)
Негізгі капиталға салынған инвестиция техникалық құрылымы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына бағытталған – 21,2 млрд. теңге (жалпы көлемінен 69,5%), машина және түгендеу құралдарын сатып алу – 6,8 млрд. теңге. (22,2%) және өзгелер – 2,5 млрд. теңге (8,3%).
Қалалық негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемінен 32,9%-н құрайды.
2014 жылға шағын кәсіпкерлікте субъектілер саны 33,6 мың бірлікті құрайды немесе алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8% жоғары. Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны 3,5% өсті және 66,7 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,8%-ды құрайды.
01.04.2015 жылға жұмыспен қамту органына өтініш білдірген азаматтар саны 865 адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті деңгейінен 51,8% жоғары.
Қала бойынша 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1269 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2014 жылдың тиісті деңгейінен 31,1%-ға жоғары (968).
Ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі адамдар саны, 01.04.2015 жылға 625 адамды құрады немесе 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 45,3%-ға көп (01.04.2014 жылға – 430 адам).
Халықтың табиғи қозғалысы. Қала бойынша 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында табиғи өсім 21,09 промилле (2014 жылдың үйлесімді кезеңі – 23,04 промилле), бала туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 27,82 промилле (0,5%-ға төмен) және өлім-жітім деңгейі - 5,84 промилле (0,6%-ға төмен). Сонымен қатар, қаңтар-наурыз айларында аналар өлімі болған жоқ, дәл солай сәби өлімі деңгейі – 5,60 промилле (30,9%-ға төмен) және түберкулез бойынша ауру-сырқау көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 18,90 промиллені құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 5,3%-ға жоғары (2014 жылғы қаңтар-наурызда 17,95 промилле).
Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері
Ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша салық пен басқа да міндетті төлемдерден мемлекеттік бюджетке 66,3 млрд. теңге түсті (2014 жылдың сәйкес кезеңіне 100,7%), оның ішінде республикалық бюджетке – 49,9 млрд. теңге (95%), жергілікті бюджетке – 16,4 млрд. теңге (123,5%).
01.04.2015 жылдық жағдай бойынша жергілікті бюджетке салық пен төлемдерден 5161 млн. теңге түсті, жоспар бойынша 3321,7 млн. теңге немесе орындалысы 155,4% құрады.
Жергілікті бюджет кірісіне жалпы салықтық түсімдер мен жинақтардан салықтық түсімдер – 4224,1 млн. теңге (164,7% - есептік жоспарға), салықтық емес түсімдер – 40,4 млн. теңге (1,21 есе), негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 267,8 млн. теңге (214,2%) және трансферттік түсімдер – 628,7 млн. теңге (100%).
Трансферттік түсімдерін есептемегенде, жергілікті бюджетке 4532,3 млн. теңге түсті немесе есептік жоспарына 168,3% орындалды.
Бюджет шығын бөлігі 2752,6 млн. теңгеге орындалды немесе жоспарланған қаржының 77%-ы (3576,3 млн. теңге).
(млрд. теңге)
Достарыңызбен бөлісу: |