УДК 597
Алакөл көлдер жүйесіндегі торта балығының 2009 ж. жағдайы
Сансызбаев Е.Т, кіші ғылыми қызметкер
Шарахметов С.Е, аға лаборант
«Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС
Торта. Балықтың бұл түрі Палеарктикада кең таралған. Қазақстан суалабтарында негізінен аталған туыстың бір түрі: торта - Rutilus rutilus (Linne) мекендейді. (Г.В Никольский 1980 бойынша).
Бұл түр бірнеше түр астына бөлінеді: бірінші топтағылар тек тұщы суда мекендейді, ал екінші топтағылар түгелдей немесе жарым-жартылай жартылай өткінші тіршілік етеді.
Қазақстанда кездесетін бірінші топтағы түр астына: өзен тортасы - Rutilus rutilus fluviatilis (Jacowlew) және сібір тортасы - Rutilus rutilus lacustris (Pallas), ал екіншісіне арал тортасы (вобла) - Rutilus rutilus aralensis Berg және солтүстік Каспийлік (астрахандік) торта - Rutilus rutilus caspicus (Jacowlew). Соңғысы Орал облысында Шалқар көлінде және т. б. суқоймаларда Rutilus rutilus caspicus natio tscharchalensis Berg болып бөлінеді [1].
Ал біздің қарастыратынымыз Алакөл көлдер жүйесінде кездесетін сібір тортасы - Rutilus rutilus lacustris (Pallas). Қазіргі уақытта Алакөлдің солтүстік бөлігінде сол сияқты Қошқаркөл мен Сасықкөлде кездеседі.
Материалдар мен әдістемелер
Бұл жұмыста 2009 жылы көктем және жаз айларында жиналып алынған материалдар қарастырылды. Материалдар белгіленген станциялардан стандартты құрма аулармен жиналды. Биологиялық өңдеуге 2009 ж. Алакөлден 1 дана, Сасыккөлден 64 дана, Қошқаркөлден 62 дана торта балығы алынды. Жас ерекшеліктері қабыршақтары арқылы МБС–10 бинокулярында анықталды. Барлық жастарын анықтауға жасалған препараттар бір оператормен өңделді [2]. Материалдарды өңдеу және басқа да есептеулер «EXCEL XP» бағдарламасымен жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері
Тортаның 3 – 4 жасына дейін ұзындығы қарқынды өседі де одан ары қарай салмағының өсуі журеді [1].
Қошқаркөлінен ауланылған торталардың жастық құрылымы 3 тен 8 жасқа дейін, ұзындығы 105-235 мм және салмағы 21 ден 257 г - дейін болды.Сасықкөлде жастары 3-8, ұзындығы 115-230 мм және салмағы 26 ден 250 г – дейінгі дарақтар кездесті. Ал Алакөлде жасы 7, ұзындығы 205 және салмағы 149 г бір ғана дана солтүстік бөлігінде тіркелді (кесте-1).
Кесте 1 - 2009 ж. Алакөл көлдер жүйесіндегі тортаның ұзындығы мен салмақтық көрсеткіштері бойынша жастық динамикасы
Қошқаркөл
|
Жастық қатары
|
Ұзындығы, мм
|
Салмағы, г
|
N
|
Балық үлесі,%
|
мин-макс
|
орташа
|
σ
|
мин-макс
|
орташа
|
σ
|
3+
|
105-120
|
113,7
|
36
|
21-34
|
28
|
58,2
|
19
|
30,6
|
4+
|
123-141
|
130
|
36
|
32-50
|
39
|
57
|
10
|
16,1
|
5+
|
146-165
|
156
|
37,4
|
56-100
|
72
|
61 ,1
|
11
|
17,7
|
6+
|
170-190
|
179
|
36,6
|
92-125
|
107
|
59
|
13
|
21,0
|
7+
|
198-210
|
203
|
32,3
|
138-184
|
158
|
58
|
5
|
8,1
|
8+
|
220-235
|
229
|
34,7
|
198-257
|
233,7
|
64
|
4
|
6,5
|
Сасықкөл
|
3+
|
115-120
|
117,5
|
3,5
|
26-32
|
29
|
4,2
|
2
|
3,1
|
4+
|
122-185
|
125
|
31,6
|
33-129
|
66,5
|
48,1
|
6
|
9,4
|
5+
|
145-168
|
155
|
8,1
|
54-92
|
73
|
13,7
|
11
|
17,2
|
6+
|
171-192
|
184
|
6,6
|
99-150
|
119
|
14,6
|
23
|
35,9
|
7+
|
194-212
|
203
|
5,3
|
132-194
|
165
|
18
|
18
|
28,1
|
8+
|
215-230
|
222
|
6,2
|
171-250
|
209
|
32,3
|
4
|
6,3
|
Алакөл
|
7+
|
205-205
|
205
|
-
|
149-149
|
149
|
-
|
1
|
100
|
Жастық топтардағы ұзындығы мен салмағының тербелуі айтарлықтай: олардың максимальді ұзындық өлшемдері минимальді ұзындық өлшемдерінен екі есе, ал салмақтары әдетте 5 – 6 есе артық болады [1].
Жылдар бойынша тортаның жастық құрамының динамикасы талдауында көр- сетілгендей 2006 ж. 2-3 жастағы, яғни кіші жастағы дарақтар пайда болса, 2007 ж. сол сияқты 2008 ж. балық аулаудың басым көпшілігін 4-5 жастағы (28,8, 26,9 және36,4, 33,3) дарақтар құрады, 6-7 жастағы дарақтарының үлесі 11,5 тен 16,7%-ке және 7,7ден 12,1%-ке өскен. 2009 ж. аулауда 3+ және 6+ жастағы балықтардың пайыздық үлесінің айтарлықтай өскені анықталды. Бұл популяцияның кіші жастағы балықтармен толығып отырғандығын көрсетеді. Бірақ біздің ғылыми аулауларда кездеспеді, бұл ау тәртіптерінде 12-14 мм тор көзді аулардың болмауынан (сурет - 2).
2 – сурет. Қошқаркөлдегі 2005-2008 жж. Тортаның бір ұрпақтық орташа тіршілік ұзақтығына тең, әр жылдағы жастық құрамының динамикасы
Оның ұзындығы 10-23 см аралығында ауытқыса, аулаудағы дарақтардың негізін 10-17,9 см құрайды. Ұзындық құрамының динамикасында сонымен қатар қысқа өлшемдегі дарақтар санының артқандығын (ұзындықтары 10-12 см, 27,4 % - ға) көреміз (сурет - 3).
3 – сурет. Қошқаркөлдегі 2005-2009 жж. Тортаның бір ұрпақтық орташа тіршілік ұзақтығына тең, әр жылдағы ұзындық құрамының динамикасы
Алынған мәліметтер тортаның жастық қатарындағы ұзындық құрамының ішіндегі 20 см асатын дарақтар кәсіптік болып саналатынын алынған мәліметтерден байқауға болады. Осы жылы аулаудың басым көпшілігін 4-5 жастағы топтар құрады, олар 2010 ж. кәсіптік аулауға жарайтындығын көрсетеді.
Жылдар бойынша сібір тортасының жыныстық ара қатынасының динамикасы, 2005 ж. бастап аулаудағы аналықтар үлесінің айтарлықтай басым болғанын, 2006 ж, бұл көрсеткіш 2005 ж, қарағанда 18,6% жоғары болғандығын көрсетеді. 2007 ж. жыныстық ара қатынасының 100 – пайыз аналықтарының басымдығына жеткендігін, 2008 ж. бұл ара қатынас 10:1 болғандығын көреміз. 2009 ж. тортаның жыныстық ара қатынасы аналалықтарының басымдылығына 2:1 болғандығын көреміз (кесте 2).
Кесте 2 - Әр жыл бойынша Қошқакөлдегі тортаның жыныстық ара қатынасы
%-бойынша
Жылдар
|
Жыныстық ара қатынас
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
Аналық
|
61,4
|
80
|
100
|
90,9
|
67,7
|
Аталық
|
38,6
|
20
|
-
|
9,1
|
32,3
|
Ювенильды
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Барлығы
|
83
|
25
|
52
|
66
|
62
|
Егер көктемгі кезеңін қарасақ аналықтары аталықтарынан басым, бұл 2008 жж. ұқсас екендігін көрсетеді (10:1). Сасықкөлде жыныстық ара қатынас көктемде 10:1, күзде 2:1, ал барлығы 3:1 аналықтарының басымдығымен (кесте 3). Аналықтарының артқандығы Сасықкөл мен Қошқаркөлде байқалды, бұл популяцияда көбейетін бөлігінің артқандығын және тұрақтылығын көрсетеді.
Кесте 3 – Тортаның жасы бойынша жыныстық ара қатынасы, 2009 г
%-бойынша
Қошқаркөл
|
Жасы
|
Көктем
|
Күз
|
Барлығы
|
♀♀
|
♂♂
|
%
|
шт.
|
♀♀
|
♂♂
|
%
|
шт.
|
♀♀
|
♂♂
|
%
|
шт.
|
3
|
|
|
|
|
47,4
|
52,6
|
100
|
19
|
47,4
|
52,6
|
100
|
19
|
4
|
66,7
|
33,3
|
100
|
3
|
42,9
|
57,1
|
100
|
7
|
50
|
50
|
100
|
10
|
5
|
100
|
|
100
|
3
|
50
|
50
|
100
|
8
|
63,6
|
36,4
|
100
|
11
|
6
|
100
|
|
100
|
2
|
90,9
|
9,09
|
100
|
11
|
92,3
|
7,69
|
100
|
13
|
7
|
100
|
|
100
|
1
|
100
|
|
100
|
4
|
100
|
|
100
|
5
|
8
|
100
|
|
100
|
2
|
100
|
|
100
|
2
|
100
|
|
100
|
4
|
|
Сасықкөл
|
|
3
|
|
|
|
|
100
|
|
100
|
2
|
100
|
|
100
|
2
|
|
4
|
100
|
|
100
|
2
|
50
|
50
|
100
|
4
|
66,7
|
33,3
|
100
|
6
|
|
5
|
100
|
|
100
|
2
|
66,7
|
33,3
|
100
|
9
|
72,7
|
27,3
|
100
|
11
|
|
6
|
81,3
|
18,8
|
100
|
16
|
57,1
|
42,9
|
100
|
7
|
73,9
|
26,1
|
100
|
23
|
|
7
|
100
|
|
100
|
8
|
50
|
50
|
100
|
10
|
72,2
|
27,8
|
100
|
18
|
|
8
|
100
|
|
100
|
2
|
100
|
|
100
|
2
|
100
|
|
100
|
4
|
Сібір тортасы көл тәрізді суалабында мекендейді. Айтарлықтай ағысты өзендерде де кездеседі. Экологиялық жағдайы алуан түрлі жерлерде мекендейді: макрофитті өскіндер арасында және өсімдіктер жоқ, құмды, тасты грунты жерлерде және ашық акваторияның су беткі қабаты мен тереңдігі 20 м. жерлерде тіршілік етеді. Бірақта тоқтау сулар мен көл тәрізді суалабтарын және су өсімдіктері көп арналарда тіршілік етуге бейім [3].
Торта алғашында Алакөлдің солтүстік бөлігінде мекендеген, ол Ұржар өзенінің сағасынан, Соляное және Қызыленка көлдерінен ауланған. Қазіргі уақытта су деңгейінің тусуіне, көлдегі (гидрохимиялық зерттеу бойынша) судың минералдануы жоғарылағанына (көктемде 1683 мг/ дм3 ден күзде 4050 мг/ дм3) байланысты торта бұл кәсіптік ауданда балықшылар ауына сирек түседі [4]. Біздің аулауымызда жалғыз дана кездесті.
Кесте 4 – 2009 ж. Алакөл көлдер жүйесіндегі тортаның биологиялық сипаттамасы
Алакөл
|
Жастық қатары
|
l, мм
|
Q, г
|
q, г
|
Фультон бой-а қоңдылығы
|
Кларк бой-а қоңдылығы
|
Балық үлесі, %
|
Балық саны
|
7
|
205
|
149
|
135
|
1,73
|
1,57
|
100
|
1
|
Сасықкөл
|
3
|
117,5
|
29
|
27
|
1,78
|
1,66
|
3,13
|
2
|
4
|
125
|
66,5
|
59
|
1,93
|
1,75
|
9,38
|
6
|
5
|
155
|
73
|
66
|
1,93
|
1,75
|
17,19
|
11
|
6
|
184
|
119
|
109
|
1,91
|
1,75
|
35,94
|
23
|
7
|
203
|
165
|
150
|
1,98
|
1,80
|
28,13
|
18
|
8
|
222
|
209
|
181
|
1,92
|
1,66
|
6,25
|
4
|
Қошқаркөл
|
3
|
113,7
|
28
|
26
|
1,92
|
1,76
|
30,65
|
19
|
4
|
130
|
39
|
36
|
1,77
|
1,65
|
16,13
|
10
|
5
|
156
|
72
|
65
|
1,89
|
1,69
|
17,74
|
11
|
6
|
179
|
107
|
99
|
1,88
|
1,73
|
20,97
|
13
|
7
|
203
|
158
|
140
|
1,87
|
1,66
|
8,06
|
5
|
8
|
229
|
233,7
|
204
|
1,94
|
1,7
|
6,45
|
4
|
Қоректенуіне байланысты тортаны бентософакты балық деуге болады. Қазақстан суалабтарының қоректік базасының жоғары болуына байланысты оған эврифак ретінде қарауға болады. Олар фито және зоопланктонмен сондай – ақ уылдырық шашу кезінде балық уылдырықтарыменде қоректенеді [1].
Осыған байланысты Қошқаркөл мен Сасықкөлде Фультон бойынша қоңдылығы жоғары (1,77 – 1,94; 1,78 – 1,98) жастық топқа қарай ауытқыса, ал Крарк бойынша (1,65 – 1,76; 1,66 – 1,80) болды (кесте – 4).
Зерттеу барысында торта балығының Қошқаркөл мен Сасықкөл көлдерінде Алакөлге қарағанда анақұрлым турақты екендігі анықталды. Алакөлден бұл түрдін сирек кездесуін судағы тұздылықтын артуымен және уылдырық шашуға шығытын Ұржар өзенінің көлге құятын арнасының басқа жаққа бұрылып кетуімен түсіндіруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Дукравец Г.М., Солонинова Л.Н. Рыбы Казахстана: В 2 т. Карповые – Алма-Ата: Наука, 1987. 199 с.
2. Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М.: Пищевая промышленность, 1966.-376 с.
3. Темирханов С.Р., Аветисян Р.М., Соколовский В.Р., Искакбаев А.А., Скакун В.А.. Плотва - Rutilus rutilus (Linne) Алакольских озер на начальном этапе акклиматизации // Ж. Tettis Akva soologikal Researceh:. – 2002. –Т.1. – С. 89-96.
4. Определение рыбопродуктивности промысловых участков и биологическое обоснование общих допустимых уловов крупных рыбохозяйственных водоемов республиканского значения. Раздел: Алакольская система озер: Отчет о НИР / НПЦ РХ. – Алматы, 2006. – 171 с.
Тұжырым
2009 ж. зерттеу жумыстары Сасықкөл мен Қошқаркөл көлдерінде сібір тортасының қазіргі жағдайы тұрақтанып келе жатқандығын көрсетеді, ал Алакөлде керісінше сібір тортасы сиреп барады.
Резюме
Результаты исследовательской работы в 2009 году показывают, что в озерах Сасыкколь и Кошкарколь современное состояние сибирской плотвы стабилизируется, а в оз. Алаколь напротив ее численность уменьшается.
«Алакөл көлдер жүйесіндегі торта балығының 2009 ж. жағдайы» тақырыбындағы мақалаға
Рецензия
Мақалада 2009 ж. Алакөл көлдер жүйесіндегі сібір тортасының салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері келтірілген. Осы түрдің ұзындығы, салмағы, жыныстық ара қатынастары және басқа да биологиялық көрсеткіштері жастық қатар бойынша көрсетілген. Мақала пайдаланылған мәліметтер аталған суалабында жоспарлы түрде ҚазБШҒЗИ жүргізетін зертеу жұмыстарынан алынған «Балқаш-Алакөл бассейніндегі балық шаруашылығы су айдындарының және ондағы балық ауланатын участкелердің балық өнімділігін анықтау, жалпы рұқсат етілетін балықтың ауланатын мөлшеріне (ОДУ) биологиялық негіздемелер жасау және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде ұсыныстар беру» тақырыбында. Алакөл көлдер жүйесі бөлімі.
Мақалада ашық баспаға жариялауға тиым салатын ақпарат пен мәліметтер жоқ.
ҚазБШҒЗИ Ихтиология
лабораториясының меңгерушісі, б.ғ.к. Исмуханов. Х.
Достарыңызбен бөлісу: |