Қалалық қазақ мектеп-лицейі



Дата20.06.2023
өлшемі57.85 Kb.
#475267
түріСабақ
Lesson Study 2


Абай облысы білім басқармасы
Аягөз ауданы білім бөлімінің
“Қалалық қазақ мектеп-лицейі” КММ
Лебаева Айгуль.Жунисхановна

Айтылым дағдылырын қалыптастырудағы


зерттеу сабақтарына жүргізілген
рефлексиялық есеп
Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.
Бұл зерттеу жұмысы тек оқушылардың білім сапасын көтеруге ғана бағытталып қойған жоқ, сонымен қатар, тәжірибие алмасу болды. Осыған байланысты, пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды:
- Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;
- Тапсырма бар ынтасын салып жұмыс істейтіндей, қызықты етіп әзірленуі керек;
- Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы керек;
- Тапсырмаларды дайындау барысында көп алмау;
-Мұғалімге уақытты үнемдей алу;
- Оқушылардың берген жауабын мұқият тыңдап, қатесін түзетіп отыру;

Осы мақсатта екі аптадағы айтылым дағдыларын дамытудағы әдебиеттік оқу сабақтарында Өнерлінің өрісі кең, Ақылды аспаз, Екінші мамандық тақырыбы бойынша АВС әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды. Бұл әдістің тиімділігі үш оқушы бір- бірін тексере отырып , сұрақ қойып және сол толық болмаған жауаптарды толықтырып отырды. Оқушылар кезектесіп орындарын ауыстырып жалғастырып отырды.Сонымен қатар сабақтарда Пікіріңді айт, Қарлы кесек, Ізден, Сұра ,Зертте белсенді әдіс-тәсілдер де пайдаланды.Топтық жұмыс кезінде кейіпкердің сөйлеу мәнерін рөлге бөліп ,сахналап оқыту, кейіпкер сөзіне одағай сөздерді қосып оқу, кейіпкер сөзін екінші жақта айту жұмыстары да жүргізілді.


Осы сабақтарда қолданылған әдістер бойынша тиімді және осы екі апта бойында қолданылған айтылым дағдысын дамытудағы әдістерге АВС, Қарлы кесек әдісі болды деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет