Алаш айнасы. – 2011. - № 174. – 4 қазан
Күдеров Т.
Жетеуі жолдамаға жылжып барады
Бокстан Бакудегі лицензиялық әлем чемпионаты күн сайын қызықты нәтижелерімен ел назарын өзіне аударуда. Мәселен, екі бірдей әлем чемпионы бірінші айналымнан өте алмай қалды.
Кубаның мандайына біткен жұлдызы, осыдан екі жыл бұрын әлемді мойындатқан Иглесиас Сотолонго Украина боксшысына жол берсе, Бакуге «ұш дүркін әлем чемпионы болсам» деп келген өзбек Абос Атоев жапон жігітіне есе жіберіп, сан соғып қалды. Сондай-ақ орыстардың мықтысы Альберт Селимов те жекпе-жек ережесін бұзғаны ұшін шаршы алаңнан шеттетілді. Тосын оқиғалар сыйлап жатқан әлем чемпионатында қазақ елінің де былғары қолғап шеберлері әзірге қатардан қалмай келеді. Әсіресе екінші айналымда үш боксымыз да өз қарсыластарын айқын басым-дылықпен ұтып, жанкүйерлердің ризашылығына бөленді. Бәрін басынан бастайық.
Қазақ елі үкілеп қосқан тоғыздың төртеуі екінші айналымға шыққан. Алдымен 52 келі салмақтағы Олжас Сәттібай ирландиялық Мишель Конланмен қолғап түйістірген. Өкінішке қарай, бірінші раундта тізгінді қарсыласына беріп қойды. Үш ұпай алға ұзап алған қарсыласы сол күйі жеткізбей кетті. Екінші раундта ұпай айырмасын екеуге дейін қысқартып еді. Бірақ шешуші раундта жете алмады. Жалқы ұпай айырмашылығымен Мишель Конлан келесі айналымға шықты. Олжас осымен екінші мәрте әлем чемпионатының екінші айналымынан үйіне қайтып отыр. Олжас СӘТТІБАЙ:
- Барынша ұрған сияқты едім. Соққыларым дәл тиіп жатқан секілді еді. Бірақ жеңіс оның еншісінде кетті. Мен өз мүмкіндігімді толықтай паш ете алдым, - десе, Олжастың бапкері Нұрлан Ақүрпеков:
- Жақсы-ақ жұдырықтасты. Тактикасы да, бәрі де жақсы болды. Бірақ Олжастың
бір-екі ұпайын «жеп кетті». Бұл жерде төрешілерге де кінә артуға болмайды, енді. Өзіне тағы да бірнеше тура соққылар жасау керек еді, - деп күйінді.
Бұдан кейін жүлдеден үмітті жас өрендеріміздің бірі 64 келі салмақтағы Данияр Елеусінов (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті) жапон Масатсугу Кавачименайқасты. Осыдан төрт жыл бұрынғы әлем чемпионатында қола медаль иеленген күншығыс елінің өкілімен болған жекпе-жекте Данияр бірден шабуылдап, бірінші раундтан кейін-ақ кездесу тағдырын шешіп тастады.
Рингте ойқастап, қарсыласын соққының астына алды. Соққы болғанда да, қуатты соққылар. Жапон бірнеше мәрте тәлтіректеп те кетті. Тіпті екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша басымдық танытып, Данияр 14:4 есебімен жеңіске жетті. Енді 4 қазан күні азулы қарсыластардың бірі, әлем чемпионатының қола жүлдегері венгр Гьюль Катемен жолығады. Қате осыдан екі жыл бұрын Миландағы әлем чемпионатының ширек финалында біздің Рустам Сыбаевты ұтқан.
Данияр ЕЛЕУСІНОВ:
- Менің тамағым ісіп, дене қызуым едәуір көтеріліп кетті, Бакуге келгеннен бастап. Амалсыз дәрігер көмегіне жүгінудемін. Дәрі-дәрмек қабылдап жатырмын. Мұның бәрі ағзаны әлсірететіндігі белгілі. Сол себептен жапон жігітімен өткен кез-десудің үшінші раундында шаршаңқырап қалдым. Әйтпесе бұдан да қарқынды өнер көрсетер едім. Енді денсаулығымның тезірек сауыққанын қалаймын. Алдымда мықты қарсыластұр. Бұрын кездеспегенбіз. Оны қалайда жеңуім керек.
Даниярдың жекпе-жегі аякталған бетте екінші рингке 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Әділбек Ниязымбетов көтерілді. Оның қарсыласы биыл тамызда ғана өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, оңтүстік кореялық Ким Хионкью болатын. Әділбектен бойы ұзын екен. Бірақ Әділбек оған қарамады, бірінші раундтан-ақ одан бұрын қимылдай бастады. Бірнеше соққысы дәл тигеннен кейін кәрістің шама-шарқы белгілі бола бастады. Үзілістен кейін Әділбек шықшыттан бір періп, оны есеңгіретті де. Содан соң тағы да бір рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта тек уақыт өткізумен өтті. Сөйтіп, 14:9 есебімен жеңіске жетті. Енді Әділбек 4 қазанда колумбиялық Джейссон Вәрелла Монромен кездеседі...
Достарыңызбен бөлісу: |