Алаш идеясы және ораз жандосов



Дата25.02.2016
өлшемі82.09 Kb.
#20270

АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОРАЗ ЖАНДОСОВ


(Ораз Жандосовтың туғанына 100 жыл)
Ұлттық тарихымыз бен ұлттық санамызды, ұлттық тұлғаларымызды саралап алмай тұрып, толық ұлттық рухани тәуелсіздікке жете алмаймыз. Ал қандай да болмасын ішкі, сыртқы ықпалдың шылауымен қалыптасқан рухани тәуелділік тұрған жерде – ұлттық дербес ойлау жүйесіне орын жоқ. Демек, толық мағнасындағы Тәуелсіздік те жоқ деген сөз. Өзіндік ұлттық нысанасы болмаған: «Құлдыққа құлдық ұрған ұлт – қасіретті ұлт. Ол халық құл болу үшін жаратылған», - деп П.Я. Чадаев айтқандай, ұлттық санамыз бен тұлғаларымызды талқыдан өткізбей ешқандай рухани басыбайлылықтан құтыла алмаймыз.

Рухани жұбанышымызға орай, «ағылшын экономикасы», «француз утопиясы», «неміс философиясы», «славян идеясы» іспетті ұлттың саналық – рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы» қазақ топырағында да аса күрделі жағдайда қалыптасты. Ұлттық азаттығың, рухани тәуелсіздігін, жерің – Отаның, тілің – құдіретің тарихың – тағдырың, саяси бас бостандығың мен экономикалық дербестігің – Алаштың Азаттығында дейтін Ортақ ұлттық мүддені ұран еткен оны жүзеге асырған Ұжданды Ұлдар туды. Олар – қазір де бар. Ертең де болады.

Бірақ сол Тұлғалардың тағдыры соңғы 250 жылда: «Маған салса, қазақтарды бағындыру қиынға соқпас еді: халыққа сөзі өтетін, халық сенетін 500 интеллигенттің көзін жойса, жетіп жатыр – қазақтар тағзым етті деп еспете», - деп адмирал Колчак айтқан зауалды заманда қалыптасты. Сол бес жүздің бірі – Ораз Қиқымұлы Жандосов. Егерде бұл сөзді әйгілі адмирал 1918 жылы Әлихан Бөкейхановпен кездескеннен кейін айтқанын, ал сол тұста «Көмек» газеті арқылы Ораз Жандосовтың Алаштың айналасына топтасу туралы үндеу тастағанын ескерсек, Ресейлік Сібір державасының үкімет басына келе қалған жағдайында ұлы державалық, саяси жазалау оғы – кеңестік «коммунистік - колонизаторлық» (С.Сәдуақасовтың термині) саясаттың оғынан тура он жеті жыл бұрын Ораз Қиқымұлына қарай бағытталатын еді.

К. Ясперс айтқандай ешқандай ұлттық саяси қайраткер: «Тарихи дәстүрсіз, рухани танымдық негізі салынбаған, алдыңғы толқын ағалардың өсиеті ескерілмеген, тек қана заман ауқымына бейімделген құрғақ қағидаға құрылған жалған тарихи жолмен» жүрмейді. Алаш көсемдері өзінің тарихи тарихи міндетін орындап, заман қысымымен ұлттық – саяси сақнадан зорлықпен ысырылғанда олардың идеясы мен ісін алға апаратын екінші қуатты толқын қалыптасты. С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев, Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, О. Жандосов сияқты қайраткерлер шықты және олар ұлттық көсем А. Байтұрсыновтың: «Ақ па, қызыл ма, бәрібір, қазақ үшін қызмет ет» - деген өсиетін орындады. Мұның негізгі 1919 жылғы көкек айныдағы «Алашорда» үкіметі мен кеңес өкіметінің арасындағыкелісім шарт арқылы заңдастырылған болатын. Сталинмен оңаша кездескеннен кейін «Сауатсыз, өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтынның» нағыз өзі екен. Қазақты былай қой, Ресейдің соры енді қайнайтын болды», - деп Әлихан көсем дә тауып айтқанындай, Алаш идеясын ұстанған екінші толқынның маңдайына сол мизаямен (паранойкпен) тіл табысу тауқыметі жазылды. Ұлы шовинистік, «коммунистік - колонизаторлық» және ішкі ұлттық қаныпезерлердің (игілігтердің талқысында жүріп ұлттық мүддені қорғаудың, алдындағы ардагерлерінің атылып жатқанын көре тұрып Алаш идеясынан бас тартпауы, Голощекинге, сол арқылы Сталинге ашық қарсы шығуларының өзі (Ж. Мыңьаев, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Н. Нұрмақанов, 1925) асқан қайсарлық еді.

Екінші толқынның мойнына Қазақ емелекеттігін нығайту міндеті жүктелді. Өйткені Қазақ Автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, «Алашорда» үкіметі болатын. Біз Республика күнін қазан айында атап өтіп Алаш идеясына және Ұлттық тәуелсіздік рухына үлкен қиянат жасап жүрміз. Себебі: «Алашорда» кеңесі мен «Алашорда» үкіметі 1917 жылы желтоқсанда (кеңес өкіметі ырқы Петроградтан аспаған кезде!) құрылды. 1919 жылы желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады. 1919 жылы көкек айында «Алашорда» үкіметінің көсемі А. Байтұрсынов пен кеңес өкіметінің көсемі В.И. Ленин өзара одақтастық бітім жасасты. А. Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітіліп, билік басында қалды. Ол кезде мұндай билікті ұстаған қазақ большевигі жоқ болатын. жер, бөліс, территория мәселесәі шешілгеннен кейін 1920 жылы қазанда А. Байтұрсынов өкілдік еткен Алаш автономиясы Қазақ АССР –і болып өзгертіліп, әкәмшілік атқару комитеті қайта құрылды. Осы кезде ғана барып қазақ еліне большевиктік билік жаппай орнады. Демек, біздің тәуелсіздік алған күніміз – 1917 жылдың желтоқсан айы. Яғни, қазақ мемлекеттігінің негізін большевиктер емес, «Алашорда» үкіметі қалады. Бұл туралы О. Жандосовтың 1919 жылғы «Көктемгі» мақаласы мен іс - әрекеті толық дәлел.

Алаш өкіметі өзінің негізгі үш тарихы міндетін орындады: 1. Қазақ мемлекетін құрды. 2. Жер – қазақ мемлекетінің жері деген статусты алды және Түркістан, Сібір, Орынбор әкімшілігіне бөлшектенген қазақ жерін бір мемлекеттің құрамына енгізді. 3. Қазақ тілін – мемлекеттік тіл дәрежесі ретінде (1921, ақпан, төрағасы А. Байтұрсынов) жариялап, рухани тәуелсіздіктің басты негізін қалады. 1921 – 1922 жылғы саяси тазалау мен жазалаудан кейін барып, Алаш көсемдері ресми түрде мемлекет басынан кетті.

Бірақта, сол Алаш идеясын нысана еткен С. Сәдуақасов, С. Қожанов, О. Жандосов, Ж. Мыңбаев, Сұлтанбеков, Тоқтабаев сияқты қайраткерлер бұл істі одан әрі жалғастырды. 1921 жылғы қазанның 4 күні өткен Бүкілқазақстандық ІІ кеңесте қазақ қайраткерлері екіге бөлінеді. Соның ішінде ұлттық нысана менмемлекеттік мүддені көздеген С.Сәдуақасов, М.Әуезов (ол кезде Орталық атқару комитетінің саяси хатшысы), С. Қожанов, Жантілеуов, Кенжин, Нахимжан іспетті екінші толқынның қайраткерлері Большевиктер және қашан атылып кеткенше сол саясатты ұстанды. Ораз Жандосов 1922 – 1937 жылдар аралығындағы қазақтың ұлттық зиялыларының ар – намысы, ожданы және жеке басы талқыға түскенде Адал азамат деген ұғымға лайық тұлғаның бірі болып қалды.

Бұл жылдары тікелей Сталиннің: «Голощекин жолдас! Мен мына мәләметіңізде көрсетілген саясатты негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын», - деген жазалау саясатын жүзеге асыру үшін «азаматтық соғыс саясатын» (Голощекиннің өз сөзі) жүзеге шұғыл асыруға жанталаса кіріскен Қужаққа қарсы «азаматтық келісім саясат» ұсынған С. Сәдуақасовтың пікірлесі болған О. Жандосов, саяси мінбедегі айтысты емес, нақты істі таңдап алды. Мың – зы дегдар айтқандай: «Егер зауал аспаннан келсе, онда одан құтылуға болады. Ал сол кесепат өзіңнің ішіңнен шықса, онда құтыла алмайды», - екнсің. Кесапат іштен шықты. Бірақ Ораз Қиқымұлы Алаш идеясының ісіне адал болды және белгіленген 8 міндеттің бәрінің де жүзеге асуына ат салысты. Оған алаш ардагері Елдес Омарова марқұмның НКВД – ның тергеушісіне берген жауабындағы: «Қазақ коммунистерінің арасында екі топтың барлығы маған белгілі. Олардың біреуіне – Сәдуақасов Смағұл, бұрынғы жер жөніндегі комиссар Сұлтанбеков, Мыңбаев және Жандосов тағы басқалар басшылық етеді. Екінші топтың жетекшілері: Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Нұрмақов, Тоқтыбаев Кәрім, Тоғжанов жатады. Бірінші оп – ұлтшылдардың қатарына жатады, екіншісінің де біріншіден пәлендей айырмасы жоқ… Өйткені, қазақ халқының мүддесін қорғау кезеінде, мысалы жерге орналастыру мәселесі жөніндегі тартыс кезінде екі топ та бірігіп кетті», - деген пікір куә. Бұл жала емес, шындықтың нағыз өзі еді. Алашорда үкіметінің тікелей бағдарламасына енген жоғарыдағы 8 мәселеге қатысты О. Жандосовтың ұстанға саясаты мен ісіне тікелей көшсек олар мыналар:



  1. Отаршылдық – жазалау мен ұлттық езгінің қалдығын жою және саяси әлеуметтік, ұлттық теңдік, ұлттық мемлекеттік саясат мәселесі. О. Жандосов 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерлісінің сардары болды. Алашорданың идеясын ұранға айналдырып мақала жазды. Қытайға босып кеткен халықты А. Байтұрсыновтың, М. Тынышбаевтың нұсқауымен еліне қайтарып әкелді. Сондай – ақ 1919 жылы қызылдардың қырғынына ұшырағалы тұрған «Алашорданың» атты әскерін М. Тынышбаев екеуі арашалап алып қалып, құрбандықсыз мәмілеге келтіруі, Қазақ елінің тұтастығы үшін Жетісу өлкесін Түркістаннан бөліп, Қазақстанға қаратуға атсалысқан тікелей іс - әрекеті, 1927 жылы ұлт – азаттық көтерілісінің құрбандарына белгі орнатып, Ереуілтөбеге ту тігуі – соған толық дәлел.

  2. Қазақстан тартып алынған жерді өзіне қайтып беру, жер бөлісін қазақтың мүддесіне орай шешу, қоныстандыру мәселесіне О. Жандосовтын тиянақты араласқандығына 1922 – 1927 жылдар аралығындағы жер туралы пікір таласына Жетісу өңірінің үлгі ретінде алынғандығы куә. Бұл мәселені шешуде Ораз Қиқымұлы ақылын да, қайратын да, қатал күш қолдануды да жұмсады.

  3. «Коммунист - колонизатордың» бірі Рыковтың жоспары бойынша «тұйықталған өндірістен құтқару үшін» жіберілуге тиісті 360 мың еуропалық отбасының Қазақстанға қоныс аударылуына тосқауыл қою. Бұл мәселе жөнінде О. Жандосов С. Сәдуақасовтың пікірін қостады. Жетісудағы жерге орналастыру саясатын жүзеге асыру арқылы іспен жауап берді.

  4. Тіл және жергілікті басқару құрылымына қазақ оқығандарын тарту жөніндегі жайға келетін болсақ, О. Жандосовтың Жаңа қазақ қарпіне көшу комитетінің төрағасының орынбасары ретінде 1927 жылғы 19 қыркүйектегі мәжілістегі қаулыны қабылдатты, қол қоюы біраз жайдың мәнін ашады. С. Сәдуақасовтың мәліметібойынша Шымкентте 200 қазақ зиялысы жұмыссыздар биржасында кезекте тұрған, ал басқару аппаратындағылар қазақ қызметкері жоқ деп ақпар беріп, іс қағаздарын орысша жүргізген. Ал О. Жандосов болса орыс мектептерінің өзінде қазақ тілін оқытудың мәселесін көтеріп, қаулы қабылдауға ықпал жасады.

  5. Қазақстанды шикізаттың емес, қуатты өндірістің республикасына айналдыру туралы күрес – ең шешуші мәселеге айналды. Бұл ретте де ол С. Сәдуақасовтың пікірін жақтады. Сәдуақасовты, Нұрмақаовты, Қожановты Қазақстаннан шеттетіп әкетуінің басты себебі де олардың пікірінің дәйектілігінде жатыр.

  6. Қазақ ғылымы мен мәдениетін дамыту және ұлттық руханият бағдарламасын жасауға О. Жандосов тікелей ат салысты. Ораз Қиқымұлы үгіт – насихат бөлімін басқарып тұрған кезде Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Ж. Аймауытоытың, М. Жұмабаевтың, М. Әуезовтің, Х. Досмұхамедовтың, Т. Шонановтың, Ж. Досмұхамедовтың, Е. Омаровтың, М. Тынышбаевтың кітаптары жаппай жарияланды. Алаш ардагерлерін дерліктей оқытушылық іске тартты. М. Тынышбаев тергеушіге берген жауабында: «ҚазМУ – дің ректоры Асфандияров пен оның орынбасары Жандосов бізбен жақсы араласып тұрды және бізге сенді, сондықтанда олар біздің ұлтшылдық пиғылымызды аңғарған жоқ», - деп жауап беруінің өзі де талай нәрсені байқатады. М. Әуезов түрмеден шықаннан кейін оны қызметке алған О. Жандосов.

  7. «Коммунистік - колонизаторлық», кеңестік шовинивтік саясатқа қарсы күреас мәселесіне келелтін болсақ, О. Жандосов 1929 жылға дейін С. Сәдуақасовтың бағытын белсенді түрде қорғады және тікелей ықпалды еңбек етті. Тек байларды тәркілеу мен жаппай коллективтендіру төңірегінде С. Сәдуақасов - «оңшыл», О. Жандосов - «солшыл» бағыт ұстаған. Яғни, О. Жандосов ірі байларды тәркілеуді жақтаған, бірақ орташалар мен ауқатты кедейлерді тәркілеуге және жаппай коллективтендіруге қарсы шыққан. Мұнда әлеуметтік идеясын қолдаған теңдік идеясын қолдаған.

  8. Қазақ автономиялы республикасы өзінің ұлттық мәселелер мен руханият саласындағы идеологияны өзі дербес шешу құқығы жөніндегі аса күйінді мәселе Голощекин келген соң аяққа тапталды. Ол қашан тәуелсіздік алғанға дейін шешілмеген түйін боп қалды. «Ұлтшылдық» деген сөз – Үкім ретінде қолданылды. С. Сәдуақасов тауып айтқанындай, «Мәскеуге жүн берейік» - десе – интернационалист, ал «сол жүнді жіп етіп иіріп берейік» - десе - «ұлтшыл» болып шыға келді.

Міне, тарихи деректердің өзі растап отырғанындай, О. Жандосов өзінің барлық қайраткерлік ісінде Алаш идеясын жүзеге асырды. Иә, ол – коммунист болды, коммунист болғанда да қазақ мемлекетінің коммунист азаматы болды. П. Я. Чадаев самодержавиеге қарсы күйініп кеткен тұсында: «Мен өз отанымның басына әңгіртаяқ ойнатуға да дайынмын, оны түңілдіруге дайынмын, тіпті қорлауға да дайынмын, тек оны алдай көрмесем екен», - депті. ЗАманына қарай күйлеген саясаткер қазақтардың арасынан: «Халықаралық пролетариаттың мүддесі үшін қазақ халқын да құрбандыққа шаламыз», - деп ұлт басына әңгіртаяқ ойнатқандар да (Ұ. Құлымбетов), «асыра сілтеу болмасын, белдеуде бұзау қалмасы» - деп түңілдіргендерде (Е. Ерназаров), «Қазақтың түйелері» социализмге бет алды, бет алып қана қойған жоқ, соған жетіп қалды. Ол өзінің жалпақ табанымен жолына кесе көлденең тұрған Сәдуақасовты (Оның ішінде О. Жандосов та бар – Т. Ж.) таптап тастайды» , - деп қорланғандар да, «Бірінші басшының билігі еді ашаршылыққа ұшыратқан» - деп көлгірсігендер де (О. Исаев) болды. Ал Ораз Жандосов туған еліннің басына әңгіртаяқ та ойнатқан жоқ, қорлаған да жоқ, елін алдаған да жоқ. Керісінше өзі қолын бақытқа жеткізген, атын вңызға айналдырған адамдардың көрсетуімен жіне арандатуымен азаматтық арын сақтай отырып құрбан болды.

Қазір өткенді жаппай қаралау мен жаппай дараалау науқанға айналды. Науқан – ең қауіпті саяси қозғалыс. Біз коммунисттік партияның тарихын бұрынғыданда терең зерттеп, оның бар шындығын ашып, тарих талқысынан өткізуміз керек. Сонда ғана ұлтымыз жан үшінші мың жылдыққа рухани тұрғыдан тазарып барады. Ал О. Жандосов ұлтының жан досы болған келешекке Тұлға боларлықтай таза тұлға.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет