Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат
Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары. 6.2. Мақсаты. Тақырыпты оқып, білудің нәтижесінде білім алушы: Жақ сүйектерінің сынықтарының клиникалық белгілерін, бірінші медициналық көмегін, емдеу мен күтімін білу керек. Бас, бет қабынуларын. Ми абсцесстерін, бет фурункулын. Менингит, стоматит, паротит себебін, клиникасы мен емін білу керек.
Дәріс тезистері. Үстінгі және астынғы жақ сүйектерінің сынықтары. Үстінгі жақ сынықтарының түрлері: (Ле-Фор I). Сынық бағыты жоғарғы жақ альвеолды өсіндінің негізінен көлбеу жазықтықта, алмұрт тәріздес тесіктің астымен, гаймор қуысының төменгі қабырғасымен, жоғарғы жақ төмпешігімен, негізгі сүйектің қанатша өсіндісі арқылы өтеді. Сынық екіжақты. Мұнда жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісі екі жағынан , жоғарғы жақ сүйегінің денесінен ажырайды .
II. (Ле-Фор II). Сынық маңдай сүйегінің мүрын өсіндісімен мүрын сүйегінің қосылған жерінен (жігінен) басталып көз қуысының ішкі қабырғасы арқылы көзасты астаушысына келеді. Осы жерден алға қарай жоғарғы жақ сүйегімен шықшыт сүйегінің қосындысы және негізгі сүйектің қанатша өсіндісі сынады. Бұл жағдайда жоғарғы жақ, мұрын сүйектерімен қоса шықшыт және бас сүйектерінен ажырайды. Торлы сүйек сынып оның клеткалық өсінділеріне жабысқан ми қабығы жыртылады, яғни бас қаңқасының негізі сынуы мүмкін.
III. (Ле-Фор III). Сынық жолы маңдай сүйегімен мұрын сүйегінің жігінен бастальш көз қуысының ішкі, төменгі сыртқы қабырғалары арқылы өтіп шықшыт-маңдай сүйектерінің жігімен сынады.
Артқы жағынан негізгі сүйектің қанатша өсінді мен шықшыт сүйектің доғасы арқылы өтеді. Сөйтіп жоғарғы жақ, мұрын, шықшыт сүйектері бас қаңқасынан ажырасуы немесе суббазальды сынық деп атайды.
IV. (Ле-Фор-Герен). Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінің бір жақты сынығы.
Ескеретін жағдай, жоғарыдағы Ле-Фор сынық схемасы барлық сынық түрлерін қамти алмайды. Мысалы, жоғарғы жақ сынығы біржақты, бір жағында Ле-Фор II, екінші жағы Ле-Фор III т. б. аралас түбірлері кездесуі мүмкін.