Алдымен баршаңызды тағылымға толы бүгінгі Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!



Дата13.11.2023
өлшемі12.68 Kb.
#483152
Мәуліт күні


Құрметті жерлестер!
Алдымен баршаңызды тағылымға толы бүгінгі Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемендік алғалы мемлекетімізде мұсылманшылыққа бет бұру жылдан-жылға күшейе түсуде. Бүгінгідей Мәуліт мерекесін жыл сайын атап өту елімізде, оның ішінде өзіміздің ауданда да дәстүрге айналды. Жүрегіне иман ұялаған, мейірім мен қайырым шуағына бөленген адамзат баласы өмір сүретін елдің болашағы зор, өміршең болатыны даусыз. Дін адамзатпен бірге жасап келе жатқан қастерлі де, қасиетті ұғым, әлемге ортақ құндылық. Қазақ елі де ондаған ғасыр бұрын исламды қабылдау арқылы осы өркениеттің ажырамас бөлігіне айналып, өзіндік үлесін қосып келеді. Бірақ, біз Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз қажет.
Өздеріңізге де белгілі, бүгінгі күні аудан көлемінде Алланың үйі саналған - 4 мешіт және 5 намазхана бар. Сонымен қатар, қазіргі таңда Мәдениет және Аққұдық ауылдарында да намазхананың құрылысы жүруде. Ауданымыздың жастарын деструктивті діни ағымнан сақтау жолында және тұрғындардың діни рәсімдерін сауатты атқаруға осы мешіт және намазханалардың еңбегі зор. Сондай-ақ халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру да бүгінгі күннің басты мәселесі. Осы ретте, мұндай мәселелерді шешу осындай шарапаты мол кездесулерден бастау алаты да шындық.
Қадірлі ағайын!
Шарапаты мол мәуліт мерекесі тағы да құтты болсын. Осынау айту­лы мейрамның аясында Алла Елшісін көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Қасиетті мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдықтың арта түсуіне бір сеп болғай деп тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет