Алдын ала төленген төлем карточкасының біріктіру шарты осы Шартта (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі»



Дата17.06.2016
өлшемі75.5 Kb.
#143370




АЛДЫН АЛА ТӨЛЕНГЕН ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫНЫҢ

БІРІКТІРУ ШАРТЫ
Осы Шартта (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) алдын ала төленген төлем карточкасына ақша қабылдау бойынша қаржылық қызметті ұсыну және Клиентке Банктен алдын ала төленген төлем карточкасын беру талаптары бар. Осы Шарт біріктіру шарты болып табылады. Клиенттің алдын ала төленген төлем карточкасымен сатып алуды жасау және Банк кассасына ақша төлеу фактісі Клиенттің Шарттың және оған біріктіру талаптарымен келісуін білдіреді.
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Шартқа сай Банк Клиенттен (жеке тұлғадан) төмендегі талаптармен алдын ала төленген төлем карточкасындағы ең төменгі ақша қалдығы ретінде ақшаны қабылдап алады, ал Клиент мұндай талаптармен сөзсіз және толық келіседі.

1.2. Клиент Қазақстан Республикасының заңнамасына, карточканы пайдалану ережесіне және Шарт тлапатарына сәйкес Карточканы қабылдап алуға және пайдалануға, Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес алдын ала төленген төлем карточкасына қызмет көрсету бойынша Банк қызметтеріне ақы төлеуге міндеттенеді.





  1. КЕПІЛДІКТЕР МЕН РАСТАМАЛАР

2.1. Клиенттің алдын ала төленген төлем карточкасын сатып алуы Клиенттің Шарттың талаптарымен және Шарттың талаптарына біріктірілуімен келісетінін білдіреді.

Клиент, алдын ала төленген төлем карточкасын сатып ала отырып (оның бірінші немесе кейінгі сатып алушы болуына қарамастан), ол алдын ала төленген төлем карточкасын жеке мақсаттары үшін сатып алатынын және оны заңға қайшы келмейтін мақсаттарда пайдаланатынын растайды.

2.2. Егер Клиент алдын ала төленген төлем карточкасын оны үшінші тұлғаға беру үшін сатып алатын болса, онда ол оны заңды тыңдайтын және адал азаматтар болып табылатын және Клиенттің көзі жеткен, заңсыз мақсаттарға пайдалануға жол бермейтін оған таныс адамдарға ғана беруге құқылы.

2.3. Осы арқылы, Клиент «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР заң талаптарынан алғанда (оның бірінші немесе кейінгі сатып алушы болуына қарамастан), Банкке мыналарға:



      1. Банктің барлық дереккөздерден Клиенттің дербес деректерін, сондай-ақ оларда болып жатқан, соның ішінде Банк, Клиент және Клиент және (немесе) Банк кез келген қатынастармен немесе жағдайлармен байланысты үшінші тұлғалармен сондай-ақ кез кез қатынастардың туындауымен, оған қоса бірақ мұнымен шектелмей: банктік және басқа қызметтерді көрсетумен; талаптарды хабарлаумен және жіберумен; Банк қызметтері туралы ақпараттандырумен; Банк алдындағы берешекті өз бетінше және үшінші тұлғаларды тартып өндіріп алумен; талап ету құқығынан шегінумен; Банктің құқықтары мен мүдделерін сотпен және соттан соттан тыс айналдырып алумен; соттық және басқа актілерді/шешімдерді орындаумен; мемлекеттік органдарға және басқа тұлғаларға, «Халық» тобының қатысушыларына Ақпаратты берумен (соның ішінде талап ету құқығын сатып алумен немесе берешекті өндіріп алу қызметін көрсетумен) байланысты олардың келешектегі өзгерістерін (бұдан әрі – Ақпарат), сондай-ақ Ақпаратты жинау және өңдеу қажеттілігі туындайтын/бар болатын басқа жағдайларда алуына және банктің Клиенттің Дербес деректерін кез келген өңдеулеріне;

Ақпаратты жинау және өңдеу Банктің қарастыруымен ҚР заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілдермен жүргізілетініне;

      1. мұндай Ақпаратты тиісті шетел мемлекетінің қамтамасыз етуіне қарамастан, Ақпаратты трансшекаралық беруге;

      2. Банктің Ақпаратқа қолжеткізу талаптарын өз бетінше анықтауға және оны жинау мақсаты бұрын мәлім болған шектен шығып кеткен жағдайларда Банктің Ақпаратты таратуына;

      3. Банктің кез келген тасымалдаушыдағы Ақпаратты ҚР заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында белгіленген мерзім ішінде, соның ішінде Банкпен құқықтық қатынастар тоқтатылғаннан кейін сақтайтынына;

Банк Ақпаратты жинау және өңдеу бойынша жасаған әрекеттері туралы әлде біреуге хабарлауға міндетті болмайтынына өзінің сөзсіз және кері қайтарылмайтын келісімін береді.

Клиент Банктің Ақпаратқа өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуі үшін Банкке тиісті растаушы құжаттарды беруі арқылы Банкке берілген Ақпараттың кез келген өзгерістері және (немесе) толықтырулары туралы Банкке үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндеттенеді.


3. АЛДЫН АЛА ТӨЛЕНГЕН ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫ

3.1. Банк бір рет толтырылған, алдын ала берілген нөмірі бар, қолданылу мерзімі белгіленген, карточка ұстаушының деректемелері жоқ ақша номиналы белгіленген (номиналы бар) және/немесе номиналсыз карточканы шығарады.

3.2. Номиналы бар және номиналсыз алдын ала төленген төлем карточкасы Банктің ішкі құжаттарына сай стандартты түрде шығады. Карточкадағы ақшаға карточкаға ақша салынғаннан кейін келесі банк күні қолжетімді болады.

3.3. Клиент алдын ала төленген карточканы жеке пайдалануына сатып алған жағдайда, Клиент оны алғаннан кейін алдын ала төленген төлем карточкасының артқы жағына қол қою үлгісіне арналған панальге қол қоюы қажет.

3.4. Клиент алдын ала төленген карточканы үшінші тұлғаға сатып алған жағдайда, алдын ала төленген төлем карточкасының артқы жағына қол қою үлгісін алдын ала төленген карточкасы берілетін тұлға қояды.

3.5. Банк алдын ала төленген төлем карточкасын пайдаланып жүргізілетін операцияларды есепке алу үшін ақшаны Банктің ішкі шоғырландырылған шотына қабылдайды.

3.6. Клиент алдын ала төленген төлем карточкасын жеке пайдалануына сатып алған жағдайда, Клиентке оларды алғаннан кейін банкомат немесе POS-терминал арқылы алдын ала төленген төлем карточкасының жұмысқа қабілеттілігі мен ДСН-кодының дұрыстығын тексеріп алу қажет (мысалы, балансты тексеріп).

3.7. Клиент алдын ала төленген төлем карточкасын кейін үшінші тұлғаға беру үшін сатып алған жағдайда, ДСН-конвертті алдын ала төленген төлем карточкасын алатын тұлға ғана аша алады.

3.8. Алдын ала төленген төлем карточкасының қолданылу мерзімі 13 (он үш) ай.

3.9. Алдын ала төленген төлем карточкасы бойынша операцияларды жүргізу валютасы – теңге.

3.10. Алдын ала төленген төлем карточкасына теңгемен ақша қабылдау алдын ала төленген төлем карточкасын сатып алған сәтте бір рет орындалады. Бұл алдын ала төленген төлем карточкасында көрсетілген номиналдағы сома болуы мүмкін. Номиналсыз алдын ала төленген төлем карточкалары үшін ең төменгі жарна кемінде 2000 (екі мың) тенге және 100 000 теңгеден аспайтын болуы тиіс.

3.11. Клиентке алдын ала төленген төлем карточкасының қолданылу мерзімі ішінде алдын ала төленген төлем карточкасындағы ақшаны толығымен игеру ұсынылады.

3.12. Алдын ала төленген төлем карточкасының қолданылу мерзімі алдын ала төленген төлем карточкасының қолданылу мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде тоқтатылады.

3.13. Қолданылу мерзімі өткенге дейін алдын ала төленген төлем карточкасының қолданылуы тоқтатылмайды.

3.14. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен алдын ала төленген төлем карточкасындағы ақша қалдығы клиентке қайтарылмайды. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен алдын ала төленген төлем карточкасы алынуы тиіс.
4. ДСН-КОДЫ ТҮСІНІКСІЗ БАСЫЛҒАНДА ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ КАРТОЧКАНЫҢ МАГНИТТІК ЖОЛАҒЫ БҮЛІНГЕН ЖАҒДАЙЛАРДА, АЛДЫН АЛА ТӨЛЕНГЕН ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫНАН АҚША БЕРУ

4.1. ДСН-коды түсініксіз басылғанда және/немесе алдын ала төленген төлем карточкасы бойынша бірінші операция жүргізілген кезде банкомат немесе POS-терминал карточкадағы магниттік жолақтан ақпаратты оқымаса және алдын ала төленген төлем карточкасы бойынша ешқандай операциялар жүргізілмесе (ДСН-кодтың енгізілуін талап етпейтін сауда-саттық және сервистік кәсіпорындардағы операциялардан басқа), Клиент түсініксіз ДСН-кодты және алдын ала төленген төлем карточкасын бергенде Банк қолма-қол ақша қалдығын комиссиясын ұстамастан береді.

Бұл кезде түсініксіз басылған ДСН-код пен магниті өшіп қалған алдын ала төленген төлем карточкасы алынуы тиіс.

4.2. Осы алдын ала төленген төлем карточкасы бойынша операциялар жүргізіліп қойған болса, Банк қолма-қол ақша қалдығын Клиентке Банктің белгіленген тарифіне сәйкес қолма-қол ақшаның берілгені үшін комиссиялық сыйақы төлету арқылы береді.

4.3. мынадай жағдайларда:

1) карточка бүлінген және оны әрі қарай пайдалану мүмкін емес;

2) алдын ала төленген төлем карточкасы ұрланғанда/жоғалғанда;

3) карточканың қолданылу мерзімі өтіп кеткенде;

4) ДСН-код ұмытылғанда алдын ала төленген төлем карточкасынан ақша қайтару көзделмеген.
5. алдын ала төленген төлем карточкасы бойынша шектеулер

5.1. Алдын ала төленген төлем карточкасын сатып алған сәтте алдын ала төленген төлем карточкасын толықтырудан басқа, алдын ала төленген төлем карточкасының қолданылу мерзімі ішінде оған ақша аударуға болмайды.

5.2. Алдын ала төленген төлем карточкасының артқы жағына басқа тұлғаның қолы қойылғаннан кейін алдын ала төленген төлем карточкасын басқа тұлғаға пайдалануға беруге болмайды.
6. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

6.1. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамауымен туындаған барлық даулары мен келіспеушіліктері Тараптардың арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

6.2. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жүргізу арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының соттарына қарастыруға берілуге жатады. Қазақстан Республикасының құқығы даулар мен келіспеушіліктерге қолданылатын құқық болып табылады.

6.3. Осы арқылы Тараптар Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктерді шешкенде электронды тасымалдаушылардағы операциялар туралы деректерді дәлел ретінде тануға келіседі.
7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

7.1. Клиенттің алдын ала төленген төлем карточкасын сатып алған және Банк кассасына алдын ала төленген төлем карточкасына ақша салған күні біріктірілген және Шарттың күшіне енген күні болып саналады.

7.2. Банк Шарттың алдын ала төленген төлем карточкасы сатылатын Банктің барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ Банктің: www.halykbank.kz мекенжайындағы веб-сайтында орналасуын қамтамасыз етеді.

7.3. Банк Ережеде айқындалмаған Ережелер мен Тарифтерді, банктік қызмет көрсетудің басқа да талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Банк кез келген өзгерістері мен толықтырулары туралы Клиентке кемінде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды, ал тарифтердегі өзгерістер туралы өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгенге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын алдын ала төленген төлем карточкасы сатылатын банк бөлімшелеріне, сондай-ақ Банктің: www.halykbank.kz электронды мекенжайындағы веб-сайтына тиісті ақпаратты орналастыру арқылы хабарлайды.

7.4. Алдын ала төленген төлем карточкаларын сатумен айналысатын Банк қызметкері карточкаларды сатып алушылардың Шарт талаптарын, соның ішінде карточканы заңсыз пайдалануға қатысты талаптарын, соның ішінде кепілдіктер мен растамалар туралы талаптарын міндетті тәртіппен сақтауына назар аударуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет