«Алғыс айту – парызым!» 1 — жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
2 — жүргізуші: «Алғыс айту — парызым!» атты ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
Ортаға оқушылар шығып:
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін.
Бірге: Рахмет айтамыз!
Ертілес Жангүл – « » ән
2 — жүргізуші: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1 — жүргізуші: Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.
2 — жүргізуші: Иә, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап білімнің кәусар бұлағынан сусындататын асыл жандар — аяулы ұстаздар туралы қанша мақтау сөздер айтсақ та тауыса алмаспыз.
1 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз – дей келе ұстаздарымызды күнделікті күйбең тіршілік пен қағазы көп жұмыстан көңілдеріңізді бөлу мақсатында ұстаздарымызға тренингтер мен ойындарға кезек беруге рұқсат беріңіздер!
1 тренинг: