Қалыпты және патология жағдайында сөйлеу мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы пәні маған не үйретті?



Дата30.09.2023
өлшемі13.76 Kb.
#479270
эссе


Эссе
Қалыпты және патология жағдайында сөйлеу мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы пәні маған не үйретті?
Орындаған: Азат Р.А.
Мамандық-арнайы педагогика

Менің мамандығым – Дефектолог және логопед.


Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы.
Өмірде екі нәрседен қателеспеген жөн. Оның бірі — жар таңдау болса, екіншісі — мамандық таңдау. Артымнан ерген іні-сіңілілеріме осы екінші таңдауда қателеспеуге аз да болса жол сілтеп, дұрыс бағдар көрсетсем деген оймен, өз үлесімді қоссам деймін.
Мен кіммін? Болашақта қандай мамандық иесі болғым келеді? Осы бір сұрақ
өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым.
Ол әлем-дефектология әлемі болатын. Қазіргі таңда осы мамандық бойынша балабақшада жұмыс жасаймын.
Логопед әлемі, логопед мамандығы мені несімен қызықтырады?Осы мамандықты таңдаған себебім? Бұл мамандықты естігенде қай-қайсыңыз болмасын «Ол не мамандық?» деген сұрақ қоярыңыз сөзсіз.
Анатомия және физилогия пәні не үшін дефектолог және логопед мандарына қажет деген сұрақ көп қойылады. Ең бірінші анатомия деген не? Осы сұраққа жауап берсем.
Анатомия - тірі ағзалардың құрылымын зерттеу. Биологияның осы пәні одан әрі ірі анатомиялық құрылымдарды (жалпы анатомия) зерттеуге және микроскопиялық анатомиялық құрылымдарды (микроскопиялық анатомия) зерттеуге жатқызылуы мүмкін. Адамның анатомиясы адам организмінің анатомиялық құрылымдарымен, соның ішінде жасушалар , тіндер , органдар және орган жүйелерімен айналысады . Анатомия әрдайым физиологиямен , тірі организмдерде биологиялық процесстердің қалай жұмыс істейтінін зерттеуге байланысты.
Сондықтан құрылымды анықтауға жеткіліксіз, оның функциясы да түсінікті болуы керек.
Осы себепті логопед мамны баламен жұмыс жасаған кезде балалардың анатомиялық функциясын білуі мінддетті.
Маған бұл пән не үйретті. Мен бұл пәнен үйренгенім балаға логопедиялық массаж жасаған оның құрылысын біліп сосын ем жасау керектігін үйрендім. Мысалыға логопедяда көп кездесетін нәрсе ол баланің сөйлеуіндегі кедергілер. Яған бала кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмауы мүмкін.
Ең бірін баланың сөйлеу апаратарын тексеріп,содан ғана баламен жұмыс жасау керек.
Ғажап өмір! Алдымызға келген әрбір бала - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.
«Баланың психикалық даму деңгейі төмен болған сайын, мұғалімнің білім деңгейі жоғарылай түсуі қажет» деп атақты неміс педагог-дефектологы П.Шуман айтқан екен.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет