Сыбайлас жемқорлыққа жол беру – билікке деген сенімді жоғалтады
Қазіргі кезде тамыры тереңге кеткен жемқорлықтың бүгінгі деңгейі алаңдаушылық тудырып отырғаны өтірік емес. Қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналған қылмыстардың бірі, сыбайлас жемқорлық болып отыр. Мәртебелі мінберлерде бағдарламалар, онымен күресетін түрлі құрылымдар пайда болып жатса да, бұл індетті ауыздықтау оңай болмай тұр. Сондықтан қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы бұл індетті түбірімен жоюға белсенді түрде араласуға міндеттіміз. Басты қадағалау заң қызметкерлерінен болуға тиісті. Соған қарамастан, арамызда лауазымын асыра сілтеп, жемқорлар санын көбейтушілер де жоқ емес.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге шақыра отырып мынадай бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді:
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдығы, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою;
- мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту;
- мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақылау;
- сыбайлас жемқорлықпен күреске өкілетті билік органдарын кеңінен тарту;
- әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық рейтингтер жүйесін пайдалану;
- халықаралық институттардың, отандық үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуы.
Дегенмен, жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы 3 қаңтардағы №273 Жарлығына сәйкес еліміздің орталық және жергілікті деңгейде қалыпқа көрсетілетін мемлекеттік қызметкерлердің түрлері Шымкент қалалық білім бөлімінде жоспарға сай жүзеге асырылуда.
Білім бөлімінде көрсетілетін 7 мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттардың регламенттері жергілікті газеттерде жарияланған, сондай-ақ білім бөлімінде стендтер жасалынып, ілінген. Атап айтқанда:
1) «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
2) «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
3) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
4) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
5) «Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
6) «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
7) «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруі» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілген.
Арнайы үстел, орындықтар қойылып арыз үлгілері жинақталған.
Мемлекеттік қызметтің сапасы мен нәтижелерін бақылау мақсатында жәшіктер, (31-06-25) сенім телефоны орнатылған.
2007 жылғы 12 қаңтардағы ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңына сәйкес, бөлімге келіп түскен өтініштер мен арыз шағымдар дер кезінде қаралып, уақытылы жауап берілуде.
Бөлімге 2011 жылдың осы күніне дейін заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан 1294 өтініш шағымдар келіп түсті. Заңды тұлғалардан 333 өтініш келіп түскен. Бөлімге келіп түскен өтініш, арыз-шағымдар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралып, уақытылы жауап берілуде.
2010 жылы 7 мекеме басшылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағы 4-5 тармақшаларына сәйкес ескерту алған. Яғни жұмысқа қабылдау кезінде бос орындарды көрсетпей, қызметкерлерді қабылдауда артықшылық көрсеткені үшін ескерту алған.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 2 тармағы яғни алғашқы құқық бұзушылық үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде аталған құқық бұзушылықтың кез келгенін қайта жасағаны үшін №2 Балалар саз мектебінің директоры 2011 жылдың 11 қаңтарында білім бөлімінің №11-К бұйрығымен жұмыстан босатылған.
2011 жылдың 31 қаңтарында №2 МОӨБ-гінің базасында, 4 наурызында №44 жалпы орта мектебінде, 23 сәуір күні №2 МОӨБ-гінің базасында еріксіз заңгерлердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізінде білім мекемелерінің бірінші басшыларының мемлекеттік қызметшілерге теңестірілгендігі ескертіліп құқықтық семинар кеңес өткізілді.
2011 жылдың 26 тамызында №72 жалпы орта мектеп базасында бірінші басшылардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында, 14 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен талқыланып семинар кеңес өткізілді.
Қала мектептерінде ата-аналардан ақша жинауға тиым салу мақсатында қалалық білім бөлімі тарапынан 2011 жылдың 1 қыркүйегінде «Білім беру мекемелерінде ақша жинауға тиым салу туралы» бұйрығы шығарылып, білім мекемелерінің бірінші басшыларға таратылды.
Бөлімдегі мемлекеттік — әкімшілік қызметшілер өз қызметтерін «Ар намысы» Кодексін қатаң сақтау арқылы атқаруда.
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 1 қаңтар 2008 жылы қолданысқа енгізіліп, жұмыстар, тауарлар және қызметтерді сатып алу конкурсы негізінде жүргізілу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен бас есепшілермен және директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарларымен толық жүргізіліп, қазіргі кезде мемлекеттік сатып алуды орталықтандырылған түрде, білім бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында барлық мемлекеттік сатып алу заңдылығының негізінде білім бөлімінің ресми сайты арқылы ашық түрде өткізілуде.
Жоғарыдағы мәселелерге тоқтала келе, білім саласының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресуге шақырамын.
Шымкент қалалық
білім бөлімінің бастығы Ж. Тажиева
Достарыңызбен бөлісу: |