Алкандар. Алкандардың жану өнімдері.
«Жану өнімдері және гомологтық қатарлар бойынша заттардың формулаларын анықтау» тақырыбына есептер шығару
10 сынып
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясы» МКК
Химия пәні мұғалімі: Төлегенова Мадина Асқатқызы
терийлері
- әр түрлі алкандардың жану процесін зерттейді
және олардың отын ретінде қолдануын түсіндіреді;
- алкандардың жану өнімдерін және қоршаған ортаға экологиялық салдарын бағалайды;
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
10.4.2.7 әр түрлі алкандардың жану процесін зерттеу
және олардың отын ретінде қолдануын түсіндіру;
10.4.2.8 алкандардың жану өнімдерін және қоршаған ортаға экологиялық салдарын бағалау;
Толық жану өнімдері
Көмірсутектер ауада құрамында көміртек бар әртүрлі жану өнімдерін түзіп, тотығады. Көмірсутектің толық жану өнімдеріне көміртек диоксиді мен су жатады.
Толық жану реакциялары:
CH4 (г) + 2O2 (г) ⟶ CO2 (г) + 2H2O (г)
метан + оттек ⟶ көміртек (IV) оксиді + су
C5H12 (c) + 8O2 (г) ⟶ 5CO2 (г) + 6H2O (г)
пентан + оттек ⟶ көміртек (IV) оксиді + су
Көмірсутекті оттектің немесе ауаның артық мөлшерінде жандырғанда тек қана көміртек (IV) оксиді мен су бөлінеді.
https://cdn3-kt-vdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_10700/30.mp4
Толық емес жану өнімдері
Жартылай жану реакциялары:
2C5H12 (с) + 11O2 (г) ⟶ 10CO (г) + 12H2O (г)
пентан + оттек ⟶ көміртек (II) оксиді + су
C5H12 (с) + 3O2 (г) ⟶ 5C (қ) + 6H2O (г)
пентан + оттек ⟶ көміртек + су
Көміртек монооксиді – ең улы заттардың бірі. Ол – оңай тұтанатын, иіссіз, түссіз газ.
Көміртек монооксидінің молекулалары көміртек атомында байланыспаған электрон жұптарына ие. Бұл жұп басқа электронға тапшы молекулалармен оңай байланысуы мүмкін.
Егер жану процесі оттек мөлшері өте аз жағдайда жүрсе, онда негізгі өнім қара күйе пайда болады. Көмірсутек қышқылданғанда реакцияға түспейтін қарапайым көміртек қара күйе деп аталады.
Оттектің шектеулі мөлшерінде жанған көмірсутектер су және көміртек монооксидін немесе қара күйе түзеді.
https://cdn3-kt-vdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_10700/20.mp4
https://cdn3-kt-vdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_10700/57.mp4
Достарыңызбен бөлісу: |