Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет68/102
Дата04.06.2024
өлшемі1.59 Mb.
#502314
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   102
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
134 
берді. Шынында да ауылдың кешкі суреті адамның көңілін көтерерліктей орасан 
сұлу еді. Жәнібек енді осыншама жан тербетер сұлу суретке көз салып
рахаттанбай, бағанадан бері Орда ішінде отыра бергеніне өкінді. «Дүние деген 
міне осы, мұның хан екенінде де, халқының қамын ойлап күні бойы Ордадан 
шықпағанымен де ісі жоқ, өз қызығымен, қуанышымен өте береді». Дәл осы кезде 
ақ боз жүйрік мінген бала жігіт бағанадан бері ұстамақ асауын хан тұсындағы 
өзеннің жағасымен жанастыра қуып, алдындағы асау жалт бұрылып алдынан өте 
берем дегенде, қолындағы құрығын мойнына жып еткізіп сала қойды. Асау, бала 
жігітті атматымен сүйрей жөнелді. Бірақ жігіт жібермеді. Үзеңгісін шірене арт 
жағына қарай қисая, қолындағы құрығын қос қолдап бұрай тартып жанаса 
жабысып келеді. Күндікке шапқан жүйрік шаршады ма, әлде мойнына түскен 
құрықтың қыл арқаны батты ма, екі бүйірін солқылдата демін алып, үстінен тері 
көпсіп бұрқырап, қамыс құлағын қайшылай теңселе барып тоқтады. Құрықшының 
қимылына риза болған хан «Жігітім-ақ екенсің! Кімнің баласы екен өзі?» деді. Хан 
сұрағына жауап тапқалы бір нөкері ауыл сыртындағы сайдағы атына жөнелді. 
Жәнібек енді хан Ордасына қарай беттеген Асан Қайғы тобына қарсы жүрді. 
Ханнан бұрын, қайғылы жырауды қошеметпен қарт Қотан мен Қазтуған қарсы 
алған. Асанды екеуі екі жағынан қолтықтап, топ адамды соңдарынан ертіп келе 
жатыр екен. Жәнібек хан нөкерлерімен таяу келіп, қол қусырып иіліп сәлем берді. 
— Арсың ба, Асан ата? 
— Барсың ба, жарқыным? 
Хан енді қазақ әдетімен алдымен құшағын айқастыра, кеудесіне кеудесін
тигізіп, әуелі Асан Қайғымен сәлемдесті, содан соң барып Қотан жыраумен, 
Қазтуғанмен амандасты. Қазтуғанның орнына енді Жәнібек ханның өзі Асан 
Қайғының қолтығынан ұстады. Бәрі бірдей хан Ордасына беттеді. Ақ Ордаға 
тәжім етіп кіргеннен кейін үш жырау хан тағының оң жағындағы шайы көрпенің
үстіне барып отырды. Асан Қайғы төрде. Одан сәл төмендеу Қотан қарт, сосын 
барып Қазтуған тайшы жайғасты. Хан нөкерлері аяқтарының ұшымен дыбыс 
шығармай жүріп, шынтақтарына үлпілдеген мамық жастық салды. Сөйтсе де 
Жәнібек ханды сыйлаған қарттар, аяқтарын көсіліп жастыққа жантаймады, сол 
малдастарын құрып отырған қалыптарынан қозғалмады. 
— Жол болсын, қария, — деді Жәнібек, Асан Қайғыдан жөн сұрап, — алыстан 
келесіз бе? 
Ақсираққа жақын, ақсақалға алыс жерден келемін, жарқыным. Бабам 
Майқы би көш салған Алатаудың қойнауындағы, гүл-бақшасы жайнаған, бұлбұл 
құсы сайраған Алмалықтан шыққан бетім бар... 
— ә-ә... құтты қоныстан аттанған екенсіз ғой. 
— Құтты дейсіз бе?.. — Асан атаның қабағы қарс жабылып кетті. — Бізден де 
бұрын насрани діні шіркеуі салынған екен... 
— Батыс қонысы тым алыс қой. 
— Қызыл түлкіге қызыққан қыранға алты күндік атырап әудем жерден жақын. 
— Рас, Жетісу өңірі жердің қызыл түлкісі. 
— Айыбы — ажары. Сол себептен де Сойқын Сайдан Шығыстың әп жыланы 
әлсін-әлсін басын сумаңдай көрсетіп жатқан жоқ па? 
— Тірі қалғың келсе елің күшті болсын. 
— Елім қайтсе күшті болады?
— Арманына жеткен ел күшті болады. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
135 
— Қандай арманды айтасыз? 
— Жерүйек деген халқыңның арманын айтамын. Бұ жалғанның жерүйегі
Жетісу екен. Алтын Ордаңды сол Жетісудағы Алмалыққа тіккеніңде қой үстінде 
боз торғай жұмыртқалар заман орнайды. Біз жетпегенмен оған біздің ұрпағымыз 
жетеді. 
Жәнібек езу тартты. 
— Бірақ оған шейін Әбілқайырдың көк бөрілері бізді талап қан етпек қой. 
Дұрыс айтасың, жарқыным, қазіргі заман әлі жеткеннің заманы. Жолай 
Ахмет қожаның мешітіне құран оқып шығайын деп Яссыға бұрылып едім, 
Әбілқайыр ханның әмірімен істелген бір қиянатты көрдім... 
— Қандай қиянат? 
— Хакім Мұхамед-Мазид тархан Яссыға керуен тартып келген қазақ 
саудагерлерінің малын тартып алып, өздерін құмға қуып салыпты. 
— Бұнысы Әбілқайырдың Түркістан жеріне қазақ саудагерлері келмесін дегені 
ғой. 
— Иә... 
Бағанадан бері үндемей отырған қарға бойлы Қазтуған оқыс қимылдап ханға 
қарады. 
— Сонда қара қазақ жейделік қарбас 
1
пен кебіндік бөзді қайдан алады? 
Жайшылықта сырға тұйық Жәнібек, қазақ саудагерлеріне істеген Әбілқайыр 
қорлығы жанына батып кетті ме, өзін-өзі ұстай алмай қалды. 
— Түркістаннан аламыз, — деді ол Қазтуғанға қарап, — алдымен 
Түркістанның өзін аламыз. 
Асан Қайғы Жәнібекке ойлана көз тастады. 
— Шырағым, Жәнібек, бабаң Орысханның ақылы саған қонды ма деп едім, 
адаспаған екенмін. Әбілқайырдан айырылғаныңа қарсы болмасам да, Шуға 
көшемін дегеніңді ұнатпағам. Енді қанып отырмын, ойың алыста жатыр екен... 
Әрине қазақ енді шаһарсыз күн көре алмайды. Бұқардың мейізі мен Ташкенттің 
науаты қазақ сорлының да аузының дәмін енгізгендей. Бірақ Әбілқайыр саған оп-
оңай Түркістанды бере ме? Күшің жетіп тұрып қан төккеннен, күшің жетпей 
жатып қан төккеннің күнәсі ауыр. 
— Мен қан төгейін деп отырмын ба? Түркістан ата қонысым. Түбі қан төкпей 
бітіспейтін болсақ, амалымыз не? Биыл күшім аз, ал келесі жылы... 
Енді сөзге Қотан қарт кірісті. 
— Оған көзің жете ме? әрі-бері көшіп жүдеген жұрт жаңа тойына бастады ғой. 
Ар жағына ел қонған адамды оңай орнынан тұрғыза алмайсың... 
— Жау шапқалы тұрса да ма? 
Қотан жырау ойлана жауап қайырды. 
— Тоқ бала аш болам деп ойлай ма? 
Халқының жайын ақындарымнан білермін, деген үмітінің ақталғанына 
Жәнібек іштей риза болды. 
— Сендерді босқа шақырмаған екенмін, — деді ол, — жақсы бұл жайды жата-
жастана кеңеселік... 
Асан Қайғыға ақ үй тігіліп, үш жырауға арнап қазысы кере қарыс қысыр бие 
сойылды. Сапырылған уыздай сары қымыз судай ақты. Өздерінің ардақты 
жырауларын қолдан қолға түсірмей, бір үйден соң бір үй шақырып, ауыл 
1
Қарбас — көне түркі тілі, мата деген мағынада (сәтен). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет