Біздің қатарымызға қосыл!!



Дата13.01.2022
өлшемі20.39 Kb.
#454567
Тексто





  1. «Алтын ұя» мектебіңді бітіріп үлкен Өмірге қадам басар кезең басталды! Мектеп бітіргеннен кейін түлектер алдында олардың өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі - оқу орнын таңдау тұр. Сізді жоғарғы білімді қай оқу орнынан аламын, қай университеттің студенті атанамын деген сауал  мазалап  жүргені анық. Алдыңызда үлкен таңдау бар. Дұрыс қабылданған шешім келешегіңіз бен кәсіби өсу жолыңыздағы жетістіктерге жол ашады! Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі үшін шешуі керек. Мен де еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым, менің назарым «Сырдария» университетіне тоқтады. Алдыңда жаңа өмір, жаңа жол! Өзіңнің және жанұяңның болашақ өмірі мен ырысы енді сенің таңдауыңа байланысты болады.Болашақ мамандыққа дұрыс таңдау жасау көп ойлануды қажет ететін мәселе, өйткені Сен болашақта немен шұғылданатындығыңды және таңдаған мамандығыңмен қай жерлерде қызмет атқаруға болатындығын әлі терең бойлап түсіне алмайсың.  Жарқын болашағыңыз үшін өз бетіңізше дұрыс шешім қабылдап, барар бағытыңызды дұрыс таңдай біліңіз. Біз ұсынған университетпен танысып, өз таңдауыңызды жасаңыз. Дұрыс таңдау жасалғанда ғана сіздің қадамыңыз сәтті болады. Біздің қатарымызға қосыл!!

02. Менің атым Нұрбек , мен Биология кафедрасының биология мамандығының түлегімін. Мен Жетісай қаласында туып-өстім. 4 жыл бұрын мен Сырдария университетіне оқуға түсу туралы ойланбаған едім. Әрине, мен біздің университеттің білім беру сапасы, ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы естігенмін. Сырдария университеті-бұл сапалы білім алуға, дамуға, студенттік өмірге түсуге мүмкіндік беретін орын. Субъективті айтқанда, университетте оқу кезінде мен түрлі іс шараларға қатыстым.Біздің Сырдарияның ерекшелігі – беделі, білім беру сапасы, абыройы мен шексіз мүмкіндіктері. Университет менің мақсаттарымның орындалуына үлкен мүмкіндіктер беріп жатыр,

Сырдария университетінде оқу-бұл мансапты бастау!


  1. Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
    Мамандық – бұл әрбір адамның ертеңгі болашағы. Жоғары білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қарулардырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениеттің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау болып табылады. Студентті тек болашақ маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ал болашақ мамандарды осы айтылғандарға сәйкес дайындау, оның болашақ кәсіби құзыреттілігіне сәйкес білім беруден бастау алады.

04. Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.



05. Бала күнгі арманыңның  қазіргі күнде орындалатындығын кім білген  десеңші?! Шіркін, сол  емтихан тапсырып, жоғарғы балл жинаған кездегі қуанышымды сөзбен жазу мүмкін емес. Өзімнің  арманыма, сүйікті университетіме  бір  қадам жақындағандай  болдым. Шалғай өңірге бармай «Сырдария» университетінде оқу мүмкіндігі  мағанда  бұйырыпты. Шынында, ,атына заты сай университет менің жүрегімді жаулап алды.Студенттік кезең адам өміріндегі ең бір қимас, қызығы мол күндер.Ең бірінші  күннен- ақ студенттік күнім  басталып кетті.Студенттік шақ деген  әлдебір романнан  немесе ауызекі әңгімелерден естіп жүрген  қызықты да байыпты шаққа еніп, тағы бір қадамымызды жасадық. Әрине, 1 курста оқып жүргенде университетіммен танысу үрдісім иненің жасуындай сөздерден басталған-ды. Аса көп уақыт өтпей мен де оқу орныма тонның ішкі бауындай болып кеттім. Жабайы тұлпар үйірін тапқандай сезімді серік ете жүргенім де рас.Жаңа достар, жаңа оқу орны менің өмірімді өзгертті. Өмірлік жол табуыма көмектесті. Құрылғанына  20 жыл толған оқу орны өз тарихында көптеген жетістіктерге жетіп, әлемдік аренаға өз орнын көрсете алды.Университет ұжымы көпұлтты  Қазақстанның экономикалық және мәдени өсуіне, саяси- құқықтық өміріне, мәдениетіне, ғылым мен білім беру салаларына орасан үлес  қосып, еліміздің жоғары  білім беретін оқу орындарының биік шыңына айналдырды. Университет көптеген шетелдік ЖОО-лармен бірлесіп жұмыс жасайды. Мұнда  жастарды қолдау мақсатында «Syrdariya students Union» қоғамдық ұйымы, Тіркеу офисі,Студенттерге қызмет көрсету орталығы, кинотеатр және т.б жұмыс жасайды. Қайсы бірін алсақта барлығы да студенттердің қажеттілігін қамтамасыз етеді.«Сырдария» университеті – адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақыт­ты  кезеңіміздің  самал лебі есіп тұрған университетім ғой бұл менің. Және де шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген SU оқытушыларына дән ризамын. ЖОО-на түскен кезден бастап, тура жолға бағыттап отырған , «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының  а.ш.ғ.к., аға оқытушысы, Дошманов Ескендір Қиятұлына алғысым шексіз. Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп, шыңырау көкке тартатыны айтпасада ұғынықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет