Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет70/102
Дата04.06.2024
өлшемі1.59 Mb.
#502314
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
138 
күшті шығып, Майя, Қошан секілді елдер құрып кетуге мәжбүр болса да, ондай 
елдер адамзаттың мәдени өркендеуіне үлесін қосып кетеді. 
Он бесінші ғасыр қазақ рулары үшін ең ауыр ғасырлардың бірі еді. Осы 
ғасырда өзара қырылысып, сырт жауын кейде жеңіп, кейде жеңіліп, тайталас түсіп 
жүрген қазақ рулары ел болып бастарын қосу үшін күресуге бел буды. Бірақ үйірлі 
құландардай шексіз даласында ру-ру боп көшіп жүрген елдің басы оңай 
қосылмады. Бұл жеңіс ұлы айқастар арқылы келді. Қазақ руларының басын
біріктіріп, қазақ хандығын құруда, мейлі күрес бақталастықтан-ақ басталсын, 
қайткен күнде де, Жәнібек пен Керейдің алатын орны ерекше. Әрине, халық өзі 
қаламаса екі адамның қолынан не келеді? Тегі ел болудың негізі халықтың 
көкейкесті арманында жатыр. Бұл кезең халық рухының лаулаған кезеңі. 
әліпті таяқ деп білмейтін асау елдің кенет ұлттық, жауынгерлік тілегінің бұлай 
өрби түскенін сезген кейбір ру бастықтары жұртты өз дегендеріне тарта алмай 
қалды. Бұрынғыдай халықты бөліп ұстауға шамалары жетпеді, енді көпшілік ерген 
Жәнібек ханның соңынан еруге мәжбүр болды. Тек Темір би ғана бүлік шығара 
жаздады. 
Бірнеше жыл кейін Тіленші ұлы Шалкиіз жырау:
Алп-алп басқан, алп басқан 
Арабы торым өзіңсің. 
Жазылы, алтын, қол кескен 
Алдаспаным өзіңсің!
Сен алтынсың — мен пұлмын, 
Сен сұлтансың — мен құлмын, —
деп мадақтаған Темір би бұл. Еділ — Жайықты бауыр басып алған, Алшын 
руларының көбі бағынған, Астраханьды билеген Қасым сұлтанның оң қолы — 
эмир-эль-умра яғни әскери басы болған би бұл. Жәнібек секілді адуынды хан- 
ға біржолата мойын ұсынса, Алшын жерінде өз үстемдігінің төмендеп кететінін ол 
бірден ұққан. Көп қаздың арасында мәз болғанша, көп қарғаның арасында қаз 
болған дұрыс деп тауып, Кіші жүз болып қалыптасып келе жатқан Алшынның 
өркөкірек руларын жеке билегісі келді. Астраханьды өзіне қаратып тұрған Қасым 
сұлтан Еділ — Жайыққа шын әмірші емес. Шын әмірші қазақтан шыққан, Едіге 
батырдың шөбересі, Ноғайлы хандығы кезінен би дәрежесінде келе жатқан 
шынжыр балақ, шұбар төс Темір. Дәл қазір шығысы мен батысындағы елдің өз 
билігіне қол сұғады деп сескенетін дымы жоқ. Әбілқайыр алыста. Қасым сұлтан 
тек Астрахань маңын ғана қамтиды. Орыс князьдары болса өздері әлі әбден біріге 
алмай жатыр... Ал шынтуайтқа келсек Темір бидің ойы Жәнібекке бағыну емес, 
Түрік патшалығына иек тіреу... Алыстағы ел, ол сенің ішкі жұмысыңда ісі 
болмайды, қай румен жақсысың, қай румен жамансың, қарамағыңдағы елді қалай 
билеп-төстеп жатырсың, бұның бәріне де қол сұқпайды, сырттай бағынғаныңмен 
қанағаттанады, ал өзің айтқаныңды еліңе қалай істетіп жатырсың — онда шаруасы 
жоқ. Жәнібекке бағынсаң бұл еркіншіліктен бірден айрыласың. Ол ішкі ісіңе 
өзіңмен бірдей қатысады. Жоқ, діні бір, тілі бір, нәсілі бір ханға бағыну — 
халқыңның тіршілігі көңілін селт еткізбейтін басқа халықтың патшасына 
бағынудан әлдеқайда қорқынышты. Осындай ойдағы Темір Россия мен 
Түркияның бір шайқасуын күтіп іштей алысуда еді. Түрік патшалығының күшінің 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
139 
кеми бастағанын есепке жатқызбаған. Түбі ол осы ойынан шықпақ. Еділ — 
Жайыққа әбден әмірші болып алғаннан кейін, Қырымды шауып, Мәскеу 
князьдарын алдай тұрып, Түркияға иек тіремек. Осыдан барып Темір шу дегеннен-
ақ Жәнібектен іргесін аулақ сала бастаған. Жәнібекке қосылғысы келмеген кей ру 
бастықтары өзара қыңқылдаса, бұл ойын ішіне сақтап қала алмаған. 
Темірдің бұлай еркінси қимылдауының да төркіні белгілі еді. 
әке жағынан аты шулы Едігенің шөбересі. Атасының айбынынан қорықпайтын 
қазақ жоқ. Нағыз аш қасқыр. Өзі де осал емес. Қазан хандарынан қыз алып, қыз 
берген. Осы биыл ғана он бес жасар кенже қызы Нұр-Сұлтанды Қазан ханы 
Ибрагимге ұзатқан. Сүйенерлері де бар. Өзі де өзгеге сүйеніш бола алатын жау 
жүрек батыр. Бауыр басып қалған Еділ мен Ақ Жайық бойын ешкімге ортақ 
еткізгісі келер емес. Жиналған би, батырлардың көпшілігі бірігіп бір ханға 
бағынайық деп отырғанда, бұл өзгеше кетті. Алайда Темір би де ноқта үзіп, 
айдалаға лаққан жоқ. Тек қосылғысы келмегенін астарлап білдірді. 
— Ел болып бірігіп, әскер жинап, Әбілқайырдан ата мекен Түркістан жерін 
қайтып аламыз дегендерің құба-құп, табылған ақыл. Оған Еділ, Жайық, Хиуас 
теңіз бойындағы Алшынға жататын бар ру қол қояды. Сұраған уақыттарында бес 
түмен қол беруге бар. Бірақ Сығанақтағы ханға біздің бағынуымыздың жобасы 
келер ме екен? Жер арасы шалғай... 
Өзгелерден жасы үлкен Үйсін Қара Оспан кеңк-кеңк күлді. 
— Темір бидің аты жеткен жерге, Жәнібек ханның аты жете алмайды деп 
қорқасың ба? 
Бұнысы осы араға сенің атың жетіп келгенде, сенің жеріңе Жәнібектің де аты 
жетеді дегені еді. 
Сөз астарын түсінген қызба мінезділеу Темір би сөз таластырғысы келіп кетіп, 
ежелгі дәстүр бойынша, айыр тісті, алтын сыммен оралған тобылғы сапты 
қамшысын алдына тастай салды. 
— Ат тұяғы басқан жердің бәрі бірдей шөптей жапырылып жата қалмайды, — 
деді ол қара сұр беті күреңденіп, — Әбілқайыр ханның да мүйізі шаңырақтай кей 
батырлары Еділдің ар жағына өткен. Бірақ одан не ұтты? Мойындары ырғайдай, 
биттері торғайдай боп елдеріне әзер жеткен. 
Қамшысын енді Қара Оспан алдына тастады. 
— Атыңның жүйріктігіне тым сене берме. Талай жүйріктердің де мойнына 
бұғау салынған. Байқа, Темір би, Жәнібек ханның құрығы Әбілқайырдікінен ұзын 
болып жүрмесін! Әбілқайыр Дәшті Қыпшақты билегенмен, Еділ өзені бойындағы 
Алшынның көптеген ауылдарына өктемдігін еркін жүргізе алмаған. Жау жүрек 
бұл рулар бағындық деп кейде уәде бергенмен де, нақтылы дізе бүге қоймаған. 
Бұған ызаланған Әбілқайыр Дәшті Қыпшақтың осы рулар жайлап жатқан шетіне 
сан рет қол шығарған. Соның бірі осыдан он жыл бұрын жіберген он мың әскері 
еді. Бұ жолғы жауынгерлерді осы Қара Оспан батыр басқарып барған. 
Ол күндерде Қазының баласы, Темірдің әкесі Теңізбай би тірі болатын. Атасы 
Едігедей, әкесі Қазыдай ел шулатқан ер болмағанмен, жатып атар қулығы, жаудан 
қашып құтылар ақылы бар кісі еді. 
Көк Орда ханынан әскер шығыпты дегенді естігеннен-ақ, ел билігі ауып бара 
жатқан баласы Темірге ақыл айтқан. «Әбілқайырдың қалың әскерін соғыспен жеңе 
алмайсың, оны айламен алу керек. Және өшіктірмес үшін қарсы ниет көрсетпеген 
жөн» деген. Темір аталы сөзге тоқтаған. Осы сөзден кейін бүкіл Алшын жағы Қара 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет