КІРІСПЕ
Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдьқ өндірістің дамуын экономикальқ тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - хальқ шаруашылығының барльқ салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар өсіп, міндеттер артуда. Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасьндағы экономикальқ және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат альш отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өңдірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру прннциптеріне негізделуі тиіс.
Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің үшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикальқ өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
Еліміздің жағдайын жақсарту, экономиалық дағдарыстан шығу мемекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке койылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" атты стратегиялык. бағдарламасьнда "Еліміздің экономикалық саясатыньң бірден-бір басымды бағыты — шағын және орта бизнесті дамыту" - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырғыш күш деп білу қажет.
Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірібиесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.
Нарық қатынастары жағдайында шаруашыльқ жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы "Бухгалтерлік есеп туралы", "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептің 6 бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашыльқ жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдык, бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
1995 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есеп туралы" Заң күші бар №2732 Жарлығы қабылдаңды. Бұл заң жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы заңға сәйкес 1996 жылдың 18 қарашасында қаржы шар-уашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспары бекітіліп, 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектілері жаңа бухгалгерлік есеп стандарты бойьнша өз жұмыстарын жүргізе бастады. Қазақстан республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі экономиканы көтеруге, оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғұрлым тиімді етіп құруға мүмкіндік береді.
1 ҰЙЫМДАРДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕРДІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
1.1 Материалдық емес активтер және негізгі құралдар есебі
-
Материалдық емес активтер есебі
Шаруашылық субьктілерінде материалдық емес активтердің есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің 28 стандартына сәйкес және субьектілердегі қаржы- шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі бас шоттар жоспарындағы (осыдан кейін «шоттар жоспары» деп аталады) «Айналымнан тыс активтер» - деп аталатын бөлімнің 10 бас шотының төмендегі бөлімше шоттарында жүргізіледі.
Шаруашылық субьектілерінде обьектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
Жалпы материалдық емес активтер деп белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға құнға бағаланатын болғандықтан субьектілерге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Материалдық емес активтердің қатарына шаруашылық субьектілердің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары және тауар белгілері, жер қойнауы мен электронды есептеуіш машиналары және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни форма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары және тағы да басқалары жатады.
Материалдық емес активтер шаруашылық субьектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:
- Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
- Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
- Басқа шаруашылық субъектілерінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларыньң қосындысы бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы кұнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген "Ноу-Хау" -деген ұғымды келтіруге болады.
Материалдық емес активтердің аналитикалық (талдамалық) есебі олардың әр қайсысына жеке ашылған инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
Материалдық емес активтер есептен шығарылғанда олардың баланстық (қалдық) құнына 841-"Материалдык емес активтерді сату бойынша шығындар" - шоты дебеттеліп, 10-"Материалдық емес активтер" - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді. Ал оларға есептелінген жинақталған тозу сомасы 11-"Материалдық емес активтердің тозуы" - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 10-"Материалдық емес активтер" деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады.
Егер шаруашылық субъектілері өз меншігіндегі, яғни иелігіндегі материалдық емес активтерін сатқан жағдайда одан алынатын табыстарын 4-"Ақша қаражаттары" немесе 3-"Материалдық "Дебиторлық борыштар мен басқадай активтер" бөлімдері шоттарының тиістілер дебетіне, 721-"Материалдық емес активтерді сатудан алынатын табыс" шотының кредитіне жазылды.
Материалдық емес активтердің тозуы.
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтер өздерінің пайдаланылуы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни субъектіде пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда шаруашылық субъектісі табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы субъектінің зияны болып табылады.
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын, яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептеліп тұрады. Аморти-зациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардьщ пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі субъектінің қызмет атқаратын уақытынан аспауы Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтелш) он жылға есептелінеді. Бірақ ол субъектінің қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек.
1.1.2 Негізгі құралдар есебі
Жалпы негізгі кұралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбеқ құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъеқтіле-рінде негізгі құралдардың есебі.
Негізгі корлар (кұрал-жабдыктардың) есебі - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі кұралдарға - қозғалмайтьш мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техниқалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар. Өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс құралдары, қөп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамыңда есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар жатпайды.Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі кұралдар - деп өндірісте қызмет ететін, яғни енім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылық-тын. өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздан-дыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтіқ сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми қөмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
"Негізгі кұралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашьшықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
1.2 Инвестициялар және материалдық құндылықтар есебі
1.2.1 Инвестициялар есебі
Иивестицияляр деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент) түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу больш табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі -жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық (реальный) және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
1) Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдык, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
2) Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар больш табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген дұрыс.. Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнім-дердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне карай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылга дейін;
б) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді. Тәуелсіздік алғаннан қейінгі уақыттар барысында экономикалық дағдарыстан шығуға бет бұрған нарықтық экономика жолымен даму үшін күресіп жатқан біздің еліміз үшін шетелдік инвесторлардың ролі мен маңызы өте елеулі. Шетел капиталының біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел инвесторларын тартудың артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп қөрсетуге болады:
1. Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне түсетін түсімдерді көбейтеді;
2. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін арттырады;
3. Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен технологияны елдің шаруашылық субъектілерінде қолдануды жылдамдатады;
4. Сырттан келген капитал елде экспорттың көбеюіне, бәсекелестіктің қабілетінің жоғарылауына әсерін тигізеді.
Қаржылық инвестициялар есебі
Еліміздің нарықтық экономиқалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. Қазақстан Реепубликаеының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады, ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
• валюталық нарық;
• құнды қағаздар нарығы;
• несие-капиталы нарығы (ақша нарығы);
• асыл металдар нарығы (алтын нарығы).
Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелен. Осы жоғарыда аталған субъектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент - деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.
Эмитент ретіңде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар үш түрге бөлінеді:
1. Мемлекеттік;
2. Муниципалдық;
3. Корпоративтік.
Мемлекеттік кұнды қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджетгің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
- Ұлттық жинақ облигациялары.
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ).
- Мемлекеттік орта мерзімді қазынашыпық міндеттеме (МЕОКАМ).
Муниципалды құнды қағаздар - бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат - құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу және тағы басқалар болып табылады.
Корпоративтік құнды қағаздар - шаруашылық субъектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар - деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік коғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.
Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа белуге болады:
а) ақшалай;
б) капиталды.
Ақшалай бағалы қағаздар - ақшаны қарызга алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір peт қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қол-данылады.
Капиталды құнды қағаздар - шаруашылық субъектісінің қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.
Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар қарыздық және инвестициялық болып екі топка бөлінеді.
Қарыздық құнды қағаздар - бойынша эмитент өзі белгіленген уақыт барысында процентімен тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міндетгі. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатады.
Инвестициялық құнды қағаздар - иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Құнды кағаздар шығарылу мақсатына байланысты корлы және саудалық болып екі түрге бөлінеді.
Қорлы құнды қағаздар - қор биржаларында айланысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатады.
Саудалық құнды қағаздар - белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған .
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты кұнды қағаздар нарықты және нарықты емес болып екіге бөлінеді.
Нарықты құнды қағаздар - айланыста еркін сатылып немесе сатып альнады.
Нарықты емес құнды қағаздар - қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.
1.2.2 Материалдық құндылықтар есебі
Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі - еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттары өндірістік қор болып табылады. Материалдық құндылықтардың есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №7 стандартына сәйкес жүргізіледі.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен, босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталынуы және ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- Тиісті түрде жабдықталған материалдық құндылықтарды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек.
- Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Шаруашылық субъектісінің әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Соңдай-ақ, шаруашылық субъектісінің басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасасу керек. Материалдарға жауапты адамның жұмысқа алынуы, жұмыстан босатылуы алдын ала келісілуі қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу де субъекті басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- Материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
- бірыңғайланған лғашқы есеп құжаттарының формалалды түрлерін белгілеу және олармен шаруашылық субъектісінің барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Материалдарды келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа және өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет етіледі.
Материалдардың жіктелуі
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне карай өзара айырмашылықгары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктерімен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар: шикізаттар, негізгі материалдар мен көмекші материалдар, жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп - бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген затгарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері (мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар) жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өңдеуші өнеркәсіп өнімдері (ұн, мата, кірпіш тағы да басқалар) жатады. Шикізаттар мен негізгі материалдар өндірілген өнімнің негізін құрайды.
Өндірістік процестің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өндеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар -деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашьшығы оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған шаруашылық субъектісі оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған шаруашылық субъектісінің өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептелінеді. Жартылай фабрикаттар қатарына құ-рылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әртүрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатқызылады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс процесінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін және тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.
Материалдық құндылықтардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, тағы да басқалар есептелінеді.
Материалдардың номенклатурасы
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс. Материалдардың номенклатурасы - деп өндірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшерлері және тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалынған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық тізімде әр материалдың дұрыс аты, оған берілген номенклатуралық нөмірімен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдың бухгалтерлік есепте есептелінетін бағасы болуы тиіс. Сондықтан номенклатуралық тізімді - номенклатуралык баға көрсеткіші - деп те атайды. Шаруашылық субъектісінде пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде көрсетілгенде әдетте белгілі бір өздерінің топтары бойынша және кіші топ-тары мен аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша жіктелінуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбір топқа жататын материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар бұл материалдар жазылған алғашқы құжатқа, есеп регистрларына және әртүрлі кестелерге (табли-цаларға) қойылатын болғандықтан есеп қызметінің жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің (шифрлардың) және оның цифрларының аз болғаны дұрыс әрі ыңғайлы болып табылады. Материалдарға шифрлар тағайыңдағанда сол шифрдан материалдың қай шотқа, сондай-ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсететіндей етіп тағайындау керек. Материалдардың номенклатуралық номерін жеті цифрдан құрастыру ыңғайлы болып табылады. Оның алдыңғы үш цифры шоттың, келесі екі цифры қай топқа жататынын көрсетсе, сонғы екі цифры материадардың осы топ ішіндегі реттік санын көрсетеді. Номенклатуралық номерді бес саннан да құрас-тыруға болады. Ол жағдайда оның алдыңғы бірінші цифры шоттың келесі екі цифры қай топқа жататынын, ал соңғы екі цифры материалдың топ ішіндегі реттік санын көрсететіндей болып тағайындалуы керек. Номенклатуралық баға көрсеткіштерінде материалдар өздерінің статистикалық есеп берудегі бекітіліп қаралған тізімдері бойынша топталғаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |