Алматы қаласы



Дата26.05.2022
өлшемі13.23 Kb.
#458672
минездеме


Мінездеме
Алматы қаласы
Сүлейман Демирель колледж-лицейі
9 сынып оқушысы Бабажанов Кенесарыға

Бабажанов Кенесары 2007 жылдың 23 күні, қаңтар айында дүниеге келді. Кенесары осы мектепте 7 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Кенесары толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Кенесары сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Кенесары өз білімін жан – жақты жетілдіреді.


Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Кенесары мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай Өте белсенді. Кенесары болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Осы сыныпты алғаннан бері, барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой - пікірін ашық айтады. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Сынып жетекшісі: Белдеубаева Нұргүл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет