Ғарышкерлер күні Жоба мүшесі: Е. У. Куатбаев Теміртау қаласы 2017 жыл «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»



бет1/3
Дата03.12.2019
өлшемі67.27 Kb.
#447621
  1   2   3
Ғарыш

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласы №15 қазақ мектеп-гимназиясы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жоба тақырыбы:



Ғарышкерлер күні

Жоба мүшесі: Е.У.Куатбаев

Теміртау қаласы

2017 жыл


«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»

Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.


Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер. Н.Ә.Назарбаев: «Конституция - бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны, елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу - біздің парызымыз»- деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.
Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР - да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан және баланы бағып - қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата - аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата - ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп - бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай - ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.
Бала әрқашан бала

Конвенция - Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды?

Балалар - бұл бесік арбадағы нәресте, бала бақшаға асыққан сәбилер, бастауыш, 5 - 7 сынып оқушылары сонда да болса, 8 сынып оқушылары кейде өздерін бала деп атағаны үшін ренжиді. Олар - жеткіншектер, яғни өздерін ересек сезінеді.
16 - 17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз.

Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.


Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата - анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата - аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді. Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата - аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама - қайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата - аналарының қалауына қарай әкесінің атына “ұлы”, “қызы” сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата - аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.
Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

● Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

● Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

● Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

● Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

● Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

● Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

● Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

● Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

● Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

● Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Конвенция бала азаматтығы жайында олардың өмірі мен денсаулығын қорғап, балалардың отбасында өмір сүруін қамтамасыз ету құқығын сақтауды мемлекеттік міндет деп қарастырған.

Декларацияның 26 - бабында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 - бабында көрсетілгендей:


1. Бастауыш білім баршаға міндетті ал техникалық және кәсіптік білім - көпшіліктің қолы жетерліктей болуы керек.

2. Білім беру адамның жеке басының кемелденуіне, сондай - ақ халықтар арасындағы өзара түсіністікке достыққа ықпал етуі тиіс.

3. Ата - аналар балалары үшін білім беру түрін таңдауға құқықты.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары тегін орта білім алуға міндетті.

- Әрбір баланың жақсы оқып, сабақта өмірге қажетті жаңа және пайдалы білімдерді беріп отыруға құқығы бар. Құқық - адамның міндеті де болып табылады.

- Құқық адамға тек жақсы, игі істерді жасау үшін берілген. Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынған.


Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР - да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан және баланы бағып - қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата - аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата - ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп - бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай - ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.

«Біліп жүрейік!»

1 - маусым – халықаралық балаларды қорғау күні

20 - қараша – дүниежүзілік балалар күні

10 - желтоқсан – адам құқығы күні
«Қазақстан көпұлтты мемлекет»

Сабақтың түрі: танымдық ойын

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың Қазақстан бойынша білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.

2. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, слайд, кеспе қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару.

ІІ. Негізгі кезең. 1-жүргізуші:Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақстан -көп ұлтты мемлекет » атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Н.Ә.Назарбаев «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» дейді.
2-жүргізуші:Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 5-ші сыныпта арасындағы «Қазақстан -көп ұлтты мемлекет » атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.Тілдер мерекесі-ғажап мереке, халықтардың бірлігін нығайтатын мереке. Тілдер мерекесі- қазақ тіліне және Қазақстанда тұратын барша халықтың ана тіліне деген құрмет көрсететін тамаша мереке!

Тілдер мерекесі құтты болсын!

Музыка ойнайды. Құрманғазының күйі «Сарыарқа»

Үнтаспадан М. Мақатаевтың «Үш бақытым »өлеңін тыңдап, талқылау.

Ең бірінші бақытым халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей- кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші Отан деген,

« Кім мықты?» десе егер, Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

Мерекелік іс – шарамызды бастамастан бұрын, алдымен амандасып алайық. Барлықтарыңыздың тұруларыңызды сұрап, түрлі халықтар қалай амандасатынымен танысып солар сияқты амандасып алайық.

Қазақтар – қол алысады

Италияда – құшақтасады

Бразилияда – бір – бірінің иығын қағады

Зимбабада – арқасымен амандасады

Македонияда – шынтақпен

Никаракуада – иықпен тіреседі

Австралияда шапалақ, секіру, бөксе түйістіреді

Біздің алдымызға бүгін 4 түрлі ұлт өкілдері келіп отыр. Олар орыстар, қазақтар, украйндер және өзбектер. Құттықтау сөзін оларға берейік.

Қазақтар:

Айдана: Сырдың бойы ежелден – ақ жайлаған

Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,

Халықтардың достығының айғағы

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

Аян: Тәуелсіздік кеңдігі

Кескен халық бірлігі

Ынтамағы барша елдің

Нұрын шашқан күн бүгін

Орыстар:

Процветай наш Казахстан

Будем дружно жить мы там!

Өзбектер:Байрам мубарак булсин хадирли дустлар!

Украйндер:

Божаю всьего найкращего!

І. Білу. Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу. Мемлекеттік тіл-менің тілім

( бейнеролик көрсету арқылы)


ІІ. Түсіну. ( постер әдісі)
Ата-бабан қалған мұра
Қарым-қатынас Қазақ тілі мемлекеттік тіл

құралы


ұлтымыздың белгісі ана тіліміз

мемлекеттік басқару тілі

«Шапшаңдық» ( берілген сөзден 10-15 сөз құрастыру)

І топ- бауырмал ІІ топ- қайырымды ІІІ топ- инабатты

ІІІ. Талдау. ( шашыраңқы сөзден сөйлем құрау, сөйлем мүшесіне талдау)

І топ- құралдарына,газет, радио, теледидар, журнал, ғаламтор, жатады, ақпарат.

ІІ топ- білім, ғасыр, техника, ХХІ.

ІІІ топ- мақтанышы мемлекеттік рәміздері еліміздің

Жасай бер, ана тілім -қазақ тілі

Отансүйгіш, білімді, зерек, алғыр, ғылым мен техниканы меңгерген, үлгілі, өз тілінде айқын сөйлейтін, тәрбиелі, саналы азамат боламыз.

IV.«Жинақтау»Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? ( оқушылар өз ойларын айтады)
Ана тіліміз-еліміздің мақтанышы. Осы ана тіліміздің өрісін кеңейтіп, қолданыс аясын ұлғайту, қадірлеу-бәріміздің міндетіміз.
«Тіл-ұлттың басты негізі» ( бейнеролик)

Олай болса, Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде ( бәрі хормен айтады)

V. Қолдану. Тапсырмалар:

1. «Бәйге» сұрақтары

1) Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды?

2) Елтаңбаның авторы кім?

3) Қазақша жыл басы қай айдан басталады?

4) Тудың авторы кім?

5) Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

6) Қазақтың бас ақыны кім?

7) Тіл туралы Заң қашан қабылданды? ( 1989ж 22 қыркүйек)

8) Тіл туралы Заң неше баптан тұрады? ( 6 тарау, 27 баптан )

9) Сөздің дұрыс жазылуын қалай атайды?

10) Қазақ тіл білімі қандай саладан тұрады?

11) Қазақ тіліндегі әріптердің реті бойынша орналасу жиындығын не дейміз?

12) Қосымша нешеге бөлінеді?

13) Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес)

VI.«Баға беру»Ал қазір «Жеміс ағашын» толтырайық. Сіздерге қағаздар таратылады соған тілек жазып, қағазды алма ағашына ілейік.

Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз

Ана тілің кім аялай білмесе

« Анасынан безген ұл»деп санаңыз.


«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б. Момышұлы.

Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір - бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт.

Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.
«Азамат болуды қалай түсінеміз»,

Cен өз еліңнің патриоты дегенді қалай түсінесің?


Елжанды болу – әрбір азаматтың аса маңызды асыл қасиеті. Елжандылықтың мәні Отанға деген терең саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, табыстары мен жетістіктерін мақтан ету, бұрынғыдан да көрікті, құдіретті етуге ұмтылу.
Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды еңбек және жауынгерлік ерліктерге қанаттандырады. Олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады.
Ұлттық патриотизм мен елжандылық туралы біздің көрнекті жазушыларымыз тұжырымдап ой-пікірлерін қалдырып отырған. Мәселен, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман – саулығы, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау; қысқасы айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғым, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күні мен болашақ қарым - қатынасы біріктіреді», - деп терең және жан-жақты анықтама берген.
Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов: «Бала күннен батырлар туралы ертегілер, аңыздар тыңдап, ерлікті мадақтайтын тақпақтар жаттап, эпостық шығармаларды етене қабылдамаған адамдардың бойында бес кісінің күші болса да патриот бола алмайды», - деп отбасының маңызына тоқталып өткен.
Сондай-ақ, қаламгер «Тәрбиенің күшімен шыңдалған патриотизм, қынаптан суырған қылыштай жарқ етіп, Отанды басқыншы жаудан қорғау сағатында өз қуатын көрсетеді», - дейді.
Қазақ елінің тарихына көз жіберсек, елжандылықтың керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып отыруымыздың өзі ел үшін туған тұлғаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Құнды деректерге сүйенсек, қазақ батырлары елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қалмаған.
Осыдан сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отаншылдық сезімінің қалыптасуына ата-ананың үлесін көреміз. Демек, өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің бойында туған еліне деген сүйіспеншіліктің отбасы тәрбисіндегі ықпалы зор.
«Адамның адамдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деп ұлы Абай айтқандай, елжандылық пен адамшылықтың дәнін, ізгіліктің нәрін себетін – ұлағатты ұстаз. Болашақ ұрпақтың бойына Отансүйгіштік сезімін сіңіру, елжандылыққа тәрбиелеу міне, осы ұстаздарға тікелей байланысты.
Менің де мемлекеттік тілді меңгеруіме ұстаздарымның үлесі шексіз. Қазіргі таңда «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Қостанай филиалында қызмет атқарып жатырмын. Біздің ұжымда қазақ тіліне деген құрмет өте жоғары. Ұжым басшысы елжанды азамат Қажымұрат Темірханов ұлттық құндылықтарды бәрінен жоғары қояды. Жас­тарға да қамқорлығы ерекше. Мен өз басым қазақстанда туып өскеніме еш өкінбеймін. Қайта осы елдің тілін, мәдениетін білгеніме өзімді бақытты санаймын. Мемлекеттік тілді насихаттауға арналған көптеген сайыстарда жүлдегер атандым. Мәселен жақында ғана Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев пен облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовтың Алғыс хаттарына ие болдым.
Сондықтан да жас буынға берілетін білім мен елжандылық тәрбиесі құстың қос қанатындай қатар жүргізілуі тиіс.
Қазақ халқында ар-намыс, ождан сөзі ежелден-ақ отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттермен астасып жатады. Осыған орай мақал-мәтелдер, қанатты сөздер де жеткілікті. Осының өзі өсіп келе жатқан ұрпақты елжандылыққа тәрбие­леудің мектебі екені рас.
Елжандылықты қалыптас­тыруда ұлтаралық татулық та ерекше орын алады. Елімізде мекендейтін халықтар оны жете түсінеді.
Отанға деген құрмет туған жерге шынайы сүйіспеншіліктен басталады. Ал осы құндылықтарды әрі қарай дамытатын отбасы мен ұстаз.
«Діни қауіпсіздік»

Жаһандану заманында геосаяси және геоэкономикалық мүдделердің діни негізде бүркемеленуі және діннің саясилануының күшеюі,алпауыт елдердің әлемдік саясат пен нарықтағы бәсекелестігі мен мүдделер қайшылығында діни факторды әлемдік және аймақтық қатынастардың өзекті құбылысына айналдырып отыр.Әлемдік экономикадағы дағдарыстардың шешілмеуі және әлеуметтік мәселелердің күрделі сипат алуы батыс елдерінде ксенофобиялық әрекеттердің туындауына түрткі болып отыр. Қоғамдық пікірді өзге арнаға бұру үшін ақпарақтық шайқас алаңына әлеуметтік желілер және ғаламтор желілері тартылуда. Бұл үшін түрлі жобалар дайындалып адам санасы мен психикасына, әрекетіне ықпал жасаушы тетіктер механизмі жетілдірілуде. Діни экстремизм мен фанатизм, әсіре діншілдік жаһандық сипат алуда. Діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұратын сыни көзқарас, азаматтық позиция қалыптастыру Дінтану пәнінің міндеті болып табылады. Елімізде 1999 жылы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», 2005 жылы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары қабылданды. 2011 жылы желтоқсан және 2014 жылы қарашада ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы қабылданды. Діни экстремизм мен лаңкестік адам мен қоғам өміріне, мемлекет негізіне қауіпті індет екендігі жастарға байыпты және ғылыми тұрғыда түсіндірілуі қажет. 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға байланысты қабылданған мемлекеттік бағдарламада нақты көрсетілген. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында республикалық және өңірлік денгейде ақпараттық-насихаттық топтар құрылды.


ХІХ ғасырдың ортасында Дінтану ғылымында дін социологиясы қалыптасты. Дін әлеуметтануында діннің қоғамдық негіздері, діннің құрылымы мен қызметі, қоғамдық жүйедегі діннің рөлі қарастырылады. Бүгінгі өркениетті қоғамда тұлғаны қалыптастыру рухани-адамгершілік кемелдену және білім мен тәрбие беру арқылы іске асады. Тәрбиелеу процесінде ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтарды үйлесімді үйлестіру және зайырлылық қағидаты негізінде жастардың діни санасы мен рухани әлемін қалыптастыру үшін исламның дәстүрлі құндылықтарын қоғамның әлеуметтік-мәдени жағдайына, елдік діл мен ұлттық дүниетанымға сай байыппен, байсалды түрде тиімді қолдану керек.Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың партияның XVI съезінде сөйлеген сөзінде «Біздің елімізде 17 конфессияның өкілдері бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті тұрып жатыр. Олардың ішіндегі аса ірілері – ислам, православие және протестанттық. Қазақстан аумағында тарихи қалыптасқан Ханафит исламы ұстамдылығымен және төзімділігімен, ислам құндылықтарын парасатты түсіндіруімен ерекшеленеді», - деп атап көрсетті [1].
Қазіргі заманда Дінтану ғылымында дін мен саясаттың аражігін анықтау – маңызды мәселе. Әлемде мемлекет пен діннің арақатынасын шешудің бірнеше тәсілдері бар. Дінтанулық ғылымда мемлекет пен дін қатынастарының негізгі модельдері төмендегідей: 1) теократиялық басқару формасындағы елдер; 2) нақты конфессионалды идеологияны ұстанатын зайырлы мемлекеттер; 3) ресми атеистік идеологияны ұстанатын зайырлы мемлекеттер; 4) зайырлы, көпконфессионалды мемлекеттер. Мұсылман елдерін екі топқа бөліп қарастыруға болады: мұсылмандар басым болатын діни басқарудағы елдер, мұсылмандар басым тұратын зайырлы елдер. Кейбір еуропалық және мұсылман елдерде діни-саяси партияларға рұқсат етілген.
Араб елдерінің әлеуметтік құрылымы түрлі ру-тайпалық, кландық, этникалық, діни, конфессионалды топтардан құралған. Таяу Шығыс және Солтүстік Африкада мемлекеттік шекараларды батыс отаршылары Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания белгіледі. Атап айтсақ, Ирак, Сирия, Йемен, Судан, Ливия, Алжир. Батыс отаршылдарының бөліп ал да билер бер ұстанымы бұл мемлекеттердегі экономиканың нақты бір секторын немесе нақты бір өнімді шығару мен өндіруді, пайдалы қазба байлықты бір тайпаға не бір кланға, болмаса бір діни топқа бөліп берген. Бұл қоғамдарда мемлекеттік бірегейлік емес ру-тайпалық, діни-конфессионалды, ұлттық, кландық бірегейлік басым: сүннит, шиит, друзд, христиан, араб, курд және т.б. Ру-тайпалық және конфессионалды бірегейлік-араб қоғамының түп негізі.
Сондықтан бұл аймақтағы қоғамдардың ішкі құрылымы ыдыраңқы және ортақ мақсат жолында жұмылуына ұлттық, тайпалық, діни, кландық ерекшеліктер кедергі келтіреді. Бұл елдердегі саяси-әлеуметтік үдерістер мен экономикалық ахуалды зерделеу үшін қоғамның әлеуметтік құрылымына назар аударған жөн. Аймақ елдеріндегі саяси және экономикалық үрдістер қоғамның әлеуметтік өмірінің салдары ғана болып отыр. 2010 жылы Тунистен басталған араб көктемі Мысыр, Ливия, Сирия, Йемен, Алжир, Бахрейн елдерін шарпыды. Экономикалық әлеуеті зор мұнайға бай Сауд Арабиясы, Бахрейн, Кувейт, Катар туындаған мәселелерді ақшамен басып отыр. Араб дүниесінде болып жатқан саяси-әлеуметтік және діни үдерістер әлем назарын аударуда. Араб қоғамындағы азаматтық қоғам институтарының әлсіздігі және сыртқы күштердің ықпалына қарсы тұра алмауы қазіргі жағдайдың ушығуына себеп болуда.
Қазіргі өркениетті әлем бетпе-бет келіп отырған лаңкестік пен діни экстремизм, ксенофобия дерті адамзат болашағына қауіп төндіруде. Елбасы дамуымызға қауіп төндіретін 5 жаңа сыртқы сын-қатерлер туралы « Бұл – әлемдік тәртіптің дағдарысы мен ортақ белгісіздіктің өрістей түсуі. Қауіпсіздіктің әлемдік жүйесінің беріктігі жаңа сипаттағы жанжалдармен сыналуда. Әлемдік аренада экстремизм мен зорлық-зомбылықты пайдаланатын жаңа жүйесіз ойыншылар пайда болуда», - деп көрсетті [2]. Жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке қауіп төндірушілер арасында ИШИМ, Боко Харам, Джабхат ан-Нусра, әл-Каида, Талибан лаңкестік ұйымдары белсенді әрекет етуде. 2006 жылы Иракта моджахедтер кеңесі және 11 әсіре діншіл топтардың бірігуі нәтижесінде Ирак ислам мемлекеті құрылды. 2013 жыл сәуірде Ирак және Шам ислам мемлекеті құрылғаны жарияланды. 2013 жылы ИШИМ әл-Каидамен байланысын үзді. 2014 жылы маусымда Ирак және Сирия аумағында ислам мемлекеті - халифат құрылды. Абдалла Ибрагим әл-Самарий (Әбу Бәкір әл-Багдади) Халиф болып сайланды. Халифаттың орталығы –Сирияның – Ракка және Ирактың – Мосул қалалары. Ислам мемлекеті үгіт-насихат жұмыстарын «әл-Фуркан», «әл-Хаят» медиаорталықтары арқылы жүргізеді. Кейбір деректер бойынша, Ислам мемлекеті радикалды ұйымының қатарында 80-ге жуық елдерден келген еріктілер бар. Ислам мемлекеті аумағында шариаттық заң нормалары енгізілген. Басқа діни ұйымдардан ерекшелігі ислам мемлекетінің діни негізінде. Ислам мемлекеті аумағындағы шиитер мен христиан діндерін ұстанатындарға қысым көрсетіледі. Ислам мемлекетінің басшылық құрамында бұрынғы Саддам Хусейн билігіндегі әскерилер мен БААС партиясының жақтастары, Асадқа қарсы топтар бар. 2015 жылы ақпанда Ресей ФҚК директоры А.Бортников Ислам мемлекеті қатарында 1700-ге жуық ресей азаматы ұрыс қимылына қатысып жүргенін айтқан болатын. ТМД антитеррорлық орталығының басшысы А.Новиков 2000-5000 жуық ТМД елдерінің азаматтары бұл лаңкестік ұйым қатарында жүргенін айтты. Қырғызстаннан-330, Қазақстаннан-300, Өзбекстан мен Тәжікстаннан-1000-2000 жуық адамдар жалған діни ұстанымға елігіп алпауыт елдердің геосаяси және геоэкономикалық мүдделер қақтығысының құрбанына айналуда. Кейбір сарапшылар пікірінше, ислам мемлекеті қатарында Францияның-700-900, Германияның-300, Англияның-400, Австралияның -150 жуық азаматтары бар.Еуропа елдерінен келгендер қатарында тегі еуропалық ұлттар және еуропалық иммигранттардың балалары мен немерелері кездеседі. Әсіре діншіл экстремистік топтар ғаламтордағы әлеуметтік желілер мен виртуальды уағызшылардың үгіт-насихатымен қатарларына діни білімі таяз, дүниетанымы қалыптаспаған, көрсеқызар еліктегіш, атын шығаруды аңсаған албырт жастарды тартуда.
2015 жылы маусымда Түркия мен Сирия шекарасында ММУ студенті және 14 ресей азаматы ұсталды. Соңғы жылдары батыс еуропа елдерінде әсіре ислами топтар қатары өсуде. Босқындар мен мигранттар салдарынан батыс еуропаның этникалық-діни құрамы өзгеріске ұшырады, мәдени парадигма ауысуда. Бұл Африка және Азия елдерінен келген иммигрантардың батыс қоғамының мәдени құндылықтарын сіңіріп,социумға кірісе алмағандығын көрсетеді. 2011-12 жылдары Германияның Золинген қаласында «Миллатул Ибрахим» радикальды ұйымы әрекет етсе, ал Вупперталь қалашығында шариат полициясы дүкендерде спиртті ішімдіктердің сатылмауын қадағалай бастады.
Германиялық радикальды топтардың 10% Сирия және Иракқа кеткен. Египеттің Александрия қаласының маңындағы Мандар ауданында неміс мұсылмандарының қауымы бар. 2013 жылы Лондон көшелерінде шариат патрульдері пайда болды. Соңғы жылдары «Аль Мухаджирун» және «Islam 4UK» ұйымдары қоғам өміріне шариат заңдарын енгізуге шақыруда. Англияда радикальды діни ілімдердің таралуын алдын алу мақсатында құрылған «Preventing violent extremism» бағдарламасы елдегі мұсылман қауымының мүшелері туралы толық ақпарат алуға құқылы. Лаңкестік ұйымдар құрамындағы этникалық еуропалық мұсылмандардың түрткілері-неофиттік энтузиазм, авантюризм, өмір мәнін іздеу, дүниетанымдық-психологиялық күйзеліс, бірегейлікке ұмтылу, еуропалық тұтыну қоғамынан жирену, азғындаған (гомосексуализм, транссексуальдық, лесбиандық) құбылыстардан қашу. Жиһадқа қатысушылар құрлық жолымен Йордания арқылы –Иракқа, Түркия арқылы-Сирияға, ал теңіз жолымен Кипр арқылы Сирия мен Ливанға барады. Батыс еуропа елдері Ирак пен Сириядағы соғысқа қатысқан азаматтарын азаматтықтан айыру мәселесін көтеруде.
2012 жылы Джабхат ан Нусра (Шам халқына көмек майданы) Сирия мен Ливандағы әл-Каиданың бөлімшесі құрылды. Сирия аумағындағы азаматтық соғысқа қатысушы ұйым БҰҰ және АҚШ,Түркия, Ресей, Ұлыбритания, Австралия елдерінде лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізілген.

2002 жылы Боко-Харам (Батыс білімі харам)-Нигериялық лаңкестік ұйымының негізі қаланды. Бұл ұйым батыстық өмір салтын, мәдениет пен білім беру жүйесін және заманауи ғылымды теріске шығарады. Басты мақсаты - Нигерияға шариғат заңын енгізу. Адам ұрлау және зорлық-зомбылық, лаңкестік әрекеттерімен аты шыққан ұйымды 2014 жылы БҰҰ қауіпсіздік кеңесі лаңкестік ұйымдар тізіміне қосты. 2015 жылы наурызда Боко Харам өзін Ислам мемлекетінің батыс африка провинциясы ретінде жариялады. Боко Харам құрамында жергілікті кануби және хауси эностары басым. Сонымен қатар, бұл ұйым Камерун, Чад елдерінде әрекет етеді.


Индонезияда «Джамаа исламия» радикалды әсіре діншіл ұйымы шариат негіздерін қоғамдық құрылысқа кіргізу жолында әрекет етуде.
Таяу шығыс өңіріндегі геосаяси жобалар мен геоэкономикалық мүдделер қақтығысының шиеленісуі жаһандық экономикалық дағдарыс пен әлемдік саясаттағы кеудемсоқтық пен айқынсыздық және адамзаттық құндылықтардың қайта қаралуы замананында өрши түсуде. Геосаяси ойындар негізіне діни сипат беру арқылы діндер және діндарлар арасында өшпенділік сезімі мен дүрдараздық ұрығын себуді көздейтін жобалар тұтас мемлекеттер мен мәдениеттерді жойып жіберуді көздеп отыр. Түрлі радикалды әсіре діни-саяси идеологиялық ілімдер адамдар санасы ықпал ету үшін психологиялық манипуляция әдістерін пайдаланып, діни сезімге әсер етуші фильмдер мен бейнебаяндар, діни әндерді ғаламторға орналастырады.
Әлемнің діни суреттемесін зерттеу бүгінде батыс пен шығыс өркениеттері дүниесінде болып жатқан саяси-діни ахуалдан туындаған оқиғалардың нақты суреттемесін береді.
Соңғы жылдары Батыс әлемінде ислам дінің түрлі «измдер» арқылы қарастыратын исламофобиялық, ксенофобиялық көзқарастар және мұсылмандарды келемеждейтін карикатуралар мен фильмдер белең алып отыр.
1988 жылы Ұлыбританиялық жазушы Салман Рушди «Ібіліс өлеңдері» шығармасында ислам тарихы мен мәдениетін әжуалады. 2004 жылы Нидерландтық кинорежиссер Тео Ван Гог «Submission» («Бағыну») фильмінде ислам әлемінде әйелге деген қатігездік жайлаған-мыс деп көрсету үшін мұсылмандық әдепті маңсұқтады.
2006 жылы Данияның Jyllands-Posten газетінде антиисламдық карикатура жарияланды. 2011 жылы АҚШ-та «Innocens of muslims» (Мұсылмандардың күнәсыздығы) антиисламдық фильмі түсірілді. 2015 жылы қаңтарда Француздық «Charlie Hebdo» («Шарли Эвдо») сатиралық апталығында антиисламдық карикатура жариланды. Германия мен Францияда антиисламдық шерулер өтті. Бұл мультимәдениеттіліктің кәрі құрлықта орнықпағандығын және өзге мәдениетке деген сенімсіздіктің бар екендігін дәлелдейді. Франциның бұрынғы президенті Н.Саркози, Англия премьер-министрі Д.Кэмерон, Германия канцлері А.Меркель мультимәдениеттілік болашағына сенбейтіндіктерін айтқан болатын.
Әлемнің назарын тіккен Украинадағы жағдайға Мәскеу патриархатына қарасты орыс православ шіркеуі және 1992 жылы құрылған Киев патриархатына бағынышты украин православ шіркеулері арасындағы даулар ықпал етуі мүмкін. Украинада екі патриархат арасында ғимараттар мен мүлік үшін тайталас орын алуы мүмкін. Солтүстік Ирландиядағы протестанттар мен католиктер жанжалы, Сирия, Ирак, Ливан, Йемен, Бахрейн елдеріндегі сүнниттер мен шииттер текетіресі аймақтағы діни-саяси ахуалға әсер етіп отыр. Қазіргі исламтанушы және дінтанушы ғалымдар үшін исламның адамзатқа ортақ құндылықтарын және бейбітшілік сүйгіш мәнін ашып көрсету маңызды. Себебі, экстремистік, діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзімсіздігі ислам дініне жат. Ислам дінінің сипаты бұл ғибадат пен мінез-құлықта орта жолды ұстану. Исламның мақсаты адамдарды бұл және мәңгілік өмірде бақытты ету.
Қазақ қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Еліміздегі әлемдік діндердің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы атқаратын рөлі ерекше. Әсіре діншіл топтарға қарсы жұмыстың тиімді тәсілдері-қаржыландыру көздерін жабу, лидерлері мен мүшелеріне идеологиялық ықпал ету, психологиялық тұрғыда әлсіз тұстарына ықпал ету, діндарлардың дүниетанымдық көзқарастарының өзгеріске түсуін қадағалау, ата-ана, дос-туыстары және беделді дін ұстаздары мен ақсақалдар арқылы әсер ету.
Өңірлердегі діни ахуалдардың динамикасы мен тенденцияларына ықпал етуші жағдайларды анықтау бүгінгі дінтанулық зерттеулер жүргізуде негізгі мақсаттардың бірі. Ауылдарда жастар үшін спорт үйірмелері мен түрлі мәдени ойын сауық клубтарын құру маңызды іс.
Дәстүрлі діндердің жасампаз әлеуеті қоғамымызда достық пен түсіністік жолына қызмет етуі тиіс. Мультимәдени қоғамда- діни және этникалық топтар- өзекті мәселелерді ортақ шаңырақтың берекесі үшін сұқбат және төзімділік пен әлеуметтік әріптестік негізінде шешеді. Қазақстандағы дінаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде зайырлы ұстанымдағы діни сана қалыптастыру маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет