күнтізбелік жоспары
|
5
|
3
|
Сабақ жоспарлары
|
7
|
4
|
Пайдаланылған әдебиеттер
|
42
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Түсінік хат
«Сөзлер әлеміне саяхат» - таңдау курсы. Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс,байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес құрастырылған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай. Тапсырмалар арнайы топтастырылып, өзіндік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын (шығармашылық жұмыс,тесттер) ұйымдастыруға арналған тапсырма ретінде берілген. Мектептің бастауыш сатысындағы басқа оқу пәндерінің мазмұнымен пәнаралық байланыстар ескеріледі. Оқу процесін өтілген материалдардың қолданылу жиілігін ескере отырып ұйымдастыруға және ақырғы нәтижеге жетуді бағдарлауға мүмкіндік береді.
Өзектілігі:
Баламен жеке дара жұмыстар жүргізілу барысында оның жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу;
Сынып ұжымында әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;
Балада болашаққа деген басқаша көзқарас қалыптастыру.
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту;
Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу;
Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту;
Олардың білімге деген құштарлығын, еңбексүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.
Міндеттері:
Толыққанды дамуына және бейімделуіне, табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;
Балаларды бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;
Байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;
Үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |