Мазмұндама Табиғат байлығы Мақсаты:: 1 Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тілін дамыту



Дата15.06.2016
өлшемі31.62 Kb.
#137269
түріМазмұндама
Әдебиеттік оқу

Жазба жұмыстары

Мазмұндама

Табиғат байлығы

Мақсаты::1) Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тілін дамыту;

2)Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу,ойлау қбілеттерін дамыту

3)Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру;

Табиғат байлығы

Қазақстан табиғат байлығының бірі-аң.

Кең байтақ өлкемізде бағалы тері,дәмді ет,дәрі-дәрмектік шикізат беретін аңдар мен құстардың сан алуан түрі тіршілік етеді.Жыл сайын елу мың суырдың,он жеті мың ақ тиіннің ,он алты мың қасқырдың,алты мың қарсақтың бес жүз мыңға жуық түлкінің терілері дайындалады.

Табиғат байлығын қамқорлықа алу-алға қойған міндетіміз.

Тірек сөздер мен тапсырмалар:дәрі-дәрмектік,шикізат беретін,терілері дайындалады.

Жоспар:

1.Қазақстан байлығы.



2.Аң несімен бағалы?

3.Табиғатқа қамқорлық.

Мазмұндама

Қараша-қардың басы

Мақсаты::1) Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тілін дамыту;

2)Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу,ойлау қбілеттерін дамыту

3)Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру;

Қараша-қардың басы

Қыстың алғашқы аязы қараша айынан басталады. Қыстың алғашқы аязынан кейін көлдің бетін мұз басты.Су асты күңгірт тартты.Бұрын мұндайды көрмеген жас сазандар абыржып қалды.Кәрі сазан түсіндіріп жатыр.Аю сияқты сазан тұқымы да қыста тамақ жемейтіндігін айтты.

Кәрі сазан көл астында талай қыстаған.Көлдің терең жерлерінің бәрін білетін.Оның соңынан басқа сазандар ілесті.Бәрі тереңдегі бір қуысқа жиналды.Су астын қараңғылық басты.

Тірек сөздер мен тапсырмалар:аязы,мұз басты,кәрі сазан,абыржып қалды,қарағылық басты.

Жоспар:


1.Алғашқы аяз

2.Абыржыған сазандар

3.Кәрі сазан ақылы.

Мазмұндама

Құс-бақтың досы

Мақсаты::1) Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тілін дамыту;

2)Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу,ойлау қабілеттерін дамыту

3)Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру;

Құс-бақтың досы

Егіндіктің қасында үлкен бақ бар.Бақтың шетінде биік теректер,қайыңдар өсіп тұр.Бақта алма,алмұрт,өрік,шие ағаштары бар.Күзде жемістер пісіп,адамдар оны жинауға келеді.Жаздыгүні біздің жерімізде құстар көп болады.Бақ ішіндегі құстар зиянды құрт-құмырсқаларды,көбелектерді жейді. Құстар бақтарды зиянды жәндіктерден сақтайды.Құстарға тимеу керек.Оларға ұя жасап,қамқорлыққа алған жөн.Олар қыстыгүні ашығады.Балалар қыста жем беріп,оларды аштықтан құтқарады.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері:жаздыгүні,зиянды,сақтайды,қыстыгүні.

Жоспар:


1.Жеміс ағаштары

2.Құстар кмегі.

3.Құстарға қамқорлық.

Мазмұндама

Аққу

Мақсаты::1) Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тілін дамыту;



2)Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу,ойлау қабілеттерін дамыту

3)Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру

Аққу

Көктемде Жайық өңірінде аққулар қос-қостан ұшып келеді.Талқайраңдағы көк шалғынға киіз тіккенбіз.Сыртта тұрып,сыбызғының үніндей сұңқылдаған аққулар дауысын тыңдадым.Тобымен орман ішіне қонды.Таңертең ерте оянып,тысқа шықтым.Шығыс жақ қызыл шапақ.Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім.Кешкісін қармақ құрып кеткенбіз.Келсем аққу жүр екен.Қармақ аяғына кіріп кетіпті.Жалма-жан көйлегімді шешіп тастап аққудың қасына жүзіп жеттім.Аққу су сабалап сыңсыды.



Аузын ашып айбат шекті.Аяғынан ұстадым да қармақтан босаттым.Рахмет айтқандай,бір саңқ етті де арғы беттегі тобына қосылды.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері:Жайық өңіріне,көк шалғынға ,сыңсыды,айбат шекті,саңқ етті.

Жоспар:

Жайық өңіріне аққулардың ұшып келуі.



2.Сыбызғы үніндей сұңқыл.

3.Қармаққа ілінген аққу



4.Аққуды бұғаудан босату.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет