Алматы облысы әкімдігінің
ҚАУЛЫСЫ
2012 жылғы 03 мамыр №114
|
Алматы облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
2012 жылғы 03 мамыр №4-23
|
Алматы облысы әділет департаментінде
2012 жылғы 21 мамырда 2092 номірімен
тіркелген.
Алматы облысының орталығында,
облыстық және аудандық маңызы
бар қалаларда, кенттер мен ауылдық
елді мекендерде жер учаскелерi
жеке меншiкке берiлген кезде
олар үшiн төлемақының
базалық ставкаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiнiң 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысында жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге қарай облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскесін жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары осы шешімнің және қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешiмiнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешiмi алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі
______________А.Мұсаханов
|
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
__________ А.Мәмбеталиев
|
Облыстық мәслихаттың хатшысы
______________ С.Бескемпіров
Алматы облыстық мәслихатының
2012 жылғы «03» мамырдағы №4-23
және Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы «03» мамырдағы №114
«Алматы облысының орталығында,
облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық
елді мекендерде жер учаскелерi
жеке меншiкке берiлген кезде
олар үшiн төлемақының базалық
ставкаларын бекiту туралы» бірлескен
шешіміне және қаулысына қосымша
Алматы облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары
Елдi мекендер
|
1 шаршы метр үшiн теңгемен төлемақының базалық ставкасы
|
Талдықорған қаласы
(облыс орталығы)
|
1150
|
|
Облыс орталығы ставкаларының пайызы
|
Облыстық маңызы бар қалалар
|
85
|
Аудандық маңызы бар қалалар
|
75
|
Субтропикалық шөлейт және тау бөктерiндегi – шөлейт аймақтарда орналасқан кенттер және ауылдық
елдi мекендер
|
Кенттер
|
Ауылдық елдi
мекендер
|
30
|
18
|
Ескертпе: қалалардағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.
_________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |