Астана ақшамы. – 2014. – №120. – 23 қазан
Өтемұрат О.
Көмір бітсе, көзі бар баламалы қуаттың
Кеше «Іскер» бизнес орталығында «Болашақ энергиясы: адамзаттың басты мәселесін шешу жолдары» атты тақырыпта ғылыми конференция өтті.
Қазір бүкіл әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан дәстүрлі энергия көздері – көмір, мұнай және табиғи газ қорының сарқылуы үлкен қауіп тудырады. Яғни, дүниежүзі қазір балама энергия көздеріне қол жеткізуге ұмтылуда. Осы мәселелерді қамтыған конференцияда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымының докторы Қуат Баубеков, «Энергоүнемдеу мен энергия тиімділігі» ғылыми-зерттеу институтының директоры Алтай Әлімғазин және техника ғылымының докторы Даянды Диханбаев энергияны үнемдеу тиімділігі жайлы баяндама жасады.
Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Владислав Вихтанбек пен Ғазиз Жұмабай энергия тақырыбындағы ғылыми жұмыстарынан үзінді оқыды. Баламалы энергияның дамуы жайлы баяндаған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің магистранты Айжан Жұмабаева: «Қазақстанда 2030 жылға дейін баламалы энергияның үлесін 50 пайызға жеткізу мақсаты қойылған. Алайда, қазіргідей қарқынмен 10 пайызға да жете алмаймыз. Бүгінгі таңда әлем елдерінің өзінде баламалы энергияны пайдалану өрісте өте тар» дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |