Алматы облысының Әкімдігі мәслихаты



Дата25.02.2016
өлшемі18.29 Kb.
#24298

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ МӘСЛИХАТЫ

ҚАУЛЫ ШЕШІМІ



Талдықорған қаласы


2010 ж. «13»қазан № 148 2010 ж. «13»қазан № 37-213

Алматы облысы әділет департаментінде

2010 жылғы 11 қарашада 2060 номірімен тіркелген.

Алматы облысындағы кейбір

ауылдық округтер мен

ауылдардың атауларын

өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабындағы 4 тармағына сәйкес, тиісті аумақтардағы халықтың пікірін ескере отырып, Ақсу, Алакөл, Қаратал, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақсу ауданының Қызылту ауылдық округі мен Қызылту ауылы Барлыбек Сырттанов ауылдық округі және Барлыбек Сырттанов ауылы атауына өзгертілсін.

2. Алакөл ауданының Герасимовка ауылдық округінің атауы Сапақ ауылдық округі атауына өзгертілсін.

3. Қаратал ауданының Қарашеңгел ауылдық округінің атауы Жолбарыс батыр ауылдық округі атауына өзгертілсін.

4. Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінің Красный Восток ауылының атауы Өрікті ауылы атауына өзгертілсін.

5. Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округінің Совет ауылының атауы Қызылжар ауылы атауына өзгертілсін.

6. Еңбекшіқазақ ауданының Нұра ауылдық округінің атауы Сөгеті ауылдық округі атауына өзгертілсін.

7. Еңбекшіқазақ ауданының Октябрь ауылдық округінің атауы Бартоғай ауылдық округі атауына өзгертілсін.

8. Райымбек ауданының Қарабұлақ ауылдық округінің Кіші Жалаңаш ауылының атауы Ақай Нүсіпбеков ауылы атауына өзгертілсін.



9. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы

С.Үмбетов М.Мырзағалиев

Облыстық мәслихаттың хатшысы
А.Сыдық



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет