«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мм «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды



Дата09.06.2016
өлшемі46.35 Kb.
#125325
«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды
Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Ішкі конкурс туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні.



Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) үлгі бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

040000, Алматы облысы Талдықорған қаласы Тәуелсіздік к-сі 38, №606 кабинет. Анықтама телефондыры: 8 (72 82) 24-52-06, факс 8 (72 82) 24-77-22, электрондық адрес: 270171@list.ru.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


  1. Басқарма басшысының орынбасары (D-O-2 санаты, 01-03).

Жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 163 232 теңгеден 220 697 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

1. Жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы іс-әрекетін үйлестіреді, басшылық жасайды. Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша қалалық, аудандық өкілетті органдардың қызметін бақылау жасауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді; талдау және мониторинг және ұйымдастыру жұмысы бөлімдердің қызметің үйлестіреді; ішкі саясат саласында мемлекет саясатын анықтайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, ақпараттарды дайындайды.

2. Жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Кеңсесі актілерінің, облыс әкімі және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының сапалы және толықтай орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Президент Әкімшілігі мен Үкімет деңгейінде даярланған жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді.

3.Мемлекеттік органда басқару жүйесінің, оның аумақтық бөлімшелері мен басқармаға қарасты ұйымдардың қызметін бағалауды жүргізеді, мемлекеттік органның бірінші басшысына оның сапасының жақсарғандығы жөнінде ұсыныс береді. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асуын бақылауды, нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады. Басқарманың жылдық, тоқсандық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді. Өз құзыреттігі шегінде басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4.Ұжымды басқара білу, болжамдау, жоспарлау, үйымдастыру, қарамағындағылардың жұмысын бағалау және бақылау қабілеті.

5.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet, «Электрондық Үкімет» бағдарламаларымен жұмыс істей білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу.

6. Көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттері бар, жоғары адамгершілік, этикалық және іскерлік, талап қоя білу қасиеттері болуы қажет.
Білімі, мамандығы, кәсіби құзыреттілігі, жұмыс тәжірибесі:


  • Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, журналистика, экономика); құқық (құқықтану); педагогикалық.

  -  Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» құқықтық актілерін, «Қазақстан -2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  • мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

  • жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*



Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

- Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес үйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет