Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті мемлекеттік қызметшілері арасында арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
040008, Талдықорған қ., Біржан Сал көшесі, 130/132, анықтама телефондары: (7282) 24-35-78, факс: (7282) 24-33-36, электронды мекен-жайы: Аn.mukabaeva@minfin.gov.kz мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
C-О-5
|
83 282,08
|
112 430,81
|
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
1. Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-бас қазынашысы С-О-5 санаты (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне 05.08.2016 ж. дейін.), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есепті жүргізу, есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу жүргізу, мемориалды ордерлерді құрастыру, жалақы бойынша есептер жүргізу, банкоматқа аудару есептерін жүргізу, орталықтандырылған бухгалтерия жұмыстарын жүргізу, қызметкерлердің несиелік қарыздарды уақытымен жабуына қатаң бақылау жүргізу, бухгалтерлік есеп және есептілік құрастыру мәселелері бойынша аудандық, қалалық қазынашылық басқармаларға нұсқаулық беру және нормативті-құқықтық материалдарды жеткізу, «Е-минфин» бағдарламасының жұмысын жүргізу, компьютерде жұмыс істей білу, мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, әлемдік экономика), мүмкіндігінше бюджеттік заңнамаларды білу және компьютерде жұмыс істей білу. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2.Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің республикалық бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің төлемдерін алдын-ала бақылау және өткізу бөлімінің бас маман-бас қазынашысы С-О-5 санаты (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне 05.08.2016 ж. дейін.),1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Республикалық бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің төлем құжаттарын электронды және қағаз түрінде қабылдау және өткізу, ұсынылған құжаттардағы қол үлгілері мен мөр бедерлерінің сәйкестігін тексеру, төлем құжаттарының дұрыс толтырылуын тексеру, төлемдердің мерзімдерінің шынайылығын тексеру, мемлекеттік мекемелердің құжаттарының толықтығын тексеру, қабылданған құжаттардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болуын қадағалау, мемлекеттік мекемелер өткізген құжаттардың дұрыс рәсімделуін бақылау, компьютерде жұмыс істей білу, мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, әлемдік экономика), мүмкіндігінше бюджеттік заңнамаларды білу және компьютерде жұмыс істей білу. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Құжаттарды қабылдау 5 жұмыс күні ішінде мына мекен жайы бойынша: индекс 040008, Талдықорған қ., Біржан Сал көшесі, 130/132, анықтама телефондары: (7282) 24-35-78, факс: (7282) 24-33-36, электронды мекен-жайы: Аn.mukabaeva@minfin.gov.kz
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті кадр қызметімен расталған қызметтік тізім.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |