«Алтын құлын» дәстүрлі ән, жыр-терме жас орындаушыларының республикалық байқауын қашықтан өткізу ережелері Жалпы ережелер «Алтын құлын»



Дата25.01.2024
өлшемі18.69 Kb.
#489831
Правила Алтын кулын каз0119095315


Қазақстан Республикасы
Оқу ағарту министрлігінің
«Республикалық қосымша
білім беру оқу-әдістемелік
орталығы» РМҚК директордың
2024 жылғы «___» ______
№ ___ бұйрығына 2-қосымша
«Алтын құлын» дәстүрлі ән, жыр-терме жас орындаушыларының
республикалық байқауын қашықтан өткізу ережелері



  1. Жалпы ережелер

1. «Алтын құлын» дәстүрлі ән, жыр-терме жас орындаушыларының республикалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) ережелері оның мақсатын, міндеттерін, қатысушылардың жас санаттарын және өткізу тәртібін анықтайды.


2. Байқаудың мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәстүрлі ән айтуды жан-жақты насихаттау, өскелең ұрпақта ұлттық рухқа, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашыл жастарды анықтау.
3. Байқаудың міндеттері:
1) дәстүрлі ән айту мен әр түрлі қазақ музыкалық аспаптарында орындауды дәріптеу;
2) дәстүрлі халықтық мәдениетке баулу арқылы білім алушының жеке басының руханилығын қалыптастыру;
3) қазіргі жағдайда халықтық-әншілік дәстүрлерді.
4. Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтық форматта өткізеді.
5. Байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын құрады, байқауды өткізеді және қорытындылайды.
2. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

6. Байқау 2024 жылғы 15 қаңтардан 29 ақпанға дейін өткізіледі.


7. Байқауға қатысу үшін 2024 жылғы 15 қаңтардан 9 ақпанға дейін konkurs.muz@mail.ru электронды поштасына мына материалдарды жіберу қажет:
1) өтінім 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша;
2) http://www.youtube.com. арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.

8. Ұйымдастыру комитетіне 2024 жылғы 09 ақпаннан кейін түскен, сондай-ақ қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін байқау жұмыстары қарастырылмайды.


9. Байқау қорытындысы, жеңімпаздар дипломдары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушылардың сертификаттары 2024 жылғы 29 ақпанда www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
10. Ұйымдастырушы Байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқылы. Ұйымдастырушы әлеуетті қатысушыларды Байқаудың қорытындыларын орналастыру мерзімінің өзгеруі туралы www.ziyatker.org сайтында хабардар етеді.
11. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторды көрсете отырып, әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.
3. Байқау талаптары

12. Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (музыкалық колледждер мен мамандандырылған мектептерді қоспағанда) 7 - 17 жастағы (18 жасқа дейін) білім алушылар жас санаттары бойынша қатысады:


- кіші жас санаты: 7-10 жас;
- орташа жас санаты: 11-14 жас;
- ересек жас санаты: 15-17 жас.
13. Байқау 2 номинация бойынша өткізіледі:
1) дәстүрлі ән: халық әні, қазақ композиторының әні (таңдау бойынша 1 шығарма);
2) жыр, терме: (таңдау бойынша 1 шығарма).
Қатысушы таңдаған номинация бойынша бір шығарма орындайды.
14. Байқау жұмыстарын бағалау критерийі:
- орындаушылық шеберлігі (репертуардың күрделілігі, интонацияның тазалығы, орындаушылық шеберлігі);
- сахна мәдениеті, киім үлгісі;
- жарияланған номинацияға сәйкестігі.
15. Байқау жұмыстары бұрын басқа сайтта жарияланбаған болуы тиіс. Байқауға бұрын өткізілген байқауларға қатыспаған жұмыстар қабылданады.
4. Байқауды қорытындылау

16. Байқаудың қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Байқау жұмыстары жас санаттары бойынша бағаланады.


17. Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелердегі дипломдармен, жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 64 75 92, 64 75 97.

Ережеге қосымша




«Алтын құлын» дәстүрлі ән, жыр-терме жас орындаушыларының
республикалық байқауына (қашықтан)
ӨТІНІМ




п/п

Қатысушы
ның тегі, аты
(туу куәлігі бойынша)

Номинация аталуы

Байқау жұмысына сілтеме

Шығраманың аталуы

Туған күні, айы, жылы, жасын көрсету

Тұрғылықты жері
(облыс, қала, ауыл), телефон

Оқу орны, сынып

Мектептен тыс ұйымның аталуы, (егер барса)

Жетекшінің Т.А.Ж., (байланыс телефоны)
































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет