«Амал келді – жыл келді» ТӘрбие сағатының Әзірлемесі тобы



Дата13.06.2023
өлшемі91.5 Kb.
#475011
«Амал келді, Жыл келді!»


«Болашақ» университетінің жоғары колледжі

Бекітемін


«Болашақ» университетінің
жоғары колледжі директорының ТЖ
жөніндегі орынбасары________
А.Е.Смаилова «___»________2023ж.


«Амал келді – жыл келді»
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ



ТОБЫ: РТ-20/9-2Г
КУРАТОРЫ:ӘЛИАКБАРОВА А.М.

ҚЫЗЫЛОРДА,2023ж


Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, шар, слайд.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: Бір жасыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп
– Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бір жасыңыз құтты болсын! Бәріміздің асыға күткен Амал да мерекеміз де келіп жетті. Бүгінгі 1 сыныбының дайындаған «Амал келді, жыл келді» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман – есен шыққанына қуанып, бір – бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе – реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.
Жақындатып өткенге, кеткенге енді, Көктем келді балбырап, көктем келді. Суық сорған жаныма шуақ құйған, Осы еді ғой күткенім көптен бері.


Жүргізуші:
Дәл осы Амал мерекесін салт – дәстүрдің ажырамас бөлігіне, тәрбиелік құндылығына айналдыра білген Маңғыстау өлкесінде мерекелік леп әрбір үйден сезіледі, әрбір жылы қабақтан білінеді, кәрі – жас демей қол алысып, төс соғыстырып жатқан жұртшылықтың жүректері елжіреп, ерекше күйге бөленеді. Күннің ғана емес, адамзат көңілінің жыли түскенін бар жан дүниеңмен сезініп, бір марқайып қаласың.
Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.
Аталар бата беріскен,
« Сақтай гөр» деп терістен.
« Кел, таза бақ, кел» десіп,
Кел тілек бер десіп....
Жүргізуші: Көңілдің мұзын жібітіп, бауырмалдықты арттырып, үлкендердің батасына бөленіп, айналаны әсемдікке орайтын мұндай мерекені ұлықтайтын қазақ халқы бақытты. Бұл күні әр шаңырақ ақ дастарханын жайып, кішілер үлкендерге, көршілерге, ағайын – туыс бір – біріне, бала – шағалар әр үйге кіріп көрісіп құттықтап шығады.
Қазағым, наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір алла иіп тұрсын.
Жүргізуші:
Бауырласқан тәнтіміз, Бұзылмаған салтымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз.
Жүргізуші:
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Жүргізуші: Көрісу дәстүрі – ел ішінде бұл күн халықтық мереке есебінде ешқашан үзіліп көрген емес. Амал туды жыл келді, – деп қуанған ата – бабаларымыз ағайын – жұрттың амандығын біліп, бір – бірімен көрісуге асыққан. Наурыз айының 21 – жұлдызында күн мен түн теңеліп жыл жаңарса, ал 14 наурыз күні жаңа ай туады. Сондықтан бұл күн – Амал мерекесі Наурыз мейрамының беташары болып есептеледі.
Жүргізуші: Барлықтарыңызға осы мереке жұғысты болып, дәстүрді дәріптеу кең етек алсын! Жыл құтты болып, жақсылық, ырыс, несібесін ала келсін, келесі Амалға аман – есен жетуді нәсіп еткей! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын! Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет