Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі



Дата03.07.2016
өлшемі35.03 Kb.
#174856




Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ А-6/290 қаулысымен
бекітілді

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысы аудандарының, қалаларының білім бөлімдерімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) жауапты орындаушы жолдаманы дайындауды жүзеге асырады – 13 жұмыс күні. Нәтижесі – қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерге жолдама;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – жолдамаға қол қою;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға жолдаманы береді – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) жауапты орындаушы жолдаманы дайындауды жүзеге асырады – 13 жұмыс күні. Нәтижесі – қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерге жолдама;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – жолдамаға қол қою;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға жолдаманы береді – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.
      8. Рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау осы Регламенттің 12-қосымшаларына сәйкес блок-схемамен және бизнес-процестерінің анықтамасымен сүйемелденеді.
 




«Аз қамтылған отбасылардағы
балалардың қала сыртындағы
және мектеп жанындағы
лагерлерде демалуы үшін
құжаттар қабылдау және
жолдама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
регламентіне 1-қосымша

Рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің блок-схемасы


 

      Қысқартылған сөздің мағынасы:


      ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік.
 




«Аз қамтылған отбасылардағы
балалардың қала сыртындағы
және мектеп жанындағы
лагерьлерде демалуы үшін
құжаттар қабылдау және
жолдама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
регламентіне 2-қосымша

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 

      Қысқартылған сөздің мағынасы:


      ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік.
 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет