1.тақырып. Тұқым қуалаушылық жəне өзгергіштік туралы түсініктер. Тұқымдық немесе генотиптік өзгергіштіктің сипаттамасы. Комбинативтік өзгергіштіктің сипаттамасы. Мутациялық өзгергіштіктің сипаттамасы. (2 студ)
2 тақырып. Таңдамалы элиминация гипотезасы. (2 студ)
3 Тақырып: Оқшаулау эволюциялық фактор ретінде. (2 студ)
4.Тақырып: Биологияда катастрофизм мен креационизмнің табиғи-ғылыми мазмұны жəне олардың пайда болуы.(2 студ)
5.Тақырып: Табиғи сұрыпталуды дәлелдейтін эксперементальды жұмыстары. (2 студ)
6 тақырып. Мутациялар жəне гендердің көшірілуі, генетикалық дрейф туралы түсінік, оның өрбуінің шарттары, жағдайлары мен механизмдері. (3 студ)
7 тақырып. Қазіргі эволюционизм С.С. Четвериковтың теориясы.
Үзілмелі тепе-теңдік теориясы (немесе кванттық эволюция теориясы) – жыныстық жолмен көбейетін жанды организмдердің секіріс тəріздес эволюциясы (Н. Элдридж, С. Гулд, 1972). Жаңа түрлердің түзілу кезеңі ретіндегі кладогенездің сипаттамасы.
Бейтарап эволюция теориясындағы мутациялардың маңызды ролі (М.Кимура, 1968). (4 студ)
8 тақырып. Алғашқы эволюциялық ілімдер (Ж.Б. Ламарктың
эволюциялық теориясы, неоламаркизм, Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы, неодарвинизм). Систематиканың (Дж. Рей, 1693 жəне К. Линней, 1735) жəне эмбриологияның (преформизм жəне эпигенез теориялары) жанды табиғат идеяларының дамуындағы (XVII-XVIII ғасырлар) ролі. Ж.Б. Ламарктың эволюциялық теориясы (XIX ғ.) жəне неоламаркизм. Униформизм концепциясы арқылы апаттар теориясында (Ж. Кювье) органикалық əлем эволюциясы идеясының дамуы. Неокатастрофизм, жуффруизм, бруккизм теориялары. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы жəне неодарвинизм. Сальтоционизм эволюция теориясы ретінде. (4 студ)
10 тақырып ДНҚ секвенциясы: Сэнгер, Максам-Гилберт, әдісі және мысалдары (ДНҚ тізбегінің нуклеотидтер қатарын анықтаудың Максам-Гильберт әдісі. ДНҚ тізбегінің нуклеотидтер қатарын анықтаудың Сэнгер әдісі) (2 студ)
9 тақырып. Табиғи сұрыптау өрбіуінің жағдайлары мен механизмдері. Табиғи іріктелу туралы түсінік, оның өрбуінің шарттары, жағдайлары мен механизмдері Табиғи іріктелудің сипаттамасы. Табиғи іріктелудің негізі – кездейсоқ тұқым қуалаушылық өзгерістер (генотиптердің, мутациялардың рекомбинациясы жəне олардың комбинациялары). Жыныстық көбею бар болғандағы, мысалға, тұрақты кроссинговер бар болғандағы табиғи іріктелудің күрделенуі. Табиғи іріктелудің механизмдері – генотиптің дискреттік өзгерістері болып табылатын гендердегі мутациялар. Іріктеу түрлерін жіктеу. Қозғаушы іріктеудің сипаттамасы. Тұрақтандырушы іріктеп алу – табиғи іріктелудің осы кезде оның əрекеті орташа нормадан шеткі ауытқулары бар особьтарға қарсы, белгінің орташа білінуі бар особьтардың пайдасына бағытталған түрі (И. Шмальгаузен). Дизруптивті (үзіп тастайтын) іріктелу – табиғи іріктелудің осы кезде жағдайлар өзгергіштіктің екі немесе бірнеше варианттарына (бағыттарына) қолайлы жағдай жасайтын, бірақ белгінің аралық, ортаңғы күйіне қолайлы емес түрі. Жыныстық іріктелу – іріктелудің көбеюдегі табысқа бағыт-бағдар алған түрі. Оң жəне теріс іріктелу. Табиғи іріктелудің эволюциядағы ролі. ( 4 студ)
Достарыңызбен бөлісу: |