№ р/б
|
Т.А.Ә.
|
Мекенжайлары мен телефондары
|
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Көкшетау қ.
|
-
|
Нұрлан
|
Көкшетау қ. тұрғыны
|
Шағын және орта бизнесті кредиттеу тоқтатылды дегенді естідім.
|
Жоқ, тоқтатылған жоқ. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен Бизнестің жол картасы-2020 іске асыруға Ақмола облысына 1 249 млн. теңге, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 491млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасының аясында 437 млн.теңге және Жұмыспен қамту 2020 бойынша 415 млн. теңге сомасына қосымша қаржыландыру мәселесі қарастырылуда (кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 312,5 млн. теңге, кепілдік берілген кредиттер - 125 млн. теңге).
|
-
|
Соңғы уақыттары базарда азық-түлік тауарларына бағаның өсуі байқалуда, себебін түсіндіріңізші
|
2015 жылы Көкшетау қ. бойынша бірқатар негізгі аық-түлік тауарларына, сонымен қатар ұнға және 1-сұрып нанға, қантқа, күрішке, қарақұмық жармасына, жұмыртқаға, қара шайға, қатты ірімшікке және т.б. баға өсті. Сонымен қатар, сиыр етіне, шошқа етіне, жуаға, сәбізге, картопқа және т.б. бөлшек сауда бағасының төмендеуі байқалуда.
Ұлттық валюта бағамының өзгеруі, электр тасығыштарға тарифтердің өсуі тұтыну нарығындағы баға өсуінің негізгі себептері болып табылады, ол тауар өндірушілерде көтерме сауда бағасының, тиісінше бөлшек сауда бағасының өсуіне әкелді.
Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру үшін, тауар өндірушілердің бағасы бойынша делдалсыз ауыл шаруашылығы өнімін өткізу бойынша жәрмеңкелер тұрақты негізде өткізіледі. 2015 жылы Көкшетау қаласында 900 млн.теңге жалпы сомасына 49 жәрмеңке өткізілді. Сауда кәсіпорындарымен негізгі тамақ өнімінің түрлеріне шекті сауда үстемеақы белгілеу (10%-ға дейін) жөніндегі меморандумдар жасалды.
Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жұмысы жалғастырылуда.
|
-
|
Біржанова
Алма Мағзұмқызы
|
Абылай хан даңғылы, 18/7
тел. 42-17-14
|
2015 жылы Отау ТВ үшін төлем 1000 тг (арналардың толық топтамасына), 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2000 тг (100 арна).100 арнаны алып тастауға және құнын бұрынғысынша қалдыруға болмай ма?
|
2015 жылдың қорытындысы бойынша Отау ТВ телерадиохабарландырудың ұлттық спутниктік желісі абоненттерінің өсуін ескере отырып, олардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін компания басшылығымен арна санын көбейту шешімі қабылданды, ол қызмет төлеміне әсер етті.
Сонымен қатар, «Элит» топтамасынан бас тартуыңызға және 45 арнадан тұратын ақысыз топтамаға қосылуыңызға болады. Қызмет «Элит» топтамасына төлем тоқтатылған соң автоматты түрде қосылады.
|
-
|
Жұмабаев
Еркін Көшербайұлы
|
Юбилейный м/а., 2/63
77-16-70
|
80 жастан асқан қарт адамдарға қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік беру немесе ақысыз жүру мәселесі қарастырыла ма?
|
Қазіргі уақытта, 80 жастан асқан азаматтарға ақысыз жүру қарастырылмаған. 2014 жылы жолаушылар мен жүкті тұрақты қалалық автомобильді тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу барысында, тасымалдаушылар өз қаражатының есебінен азаматтардың 13 санатына ақысыз жүру құқығын ұсынды:
1. ҰОС қатысушылары
2. ҰОС қатысушыларының жесірлері
3. Ленинград қаласы құрсауының қатысушылары
4. балалық шақтан 16 жасқа дейінгі мүгедектер
5. Көкшетау қаласының құрметті азаматтары
6. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен наградталған көп балалы аналар, батыр аналар
7. Элита, Застанционный к., Красное а., Подхоз к. тұратын мектеп оқушылары
8. Интернационалист-мүгедектер
9. Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысқан мүгедектер
10. Семей полигонының мүгедектері
11. «Құрметті автокөлікші» құрмет белгісімен наградталған автокөлік құралдарының құрметті қызметкерлері
12. 1-топ зағип мүгедектері
13. Фашист лагерлерінің тұтқындары.
Аталған санаттарда 80 жастан асқан азаматтар бар, олар ҰОС қатысушылары және олардың жесірлері, Ленинград құрсауының қатысушылары, Көкшетау қаласының құрметті азаматтары және басқалары.
|
-
|
Скрипаченко
Раиса Петровна
|
Адай көшесі, 149/38
76-26-19
|
Біздің үйдің тұрғындары ТҮКШ жаңғырту аясында жүргізілген жөндеу сапасына көңілдері толмайды, алайда төлем талап етіледі, сондай-ақ төленбеген жағдайда үй шекарасына шығуға рұқсат берілмейді деп қорқытады. Осы рас па?
|
Бұған дейінгі өтініштерді қарау барысында мердігер ұйыммен бұзушылықтарда, сонымен қатар тұрғын үй объектісін пайдалану үдерісінде орын алған кемшіліктерді жою бойынша барлық мүмкін болатын жұмыстар орындалды. Жөндеу үшін қарастырылған қызмет көрсетудің кепілдік берілген мерзімі – 7 жыл.
Сондай-ақ, өзіне алған міндеттемелердің аясында төлем шартқа сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Шығуға тыйым салу сот орындаушымен ғана сот шешімінің негізінде атқарушылық өндіріс аясында салынуы мүмкін.
|
-
|
Фендель Федор
|
Абай көшесі, 149/72
25-33-25
|
«Есіл» ӘКК өкілдері ТҮКШ жаңғырту аясында жүргізілген жөндеуге қарызды өтемегені үшін пәтерді алып қоямыз деп қорқытады. ӘКК бұған құқығы бар ма?
|
Орын алған қомақты берешек жағдайында, сот шешімінің негізінде сот орындаушы борышкердің мүлкіне тыйым салуға және соның нәтижесінде сауда-саттық арқылы пәтерді де сатуына құқығы бар.
|
-
|
Лыткина Лидия Васильевна -
«Нұр Отан» партиясы ардагерлер кеңесінің төрайымы
|
Құдайбердиев көшесі, 29/17
26-94-76
|
Степногорск қиярының бағасы неге оңтүстік қиырының бағасына тең – 900, 1000, 1100 теңге? (Көктем, қарама-қарсы Киоск, Айгерім, Шамкен-Жайын)
|
Бүгінгі таңда, Степногорск қ. «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС өсірілген 1-сұрып қиярдың көтерме сауда өкілдері үшін көтерме сауда бағасы 1 килограмм үшін 650 теңгені және II сұрып үшін 490 теңгені құрайды. Көтерме өкілдер қиярды бөлшек сауда саудагерлеріне 1 кг үшін қиярды 580 және 740 теңгеге сатады. Нәтижесінде соңғы сатып алушы үшін баға қиярдың сұрыпы мен сапасына қарай килограммы үшін 750 және 850 теңге аралығында болады.
Көкшетау қ. жеткізілетін оңтүстік қиярының бағасы Степногорск қаласында өндірілген қиярға қарағанда қымбат, бәсекелестікке байланысты Степногорск қиярының бағасымен тең қояды.
|
-
|
Усачева
Людмила Александровна
Ганчевская
Людмила Владимировна
|
Капцевиц көшесі, 204
32-80-48
Тәшенов көшесі, 101
32-80-50
|
Сұңқар ш/а 5 және Капцевич көшесі тұрғындары көктем маусымында жыл сайын үйлерді су басуына шағымданады. Әкімдік тарапынан су басуға жол бермеу бойынша қандай шаралар қолдынылатын болады?
|
Ағымдағы жылы Капцевич көшесінде (Вавиловадан бастап «Шанхай» көпірі арқылы т/ж өткеліне дейін) жөндеу жүргізу жоспарлануда. Участоктың барлық бойында Капцевич к. жұп саны жағында су өткізу лоттарын орнату қарастырылуда.
Үйлерді су басқан жағдайда, сол үйлер тұрғындарының өтініші бойынша су сорылады және инертті материалдар жеткізіледі.
|
-
|
Терентьева
Наталья Ивановна
|
Привокзальная көшесі, 24/5
31-90-51
|
Ортақ урналарды ластамас үшін кәдеге жаратуға арналған бөшекелер немесе контейнерлер қарастыру мүмкін бе? (термоламп, үнемдеу лампасы, батарейкалар)
|
2015 жылы экология басқармасының тапсырысы бойынша ол контейнерлер орта мектеп, аурухана және балабақша ауданында орнатылған болатын. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.
|
-
|
Қанқожин
Еркін Мүтиұлы
|
Уәлиханов көшесі, 198/50
77-10-18
|
Юбилейный және Боровской шағын аудандары «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасы ажыратылып, Алма ТВ ғана көрсетеді, сайлау алды науқынның жүргізілуіне байланысты, тұрғындар Көкшетау телеарнасын көре алмайды. Көкшетау қалалық Нұр Отан, ІІБ, облыс әкімінің баспасөз қызметі осы сұраққа жауап бере алмады. Осы мәселеге түсініктеме бере алсыз ба?
|
Юбилейный және Боровской шағын аудандарында өңірлік «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасын ажырату жүргізілген жоқ, телеканал штат режимінде жұмыс істеуде.
|
-
|
Ғабдуллина
Майра Мамайқызы
|
Ғабдуллин көшесі, 24
87057439949
|
«Собачий хутор» тұрғындары (НЗМ ауданы) ауданда жарықтың жоқтығына және бейне бақылау камераларының орнатылмауына, тротуардың бұзылғанына, жүруге болмайтындығына шағымданады.
25.11.2015 Нұр Отанға өтініш білдірдік, алайда жауап жоқ және әрекет ету көрінбейді.
Аталған мәселелерді шешудің болашағы қандай?
|
Ағымдағы жылы Әуезов көшесінен №8 ОМ дейін ауданда 620 м ұзындықта жөндеу және квартал ішілік жарықтандыру орнату жоспарланды.
Бүгінгі күні, НЗМ ауданында бақылау камерасын орнату жоспарланған жоқ.
2018 жылға дейін мемлекеттік бюджеттен жаңа жобаларды қаржыландыруға қаражат бөлуге моратории жариялануына байланысты, жуық арада жолды күрделі жөндеу қарастырылмайды. Жолдың және тратуардың жағдайы ағымдағы жөндеу және шұңқырды тегістеу есебінен жүргізілетін болады.
|
-
|
Қапаров
Бақыт Исламұлы
|
Қажымұқан көшесі, 79
77-06-48
|
Бейбітшілік шағын ауданы орталықтандырылған жылуға қашан қосылады?
|
Бүгінгі таңда, Бейбітшілік шағын ауданын орталықтандырылған жылуға қосу жұмысының, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің есебі жүргізілуде, одан кейін сәуір айында жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге өтінім ұсынылады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың соңына дейін орындалуы 80% және одан да жоғары пайызды құрайтын жобалардан басқа жаңа жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуге моратории жарияланғанын хабарлаймыз.
|
-
|
Хасенов
Әміржан Салықұлы
|
Абай көшесі, 149/29
87016327046
|
ТҮКШ жаңғырту бағдарламасының аясында үйлерге сапасыз жүргізілген жөндеуге қатысты. Тұрғындар жөндеуге төлем жүргізуден бас тартуда.
Біз не істеуіміз керек және сапасыз жөндеу жүргізгені үшін кім жауап береді?
|
Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 149-үй мекенжайы бойынша тұратын тұрғындардың өтініші «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ-ға наразылық-талап арыз жұмысына құқығы, сонымен қатар пәтер иелерінен берешекті өтеттіруді ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарының барысында жол берілген кемшіліктерді жою бойынша шара қолдану бөлігінде өзінің өкілеттілігін жүзеге асыру үшін жолданды.
Аталған өтініштерді қарау барысында барлық өтініштерді мәні бойынша қанағаттандыру үшін, мердігер ұйыммен бұзушылықтарды, сонымен қатар тұрғын үй объектісін пайдалану үдерісінде орын алған кемшіліктерді жою бойынша барлық мүмкін болатын жұмыстар атқарылды. Жөндеу үшін қарастырылған қызмет көрсетудің кепілдік берілген мерзімі – 7 жыл.
|
-
|
Ежов
Александр Александрович
|
Красный Яр а. Советская көшесі, 16/3
40-38-03
|
Красный Яр ауылында 20 жылдан астам уақыт бұрынғы Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының ғимараты бос тұр.
Оны пайдаланудың болашағы қандай?
|
Бүгінгі таңда, ғимаратты күрделі жөндеу үшін 57 млн.теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, онда ауылдық әкімдікке, ХҚКО бөлімшесіне, әлеуметтік қамтамасыз ету бөліміне, бірыңғай есеп айырысу орталығына және кенттік полиция бөлімшесіне жайлар бөлу жоспарлануда.
|
Степногорск қ.
|
-
|
Логинов
Дмитрий Исенович
|
Степногрск қ. 7/15/164
26-5-05
|
Степногорск қ. бизнес үшін энергия тасығыш жеке тұлғаларға қарағанда 2 есеге қымбат.
Энергия өткізу ескі, техникалық шарттар жойылуда, ажыратамыз деп қорқыту арқылы жаңасын сатып алуға мәжбүрлейді.
|
Степногорск қ. бойынша электрэнергияға бағаның өсуі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен келісілді және мақұлданды (25.12.2016 № 04-14/3440 келісім).
«Степногорск ЖЭО» ЖШС 1 кВт құны 8,3 теңгені, «Степногорск Энерготранзит» ЖШС электртасығыштар бойынша тасымалдау құны 3,2 теңгені, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Степногорск Энергосбыт» ЖШС өткізу бағасы жеке тұлғалар үшін 14,6 теңге/кВтч және заңды тұлғалар үшін 14,76 теңге/кВтч құрайды.
|
Бұланды ауданы
|
-
|
Мишин
Владимир Федорович
А.Г. Дьяченко
|
Журавлевск ауылдық округі Новодонецск а.
Новая көшесі, 77-үй,
32-4-05
|
Новодонецск а. ауыз суы жоқ. 2003 жылы су құбырын салуға құжаттар жиналды, алайда ешқандай қимыл ажсалған жоқ. 2017 жылы суды әр үйге тартуға уәде берді, бірақ жиналыс өткізіліп, бюджетте қаражат қарастырылмағаны хабарланды, су құбырын салуға құжаттар әзірленген жоқ.
Аталған мәселені шешудің болашағы қандай?
|
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу су қоры расталғаннан кейін ғана мүмкін болады.
2014-2015 жылдары аталған елді мекендерде су қорын растау бойынша іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді. 2015 жылғы желтоқсанда 11.12.2015 № 1569 хаттамаға сәйкес, су қорының растауы алынды.
Осыған байланысты, құжаттаманы әзірлеу және аладғы уақытта жобаны іске асыру мәсеелсі қарастырылатын болады.
Новодонецск ауылына су тасымалдау тұрақты негізде «Журавлевка 1» ЖШС жүзеге асырылады.
|
Зеренді ауданы
|
-
|
Құсайынов Арман
|
Красный Кардон а.
Уейбітшілік көшесі, 29-үй
|
Зеренді ауданы Красный Кардон ауылында жолдар мен көшелер тазаланбайды. Сондай-ақ, Лесхоз бар, бірақ олардың тарапынан ешқандай әрекет жоқ.
|
Байтерек ауылдық округі бойынша кент ішілік жол торабының ұзындығы 23,5 км құрайды, Красный Кордон а. бойынша - 4,5 км.
Жасалған меморандумға сәйкес, жолдарды қардан тазалау «Көкшетау» МҰТП техникасымен жүзеге асырылады.
Байтерек ауылдық округі үшін аудандық бюджеттен 297 мың тонна сомасына 3 тонна жанар-жағар май материалы бөлінді.
Сонымен қатар, жол тазалау үшін «Зеренді Сервис» ШЖҚ МКК мамандандырылған техникасы тартылады.
Қазіргі уақытта, Красный Кордон ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар және көше торабы бойында су өткізу арналарын тазалау жүргізілуде.
|
-
|
Дербенев
Анатолий Аркадьевич
|
тел. 33-7-35
|
Зеренді ауданы Раздольный ауылында 22 жыл бойы монша, су, жарық жоқ.
|
Раздольное ауылында 2 қоғамдық ұңғыма және 3 құдық бар, жеке аулаларда – 120 құдық.
2015 жылы «Солтүстікжерқойнауы» өңіраралық департаментімен жүргізілген іздестіру-барлау жұмыстарының нәтижесінде ауылда сүзгілеу жабдығы болған жағдайда ішуге ұсынылған шамалы тұзды судың қоры анықталды. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және су құбырын реконструкциялау немесе салу үшін қомақты қаржы қаражаты керек. 2018 жылдың соңына дейін республикалық бюджеттен жаңа жобаларды қаржыландыруға қаражат бөлуге моратории жариялануын ескере отырып, су құбырын реконструкциялау немесе салу жұмысын жүргізу жуық арада мүмкін емес.
Қоғамдық моша салу тиімді емес, себебі Раздольное ауылында 25 жеке меншік монша бар, олар тұрғындардың қажеттілігіне жеткілікті.
Раздольное ауылын жарықтандырумен қамтамасыз ету үшін көше жарықтандыруының 35 шамы орнатылды.
Жарықты өшіру орын алған берешекке байланысты болды (440 мың теңге).
Бүгінгі таңда, берешек өтелгеннен кейін ауыл жарығы қалпына келтіріледі.
|
Целиноград ауданы
|
-
|
Үсенбаев Әлібек
|
Қосшы к.,
19-м.а., 113-участок.
тел. 87775334699
|
Менің әкім а.ж. 11 қаңтарда Целиноград ауданының Гипроземіне жер учаскесінің нысаналы мақсаттылығын өзгертуге өтініш берді. Бекітілген регламентке сәйкес, қызмет көрсету мерзімі 36 жұмыс күнін құрайды. Арайлым атты маман телефон көтермейді және Гипрозем басшысы да елемейді.
Не істеуім керек?
|
«Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-ге Қосшы ауылдық округінің әкімінен зер учаскесінің нысаналы мақсаттылығын өзгерту туралы аз. А. Үсембаевтың өтінішін қарау туралы өтінішхаты 11.01.2016 келіп түсті (кіріс №04-16/11). Өтініш жер учаскелерін ұсыну жөніндегі комиссияның а.ж. 11 ақпандағы отырысында қаралды.
Әлімбек Үсембаевтың өтініші бойынша комиссиямен жер учаскесінің нысаналы мақсаттылығын Қосшы а. 0,1 га жалпы ауданында жеке тұрғын үй құрылысына тұрғын үй алабының құрылысымен өзгерту шешімі қабылданды.
Сіздің әкеңізге Целиноград ауданының жер қатынастары бөліміне жер комиссиясының учаскенің нысаналы мақсаттылығын өзгерту туралы шешімінен үзінді алу, аталған жер учаскесін одан әрі рәсімдеуге қажетті келесі қимылдар туралы ақпаратты алу үшін өтініш білдіруі қажет.
|