Тәжірибе өту туралы есеп



Дата25.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#474293
есеп


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРАУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
“С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТХНИКАЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ” КеАҚ


Тәжірибе өту туралы есеп

Кабдуллин Бауыржан Шортанбайұлы


4 курс 19-01 тобы
5В120100-“Ветеринариялық медицина”

АСТАНА 2023


Мен Кабдуллин Бауыржан Шортанбайұлы 2023 жылдың 3-28 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы ветеринариялық станцияда оқу практикасын өткен болатынмын. Алғашқы күндері таныстырылу жұмыстары жүргізілді. Одан кейін мен Имантау ауылдық округінің ветеринар дәрігері Жанабергенов Ораз Багисивичпен оқу практикасын өтетінім белгілі болды. Жалпы Имантау ауылдық округіне екі ауыл кіреді: Имантау және Жоғары Бұрлық ауылдары кіреді.Имантау ауылында ІҚМ 1706 бас,Ұсақ мал 1318 бас,Жылқы 468 бас,шошқа 396 бас,Ал Жоғарғы Бұрлық ауылында ІҚМ 525 бас, ұсақ мал 439 бас, шошқа 199 бас бар. Жалпы Иматау ауылдық округінде ІҚМ саны 2231ба,ұсақ мал 1757 бас,жылқы 566 бас, шошқа 595 бас құрайды.



Осы практикада мен ИСЖ базасымен жақынырақ танысып жұмыс жасауды үйрендім және жылқыларға чип салып үйрендім. Дәрісте, сабақта өткен мәліметтерді практикамен үйлестіре білдім, яғни ІҚМ, ұсақ малдарды сырғалау, жылқы малдарын таңбалау.Имантау ауылдық округі бойынша бруцеллезге тексеру үшін сиырлардан қан алынды,туберкулизация жасалды, қойларға, сиырларға сібір жарасы вакцинасы егілді. Осы практика уақытында көтерен болған малдарда, шудың түспей қалуы, көзге ақ түсу (Лейкома), кездесті және төлдің үлкен болуына байланысты акушерлік көмекте көрсете білдім. Төменде берілген есеп бұл 3 айлық есеп, мен бұл аталған істердің бір бөлігін орындадым. Себебі мен практика өтуге барғанда біраз істер орындалып қойған болатын. Маған тәжірибе өте қатты ұнады, біршама мәліметтер жинақтадым, практикалық тәжірбие жинақтадым.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет