Анафилаксиялық шоктың клиникалық жіктемесі: Клиникалық нұсқалары бойынша [1]


Диагностикасы Емі Алдын алу шаралары



бет4/5
Дата01.12.2023
өлшемі3.23 Mb.
#485133
1   2   3   4   5
анафилакт шок

Диагностикасы

Емі

Алдын алу шаралары

  • Операциялық араласу немесе контрастық заттарды қолданумен рентгенологиялық зерттеу алдында анамнез жинау әдістемесі: · этиологиялық маңызы бар аллергендерді қамтитын дәрілік заттарды, тағам өнімдерін алып тастау мақсатымен аллергологиялық анамнезді жинау; · фармакологиялық анамнезді жинау (премедикация мәселесін және тағайындаудан және пайдаланудан алып тастау керек болатын препараттар немесе олардың туындалары, айқасқан реакция беретін қасиеттері бар препараттар туралы ақпарат жинау мәселесін шешу мақсатымен); · ауырлаған аллергологиялық анамнез кезінде келесі деректерді нақтылау қажет: қай препаратқа реакция дамыды; препаратты енгізу жолы; препарат не үшін қолданылды; препарат қандай мөлшерде қолданылды; реакцияның клиникалық көрінуі; дәрілік затты қабылдағаннан кейін қандай уақыт аралығында реакция туды; реакция немен тоқтатылды; бұрын дәрілік заттарға реакциялар болды ма; реакциядан кейін осы топтағы препараттар қолданды ма; қандай препараттарды қабылдайды және жақсы көтереді.

Тері тесттерін қолдану қағидалары: · анамнезде дәріні көтере алмаушылыққа нұсқаулар болмаған кезіндегі дәрілік препараттармен тері тесттері ақпараты жоқ және көрсетілмеген; · себептік маңызы бар аллергенді нақтылауға бағытталған барынша егжей-тегжейлі аллергиялық зерттеуді жіті реакцияны тоқтатқаннан кейін және қасарыс (рефрактерлік) кезеңі аяқталғаннан соң өткізеді, диагностикалаудың зертханалық әдістерін пайдаланған дұрысырақ болады; · оң фармакологиялық анамнез кезінде дәрілік аллергия диагнозын нақтылау үшін күдікті препаратпен провокациялық тесттер: тері, тіласты және толық терапевтік мөлшердегі тесттер жоспарланған тәртіпте, тек қана көрсетімдер бойынша, реанимация және қарқынды терапия блоктарына жақындатылған жағдайларда аллерголог–иммунолог дәрігермен өткізіледі, өйткені анафилаксиялық шоктың даму мүмкіндігі жоққа шығарылмаған. Медициналық кабинеттерді жарақтандыруға қойылатын талаптардың сақталуы: · шокқа қарсы жинақтың және анафилаксия дамуы кезінде алғашқы көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықтың тек емшара бөлмелерінде ғана емес, гистамин бөлінуін ынталандырушы әсерге ие препараттарды қолданумен диаггностикалық зерттеулер (мысалы, рентгенді-контрастық зерттеулер) жүргізілетін кабинеттерде де, стоматологиялық кабинеттерде де міндетті түрде болуы [3]. Фармакотерапия қағидаларын сақтау: · полипрагмазиядан сақтану; · ДЗ тек көрсетімдер бойынша ғана тағайындау; · ДЗ енгізгеннен кейін пациентті кемінде 30 минут бойына бақылау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет