Сабақтың тақырыбы: «Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу шаралары»



Дата09.06.2016
өлшемі443 Kb.
#124897
түріСабақ

Атырау облысы, Индер ауданы

Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

Кощанова Жанар Мұратқызы

Сабақтың тақырыбы: «Ауру туғызатын бактериялар және олармен

күресу шаралары».



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың бактериялар туралы аурулар

және олармен күресу

жолдары туралы білімдерін кеңейту;

Тәрбиелік: оқушылардың өз іс-әрекетіне,өз

денсаулығына жауапкершілікпен қарау

дағдысын қалыптастырып, салауатты өмір

салтын сақтауға тәрбиелеу.



Дамытушылық: оқу – тәрбие үрдісінде жаңа технология

әдістерін енгізіп, оқушылардың

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: рөлдік ойын сабағы.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, интернет мәліметтері т.б.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.Жаңа сабақ. Негізгі ұғымдар.

Жоспар:

1.Ауру туғызатын бактериялар.

2. Оба, көкжөтел, сіреспе, туберкулез, сары ауру, қызамық, құздама (ревматизм), бруцеллез, ботулизм, гоммоз, іш сүзегі, баспа, топалаң – ауруларының белгілері мен алдын алу шаралары.

3.Оқушылардың бактериялар туғызатын ауруларды біле отырып, олардан қорғанудың жолдарын білулері.



ІІІ. Рөлдік ойындар – мұғалім, оқушы, дәрігер, емделуші.

Мұғалім. «Алғашқы байлық - денсаулық» деген халық мақалы тегін айтылмаған. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күресіп келеді. Қазіргі кезде де адамның денсаулығы үшін күрес жүргізу өзекті мәселе болып отыр. Міне сондықтан да Елбасымыз «Саламатты Қазақстан» жолдауының өзінде де адам денсаулығына баса назар аударған.Осыған байланысты бактериялар туғызатын ауруларға тоқталып өтелік. Бізге қонаққа дәрігер келіп отыр. Бактериялар қандай ауру туғызады? Ауру туғызатын бактериялармен күресу шаралары қандай? Жұқпалы ауруларды болдырмаудың қандай шаралары бар? Бактериялар өсімдіктерге қандай зиян келтіреді? Осы сұрақтарға жауап алып көрелік.

Оқушы. Салауатты өмір салты әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып тазалықты сақтауымызға және т.с.с. бағытталған.

Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру тудыратын бактериялар деп аталады. Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң және т.б.сияқты ауруларды туғызатыны белгілі. Ауру туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң оның ағзалық затымен қоректеніп, тез көбейе бастайды.



Дәрігер. Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тағамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады.Көпшілік орындарда, бөлмеде неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады.Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3-айға дейін тіршілік етіп,шаңмен бірге ауаға таралады.

Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын эпидемия деп атаймыз. Тек медицинаның қарқынды дамуының нәтижесінде ғана микробиология өнеркәсібінде микробтармен күресу шаралары табылды. Ауру туғызатын бактерияларды жоятын қасиеті бар іш сүзегіне, дизентерияға т.б. қарсы қолданылатын дәрілер алынды.



Оқушы. Жұқпалы ауру туғызатын тағы қандай бактериялар бар?

Мұғалім. Бактерияның басқа да түрлері сары ауру, қызамық, құздама (ревматизм) ауруларын туғызады. Бұл бактерия түрлері де ауа арқылы таралады.

Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р.Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан , сілекей тамшылары арқылы таралады. Мал туберкулезбен ауырғанда бұл ауруды қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы да сүзек, сальмонелла ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.



Қантышқақ (дизентерия) ауруын дезинтерия бактериялары қоздырады. Ауыратын сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. Кейде сүрлемеленген көкөністің құрамында кездесетін клостериум, ботулинус бактерияларының споралары жоғарғы температурада қайнатқаннан кейін де сақталады.Тығыз жабылған ыдыстың ішінде дамуын жалғастырады да, улы заттар бөледі. Мұндай тағам адамдарда ботулизм ауруын туғызады. Ондай кезде адам қазаға ұшырауы мүмкін.

Оқушы.Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін не істеу керек? Бізге сол туралы айтып берсеңіз?

Дәрігер. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы – тазалық ережелерін сақтау. Мысалы, қайнамаған су ішпеу. Тамақ ішер алдында қолды жуу. Киімді таза ұстау, ағзаны шынықтыру. Дененің жарақаттанған жеріне дереу йод жағу, тағамдарды көгеруден сақтау және т.б.

Пенициллин дәрісін (антибиотик) қабылдағанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды. Сондықтан да бактериялар қоздыратын түрлі ауруларды пенициллин, ампициллин, бисептол т.б. сияқты дәрілермен емдейді. Адамға суық тиіп, ауырғанда да ағзада бактериялар көбейіп кетеді. Сондықтан ол ауруды антибиотиктердің көмегімен 2-24 сағат арасында жазып жіберуге болады.



Емделуші. Мен туберкулез ауруымен ауырып , ем қабылдап шықтым. Осы ауру адамға қалай және не арқылы жұғады. Алдын алу үшін не істеу керек?

Дәрігер.Бұл аурумен ауыратындар саны жылдан –жылға көбейіп тұр. Бұл ауру адамға ауру адаммен қарым-қатынас жасаған кезде, жөтелгенде, түшкіргенде және ауа тамшылары арқылы жұғады.Алдын алу үшін жыл сайын дәрігерлік тексеруден өту керек. Сонымен бірге салауатты өмір салтын сақтау керек.

Оқушы. Бактериялар өсімдіктерге зиян келтіреді ме?

Мұғалім. Бактериялардың көптеген түрі де өсімдіктерді де зақымдайды, ол ауруды бактериоз дейді. Олар бау-бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдап, зор нұқсан келтіреді. Бактериялар өсімдіктің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі күрес шаралары – тұқымды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу.

Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді.

Ғалымдар грек жаңғағы, жиде, терек, қарағай ағаштарының жапырақтарынан бөлінетін заттардың бактерияларды қырып жіберетінін анықтаған. Сондықтан үйде мал қораның жанына ағаш отырғызып, өсімдіктер егу қажет.

ІҮ.Проблемалық – ситуациялық сұрақтар :

1.Егер сенің досың сары ауру ауруымен ауырса …………………. .

2.Егер сенің көршіңнің малы бруцеллез ауруымен ауырса …………………. .

3.Егер бау-бақшаңдағы өсімдіктер бактериоз ауруымен ауырса ………….. .



Ү. «Өнер –ағып тұрған бұлақ, білім – жанып тұрған шырақ» - кім жылдам ойынын ұйымдастырып, сабақты қорытындыладым.

1.Бактерияны алғаш ашқан кім?

2.Спора қандай қызмет атқарады?

3.Бактериялар қалай қоректенеді?

4.Сапрофитті бактериялар дегеніміз не?

5.Паразит бактериялар дегеніміз не?

6.Микробиология терминін енгізген кім?

7.Микробиология нені зерттейді?

8.Бактериялар қандай зиян келтіреді?

9.Адамның жаппай ауруы?

10.Аурудан сақтану жолы?

11.Туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды кім ашты?

12.Бруцеллез ауруымен не ауырады?

13.Бактериялар өсімдіктерге қандай зиян келтіреді?

14.Мақтаның бактериялық ауруы?

15.Өсімдіктердің бактериялық ауруы?



ҮІ.Бағалау.

ҮІІ.Үй тапсырмасы:Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу шаралары.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет