Әлемдік қоғамдастықтың саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық салаларын қамтитын халықаралық ұйымдардың қызметі Қазақстан Республикасына әсер ету тұрғысынан жүйелі зерттеуді қажет ететіні айқын. Халықаралық институттардың тетіктерін Қазақстан Республикасының одан әрі дамуы үшін пайдалану, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында ел мүддесін шебер қорғау үшін олардың қызмет ету ерекшелігі туралы жан-жақты білім қажет, бұл осы бағыттағы зерттеудің маңызын асырады. Ал, тақырыбымыздың нысаны Қытайдың халықаралық институттар арқылы мақсатына жетуде қолданатын әдістері мен тәсілдерін зерттеу, бұл Қазақстанның өзіндік стратегиясын жасау үшін құнды ақпарат көзі болмақ. Халықаралық институттардың мемлекеттік саясатқа тигізетін әсері күннен-күнге күшейе түсуде, сол себепті де салыстырмалы зерттеулер әдісімен, институционалдық тәсілмен, құрылымдық және жүйелік талдаумен жүргізілетін кешенді зерттеу жүргізу қажеттілік болып табылады.
Зерттеудің өзектілігін Қазақстан – Қытай қатынастарының еркеше сипаты дәлелдейді. Екі ел арасында 1992 жылдан дипломатиялық қатынас орнағаннан бері тұрақты түрде терең дамуда. Қытай үкіметі мен Қазақстан үкіметі осы уақытқа дейін бірнеше декларациялар мен келісім жасасып, стратегиялық әріптеске айналды. Магистрлік жобаның нәтижелері осы сипаттағы
отандық мамандар жүргізетін терең зерттеулерді
қажет ететін елдің сыртқы және ішкі саясатын анықтайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдары үшін өте пайдалы болады. Халықаралық ұйымдардың қызметі мен ҚХР-дың институционалдық тәжірибесін жан- жақты зерттеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына олармен өзара әрекеттесу стратегиясын құру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.