Анықтамалық жолсілтеме мамандықтар: 6М110100 «Медицина» 6М110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



Дата08.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#184704
түріАнықтамалық


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

анықтамалық жолсілтеме



МАМАНДЫҚТАР:


  • 6М110100 - «Медицина»

  • 6М110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

  • 6М110300 - «Мейірбике ісі»

  • 6М110400 - «Фармация»

  • 6R111500 - «Невропатология, оның ішінде балалар невропатологиясы»

  • 6R114200 - «Педиатрия»


Шымкент-2015 ж.

Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді

Хаттама №1, 28.08.2015 ж.

Мазмұны


  1. Миссия.........................................................................................................................................4

  2. Жоғары оқу орны туралы ақпарат..........................................................................................4

  3. Ректорат.......................................................................................................................................4

  4. Құрылымдық бөлімдер туралы қысқаша ақпарат...............................................................5

  5. Глоссарий.....................................................................................................................................6

  6. Жоғары оқу орнында оқу үдерісінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәлімет....................7

  7. Жоғары оқу орны ішіндегі тәртіп туралы жалпы

мәлімет, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері...................................................7

  1. Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу тәртіптері.......................................................................8

  2. Білім алушыларды бағалау және ағымдық, аралық, қорытынды бақылауларды ұйымдастыру тәртібі.................................................................................................................8

  3. Жоғары оқу орнындағы материалдық және

ақпаратты қорды пайдалану ережесі.....................................................................................10

  1. Көрсетілетін ақылы қызметтің тізімі мен тәртібі.................................................................10

  2. Стипендия тағайындау тәртібі................................................................................................11


1. ОҚМФА МиссияСЫ
Заманауи ғылым мен тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып, құзыреттілігін үздіксіз көтеру мен шығармашылық ынтасын дамыту арқылы фармацевтикалық өндіріс пен медицина саласында жылдам өзгеретін кез-келген жағдайларға тез үйренетін фармацевтикалық және медициналық саладағы жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
2. Жоғары оқу орны туралы ақпарат
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы бүгінгі таңда фармацевтика және медицина саласындағы мамандарды дайындайтын жетекші мемлекеттік жоғары оқу орны болып табылады. Мамандарды дайындау бакалавриат, магистратура, резидентура, сонымен қатар интернатура көлемінде жүргізіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру факультетінде фармацевтикалық және медициналық мамандықтар бойынша орта кәсіптік білімді мамандар дайындалады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім денсаулық сақтау және фармация саласы қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату және қайта дайындау бағдарламалары бойынша дәрігерлер мен фармацевтерді жетілдіру факультетінде жүзеге асырылады.

Академия қайта құрылу кезеңінде білім сапасын көтеруде үлкен жетістіктерге жетті. Халықаралық деңгейде танылып, «Европалық грант», «Мыңжылдық» грамоталарымен, «Ұлт интеллекті» дипломымен марапатталды.


3. РЕКТОРАТ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының ректоры,

медицина ғылымдарының докторы, профессор



СЕКСЕНБАЕВ БАХЫТЖАН ДЕРИБСАЛИЕВИЧ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының

ұйымдастыру-экономикалық жұмыстары бойынша проректоры,

фармация ғылымдарының докторы, профессор

МАХАТОВ БАУЫРЖАН КАЛЖАНОВИЧ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының

оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша проректоры,

медицина ғылымдарының докторы, доцент

АНАРТАЕВА МАРИЯ УЛАСБЕКОВНА
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының

ғылыми және клиникалық жұмыстары бойынша проректоры,

медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

НУРМАШЕВ БЕКАЙДАР КАЛДЫБАЕВИЧ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының

даму және инновация бойынша проректоры,

химия ғылымдарының кандидаты, доцент

АХМЕТОВА АЛМА АБДУКАРИМОВНА
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының

медициналық факультет деканы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты,

медицина ғылымдарының докторы, профессор

КАРАБЕКОВ АГАБЕК КАРАБЕКОВИЧ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының

фармацевтикалық факультет деканы,

фармация ғылымдарының кандидаты, доцент

ЖУМАБАЕВ НАРБЕК ЖУМАБАЕВИЧ


4. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМДЕР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының сапа мониторингі және менеджменті бөлімінің бастығы, фармация ғылымдарының кандидаты, доцент

ТОРЛАНОВА БОТАГОЗ ОНГАРОВНА
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының

оқу-әдістемелік орталығының бастығы, фармация ғылымдарының кандидаты, доцент



ИБРАГИМОВА АЙГУЛЬ ГАФФАРОВНА
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының

Тіркеуші Офисінің бастығы, фармация ғылымдарының кандидаты



СЫЗДЫКОВА САУЛЕТ АКМУРЗАЕВНА
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының

жоғары білімнен кейінгі бөлім бастығы, медицина магистрі



КУШКАРОВА АЛТЫНШАШ МУХАМЕТКАЛИЕВНА
КАФЕДРАЛАР


Кафедра атауы


Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі, атағы

1

Морфологиялық пәндер кафедрасы

Сисабеков Касымхан Ермекбаевич

м.ғ.д., профессор

2

Хирургиялық пәндер кафедрасы

Жумабаев Тулебай

м.ғ.к.

3

Бакалавриат терапиясы кафедрасы

Бекмурзаева Эльмира Куанышовна

м.ғ.д., профессор

4

Терапевтикалық пәндер кафедрасы

Туртаева Айгуль

Елубаевна



м.ғ.к., доцент

5

Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасы

Карабеков Агабек Карабекович

м.ғ.д., профессор

6

Биохимия, медбиология и микробиология кафедрасы

Есиркепов Марлен Махмудович

м.ғ.к.

7

Жұқпалы аурулар және терівенерология кафедрасы

Абуова Гульжан

Наркеновна



м.ғ.к., доцент

8

Акушерия және гинекология курсымен алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек кафедрасы

Югай Наталья

Валентиновна



м.ғ.к., доцент

9

Фармакогнозия и химия кафедрасы

Патсаев Анапия

Каныбекович



х.ғ.к., профессор

10

Неврология, психиатрия және психология кафедрасы

Дущанова Гульсум Абдурахмановна

м.ғ.д., профессор

11

Орыс тілі кафедрасы

Амандыкова Сауле

Хамзеевна



фил.ғ.к.

12

Шетел тілдері кафедрасы

Сайфутдинова Айгул Сайдисламовна

фил.ғ.к.

13

Қазақ және латын тілдері кафедрасы

Джумадиллаева Гульжамал Нуртазаевна

фил.ғ.к.

14

ҚР тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

Кемельбеков Кынатбек Бердалиевич

ф.ғ.к., доцент

15

Мед.физика, математика және информатика кафедрасы

Кудабаев Канапия Жумагазиевич

физ.мат.ғ.к., доцент

16

Қалыпты және патофизиология кафедрасы

Жолымбекова Ляйла Даулетбековна

м.ғ.к.

17

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

Орманов Намазбай Жаппарович

м.ғ.д., профессор

18

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы

Ордабаева Сауле

Кутымовна



фарм.ғ.к., профессор

19

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

Шертаева Клара Джолбарисовна

фарм.ғ.к., профессор

20

Дәрілер технологиясы кафедрасы

Сагиндыкова Баян

Ахметовна



фарм.ғ.к., профессор

21

«Гигиена 1, дене шынықтыру валеологиямен» кафедрасы

Долтаева Бибигуль Зайдуллаевна

м.ғ.к., доцент

22

«Гигиена 2 кафедрасы»

Ескерова Сара

Устемировна



м.ғ.к.

23

«Қоғамдық денсаулық сақтау 1» кафедрасы

Булешов Мырзатай Абильдаевич

м.ғ.д., профессор

24

«Қоғамдық денсаулық сақтау 2» кафедрасы

Жаксыбергенов Абай Маратович

м.ғ.к., доцент

25

Анестезиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі кафедрасы

Алдешев Алмас

Алдешевич



м.ғ.к., доцент

26

Әскери кафедра

Айтов Алмас Алдешевич

-

5. ГлоСсарий

Оқытудың кредиттік технологиясы – оқытушы мен білім алушының оқу жұмыстар көлемінің өлшем бірлігі ретінде кредитті пайдаланып, білім алушының пәндерді меңгеру ретін таңдауы немесе өз бетінше жоспарлау негізінде білім алуы. Оқытудың кредиттік технологиясы жинақтаушы сипатқа ие, яғни, білім алудың барлық деңгейінде ертеректе алынған кредиттердің өсу есебі негізінде жүреді.

Негізгі түсініктер мен анықтамалар:



1) Академиялық күнтізбе - оқу жылы барысында демалыс күндері көрсетілген білім алу мен бақылау шараларының, іс тәжірибесін өткізудің күнтізбесі.

2) Академиялық кезең – білім беру ұйымы тарапынан таңдалып, үш форманың бірінде жүргізілетін теориялық білім беру кезеңі. Олар: семестр, триместр, квартал.

3) Білім алушының академиялық рейтингі – қорытынды аттестация нәтижелерінде көрініс табатын білім алушының бағдарламадағы материалды меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші.

4) Академиялық дәреже – білім алушының қорытынды аттестация нәтижелері бойынша білім беру ұйымы тарапынан берілетін білім берудегі қажетті оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі.

5) Академиялық сағат – дәріс пен практикалық сабақта 1 контакт сағатқа (50 минут) тең, зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесінің 2 контакт (100 минут) сағатына, сонымен қатар барлық оқу іс тәжірибелерінде 1 контакт сағатқа (50 минут), барлық өндірістік іс тәжірибесінде 5 контакт сағатқа (250 минут) тең.

6) Оқу пәніне жазылу – білім беру ұйымы қарастырған тәртіп негізінде білім алушылардың алдын ала оқу пәндеріне жазылу рәсімі.

7) Білім алушының қорытынды аттестациясы - білім алушылардың білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін шара.

8) Білім алушының аралық аттестациясы - білім алушының бір пәнді оқып аяқтаған кезде сол пәннің бір бөлігін немесе барлық көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін шара; аралық аттестация білім алушының білімін модульдік-рейтингтік тексеру барысында және емтихан алу түрінде жүзеге асады. Емтихан жазбаша, тестілеу, ауызша, араласа түрде жүреді.

9) Кредит – оқытушы мен білім алушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін бірыңғай бірлік. Бір кредит білім алушының академиялық кезең барысында аптасына аудиториялық байланыс жұмысындағы 1 академиялық сағатқа тең. Дәрістік, практикалық және студиялық сабақтардың әр академиялық сағаты міндетті түрде 2 сағат (100 минут) студенттің өзіндік жұмысымен жалғасады (СӨЖ), магистратурада 4 сағат магистранттың өзіндік жұмысымен жалғасады (МӨЖ), докторантурада 6 сағат (300 минут) докторанттың өзіндік жұмысымен (ДӨЖ) жалғасын табады.

10) Тіркеу бөлімі – білім алушының барлық оқудағы жетістіктері тарихын тіркеумен айналысатын, білімнің барлық бақылау түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін және олардың академиялық рейтингін есептейтін қызмет орны.

11) Постреквизиттер – қазіргі кезде оқып үйреніп жатқан пәннен алатын білім мен дағды қажет болатын пәндердің тізімі.

12) Пререквизиттер – оқытылатын пәнге қажетті білім мен дағдыны қалыптастыратын пәндер тізімі.

13) Пән бағдарламасы – оқытылатын пәннің мақсаты мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, әр сабақтың тақырыбы мен жалғасымдылығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, білім алушының білімін модульдік-рейтингтік тексеру кестесін, оқытушының талаптарын, бағалау ережелері мен критерилерін сипаттайтын оқу бағдарламасы.

14) Білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ) – оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақыланатын өз бетінше оқып үйренуге арналған тақырыптар тізімі; білім алушылардың категорияларына байланысты оларды студент өзіндік жұмысы (СӨЖ), магистрант өзіндік жұмысы (МӨЖ), докторант өзіндік жұмысы (ДӨЖ) деп бөлеміз.

15) Оқытушының жетекшілігімен жасалатын студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – кестеде көрсетілген оқытушының басшылығымен жасалынатын білім алушы өзіндік жұмысы; білім алушылардың категорияларына байланысты ол оқытушының жетекшілігімен жасалынатын студент өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жасалынатын магистрант өзіндік жұмысы (ОЖМӨЖ) деп бөлінеді.

16) Транскрипт – білім алудың белгілі бір кезеңінде меңгеріліетін пәндердің тізімі бар кредиті көрсетілген әріптік және сандық белгілермен бағасы көрсетілген қалыптасқан формадағы құжат.

17) Тьютор – білім алушыға пәнді оқытушымен оқып үйренуіне көмектесетін тұлға.

18) Үлгерімді ағымдық бақылау – білім алушыны оқытушы тарапынан әр тақырып бойынша және/немесе оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқу жетістіктерінің жүйелі түрде бақылануы.

19) Эдвайзер – белгілі бір мамандықта білім алушыға академиялық тәлімгер қызметін көрсететін оқытушы, ол білім алу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құруға) және оқу кезеңі барысында білім беру бағдарламасын меңгеруге көмектеседі.

20) Элективті пәндер – таңдау пәндері қатарына кіретін білім беру ұйымы бекітетін оқу пәндерінің (пән бойынша курстардың) тізімі. Қарастырылған кредиттер шеңберінде солардың ішінен бірнешесін таңдау арқылы білім алушылар жеке оқу жоспарларын жасайды.

21) Магистратура – ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған, «магистр» академиялық дәріжесін беретін оқу мерзімі 1-2 жылдық ЖОО-нан кейінгі кәсіби оқу бағдарламасы.

22) Магистрлік диссертация – ғылым саласындағы нақты мамандыққа сәйкес магистранттың көкейкесті мәселелерді өз бетінше зерттеп жинақтаған ғылыми жұмысы.

23) Тыңдаушы резидент (резидент-стажер) – резидентураның білім бағдарламасын меңгерген маман.

24) Резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша ЖОО-нан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алудың түрі.

25) Куратор – қажетті теориялық және практикалық дағдыларды меңгеру үшін резиденттерді дайындайтын кафедралардағы профессор-оқытушы құрамнан резидент-стажерға бекітілген тұлға.
6. ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыру жөніндегі МӘЛІМЕТ

Академиядағы оқу үдерісін ұйымдастыру және жоғары кәсіби білім аумағында білім беру:



  • 6М110100 - «Медицина»

  • 6М110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

  • 6М110300 - «Мейірбике ісі»

  • 6М110400 - «Фармация»

  • 6R111500 - «Невропатология, оның ішінде балалар невропатологиясы»

  • 6R114200 - «Педиатрия»

мамандықтары бойынша

- жалпыға міндетті білім беру стандарттарына;

- типтік оқу жоспарларына;


  • оқу жұмыс жоспарларына;

  • пәндердің типтік оқу бағдарламаларына;

  • пәндердің оқу жұмыс бағдарламалары және басқа да міндетті құжаттарға сәйкес жоспарланады және ұйымдастырылады.

ОҚМФА-ның оқу үдерісінің ұйымдастырылуы академияның күнтізбесі, оқу сабақтары мен студенттерге кеңес беру кестесімен бекітілген оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Білім алушыға оқу-әдістемелік кешен ұсынылады. Оған:



  • оқу жоспарының әрбір пәні бойынша оқу бағдарламасы (syllabus);

  • әрбір пән бойынша оқу-әдістемелік құралдар пакеті: курстың тематикалық жоспары, лекция тезистері, практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарлары, СӨЖ және ОЖСӨЖ жоспарлары енеді.

Студенттердің оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді кафедралар жүзеге асырады және келесі оқу-әдістемелік құралдар пакетін ұсынады:

  • оқу жоспарларының әрбір пәні бойынша аудиториялық жұмыстарға арналған құралдар, оның ішінде лекциялар, семинар сабақтарының жоспарлары, т.б.;

  • студенттердің өзіндік жұмысына арналған құралдар, оның ішінде әрбір пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, тестілер, бақылау тапсырмалары;

  • іс-тәжірибеден өтуге арналған материалдар, оның ішінде барлық түрі бойынша бағдарламалар, есептік құжаттар үлгілері.


7. ЖОО ішіндегі тәртіп туралы жалпы мәлімет, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

Білім алушының құқықтары:

  • мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттар аумағында білім алу;

  • жеке траектория аумағында білім алу;

  • қосымша білім беру қызметтерін пайдалану;

  • ОҚМФА-ның техникалық орталықтары және кітапхананың ақпарат қорларын тегін пайдалану;

  • оқитын пәндер бойынша силлабустарды тегін пайдалану;

  • жеке көзқарасы мен пікірлерін еркін білдіру.


Студент міндеттері:

  • таңдаған бағыттың тәжірибелік дағдылары мен теориялық білімдерін игеру;

  • оқу пәндері бойынша СӨЖ орындау;

  • күнделікті сабаққа қатысу;

  • сабаққа сырқат себебімен қатыспаған жағдайда уақытылы анықтама ұсыну;

  • сабаққа кешікпеу;

  • оқу-әдістемелік әдебиет және мүлікке ұқыптылықпен қарау;

  • ОҚМФА-ның ішкі тәртіп ережелерін академия ғимараттарында орындау;

  • мұқият және міндетті болу;

  • курстастар мен оқытушыларға тілектес болу.

ОҚМФА міндеттерді орындамаған студенттерге тәртіптік шара қолдануға құқылы.
8. Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу тәртібі

1. Элективті пәндер каталогы негізіндегі білім бағдарламаларына/таңдау компонентіне білім алушыларды тіркеу Тіркеуші Офисімен ұйымдастырылады.

2. Ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүргізу үшін жоғары білімнен кейінгі бөлім және эдвайзерлер қатыстырылады. Эдвайзерлер тізімі тәжірибелі және коммуникативті доктор/кандидат ғылыми дәрежелері бар қызметкерлерден құрылады.

3. Білім бағдарламаларына/таңдау компонентіне тіркеу академиялық кезеңге дейін жүргізіледі.

4. Білім бағдарламаларына/таңдау компонентіне тіркелу нәтижелері негізінде жоғары білімнен

кейінгі бөлім академиялық топтар құрайды.

5. Білім бағдарламаларына/таңдау компонентіне тіркелу үшін бекітілген формадағы өтініштер

толтырылады (аты-жөні, тобы, мамандығы, оқу жылы, білім алушының қолы). Таңдаған білім

бағдарламасы/таңдау компоненті көрсетіледі.
9. Білім алушыларды бағалау және ағымдық, аралық, қорытынды бақылауларды ұйымдастыру тәртібі

Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаулардың ұйымдастырылу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылдың 1 қарашасындағы №506 «Білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды аттестациялауды өткізудің типтік ережелерін бекіту туралы 2008 жыл 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен регламенттеледі.



Ағымдық бақылау – білім алушыны оқытушы тарапынан әр тақырып бойынша және/немесе оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқу жетістіктерінің жүйелі түрде бақылануы: лекциялар, лабораториялық сабақтар, семинарлық сабақтар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, өндірістік тәжірибе, курстық жұмыстар, диссертациялар, т.б.

Аралық бақылау – студенттердің пәндердің салаларын оқу бойынша өзіндік жұмысының қорытындысын жасауға бағытталған. Аралық бақылауды сабақты жүргізген лектор, оқытушы кестеге сәцкес белгілі бір апталарда жүзеге асырады: коллоквиумдар; топтық және жеке консультациялар; жазу жұмыстарын орындау; өзіндік жұмыстар; ғылыми-зерттеу жұмыстары; тесттік тапсырмалар.

Қорытынды бақылау - білім алушының бір пәнді оқып аяқтаған кезде сол пәннің бір бөлігін немесе барлық көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін шара; емтихан алу түрінде жүзеге асады. Емтихан жазбаша, тестілеу, ауызша, араласа түрде жүреді.

Мемлекеттік қорытынды бақылау - білім алушылардың білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін шара.

Студенттердің алған балдары бағдарламалық материалды игеру деңгейіне байланысты төмендегідей бөлінуі мүмкін:


Әріптік

Балл

%

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

6М110100-«Медицина»

Магистратурада 6М110100-«Медицина» мамандығы бойынша мамандар дайындау екі бағытта жүзеге асырылады:

- бейіндік (1жыл);

- ғылыми және педагогикалық (2 жыл).

Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110100-«Медицина» мамандығы бойынша «денсаулық сақтау магистрі» деген академиялық дәреже беріледі.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110100-«Медицина» мамандығы бойынша «медицина ғылымдарының магистрі» деген академиялық дәреже беріледі.



6М110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау»

Магистратурада 6М110200-Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша мамандар дайындау екі бағытта жүргізіледі:



  • бейіндік (1 жыл);

  • ғылыми-педагогикалық (2 жыл).

Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «денсаулық сақтау магистрі» деген академилық дәреже беріледі.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «медицина ғылымдарының магистрі» деген академилық дәреже беріледі.



6М110400-«Фармация»

Магистратурада 6М110400-«Фармация» мамандығы бойынша мамандар дайындау екі бағытта жүргізіледі:



  • бейіндік (1 жыл);

  • ғылыми-педагогикалық (2 жыл).

Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110400-«Фармация» мамандығы бойынша «денсаулық сақтау магистрі» деген академилық дәреже беріледі.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110400-«Фармация» мамандығы бойынша «медицина ғылымдарының магистрі» деген академилық дәреже беріледі.



6М110300-«Мейірбике ісі»

Магистратурада 6М110300-«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша мамандар дайындау екі бағытта жүргізіледі:



  • бейіндік (1 жыл);

  • ғылыми-педагогикалық (2 жыл).

Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110300-«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «денсаулық сақтау магистрі» деген академиялық дәреже беріледі.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110400-«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «медицина ғылымдарының магистрі» деген академиялық дәреже беріледі.



6R111500-«Невропатология, оның ішінде балалар невропатологиясы»

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және мемлекеттік аттестациядан сәтті өткендерге невропатология дәрігері біліктілігі беріледі.

Резидентураның білім беру бағдарламаларын игергісі келетін тұлғаларда білімінің бұдан бұрынғы деңгейі болу қажет - базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатура.

«Невропатология» мамандығы бойынша резидентураның білім беру бағдарламасының игерілу ұзақтығы:

- терапия, педиатрия профильді және жалпы дәрігерлік практика мамандықтары бойынша бұрынғы алған білімінің деңгейінде жұмыс өтілі болса – 2 жыл.

- терапевтік емес профилді мамандықтары бойынша бұрынғы алған білімінің деңгейінде жұмыс өтілі болса – 3 жыл (терапия, педиатрия және жалпы дәрігерлік практика мамандықтары бойынша интернатура өтпегендер).



6R114200-«Педиатрия»

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және мемлекеттік аттестациядан сәтті өткендерге «Педиатрия» мамандығы бойынша дәрігер-педиатр біліктілігі беріледі.

«Педиатрия» мамандығы бойынша резидентураның білім беру бағдарламасының игерілу ұзақтығы:

2 жыл – бұрынғы алған білімінің деңгейі мен педиатрия немесе жалпы дәрігерлік практика мамандығы бойынша еңбек өтілі болса.

3 жыл – бұрынғы алған білімінің деңгейі мен педиатриялық емес профиль бойынша еңбек өтілі болса (профилі педиатриялық емес интернатура).
10. ЖОО-дағы материалдық және ақпараттық қорды пайдалану ережелері

Академия кафедраларының қажетті деңгейдегі материалдық-техникалық жабдықтары оқу үдерісін қамтамасыз етеді. Барлық кафедараларда оқытудың техникалық құралдары (компьютерлер, мультемедиялық проекторлар, интерактивті тақталар, т.б) және көрнекі құралдар бар, тілдер кафедралары лингафон кабинеттерімен жабдықталған. Бірқатар кафедраларда биохимиялық, морфологиялық, микробиологиялық, физологиялық және гигеналық лабораторияларға арналған заманауи жабдықтар бар. Оқу зертханаларындағы жұмыс білім алушыларға практикалық дағдыларының белгілі деңгейіне жетуге мүмкіндік жасайды.

Зертханалардың негізгі міндеттері:

- мамандықтардың мемлекеттік білім беру стандарттарына, оқу жұмыс бағдарламаларына, оқу-әдістемелік жұмыс бағдарламаларына, оқу-әдістемелік жұмыс жоспарларына және басқа құжаттарға сай ЖОО-ның жарғы қызметінің, сапалық білім беру үдерісінің және басқа үдерістердің қамтамасыз етілуі;

- акдемияның профессор-оқытушылар құрамына, білім алушыларға кеңес беру, оқу-әдістемелік көмектің көрсетілуі.

Оқу процессінде академияның материалдық қорларын пайдалану барысында білім алушылар «Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқауды», «Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауды» және «Академияның ішкі тәртіп ережелерін» сақтауы тиіс.

Ақпараттың негізгі түпдеректерінің бірі болып кітапханалық-ақпараттық орталық табылады.

Кітапхана комьютерлермен жабдықталған. Автоматтандырған «Оқырман» және «Кітап беру» жұмыс орындары кітапхана оқырмандарының электрондық есебін жүргізуге, әдебиеттің беруін және қабылдауын жүргізуге мүмкіндік береді.



Оқу залдарымен пайдалану ережелері:

1. Оқу залында әдебиетке тапсырыс жасағанда оқырмандар оқырман билетін көрсетеді және қажетті басылымдарды алғаннан кейін әр басылымның кітап формулярына және бақылау талонына қолын қояды.

2. Оқу залдарында берілетін кітаптар, баспаның басқа материалдарының саны шектелмейді. Бір мерзімдегі сұраныс жоғарласа, кітап саны шектелуі мүмкін.

3. Негізгі кітап қоймасынан оқу залына берілген әдебиет белгілі уақытқа броньдалуы мүмкін.

4. Оқу залдарына жеке және басқа кітапхана кітаптарымен, журналдарымен, газеттермен, баспа басылымдарының ойыстарымен, басқа баспа материалдарымен кіруге рұқсат берілмейді.

5. Оқу залдарынан әдебиетті шығаруға тиым салынады.

6. Оқу әдебиетін «Абонемент» бөліміне тапсырмаған қарызы бар студенттерге қызмет көрсетілмейді.

Оқырман міндеттері:

1. Оқырмандар міндеті:

- әдебиетті алу үшін оқырман билетін көрсетуге, кітап формулярында әр

басылым үшін қолын қоюға;

- кітаптарды, басқа басылымдарды, кітапхана материалдарын құнттап ұстауға;

- кітапханадан алған басылымдарды көрсетілген мерзімде қайтаруға.

2. Оқырманға рұқсат етілмейді:

- кітапханаға сыртқы киіммен келуге;

- оқу залдарына сөмкелермен кіруге;

- кітапхана бөлімінде тыныштық пен тәртіпті бұзуға;

- әдебиетті алу үшін біреудің құжатын пайдалануға;

- қолды қоймай, кітапханадан кітаптарды шығаруға;

- кітапханалық басылымдарды бүлдіруге: белгі жасау, сызу, парақ жырту, қайыру т.б.

- каталогтар мен картотекалардан карточкаларды алып шығаруға;

- рұқсатсыз қызметтік бөлмелер мен кітап қоймаларына кіруге.
11. Көрсетілетін ақылы қызметтердің тізімі мен тәртібі

1. Оқудың төлемі ағымды оқу жылының 1 қыркүйегіне және 25 ақпанға дейін жоғарғы оқу орнының тарифтеріне сай және ақылы білім беру қызметтердің көрсетілуінің келісім шартына сай жасалынады.

2. ЖОО негізгі оқу үдерісіне енгізілмеген қосымша білім беру және жалғаспалы қызметтері үшін төлемдерді белгілеуі мүмкін.

3. Қайтадан курсты өтейтін студент сессия барысында тапсырылмаған пәндердің оқытылуына ғана төлейді.

4. Оқудан шығып, қайтадан қабылданған немесе басқа ЖОО-нан ауыстырылған студенттер жылдық төлемін толық жасайды.

5. Оқудан шығып қайтадан келген немесе басқа ЖОО-нан ауыстырылған студенттер академиялық пән айырмашылықтары үшін төлем ақыны ОҚМФА-ның тарифтеріне сай қосымша төлейді.

6. Академиялық қарыздарды өтеу ОҚМФА-дағы бағалардың калькуляциясына сай жасалады.
12. Стипендия тағайындау тәртібі


  1. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқитын, сонымен қатар мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған білім алушыларға емтихан сессиясы немесе аралық аттестация нәтижесі бойынша «жақсы», «өте жақсы» бағаларына сәйкес төленеді.

  2. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқитын, сонымен қатар мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған білім алушыларға емтихан сессиясы немесе аралық аттестация нәтижесі бойынша ай сайын бірінші күннен бастап, семестрдің соңғы айының соңғы күніне дейін төленеді.

  3. Мемлекеттік білім тапсырысы негізінде 1 курсқа қабылданған білім алушыларға мемлекеттік стипендия ай сайын бірінші семестрде төленеді. Келесі семестрлерде мемлекеттік стипендия өткен семестрдің емтихан сессиясы немесе аралық аттестация нәтижесі бойынша төленеді.

4. Жазғы емтихандық сессия немесе аралық бақылау аттестация қорытындысына байланысты білім алушыларға жазғы демалыс кезінде 2 ай көлемінде (шілде, тамыз айында) мемлекеттік стипендия төленеді.

5. Себепті жағдайлар бойынша (денсаулығына байланысты, отбасылық жағдайлар, төтенше жағдайлар, т.б.) дифференциалды сынақ және емтиханды бекітілген мерзімде тапсырмаған білім алушылар үшін дифференциалды сынақ пен емтиханды тапсырудың жеке мерзімі бекітіліп, мемлекеттік стипендия тағайындалады.

6. Академиялық демалыстағы білім алушыларға мемлекеттік стипендия төленбейді. Медициналық қорытынды негізінде ұсынылған академиялық демалыстағы білім алушыларға мемелекеттік стипенндия төленеді.

7. Академиялық демалыстан келген білім алушыларға мемлекеттік стипендия алдағы сессия немесе аралық аттестация қорытындысына байланысты тағайындалады.

8. Денсаулығына байланысты екінші жылға қалдырылған білім алушыларға стипендия келесі емтихан сессиясына немесе аралық бақылау аттестациясына дейін оқу жосары орындалған өткен семеестр қорытындысы бойынша тағайындалады.

9. Туберкулез ауруымен науқастанған білім алушыларға сәйкес медициналық қорытынды ұсынылған жағдайда мемлекеттік стипендия он ай бойы еңбекке жарамсыздығына байланысты анықтама түскен күннен бастап төленеді.

10. Жүктілігіне және босануына байланысты демалыстағы білім алушыларға мемлекеттік стипендия ҚР заңына сәйкес барлық мерзімге демалысқа кеткенге дейін белгіленген мөлшерде төленеді.

11. Академиялық демалыстағы білім алушы өзінің жүктілігіне немесе босануына байланысты еңбекке жарамсыз қағазын алып келген күннен бастап, ол білім алушының академиялық демалысы тоқтатылып, жүктілігіне немесе босануына байланысты демалыс беріледі.

12. Үш жасқа дейінгі балаға қарауына байланысты академиялық демалыстағы білім алушыларға мемлекеттік стипендия төленбейді.

13. Мемлекеттік білім гранты негізінде оқитын жетім және әке-шешесінің қарауынсыз қалған білім алушыларға мемлекеттік стипендия емтихандық сессиядан қарызы жоқ немесе аралық бақылаудан қанағаттанарлықсыз баға алмаған жағдайда төленеді.



Мемлекеттік стипендия төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады:

  1. Себебіне байланыссыз білім алушы оқудан шығарылған жағдайда.

  2. Білім алушы қайтыс болған жағдайда.

  3. Білім алушы оқу орнын бітірген соң бұйрық шыққан күнінен бастап.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет