М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Дәріс № 15
Тақырыбы: Кредиттік жүйе, бағалау ерекшеліктері
Орындаған: Узакова Н.А М Физ -11
Тексерген: Ергалиева Г. А
Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі кредит арқылы өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.
Кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі.
Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту.
Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
білім көлемін біріздендіру;
оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:
білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;
білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;
білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;
оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (бөлімге) және кафедраларға академиялық еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;
әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.
Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және практикалардан тұрады. Академиялық кезең нысанына байланысты ұзақтығы семестр үшін 15 апта, триместр үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8 апта. Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта.
Білім алушыларға әрбір академиялық кезеңнен каникулдар беріледі, оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек. Бір академиялық сағат дәрісханалық сағаттың 50 минутына тең. Студиялық және зертханалық сабақтар, сондай-ақ дене тәрбиесінің сабақтары, студиялық сабақтар үшін академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минут. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар). Кредиттік технология бойынша оқу білім алушылардың білім беру бағдарламасын дербес жоспарлауына, оқудың жеке траекториясын таңдауына, өздігінен білім алу деңгейін арттыру уәждемесіне негізделген.
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін жекелеген оқу пәндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады. Мұндайда білім беру ұйымының басшысы басқа білім беру ұйымдарында оқу үшін кредиттер санының жоғарғы шегін айқындайды.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында жекелеген пәндерді оқыған жағдайда, білім беру ұйымдары арасында екіжақты шарт жасалады. Білім беру бағдарламаларын іске асырудың сапасын арттыру және білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісіне және қорытынды бақылауға бөлінеді.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) 100 балдық шкала бойынша және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F). Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағасына кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем құраса қорытынды баға дәрежесі студенттің оқу пәні бағдарламасын меңгергендігі.
Қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын құрайды. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады. Білім алушылар қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында осы аралық аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Оң бағаны алу үшін білім алушылар келесі академиялық кезеңдердің бірінде немесе жазғы семестрде ақылы түрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
Кредиттік оқыту технологиясының басты кағидаттарының бірі – оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, яғни мотивация туғызу. Сондықтан оқыту үрдісіндегі басты тұлға ретінде - оқытушы өзінің позициясын төмендетуге тиісті емес. Кредиттік технологиясының негізгі ерекшеліктері - студенттердің жекелей оқу жоспарын құруында болып отыр.
Студенттің жекелей оқу жоспары дегеніміз - эдвайзер көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әрбір жеке оқушының білім траекториясын анықтауы. Кредиттік оқыту технологиясында педагогтың шығармашылық еңбегі, шеберлігі, педагогикалык жетістіктері, жаңашылдығы оқытудың алгоритмін жасауда көрініс береді, олар:
Оқытудың басты мәселесін іздеу, өзектілігін анықтауда;
Мәселені мәнділігі бойынша реттеуде;
Мәселені талдауда;
Мақсатты, міндеттерді және іс-әрекет бағытын айқындауда;
Мәселені шешу жолдарын белгілеуде;
Мәселені шешу механизмдерін нақтылауда;
Жоспар, бағдарлама жасауда. Педагогтың басты міндеті оқушылардан ортақ мақсатқа бағытталған шығармашылық топтарды құру, олардың таным процесін басқару, ынталандыру, яғни интерактивті оқыту формасын жасау. Кредиттік технологияда мотивация интерактивті оқытудың басты шарты болса, ал интерактивті оқыту формасы мен әдістері оқытудағы жетістікке жеткізетін ситуациялар, итермелеуші күштер болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |