Сапаны қамтамасыз етудің метрологиялық негіздері. Анықтамалық шарттардағы әсер етуші шамалардың номиналды мәндері
Орындаған: Жайлыбаева Ақмарал
Тексерген: Құрманбаева Индира
Топ: ССиМ 19-11
Метрологиялық қызметтің болмауы, өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жағдайлардың және ережелердің бұзылуы – өнім сапасын бақылаудың жүргізу өлшеулері кезінде, технологиялық процестерді реттеу кезінде, ауру-сырқаттарды емдеу және анықтау кезінде үлкеншығынға алып келеді.
Өнімді өндіру кезінде дайын өнімнің сапасын бағалауда тек өлшеу жағдайын емес және де белсенді бақылау көмегімен технологиялық процестегі сапа көрсеткіштерін бақылау мүмкіншілігіне және өлшеу жағдайына назар аудару қажет. Жаңа бұйымда ойлап табу алдында және әрбір технологиялық процесті шығаруда шығарылған және аттестатталған өлшеу және сынау құралдарын және әдістерін қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығы туралы сұрақтарды шешіп алу қажет.
Өлшеу кезіндегі қолданылатын әдістемелер метрологиялық аттестталған және тіркеуден өту керек. Аттестталған әдістеменің талабын қатаң қадағалай отырып, оператор, яғни ол алған өлшем нәтижесі, қателігі берілген шегінен шықпағаны туралы сенімді болу керек.
Қызмет берудің барлық бағыттарындағы объектілерінде метрология заңнамысының жағдайы білетін, теоретика метрология жасаудың негізін және практикада іс-жүзіне асыра білетін мамандар қажет (өлшеу жағдайына жауапты бас метрологтар, өлшеуді жүргізетін операторлар).
Метрология саласында мамандарды дайындау төрт тіректі модульдерге негізделеді: инженерлі дайындықта, экономды басқару дайындықта, ақпаратты технология саласында дайындықта, сапаны қамтамасыз ету дайындықта. Оқу процесі кезінде анық өлшеуші ақпараттар алу, түрлендіру, өңдеу және беру әдістерін оқиды. Өндірісті метрологиялық қамаамысыз ету және метрология саласындағы саясатты анықтайтын, халықаралық құқық және ұйымдар талабына сәйкес метрология бойынша жұмыстарды өткізу және ұйымның тәртібін оқиды.
Жалпы өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету келесілерді қамтиды:
- Өлшеу жағдайын талдау;
- Өлшеу шамаларының рационалды номенклатураларын онату және дәлдікке сәйкес жұмысшы немесе эталондық өлшеу құралдарын калибрлеу;
- Бақылау жүргізу және өлшеу құралдарын калибрлеу;
- Орнатылған дәлдік нормаларымен қамтамасыз ету үшін өлшеуді жүргізу әдістемесін жүргізу;
- Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу;
- Қажетті нормативті құжаттарды ендіру;
- Техникалық біліктілікке аккредиттеу жүргізу;
- Метрологиялық бақылауды жүргізу.
Метрологиялық қамтамасыз етуді дайындау кезінде процестердің өзара байланыстылығын қамтитын жүйелік үйлесімділікті қолдану керек.
Метрологиялық қызметтердің құрылымы мен қызметін, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық базасын, өлшеу бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету әдістерін, метрологиялық дайындау және тексеру жұмыстарын орындау, олардың нәтижелерін өңдеу мен рәсімдеу ережелерін білу.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде мынадай шаралар орындалады:
1. өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылатын өлшемдердің нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал жабдықтардың тиімді номенклатураларын белгілеу.
2. өлшеу жүргізуді өлшем дәлдігін сақтайтын, жетілдірілген әдістемелермен қамтамасыз ету.
3. өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерінің дұрыс түрлерін қолдану туралы ұсыныстар жасау. Өндірісті стандартталған немесе қажет болған жағдайда стандартталмаған өлшеу құралдары мен өлшеу нәтижелерін дайындау және өңдеу тәсілдерімен қамтамасыз ету.
4. өлшеу құралдарын стандарттау.
5. өлшеу жүргізудің нормативтік техникалық құжаттарға сай болуын қамтамасыз ету.
6. өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларын өлшеу жүргізуге өлшеу құралдарының дәлдігін анықтап жөндеуге үйрету.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды іске асыру үшін (салыстырып тексеру, калибрлеу, өндіріс, жөндеу, сынақтар, өлшемді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау, метрологиялық тексеру және басқалар) мемлекеттік басқарма органдары, жеке және заңды тұлғалар метрологиялық қызметтерді құрайды.
Өз әрекетінде метрологиялық қызметтер:
- Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының заңды және нормативті құжаттарын, соның ішінде өлшем бірлігін қамтамсыз ету бойынша;
- стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган (әрі қарай уәкілетті мемлекеттік орган) бұйрықтарын;
- осы ұсыныстар негізінде дайындалған метрологиялық қызмет туралы Ережені;
- мемлекеттік басқарма органы және заңды тұлға бұйрықтарын және жарлықтарын басшылыққа алады.
Метрологиялық қызметтер, олардың бағынушылығына және меншік түрлеріне тәуелсіз, ереже бойынша, құрылымдық ішкі бөлімшелер түрінде пайда болады және басшы метрологтармен басқарылады. Негізгі міндеттері қызметтер және құқықтарды анықтау үшін метрологиялық қызметтер мемлекеттік басқарма органы, құрамында жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты деректер болуы қажет және метрологилық қызметтердің құрылымын, міндеттерін, қызметтерін және құқықтарын анықтайтын метрологиялық қызмет туралы ереже дайындайды
Назарларыңызға рахмет !
Достарыңызбен бөлісу: |