Қайролла Мұқанов
Ұмсын сұлу
Аңыз бен ақиқат
Петропавл – 2007
Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
«Асыл мұра» орталығы
Ақылдастар алқасы: Ғалым Қадiрəлi, Қайролла Мұқанов,
Социал Жұмабаев.
Бұл кiтап ХIХ-ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында бiздiң
Солтүстiк Қазақстан өңiрiнде өмiр сүрген қазақтың бiлiмдi
ғалым қызы Ұмсын Жұсыпқызының аянышты өмiр жолы
туралы жəне оның қызы Күлəмай туралы. Сонымен бiрге мұнда
Ұ
мсынның туыстарының жəне Күлəмайдың ұрпақтары туралы
да айтылады.
Кiтап қалың оқырманға арналады.
Абай
Қақтаған ақ күмiстей кең маңдайлы
Аласы аз қара көзi нұр жайнайды.
Жiңiшке қара қасы сызып қойған
Бiр жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал қызыл бет тiл байлайды.
Аузын ашса көрiнер кiрсiз тiсi,
Сықылды қолмен тiзген, iш қайнайды.
Сөйлесе, сөзi əдептi һəм мағыналы,
Күлкiсi бейне бұлбұл құс сайрайды.
Жұп-жұмыр ақ торғындай мойыны бар,
Үлбiреген тамағын күн шалмайды.
Тақтайдай жауырыны бар, иығы тiк,
Екi алма кеудесiнде қисаймайды.
Сорақы ұзын да, емес қысқа да емес,
Нəзiк бел тал шыбықтай бұраңдайды.
Етiндей жас баланың бiлегi бар,
Ə
жiмсiз ақ саусағы iске ыңғайлы.
Қолаң қара шашы бар жiбек талды,
Торғындай толқын ұрып көз таңдайды.
Кiрiспе
«Менiң ойыма өз заманынан бұрын туып,
арманда кеткен үлкен жанның бейнесi
бiржола ұялап, шегеленiп қалды. Қанша
жыл ойымда жүрсе де, қашанғы әдетiм
бойынша кешiгiп жарық көрген «Ұлпан»
сол бейнеге,сондай бейнелерге арналады».
Ғабит Мүсiрепов
Атақты жазушы жерлесiмiз Ғабит Мүсiреповтың өзiнiң «Ұлпан»
повесiнiң соңында осы повестiң жазылу тарихына арнаған
жоғарыда келтiрiлген сөздерi менiң де ойыма дəл келетiн
сияқты. Мен бұдан 60 жыл бұрын, сонау 1946 жылы мектепте
оқып жүрген кезiмде Ұмсынмен Сəбит Мұқановтың «Менiң
мектептерiм» атты кiтабын оқығанда алғаш рет «Ұмсын сұлу»
деген бөлiмiнен танысқан едiм. Ол кезде бұл бейне маған зор
ə
сер етседе, кейiн ұмытылыңқырап қалды. Алайда бiржола
ұ
мытылған жоқ, арасында еске түсетiн. Жылдар өтiп жатты.
Талай кiтаптардан осындай басқа да қазақтың тамаша сұлу,
ə
ншi, өнерпаз,бiлiмдi қыздарының қайғылы, трагедиялық
тағдырын оқыған сайын Ұмсынның тағдыры еске түсетiн.
Мысалы, халыққа кең тараған «Лəйлi-Мəжнүн», «Жүсiп-
Зылиха», «Қозы Көрпеш – «Баян сұлу» сияқты ғашықтық
жырларды былай қойғанда, Бейiмбет Майлиннiң «Шұғаның
белгiсi», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Сəбит
Мұқановтың «Сұлушаш», Иса Байзақовтың «Құралай сұлу»
дастандарында қазақтың талай сұлу қыздары армандарына
жете алмай, ғашықтарына қосыла алмай қыршынынан
қиылмай ма?! Соларды оқыған сайын менiң есiме Ұмсын
апамыздың аяулы тағдыры түсетiн. Осы апамыз туралы неге бiр
кiтап шығармасқа деген ой келетiн. Ғабеңнiң (Ғабит
Мүсiреповтың) «Ұлпан» повесiн жəне əйгiлi əншi, ақын Майра
Уəлиқызы туралы əңгiмесiн оқығанда да бұл ой беки түстi. Бiрде
радиодан белгiлi композитор, жазушы Iлия Жақановтың Үкiлi
Ыбырай туралы əңгiмесi берiлдi. Тыңдап отырсам Ыбырай
ақынның бiр топ əншi, серiлермен аң аулап келе жатып Жұсып
қажының үйiне түскенiн, онда Жұсыптың қызы Ұмсын сұлу,
Нұрке серiлердiң кездескенiн, Үкiлi Ыбырайдың сол үйде
отырғанда əйгiлi «Аңшының əнiн» айтқанын келтiрдi. Бұдан
кейiн мен Iлия Жақановтың «Аққулар қонған айдын көл» деген
ə
ңгiмесiн «Жұлдыз» журналынан тауып алып оқыдым. Бұл 1987
жыл едi.
Мiне, осыдан бастап мен Ұмсын апамыз туралы кiтап жазып,
оны өзiнiң ағайын-туғандарына жəне өсiп келе жатқан жастарға
таныстыруды өзiме мақсат қойдым. Осы кезден бастап Ұмсын
туралы жазылған материалдарды жинастыра бердiм. Сонымен
қатар Ұмсын жəне оның туыстары туралы деректердi бiлетiн
адамдармен əңгiмелестiм. Бұл жағынан əсiресе, ауылдас
ағаларым Зейнолла Қабиев пен Жамақ Қазиевтен бiрқатар
мағлұматтар алдым. Ал атақты Сары батырдың ұрпағы, еңбек
ардагерi Уəлихан Қуанышев ағамыз өзiнiң Айкүн əжесiнен
естiгендерiн (ол əжесi Ұмсынды көрген екен) дастан түрiнде
жазып бердi. Сол сияқты белгiлi əдебиетшi Қаратай
Биғожиннен де бiраз мəлiмет алдым.
Кейiнiрек Ғабит Мүсiреповтың 1996 жылы баспадан шыққан
«Ой-сезiм сəттерi» атты күнделiк жазбаларынан жəне 2002ж.
шыққан «Өмiрбаяндық өрнектер» атты кiтаптағы күнделiгiнен
Ұ
мсын туралы əр кезде жазған ой-толғамдарынан да бiраз
мағлұмат алдым. Сонымен қатар Ғабеңнiң Ұмсын туралы
жазуды армандағанын бiлдiм. Əттең ол бұл арманын толық
орындай алмай дүние салды. Егер ғұмыры жеткенде ол тағы бiр
тамаша кiтап шығарар едi-ау деген ойға қалдым.
Осындай бiраз материалдар жиналғаннан кейiн Ұмсын апамыз
туралы кiтап жазуға кiрiстiм. Ұмсынның туған iнiсi Тiлемiс
атамыздың ұрпақтарымен кездесiп, олардың бiлетiндерiн
жазып алдым. Тiлемiс атамызбен оның бiрсыпыра
ұ
рпақтарының фотосуреттерiн алдым.
Ұ
мсынның өзiнiң фотосуретi, əрине, жоқ. Оның заманында
қазақ арасында (басқа да мұсылмандар арасында) суретке түсу
деген болмаған ғой. Дегенмен Ұмсын сулудың бейнесiн
оқырманға көрсету керек деген ой келдi. Өзiнiң «Өмiр мектебi»
кiтабында Сəбең Ұмсынды 1913 жылы көргендегi оның сұлу
кескiн-келбетiн былай суреттеген едi:
«Қиссаны көп оқыған жəне ғашықтық қиссаларда талай
сұлулардың сипатын кездестiрген, солардың iшiнде перiнiң не
хор қыздарының сұлу сипаттарын оқыған маған мынау əйелдiң
қасында олардың бəрi сұлу емес сияқты… Соның дөңгелене
бiткен аппақ, жұп-жұқа бетiне, маңдайдан тура түскен тiп-тiк
қыр мұрнына, үлбiреген жұқа ерiндерi мен оймақтай аузына,
ұ
зындау бiткен аппақ мойнына, тостағандай мөлдiр қара көзiне,
қайқая бiткен ұзын қара кiрпiгiне, қиыла бiткен қою қара
қасына, кең маңдайына… дене құрылысы да лайықталып
жаралған сияқты: орта бойлы, кең кеуделi, тар мықынды, тiп-
тiк, əдемi дене!»
Мiне, осы суреттеме бойынша Ұмсын апамыздың портретiн
(бейнесiн) салып берудi мен облысымызға белгiлi суретшi, ақын
Ожан Қали ағамыздан өтiндiм. Бұл ағамыз бiр сөзге келмей
келiсiмiн бердi. Мен оған Сəбеңнiң бұл кiтабынан басқа
жоғарыда аталған Ғабеңнiң күнделiктерiн, Iлия Жақановтың
ə
ңгiмесiн бердiм.
Осылармен мұқият танысқаннан кейiн Ожан ағамыз екi айдың
шамасында Ұмсын апамыздың бояумен салынған суретiн жəне
апамызға арналған «Аққу арман» атты дастанын əкеп бердi.
Мұндай қуанбаспын! Сурет дəл Сəбең жазғандай шығыпты. Мен
ол суреттi «Солтүстiк Қазақстан» газетiнiң фотокорреспондентi
Аманкелдi Бекмұратовқа фотографияға түсiртiп алдым. Ендi
бұл фотосурет осы кiтапта орын алады. Ал дастанға келсек
Ожекең де көптен Ұмсын апамыздың тағдыры туралы ойланып
жүредi екен. «Құланның қасуына мылтықтың басуы дəл келдi»
дегендей, менiң берген материалдарым мен Ұмсын апамыз
туралы айтқандарым ақын Ожекеңнiң шабытын шалқытып
жiберiптi. Сөйтiп көлемдi жап-жақсы дастан туыпты.
Бұл кiтапқа мен «Ұмсын сұлу» деген атқа қоса «Аңыз бен
ақиқат» деген қосымша ат қойдым. Үйткенi Ұмсын сұлу туралы
ел аузында əрқилы аңыз көп. Соған қарап бiрсыпыра
жазушылар, ақындар, жалпы қаламгерлер ол туралы кейде
болмаған жайттарды жазады, немесе кейiпкерлердiң есiмiн
ө
згертiп жiбередi, т.б. Осы кiрiспеден кейiн мен Ұмсын
апамыздың шыққан тегiн, өмiр жолын, туыстарын мейлiнше
шындық бойынша жаздым. Сонымен бiрге бұл кiтапқа
Сəбеңнiң, Ғабеңнiң жазғандары, Мұхтар Əуезовтың Сəбеңмен
бiрiгiп жазған Ұмсын туралы пьесасынан үзiндi кiрдi. Сондай-ақ
Iлия Жақановтың «Аққулар қонған айдын көл» əңгiмесiнен,
Уəлихан Қуанышевтiң «Қор болған қазақтың сұлу қыздары-ай»
ə
ңгiмесiнен үзiндi, Уəкеңнiң «Ұмсын сұлу» дастаны, жерлес
ақын Əбжатай Сұрағановтың «Ұмсын сұлу» дастаны, ұстаз
Махмет Қожахметовтың естелiгi, ақын Ожан Қалидың
жоғарыда аталған дастаны да осы кiтаптан орын алды.
Ұ
мсын туралы жазғаннан кейiн одан қалған жалғыз тұяқ
Күлəмай туралы да жазу керек болды. Ал Күлəмай туралы
жазғанда оның жан жары Ғалауетден туралы жазбауға
болмайтын едi. Сондықтан кiтаптың екiншi бөлiмiн «Ғалауетден
– Күлəмай» деген атпен атадым. Бұл бөлiмдi жазу үшiн де
бiрсыпыра iзденiс жасауға тура келдi. Архивтер,газет-
журналдармен қатар Ғалауетденнiң туыстары мен Бəкеннiң
(Күлəмайдың əкесi) Сүният деген баласымен əңгiмелесiп те
бiрқатар деректер алдым.
Кiтаптың соңында қалың оқырманға белгiсiз кейбiр адамдар
мен оқиғаларға байланысты түсiнiктеме жəне пайдаланылған
ə
дебиеттiң тiзiмi берiлдi.
Құрметтi оқырмандар, қолдарыңа алған осы кiтапта кеткен
ə
ттеген-ай дегiзетiн қателер болса, күнi бұрын кешiрiм
сұраймын. Сiздер бiлетiн, бiрақ кiтапқа кiрмей қалған деректер
болса авторға хабарласуларыңызды өтiнемiн.
Сонымен ендiгi сөз сiздерде, құрметтi оқырмандар.
Автор.
Менiң ойымша қазақтың қыздарындай
сымбатты да сұлу, көрiктi қыздар
бүкiл жер бетiнде жоқ. Дүниедегi
арудың аруы – қазақ қыздары!
Ермек Серкебаев.
Ұ
МСЫННЫҢ ӨМIР ЖОЛЫ
Мен өзiмiздiң Ынтымақ ауылында бастауыш мектепте оқып
жүрген кезiмде үлкенiрек балалармен ерiп ауылдан алысырақ
жердегi ағаштарға барып жидек, шие терiп жүрдiк жаз
айларында. Сонда бiз көбiнесе ауылдан 3-4 шақырым жердегi
Қызылағаш аталатын жердi басып өтетiнбiз. Қызылағаштың
ө
зiнде шие, жидек шамалы, үйткенi онда колхоздың № 2
бригадасы орналасқан екi шым үй, бiр шошала жəне əртүрлi
сайман қоятын сарай болатын. Бригададағы жұмысшылар
ө
здерi тұрған жердегi жидек, шиелердi, əрине, терiп алатын. Бiз
Қызылағаштан əрi өтiп «Ақ лақ», «Аққұсақ», «Ұялы», «Жал»,
«Қарашоқ», «Қойжан қыстауы», «Керте кескен» деп аталатын
ағаштарға баратынбыз. Қайтарда тағы Қызылағашқа келiп
оның ағашпен қиылған құдығынан су алып iшетiнбiз.
Құдықтың басында шығыр бар, онда темiр шелек iлулi тұрады.
Шығырмен сол шелектi құдыққа түсiрiп су алып шелектiң
ернеуiнен кезекпен iшемiз. Суы мөп-мөлдiр таза əрi мұздай
суық. Осылай талай Қызылағашқа келiп жүргенде қыстаудың
жанында бұрын болған үйлердiң орнын көретiнбiз. Солардың
ең шетiндегi бiр орынды ересек балалар мынау мешiттiң орны
деп көрсететiн. Ол кезде мешiттiң əйтеуiр дiнге байланысты
екенiн бiлетiнбiз де, киелi деп ол жердi баспауға тырысатынбыз.
Қыстаудан алты-жетi жүз метрдей жерде зират бар, онда қызыл
кiрпiштен салынған там тұратын. Ол кезде кiмнiң тамы екенiне
көңiл аудармадық. Кейiн бiлсек Жансақал қажыға салынған
там екен.
Ұ
мсын туралы мен ең алғаш 1946 жылдың қараша айында
Сəбит Мұқановтың «Менiң мектептерiм» атты кiтабынан
оқыдым. Ол кезде мен бiздiң ауылға көршi тұратын (7 шақырым)
Дмитриевка орыс мектебiнде 5-класта оқитынмын. Сол кезде
Жарқын ауылынан келiп Дмитриевка мектебiнде менен 2 класс
жоғары Сахабин Ғани, Жақыпов Ноқат, Сралин Еркеш деген
балалар оқитын. Мен Сəбеңнiң аталған кiтабын Ноқаттан
уақытша сұрап алып оқып шықтым. Сонда «Ұмсын сұлу» деген
бөлiмiн оқығанда ғана Ұмсынмен алғаш таныстым. Бiрақ ол
кезде мен Ұмсынның оның əкесi Жұсыппен атасы
Жансақалдың бiзге ағайын екенiн бiлмейтiнмiн. Оны кейiн 50-
шi жылдары ғана үлкендерден естiп бiлдiм.
Ендi шежiреге жүгiнейiк.
Шежiреге қарасақ, бiз бəрiмiз Керей iшiнде Тарышыдан
тараймыз. Оның iшiнде Самайға жатамыз. Самайдың шын аты
Байтеке. Самайдың 9 баласының үлкенi Жанбура. Жанбураның
алты баласының үлкенi Құдайқұл. Оның үш баласының кенжесi
Кенжетай. Кенжетайда төрт бала болыпты: Ақбота, Байбота,
Жанбота,Байсерке. Бiз Ақботадан тараймыз. Ақботадан –
Шабан. Шабаннан – Бозай, Найман, Қойман. Бiз Найманнан
тараймыз. Найманнан–Сапақ, Сыздық, Бексұлтан, Тiлеубердi,
Қарынбай. Сыздықтан– Ахметжан, Мұқан, Құрман, Омар, Қамза.
Мұқаннан – мен Қайролла.
Ал Байботадан – Жансақал, Бисақал, Айтқұл. Жансақалдан –
Жұсып. Жұсыптан– Ұмсын, Тiлемiс. Сөйтiп, бiз Ұмсындармен
Кенжетай бабамыздан тараймыз. Ал Ұмсын Кенжетайдың
бесiншi ұрпағы, менiң əкем Мұқанның əкесi Сыздықпен тұстас.
Ұ
мсынның əкесi Жұсып бiздiң Найман, Қойман аталарымызбен
тұстас. Жансақал, Бисақалдар бiздiң төртiншi атамыз
Шабанмен тұстас.
Ұ
мсынның аталары Жансақал мен Бисақал бұрын қай қыстауда
отырғанын осы күнде ешкiм бiлмейдi. Үлкендердiң айтуы
бойынша олардың соңғы отырған қыстауы Қызылағаш бұрын
Толыбайдың Ақжiгiтiнен тараған Санмырзаның Есеналысының
баласы Төлегеннiң жерi екен. Жансақалдың бəйбiшесi Шойман
денелi, қарулы, сөзге де шешен алғыр кiсi екен. Жансақал жуас
адам болса керек. Бiр күнi Шойман күйеуiне жаз жайлауда
бұлардың отырған жерiне жақындау келiп үйлерiн тiккен
Төлегендерге ерулiк берейiк деп келiседi. Қой сойып, басқа да
тағамдарын дайындап ерулiкке шақырады.
Ет жеп, қымыз iшiп бiраз əңгiме қызған кезде Шойман бəйбiше
Төлегеннiң өзi отырған қыстауынан 3 шақырымдай жердегi
Қызылағашты беруiн сұрайды. Көңiлденiп отырған Төлеген
Шойманның бетiн қайтармайды, Қызылағашты маңайындағы
жерiмен басыбайлы сыйладым дейдi. Содан бастап Қызылағаш
Жансақал əулетiнiң ата қонысына айналады. Олар жазда
жайлауға Қайранкөл, Алыпқаш жағына барып малын жаяды
екен. Жансақалда мың жарым жылқы, бес жүздей қой, бiр
табын қара мал жəне бiрсыпыра түйе болыпты.
Жансақал дiндар адам болған. Бiр жылы Меккеге барып келiп
қажы атанған. Қызылағашта 100 кiсiлiк мешiт салдырып, онда
медресе ашып бала оқытатын болған. Бала оқыту үшiн бiлiмдi
молдаларды шақыртып жалдаған.
Бiлетiн адамдардың айтуына қарағанда, Бұхардан дiни оқуын
бiтiрiп келген бiр хазiрет Жансақал ауылында бiрнеше жыл
тұрып бала оқытқан. Жансақал қажының жалғыз ұлы Жұсып
та Меккеге барып қажы атағын алған. Жұсыптың бəйбiшесi
Қарашаш (ел iшi оны Қареке деп атап кеткен) Көшебе əулетiнiң
Омбай атасынан тараған Боздан деген кiсiнiң қызы екен.
Жұсыптың Ұмсын атты қызы, Тiлемiс деген ұлы болады.
Бұлардан басқа Жұсып қажы өзiнiң жиенi Қойбағарды
бауырына салып, өз баласындай көрiп үйлендiрiп, өзiнiң бiр
отауы ретiнде ұстайды, Қойбағар Ұмсыннан жасы үлкен
ағасындай болады.
Жұсыптың тұңғышы Ұмсын жасынан əдемi сүйкiмдi əрi зерек
болады. Сондықтан оны атасы Жансақал, əжесi Шойман да əкесi
Жұсып, шешесi Қарашаш та бетiнен қақпай еркелетiп өсiредi.
Шешесi Қарашаш Ұмсынның алты жасында қайтыс болады да,
Ұ
мсын əжесi Шойманның бауырында болып тəрбиеленедi.
Ұ
мсын алғаш өз ауылы Қызылағашта атасы Жансақал
салдырған мешiттегi медреседе оқиды. Сол кезде онымен бiрге
Жарылғап Егiзбаев та оқыпты. Кейбiр деректерде Ұмсын 1878
жылы туған делiнедi. 1990 жылғы маусым айында 103 жасқа
келiп қайтқан Жарылғап молланың айтуынша, оларды
Қызылағаштағы медреседе татар Қази халфе оқытыпты.
Жарылғап Ынтымақтан 3-4 шақырым Қызылағашқа күнде
жаяу барып оқыпты. Ұмсынның əкесi Жұсып қажы
Жарылғапты да Ұмсынмен бiрге күтiп ұстапты. Үйiне апарып
тамақ iшкiзiп отырыпты. Жұсыптың əйелi «Қайтесiң бұл
баланы сонша күтiп, одан не пайда саған?» – десе керек. Сонда
Жұсып: «Түбiнде мен өлгенде менiң басыма келiп 40 күн құран
оқитын осы бала болады» – дептi. Ақыры оның айтқаны келiп
1924 жылы Жұсып қажы қайтыс болғанда Жарылғап молла
оның басына барып 40 күн құран оқыпты.
Ал Ұмсын туралы Қази Халфе: «Мен бұл балаға өзiм бiлетiнiмдi
түгел бердiм. Бала өте зерек, оны əрi қарай басқа медреседе
оқыту керек», – дептi. Атасы Жансақал қажы немересiн
Қызылжар медресесiне оқуға бередi. Ұмсын оны өте жақсы
оқып бiтiредi. Содан кейiн атасы Жансақалдың тiлегi бойынша
сол кездегi бiлiмдi азамат жас қажы Абылай Рамазанұлы
Ұ
мсынды Троицк қаласындағы медресеге оқуға
орналастырыпты. Троицкiдегi медресенi де өте жақсы оқып
тəмамдапты. Онда араб, парсы, көне түрiк тiлдерiн үйренiптi.
Содан ол молла қыз атанады. Ұмсын Троицк медресесiн бiтiрген
жылы Жансақал мен Жұсып тағы да Меккеге қажылыққа
баратын болады. Атасымен, əкесiмен бiрге қажылыққа баруға
Ұ
мсын да талап қылады. Жас қызының бетiн қайтармай атасы
мен əкесi Ұмсынды Меккеге ерте шығады. Сөйтiп, Абылай қажы
жетекшiлiк еткен бiр топ адам Меккеге барады. Мəдина
шаһарында да болады. Сол сапарда оларға ертеректе
қажылыққа барып араб қыздарына үйленiп, əуелi Мəдинада
тұрып, кейiн Мысырдағы (Египеттегi) Ескендiр (Александрия)
шаһарына барып тұрақтаған Қызылжарлық (Петропавлдық)
Балта Керей Асанияз, Жұманияз, Еснияз, Бекнияз, Есiмғожа
Нұрмұхаммед ұлдары деген бес ағайынды кiсiлердiң үшеуi
кездеседi. Олардың бiреуi сауда жасап жүрiптi, екеуi тағы да
қажылыққа барған екен. Олар Жансақал қажы мен оның
баласы Жұсып қажыны бұрыннан бiледi екен. Сол жiгiттер
ə
келi-балалы қажыларды, Абылай қажыны жолдас-
жораларымен қоса қонаққа шақырып, Ескендiр (Александрия)
шаһарына ертiп апарып мейман етiп күтедi. Абылай қажы
Асаниязға Ұмсынның бiлiмдi ғұлама қыз екенiн айтады.
Ұ
мсынның талапты, көзi ашық қыз екенiн түсiнген Асанияз
оның Ескендiр шаһарындағы жоғары дəрежелi дiни медреседе
оқығанын жөн көредi. Ұмсын əкелерiнiң рұқсатымен сонда
қалып, Асанияз қажының үйiнде тұрып, сол шаһардағы жоғары
дəрежелi медресенi 1902 жылы бiтiрiп шығады. Содан ол елге
аман-есен оралып, бала оқытатын молла болыпты.
Александрия медресесiнде де дiни оқумен қатар шығыс
шайырларының шығармалары оқытылады. Ұмсын Троицк
медресесiнде оқып үйренген араб, парсы, көне түркi тiлдерiн
бұрынғыдан да терең меңгередi. Шығыстың атақты ғұлама
ақындары Фердоуси, Низами, Физули, Хафиз, Шамен, Сағди,
Науаи, т.б. еңбектерiн оқып сусындайды. Əйгiлi «Мың бiр
түнмен» танысады.Сонымен қатар ол бос уақытында елде қазақ
арасында ауызша да, қолжазба күйiнде де кең тараған
«Бозжiгiт», «Сейфiлмəлiк», «Тахир-Зухра», «Жүсiп-Зылиха»,
«Лəйлi-Мəжнүн» сияқты түркi халықтарының бiразына ортақ
халық дастандарымен танысады. Бұларға қоса Қазан қаласынан
басылып шыққан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жiбек»
сияқты ғашықтық жырларды да зор ықыласпен оқиды.
Осылардың бəрi оның бiлiмiн толықтырумен қатар зор əсер
етедi.
Оның үстiне Ұмсын өзi де асқан сұлу, əншi, домбырашы болады.
Ол өте əсем киiнетiн. Киiмi өзiне жарасып тұрады екен. Ел оны
Ұ
мсын сұлу деп атап кетiптi. Сонымен қатар ол сол кезде қазақ
арасында ауызша да, қолжазба күйiнде де, кiтап болып басылып
шыққан түрiнде де кең тараған дiни жəне ғашықтық
дастандарды да оқып танысады.Дiни дастандар ХIХ ғасырдың
ортасымен ХХ ғасырдың басы аралығында халықтың рухани
азығы ретiнде ұлы мiндет атқарғаны белгiлi. Мұндай
дастандардың iшiнен Ұмсын «Қисса Салсал», «Қисса
Сейiтбаттал», «Қисса-сұл əнбия» сияқты дастандарды оқыған.
Бұл дастандарда дiни нанымдар ғана емес, ерлiк, батырлық,
отансүйгiштiк, дiн үшiн күрес те жырланады. Сонымен бiрге
бұл дастандарда өмiрде болған тарихи оқиғалар да көрсетiледi.
Мысалы «Қисса-сұл əнбиядағы» əңгiмелерде неше түрлi
қоғамдық оқиға, шежiре, тарих, күнделiктi тiрлiк байқалады,
сол замандағы жалпы iзгiлiк, адамгершiлiк, зұлымдық,
қайырымдылық, махаббат, қастық,достық, мəселелерi
көрсетiледi. Ал «Бозжiгiт», «Сейпiлмəлiк», «Жүсiп-Зылиха», т.б.
ғашықтық дастандарда екi жастың шынайы махаббаты,
олардың махаббат үшiн күресi, сол жолда көрген
қиыншылықтары баяндалады. Мiне, осының бəрiн оқыған
Ұ
мсынның өмiрге көзқарасы кеңейедi, махаббат сезiмi оянады.
Осылай бой жетiп, махаббат сезiмi оянған
Ұ
мсын бұрынғыдан да сулуланып кетедi. Əрi ол бiрнеше шығыс
тiлiн бiлетiн, құран сүрелерiн жатқа бiлумен қатар пайғамбар
хадистерiн де жақсы бiлетiн ғұлама ғалым болады. Оның
бiлiмiн сол кездегi елге атағы шыққан моллалар да
мойындайды. Мысалы, Солтүстiк Қазақстан өңiрiне жақсы
таныс бiлiмдi саналған Баһрам молла «Бiздiң бiлiмiмiз
Ұ
мсынның бiлiмiнiң ширегiне де келмейдi» – дептi.
Ұ
мсынның асқан сұлулығы мен ғұлама бiлiмдiлiгi қалың елге
жайылып кетедi. Сұлуға қызығатындар əрқашанда көп
болатыны белгiлi. Ұмсынға да ғашық болып қырындаған
жiгiттер де аз болмайды. Тiптi əйгiлi Ақан серi оның сұлулығы
мен ғұламалығын естiп, онымен жүздесiп сөйлесу үшiн Жұсып
қажының қыстауы Қызылағашқа арнайы келедi.
Жансақалдың iнiсi Бисақал батырдың ұрпағы Жамақ ағамыз
Ақан серiнiң келгенi туралы Тiлемiс атамыздан естiгенiн былай
айтқан едi. Ақан серi сəндi киiнген, ат-əбзелдерi де əсем.
Сүйрiктей сұлу Ақтангерiн мiнiп келедi, бiр аты соңынан бос
ерiп келедi. Сол аттарын өзi суармаса, басқалардың берген суын
iшпейдi. Өзi қонғанда далада таза ауада жатқанды ұнатады. Ол
келгенде ауылда ойын-сауық болады. Ақан серiнi көруге, оның
ə
ндерiн тыңдауға ауыл жұрты түгел жиналады. Ұмсын да əн
айтады. Ұмсынмен Ақан серi əңгiмелеседi. Көбiнесе дiни
кiтаптардан мысалдар келтiрiп сөйлеседi. Ақан серi Ұмсынның
бiлiмдiлiгiне ден қояды. Бiр-бiрiне сұрақ қойып, жауап
қайтарады. Ұмсын Ақанның барлық сұрақтарына дұрыс жауап
қайтарады. Бiрде Ұмсын Ақанға:
«Дастарханның үстi не, асты не?» – деген сұрақ қояды. Ақан
жауабын таба алмай мүдiрiп қалады. Сонда Ұмсын өзi:
«Дастарханның үстi – бисмилла, асты – аллаһу əкпар емес пе?» –
деп жеңiп кетiптi. Ақан Ұмсынның бiлiмiнiң өз бiлiмiнен артық
екенiн түсiнедi.
Жаны нəзiк Ақан серi Ұмсынға ғашық болады. Ұмсын да
Ақанды жек көрмейдi. Бiрақ жастары сəйкес келмейтiн едi. Ақан
Ұ
мсыннан 40 жастай үлкен болатын. Оның үстiне Ұмсынның өзi
сүйген жiгiтi болатын. Соның өзiнде Ақан серi Ұмсынды
ұ
натқанын бiлдiрiп өлеңмен хат жазып тұрған екен. Бiр
хатында мынадай өлең жазыпты:
– Адамның екi көзi көрер ғайни,
«Самигөн ғала-рəй-си ұзнайни.
Тахбубiм сiзге ғашық болғаныма,
Ташшаһун екi инiмде малақайни».
Бұдан басқа да хаттар жазған, бiрақ олары жоғалған. Ақан
Ұ
мсынның сұлулығы мен бiлiмдiлiгiне ғашық болған. Ол
жасының ұлғайғанына қарамаған. Үйткенi жаны мəңгi жас
ақын, əншi, серi адам махаббатсыз өмiр сүре алмаса керек. Ұлы
ақын Мағжанның айтуынша, Ақан серi үшiн ғашық болған
сұлудың жауап сезiмi де қажет емес. Ұмсын да Ақанның жасы
үлкенiн бiлсе де оның адамгершiлiгiне, көркемдiгiне, тамаша
ə
ншiлiгiне қызығады. Бiрақ, əрине, оған қосылу ойында
болмайды. Ақан сонда да Ұмсынды ұмытпайды. Оны
Торсанның¹ есер баласы Шеридiң алып қашқанын естiгенде
(Ақан ол кезде 60 тан асқан) Ұмсынның қайғысына ортақтасып
ө
леңмен хат жазады.
Ұ
мсынға ғашық болған жiгiттiң бiрi Нүрке серi. Бұл жiгiттi
Ұ
мсынның өзi де ұнатқан. Екеуi қосылуға уəделескен. Бiрақ
қосыла алмаған. Нүрке Тоқтыбайұлы 1877 жылы қазiргi
Солтүстiк Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы
бұрынғы Игiлiк қонысы, Қызылой ауылында туған. Нұрке
Таузар Керей iшiндегi Бертiс биден тарайды. Əкесi Тоқтыбай
кезiнде Бiржан сал тобындағы алғыр ақынның бiрi болған, ерте
дүние салған, көп ұзамай шешесi Бəтиха да қайтыс болған.
Нүркенi ағасы Омар тəрбиелеп өсiрген. Омар да Бiржан салға
ерген əншi екен. Нүрке халық арасында кең танымал болған
ақын, серi. Бала кезiнде ауыл молласынан оқып бiлiм алған.
Кейiн Болотнай (Новорыбинка), Қызылжар медреселерiнде
оқыған. Араб, парсы, ежелгi түрiк тiлдерiн үйренген. Атақты
Үкiлi Ыбырайдың шəкiртi болған. Өз кезiнде оның «Нияз серi –
Iңкəр», «Сейiтжан сал – Гүлмариям», «Құшан серi – Ұлбике»,
«Ербатыр» т.б. қисса-дастандары белгiлi болған, бiрақ бiздiң
кезiмiзге олардың ешқайсысы жетпедi. Нүрке серiнiң тек
«Таныстыру», «Ұмсын», «Мүсликамал» деген өлеңдерi ғана
жеткен.
Мiне, осы Нүркемен Ұмсын сөз байласқанмен олардың
қосылуына мүмкiндiк болмайды. Нүркенi оның қас-жаулары
ретiн тауып Сiбiрге айдатып жiбередi. Ол Сiбiрде айдауда
Жүргенде сол кезде күпсiп тұрған Торсан байдың баласы Шери
Ұ
мсынды күштеп алып қашады. Нүрке кейiн айдаудан елге
оралғанмен сонда көрген азаптан ауырып келедi. Оның үстiне
сүйген ғашығы Ұмсынның ауруға шалдыққанын көрiп
қайғырудың салдарынан ауруы асқынып 1915 жылы қайтыс
болады.
Ендi Ұмсынға қайта оралсақ. Ұмсын 1902ж. Мысырдағы
Александрия қаласындағы Əл-Азжар Мұхаммед бин Вағаф
мектебiн бiтiрiп келгенде Қызылағашта əкесi Жұсып үлкен той
жасайды. Онда əншi, күйшiлер, ақындар қатысып, той қызықты
ө
тедi. Балуандар күресi, сəйгүлiктер жарысы да болады. Қыз-
келiншектер мен жас жiгiттер кешкiлiкте алтыбақанға
жиналып, əн шырқайды. Тойдың көркi, əрине, Ұмсын болады.
Талай жiгiттер оған қызығып, оны жар қылуды армандайды.
Бiрақ Ұмсынның жүрегi Нүрке серiге ғана берiлген болатын.
Осы тойда олар тағы да кездесiп уəделерiн пысықтай түседi.
Бiрақ Ұмсынның өз үйiнде бұлғақтап еркiн жүруi көпке
бармайды. 1903ж. жазда оны Торсан болыстың баласы Шери
күшпен алып қашады. Алдымен ол Ұмсынды тура өз үйiне
апармай Марьевка селосында тұратын бiр таныс орыстың үйiне
апарып қамауда ұстайды. Оның себебi Шеридiң үйiнде Ақлима
атты адуынды əйелi болатын.Тура апаруға содан жасқанады.
Ақырында үйiне апарғанда Ақлима шу шығарады. Оның əкесi
Балта Керей Нұрқан атақты бай əрi сол кезде дүрiлдеп тұрған
болыс болатын. Соған арқаланған Ақлима атасы Торсанға кiсi
жiберiп өзiнiң сəлемiн былай жолдайды: «Атам не баласын
тыйсын, не менi барлық дүние-мүлкiммен елiме
жеткiзсiн.Менiң де iздейтiн елiм бар» – деп қыр көрсетедi. Бұл
хабар Нұрқан болысқа да жетедi. Нұрқан болыс бiр топ
нөкерлерiмен Торсанның ауылына келедi. Екiншi жағынан
көптен берi қызын жоғалтып, қайда екенiн бiлмей қайғырып
жүрген Жұсып қажыға да хабар жетедi. Ол жақтан да
жоқтаушылар келедi. Əбден сасқан Торсан Ұмсынды кiшi
баласы Бəкенге қосады. Дау онымен де бiтпей Торсан ел
билерiнiң шешiмiмен Жұсыпқа қалың мал, Нұрқанға айыппұл
төлеп бар байлығынан айырылады.
Бəкенге қосылғаннан кейiн де Ақлима Шериден қызғанып
Ұ
мсынға күн көрсетпейдi. 1904ж.Ұмсын бiр қыз туады. Атын
Күлəмай қояды. Бiрақ əлгiндей жағдайда Ұмсын жынданады.
Жұрттың айтуынша оған Ақлима дуа жасатқан көрiнедi. Ол
жынданғаннан кейiн ешкiмге керек болмай қалады. Ақырында
оның осындай жағдайын естiген төркiнi келiп, Ұмсынды алып
кетiп өз үйiнде ұстайды. Ұмсын кейде сап-сау болып бұрынғы
қалпына келгендей болады. Ондай кезiнде көбiне бұрыннан өзi
жинаған кiтаптарды қайта оқиды. Оқып отырып бұрынғы еркiн
ө
скен, медреселерде оқыған, Ақан мен, Нұркемен кездескен
кездерi есiне түсiп, бiресе күледi, бiресе жылайды. Сөйтiп
отырып, тағы есi ауысып кетедi. Осылай қиын, аянышты,
трагедиялы өмiр сүредi. Оның осындай жағдайын 1913ж.
көргенiн Сəбит Мұқанов кейiн өзiнiң «Өмiр мектебiнде» жазған
болатын. Сəбеңнiң ол əңгiмесiн кейiн толық келтiретiн
болғандықтан қазiр оған тоқтамай-ақ қойайын.
Осындай қиын жағдайда Ұмсын ауруға шалдығып 1917 жылдың
күзiнде қайтыс болады. Оны атасы Жансақал қажы жатқан
Қызылағаштағы зиратқа жерлейдi. Сөйтiп, қазақтың бiр əрi
сұлу, əрi ғалым қызы Ұмсын сұлу Жұсып қызы дүниеден өтедi.
Ендi оның артында қалған туған-туыстары жөнiнде қысқаша
айтып берейiн. Жоғарыда айтқанымыздай, Жансақал қажының
жалғыз баласы Жұсыптан Ұмсын мен Тiлемiс туған жəне
Қойбағар деген жиенiде туған баласындай болып Жұсыптың бiр
отауы болып тұрады. Тiлемiс пен Қойбағар да ауыл
медресесiнде оқып сауатын ашады. Тiлемiс сегiз қырлы бiр
сырлы дегендей өте шебер болады.
Ол етiк те тiгедi. Ат əбзелдерiн: жүген, қамыт, божы, т.б. өзi сəндi
қып, күмiстеп жасайды, ағаштан да темiрден де түйiн түйедi.
Ə
ншi, домбырашы болады. Жансақал мен Жұсыптың байлығын
одан əрi дамытады. Елге сыйлы болады.
1924ж. Жұсып қажы дүние салады. Бəйбiшесi Қарашаш одан
бұрын қайтыс болған. Ендi үй иесi Тiлемiс болады. Кеңес
үкiметiнiң алғашқы жылдарында сауатты Тiлемiс ауылнай
болып қызмет iстейдi. Бiрақ 1927ж. тамыз айындағы байларды
тəркiлеу (кəмпескелеу) саясаты сүттей ұйып отырған бұл
шаңырақтың берекесiн қашырып астан-кестен қылады.
Тiлемiстiң бүкiл мал-мүлкiн тəркiлеп өзiн жер аудармақшы
болады. Осының алдында, кəмпескелеу болатынын күнi бұрын
сезген Тiлемiс Қойбағарды отбасымен еншiсiн берiп оның өз
елiне (Қазiргi Қостанай облысының Урицкий ауданына)
қайтарған болатын. Тiлемiс өзi жұбайымен ересек балаларымен
жер аударуға iлекпей тұрғанда бiр түнде Ресейдiң Түмен
облысына қашып кетедi. Ең жас балаларын артынан келiп алып
кетермiн деп бiр туыстарының үйiне тастап кетедi. Бiрақ екi-үш
күннен кейiн оны жер аударуға iздеп келген «белсендiлер»
оның Мырзай деген жас ұлы мен Жəпен деген кiшкентай қызын
тауып алып,сол кезде қазiргi Жарқын ауылының маңында
ұ
йымдастырылған жұрт «бай ауылы» деп атап кеткен
концентрационный лагерьге апарып қамайды. Лагерь жағалай
тiкенек сыммен қоршалған.
Оған күзетшiлер ешкiмдi лұқсатсыз кiргiзбейдi жəне ешкiмдi
одан шығармайды.Жергiлiктi басшылар лагерьдi жасағанмен
тамақ жағын ұйымдастырмаған. Қамалғандар аш, жалаңаш
болады.
Көптеген адамдар аштан өледi. Əйтеуiр «iштен» (Ресейден) əдейi
бауырларын алып кетуге келген Тiлемiстiң үлкен ұлы Тоқай бiр
түнде Мырзай мен Жəпендi жасырып алып кетедi. Содан
Тiлемiстiң үлкен отбасы Ресейдiң Түмен облысының Новозаим
ауданындағы Подун деген селода орнығып тұрады. Бұл қазiргi
Заводуковск қаласынан 250 шақырымдай жер екен.
Осы жерде бұлар мал ұстайды, саудамен айналысады. Тоқай сол
жерде ауырып қайтыс болады. Басқа балалары: Шоқай, Мұқаш
(шын аты Мұқаметқали), Сұлтан, Мырзай сол жақта орысша оқу
оқиды да, өсе келе бəрi де механизатор, шофер мамандығын
игередi. Соғыс басталған кезде төртеуi де бiрiнен кейiн бiрi
майданға аттанады. Əйтеуiр, құдай сақтап, бəрi де соғыстан аман
оралады. Бұл 1946ж. Бəрi жиналғаннан кейiн жасы алпыстан
асқан Тiлемiс ендi елге келудi ойлап балаларына тiлегiн айтады.
Елге алдымен Мұқаш, одан кейiн Мырзай келiп, елдiң
жағдайымен танысып, ағайын-туыстарымен кездесiп, əкесiне
келгесiн көшуге болатынын айтады.
Бұл кезде олардың бұрынғы қонысы Қызылағаштағы үйлерi
жоқ болатын. Тiлемiстiң 6 бөлмелi ағаш үйiн колхоздастыру
кезiнде жақын жердегi Дмитриевка селосына апарып мектеп
салған. Осы мектепте мен 1943-1949жж. оқыдым. Ал мешiт үйiн
бұзып «13 жылдық» колхозына («Ынтымақ» ауылы) қойма
(склад) салыпты. Бұл қойманы бала кезiмде көргенiм бар. Онда
колхоздың тұқымдық астығы, əртүрлi саймандар (айыр, күрек,
тырнауыш, қамыт, доға, жүген, божы, т.б.), тiптi пiскен нан,
қымыз, сары майға дейiн болатын.
Ал «13 жылдық» колхозында Тiлемiстiң отбасы түсе қоятын үй
де, балаларына қолайлы жұмыста болмады. Сондықтан олар
жаңа ашылған Октябрь совхозының басшыларымен келiсiп,
соның Сарқұлын деген бөлiмшесiне көшiп барды. Қазiр ол
бөлiмше Тельмановка деп аталады. Тың игеру кезiнде бұл
бөлiмше жаңа құрылған Ишим совхозына қарап қалды. Осы
бөлiмшеде бiр қыс қыстағаннан кейiн Тiлемiс үлкен үш
баласымен Октябрь совхозының орталығына көшедi. Мұнда
Шоқай мен Мұқаш шофер болып, Сұлтан тракторист-комбайнер
болып орналасады. Жаз айында бəрi жабылып «асар» жасап
шымнан үлкен үй салып алады. Мырзай сол Сарықұлында əуелi
тракторист, кейiн бригадир болып iстейдi.
Мен Алматыда Қазақ Мемлекеттiк Университетiнде оқып жүрiп
1956 жылы жазғы демалысқа елге келгенде Тiлемiс атамызға
сəлем беруге сол Октябрьдегi үйiнде болғаным бар. Үйге
кiргенде байқағаным ортада коридор, сол жақта Тiлемiс атамыз
бен Жəбел əжемiздiң бөлмесi, оң жақта балалары мен келiндерi
тұрады екен. Мен атамызға сəлем берiп, жөнiмдi айтқасын ол
кiсi қасына отырғызып менiң студенттiк жағдайымды, қандай
оқу оқып жатқанымды сұрады. Ол кезде елден жоғарғы оқу
орнында оқитындар некен-саяқ болатын. Сондықтан ба, ол
менiң оқып жатқаныма ризашылығын бiлдiрдi. Жақын тартып,
жылы сөйледi. Кейiн оқуды бiтiрiп Городецк мектебiнде
директор болып iстеп жүргенде де ол үйде бiрнеше рет
болдым.Сонда Ұмсын апамыз туралы ол кiсiден сұрап алу
ойыма келмептi. Осы күнi əлi өкiнем, Үйткенi ол кiсi апасымен
тетелес өстi ғой, көбiрек айтып беретiн едi. Ол кiсi жалпы
сауатты, бiлетiнi көп едi. Үйiнде араб əрпiмен жазылған қалың
кiтаптар болушы едi.Мен жалпы кiтапқұмар болсам да арабша
сауатым болмағасын оларға көңiл аудармап едiм. Бiрде ол
маған: «Менде «Қисса-сұл əнбия» деген кiтап бар пайғамбарлар
тарихы туралы» – дедi. Бiрақ ол кезде атейiстiк рухта
тəрбиеленген мен оған да көңiл бөлмедiм. Кейiн ол кiсi
дүниеден өткесiн солар есiме түсiп, iздесем бiр де кiтап
қалмапты. Өкiнiштi. Тiлемiс атамыз 1884 жылы туып, 1963
жылы 79 жасында қайтыс болған. Тiлемiстiң ұрпақтары
мынадай: Ерте қайтыс болған Тоқайдан кейiнгi үлкен ұлы
Шоқай кезiнде Қызылжар қаласындағы қазақ педагогикалық
техникумында оқыған (1923-24жж.), бiрақ оқуын бiтiртпей
байдың баласысың деп шығарып жiберген жақсы оқыса да.
Соғыстан келгеннен кейiн қашан зейнеткерлiкке шыққанша
шофер болып iстедi. Бұл кiсi де сауатты, араб əрпiмен, латын
ə
рпiмен жазылған кiтаптарды көп оқитын, халық əндерiн,
нақыл сөздердi, мақал-мəтелдердi жинап дəптерлерiне жазып
жүредi екен. Өзi де шабыты келгенде өлең шығарады екен,
ə
сiресе құрдастарына, жеңгелерiне шығарған осындай
бiрсыпыра өлеңдерi болыпты. Əттең олары ауызша айтылып,
жазылмай қалған. Одан кейiнгi Тiлемiстiң ұлы Мұқаш та
зейнетке шыққанға дейiн шофер болды. Сұлтан совхозда
алдыңғы қатарлы механизатор (тракторист, комбайнер) болды.
Еңбегi бағаланып бiрнеше ордендер мен медальдарға ие болды.
Мырзай көп жыл механизатор, кейiн зейнеткерлiкке шыққанша
бригадир болып iстедi. Осылардың бəрi де орыс арасында жүрсе
де қазақтың жөн-жобаларын, əдет-ғұрпын жақсы бiлетiн.
Сонымен қатар бəрi де iскер болды. Мысалы қой сою, малдың
етiн мүшелеу, т.б. жақсы бiлетiн. Жəпен болса совхозда
бухгалтер болып iстедi. Оның да өмiрi қысқа болды. Тұрмысқа
шыққаннан кейiн ауруға шалдығып 4-5 жылдасын қайтыс
болды. Өмiрге екi ұл əкелдi.Бiреуi жастай қайтты. Екiншiсi ер
жеттi, қазiр тiрi. Əкелерi де қайтқан. Бұлардан басқа Тiлемiстiң
Қади, Қадиша, Бəдиша деген қыздары болды. Соңғы екеуi
жастай қайтыс болыпты. Мен Қадиды бала кезiмде бiр көрген
едiм.Тамаша көркем, сұлу едi. Ол да күйеуге шыққаннан кейiн
бiрнеше жылдан кейiн қайтыс болыпты.
Бұл күнде Тiлемiс атамыздың өз ұлдары мен қыздарының бəрi
де дүниеден өткен. Немерелерi мен шөберелерi баршылық.
Шоқайдың Батырхан, Қасымхан атты балары болған едi.
Қасымхан осы тұқымнан алғаш жоғарғы оқу орнында оқып
жүргенде кенеттен ауырып қайтыс болды. Өзi де көркем,
ақылды жiгiт едi. Мұндайда қазақ «көз тиген» деп те айтады.
Батырхан да əкесiнiң жолын қуып көп жыл шофер болып
iстеген, қазiр зейнеткер. Жұбайы Күлəш екеуiнiң Ақдидар, Анар,
Эльмира, Дана атты қыздары, Ансар деген ұлы бар.
Қыздарының алды отбасын құрған, ал кенжелерi Ансар 6-шi
сыныпта оқып жүр.
Мұқаш пен жұбайы Бөлтиден туған Қалихан, Темiрхан,
Қазихан, Асылхан атты төрт ұл, Бəтима, Рахима, Сапура атты үш
қыз бар.
Сұлтанның Сəлима деген əйелiнен Қымбат атты қыз жəне
Аманкелдi, Амантай, Бахтияр атты үш ұл болған едi. Сəлима
ертеректе қайтыс болған. Өкiнiшке орай оның үш ұлы да өсiп,
жiгiт болған шағында жастай қайтыс болып кеттi. Сəлима
қайтыс болғаннан кейiн Сұлтан ағамыз Бəтен жеңгемiзге
үйлендi. Ол Сəлимадан қалған балаларды өзiнiң туған
балаларындай күтiп ұстады. Қазiр бұл жеңгемiз Қымбаттың
кiшi ұлы Жеңiстiң қолында. Оны кезiнде Сұлтан ағамыз екеуi өз
бауырына салған болатын. Қазiргi кезде қызы Қымбат
Қызылжар қаласында тұрады, жолдасы Еркеш екеуiнiң үш ұл
бiрнеше немерелерi бар. Аманкелдiден қалған Руслан атты ұл
да Қызылжар-да тұрады. Мырзай мен жұбайы Қабиба Əнуар,
Имантай атты екi ұл, Балшекер, Бəлəпай, Балжан, Айжан,
Айтжан атты бес қыз өсiрдi. Бұлардың бəрi де ер жетiп қазiргi
кезде əрқайсысы жеке үй болып отыр. Олардан туған немерелер
мен жиендер де баршылық. Шешелерi Қабиба ұлдары мен
қыздарында кезекпен барып жүредi.
Мiне,Ұмсынның туған iнiсi Тiлемiс атамыздың ұрпағының
жайы осындай. Қазiргi ұрпақтары Ұмсын туралы естiгенi
болмаса, оның өмiр жолын бiлмейдi. Осы жазылғандардан
аздап болса да мағлұмат алар деп ойлаймын.
Сәбит Мұқанов
Ұ
МСЫН СҰЛУ
«1913 жылдың көктемi. Ауылдың Досқа кеп жаңа үй тiккен
кезi… Нұртазаның үйiне «Ойдағы Сибаннан» Мəшiк, Ботпай
жəне Торсанның¹ Шериi кеп қонды. …Олар алыстағы
«Сырымбет тауы» деген жерге жолаушылап барады екен… Мен
оларға түнде өлең айтып, қызмет атқардым. Ертеңiне:
– Осы баланы бiз ала кетсек қайтедi, – дедi Мəшiк Нұртазаға, –
ө
леңдi де, əндi де жақсы айтады екен, қонған жерiмiзде өлең
айттырып отыруға ермек те болар жəне əн-күйдiң қонған елi
Атығай-Қарауыл деседi ғой, со жаққа барып əн де үйренiп
қайтар». Ертеңiне Нұртаза Сəбитке лұқсат еттi.
«Сырымбетке сапар шегуге əзiрленген жолаушылар екi
тарантасқа бөлiнiп, əрқайсысына пар аттан жектi, бiр
тарантасқа Таспай мен Мəшiк отырды, олардың божысын мен
ұ
стадым; екiншi тарантасқа Ботпай мен Шери отырды, олардың
божысын Шоқпыт деген кiсi ұстады. Бiз жүрiп кеттiк.
Жаманшұбардан шыға серiктерiм аттарын тоқтатты да
түстенiп-қонатын жерлерiн ақылдасты.
…
Алғашқы қонатын үй туралы пiкiр екiге жарылды: Шериден
ө
згелерi Жансақалдың Жұсыбынiкiне қонамыз дестi. Шеридiң
неге қашқалақтауын олар мен түсiнбейтiн оспақпен сөйлесiп,
бiраз күлiп алды да, менiң серiктерiм Жұсыптiкiне, екiншi
арбадағылар басқа ауылға қонатын боп кеттi.
Бөлiнер алдында «берi кеп кетшi» дегендей, Шоқпыт маған
көзiн қысты. Оңашаланған маған: – Сендер барып қонатын үйде
жынды келiншек болу керек, – дедi Шоқпыт, – аты Ұмсын.
Соған бiр нəрсе берiп жiберсем апарасың ба?
Мен жынды дегеннен қорқып «апармаймын» дегендей басымды
шайқап ем:
– Ой, оңбаған, – дедi Шоқпыт, – «жынды» дегенге сен оны
байлауда жатқан бiреу деп ойлама! Бос жүретiн адам ол. Он екi
пəндi тəмəм қылған молда қыз. Бiр есептен қияли боп кетiптi.
Ə
йтпесе, адамға залалы жоқ.
– Неге қияли болған? – дедiм мен.
– Со қызды бiздiң осы Шери алып қашқан, – дедi Шоқпыт, –
бiрақ қатыны билiк бермей, айырды. Қаңғырып қалған
Ұ
мсынды жұрт Шеридiң iнiсi Бəкенге қосты. Одан бiр қыз туды.
Шериден алданған қыз санамен сарғаюдан жынды адамдай
бетiмен сөйлеп, қияли боп кеттi. Торсан үйi оны төркiнiне
қайтарғанда, туған қыз Бəкен үйiнде қалып қойды. Қазiр 7-8
жасқа келдi ол қыз, аты Күлəмай, со қыздың шешесiне берген
сəлемдемесi бар едi, ешкiмге көрсетпей апарып бер, – дедi.
Шоқпыт терiс қарай берiп, қойын қалтасынан бүктелген қызыл
жiбек орамалды маған бердi де:
– Аналарға сездiрме алғаныңды. Орамалдың iшiнде түйiлген
алтын жүзiк бар, жоғалтып алма, – дедi.
Сол арада тарамданған жолдың оң жағына Шоқпыт түстi, сол
жағына бiз түстк.
– Бала, Шоқпыт екеуiң не сөйлестiндер? – деп сұрады Мəшiк
былай шыға.
– Түк те сөйлескен жоқпын, – деп қашқалақтап ем, ұтқыр, қу
Мəшiк менiң жасырған сырымды айтқызып барып тынды.
– Бəсе, – дедi ол, – өзiм де соған жорып едiм. Менiң қойныма
салған орамалды алып көрсек, айнала жиегiнде ақ жолағы бар
шымқай қызыл жiбек екен. Шетiне түйген алтын жүзiктi алып
көрсек, жалпақ көзiнде «Шешеме Күлəмайдан» деген жазу бар.
– Жетiм бала сұңғыла келедi деген рас-ау, – деп қайран қалысты
менiң қасымдағылар, – қаршадай боп, қарашы! Кiмге құйдырды
екен бұл жүзiктi? Кiм жазып бердi екен мынаны?
– Биыл сол үйге зергерлiк құрып Базалай серкеш келдi деген,
соған жаздырған ғой, – дедi Таспай.
– Сол бала 7-8-ақ жаста болу керек, – дедi Мəшiк, – емшектегi
күнiнде айрылып едi шешесiнен. Кемшiлiк көрдi дейтiн
кедейдiң қызы емес, шешесi өгей болғанмен, туғаннан кем күтiп
отырған жоқ. Бұл қызға «сен Ұмсыннан тудың» деп кiм айтты
екен?
– Кiм айтса, ол айтсын, – дедi Таспай, – жұдырықтай боп
шешенiң не екенiн бiлуiн қарасайшы! Бұл қыз ба, бұл қыз
керемет қыз болады екен!.
– Кескiн-кейпi Ұмсынның аузынан түсiп қалған, əттең, мұрны
ғана Бəкенге тартып кертештеу келген, əйтпесе, құйып қойған
Ұ
мсын! – дедi Мəшiк.
– Орыс, қазақты аралай жүре, – деді Таспай, – əйелдің талай
сұлуын көре жүре, мен Ұмсындай сұлуды кездестірген емеспін.
Дəл жұмақтың өзінен шығып хор қызы келмесе, бет біткен
адамда мұндай сұлу адам болады деп мен ойламаймын.
– Рас, – деді Мəшік.
Ол екеуінің кеңесін таңдана тыңдаймын деп, аттарды мен
жолдан шығарып жіберіппін. Бұл жөнде Таспай маған:
– Көзіңе қарамай, немене, былжырап отырғаның? – деп
ұ
рысқалы келе жатыр еді:
– Ұрыспай-ақ қой, – деді Мəшік, – бұның өзі сөзге үйір бала
көрінеді. Ұға алса, ұғып қалсын, сол Ұмсынның кеңесін мен
бұған айтып берейін.
– А, қойшы, – деп Таспай ұнатпап еді.
– Қойғаның не, – деді Мəшік кейіп, – осындай баладан өскен
жоқпыз ба бəріміз? Біз де бұндай кезімізде кызық кеңес айтқан
кісілерді жақсы көретінбіз.
Мəшік пен Таспай мені ортасына алды да, божыны Таспай
ұ
стады.
– Менің сақа бозбала боп қалған кезім, – деп бастады Мəшік
сөзін, – Торсанның үйі ол кезде Ірбіт шабады. Торсан үйі
Ірбіттен неше ылау кездеме, шай, қант сияқты дүниені қотарып
алады да, ауылдарды аралатып саттырады...
Ауыл арасындағы Торсанның саудасын Шери жүргізіп тұрады, –
деді Мəшік, дағдылы калпымен түкірігін ширата тіс арасынан
ытқытып ап, – со кезде Шеридің жас шағы, піркəшігі менмін.
Екеуміз ел аралап кете барамыз. Сауда-саттықты жүргізетін
менмін, Шеридің серілік құрудан басқада жұмысы жоқ. Қайда
сұлу қыз-келіншек болса, сауданы сылтау ғып, со жаққа барады
да, тілін алдыратын адамдарға, ақша демей, мата демей, төгіп
беріп, дегеніне жетеді...
Сонымен, – дейді Мəшік, – тамағын қырнап ап, – бір кезде –
Жансақалдың Жұсыбында сұлу қыз бар! деген хабар келіп
қалды. Жұрттың айтуынша, казақ баласына ондай сұлу
бітпеген. Бұл хабар құлағына шалынған Шери шыдасын ба, –
екеуміз со жаққа кете бардық...
– Жансақал үйінің со кезде күпсіп те тұрған кезі болу керек, –
деді Таспай.
– Əрине, – деді Мəшік, – со кезде ол үйде мың жарымдай
жылқы, екі-үш мыңдай қойы бар екен. Мал кімге бітпейді.
Алалы жылқы, ақтылы қойды айдай алмай отырған талай
байдың үйінде қонаққа сілкіп саларлық сырмағы жоғын көрдік
қой, Жансақалдікі салтанатты екен. Жансақалда жалғыз-ақ
бала бопты ғой, аты – Жұсып. Біз барған кезде Жұсып елулерді
еңсерген, сары сакалды қісі екен. Бір жыл бұрын хажыға барып
келген. Оның бір асыранды, бір тума баласы бар екен.
Асырандысының аты – Қойбағар, тумасының аты – Тілеміс.
Тілемістің ол кезде бала кезі.
Жұсыптың төрт ақ үйі бар екен, – деді Мəшік, тағы да шырт
түкіріп ап, – өз үйі, қонақ үйі, Қойбағардың отауы жəне қызына
тігіп қойған отау. Біздің қасымызда көк көз Ыбыш² барды. Ата
жағынан ол Жұсыпқа ағайын.
– Солай ма екен! – деді Таспай.
– Солай екен, – деді Мəшік, – Ыбыштың ол кезде жүзіктің
көзінен өтетін жылпос шағы.
Жұсыптың қонақ үйіне барып түскеннен кейін, Ыбышты
Ұ
мсынға астыртын жібердік. Кыз маңайына жолатпапты. Сол
арада жұмаға жақын айналып, қыздың мəн-жайын сұрастырсақ,
оған Ақан сері ғашық екен. Жансақалдың үйінде Бұхарадан
оқып келген бір хазірет бірнеше жыл тұрған.Жұсыпта алғаш ұл
болмай, бар баласы жалғыз Ұмсын болғандықтан, хазіретке
сабаққа беріпті. Қыз өте зирек боп, хазіреттің бар оқуын қағып
апты дейді. Өтірік, расын кім білсін, хазіреттің өзі – бұ кызға
енді менің оқытатыным жоқ! – депті-мыс.
– Оны өзіміз де көрдік қой, – деді Таспай, – біздін, арада Баһрам
молдадан оқуы артық кісі жоқ дейміз ғой, со кісі Торсан үйінде
Ұ
мсынға бір кездескеннен кейін: – Біздің оқуымыз ширегіне де
келмейді, құранға қазақ тілiнен кем түсінбейді! дегенін
кұлағымызбен естідік.
– Оның оқымыстылығын еске түсірген себебім, – деді Мəшік,
Ақан сері осы қызды іздеп кеп, арап тілімен сөйлесіпті ғой. Қыз
Ақан серіден асып түсе беріпті. Содан кейін Акан сері ғашық
болып, хат арқылы өлең жібере бастапты.
– Есінде қалғаны бар ма, – деп сұрады Таспай.
– Талай заман өтті ғой одан бері, – деп Мəшік аз ойланып
отырды да, – есімде бір-ақ ауызы қалыпты, – деп, айта жөнелді:
–
Адамның екі көзі көрер ғайни,
Сəмигон ғала рəі-си уəл үзнəйни,
Мəхбубім сізге ғашық болғаныма,
Ташшаһһун екі иінімде мəлəкəйни!!
– Бұ не деген сөзі болды екен?
– деген сұрауға:
– Кім білсін не сөз екенін, – деді Мəшік, – сонымен, ұзын сөздің
қысқасы, Ақан серіге қыз да ғашық болады. Шери екеуміз
оқиғаның осы бір жеріне кеп киліккен екенбіз.
– Дəл бұл сөзді мен естіген жоқ едім, – деді Таспай, – мен тек
Щеридің алып қашқанын ғана естіп едім. Қалай алып кашып
жүр ол?
– Оның мəні былай, – деді Мəшік, – қызға талай қимас
адамдарын салып,ризашылық жауап ала алмадық. Не істеуге
білмей сандалған кезде, бiзге біреу: – Мұның айласын бір тапса,
Есілбайдың Шаймердені³ табады. Ол – əрі осы елді билеп тұрған
адам, əрі Жансақалдың Жұсыбында өкпесі бар. Бір
жəрдемдессе, сол жəрдемдеседі!, – деді.
Шаймергенді талай көргемін, – деді Мəшік, – Торсанмен көңілі
де жақын болатын жəне екеуі кұрдас та. Шаймергенге барып
жолығып ем, кұшағын жая кетті. – Быкыған мал бітті дегенмен,
Жұсыпта қанша күш бар еді, – деді ол, – ондай жаман немеге
жалынбау керек, қыз риза емес деген сөз – сөз емес, қызығы –
қызды алып қашу. Шериге сəлем айт, менімен астыртын
байланысып тұрсын да, реті келген бір кезде жігітін əкеп, басып
алсын да кетсін!.
– Сол алып қашудың ішінде мен де болдым ғой, – деді Таспай. –
Осы күнге шейін обалсынам, қыз:
–
Ағатайлар-ау, ризалығы жок, кісіні қайда апарасыңдар!, – деп
еңіреп тұрғанда аузын басып, алдық та кеттік қой. Бейшара,
көндікпей ме деп ойлап ем, тез-ақ көндігіп кетті.
– Көндікпегенде амалы нешік! – деді Мəшік.
– Əйтеуір кұтылмасын білген соң, жылайды да көне береді...
– Ұзаққа созылған Мəшік пен Таспайдың кеңесін қысқартып
алайық: Ұмсынды Шери алып қашуын кашқанмен, тура үйіне
алып бара алмайды. Оның əйелі Ақлима Торсанмен дəрежесі
тең Нұрқан деген кісінің қызы болады. Шеридің қыз алып
келгенін естіген Ақлима қайынатасына: – Баласын тыя ма,
болмаса маған төркініме қайтуға лұқсат бере ме?! – деп кісі
салады. Бұл хабарды естіп, Ақлиманың төркінінен көп адам
келеді. Жауға шыдай алмаған Торсан боп, ел боп Шериге
Ұ
мсынды тастатады. Ұмсын қиын халде қалады: төркіні
безінген, Шериден айрылған Ұмсын Торсанның ауылында
сандалып қалып қояды. Со кезде жұрт оған: – Сен Шеридің інісі
Бəкенге ти!, – деген ұсыныс жасайды. Бəкен ризаласады, екеуін
ел сүймесе де косады...
Бірақ бұл қосылу ұзакқа созылмайды. Жоғарыда аталған
Күлəмəй туғаннан кейін, Ұмсын шалықтанып, есінен айрылады.
Көлденең жұрттың бұған тағатын себебі біреу-ақ: – Бəкенмен
қосылғаннан кейін де Ұмсын Шеримен жүрісін қоймайды, соған
ерегіскен Ақлима дуа кылдырып, Ұмсын содан жынданады!.
– Расында, – деді Мəшік, – ұзақ кеңесiн аяқтай келе, – оның
жындануы дуадан емес, қайғыдан. Қайғырмай қайтсін: ел-
жұртынан айрылды, Шери зорлап алып кашты, онымен де
қоймай, тастап кетті, барар жер, басар тауы жоқ сорлы, еріксіз
Бəкенге қосылды. Оны жұрт – бұзылған жүзі қара! деп көзге
түрткі қылды, безініп, жоламады. Осындай, айналасы тегіс жау
боп, жалғыз қалған бейшара кітапты ермек қып оқитын да
отыратын, оқыса, жылайтын да отыратын. Сондай ауыр қайғы
жындандырмай қоя ма оны!..
– Жынданғанда да, ауыр жынданды ғой, деді Таспай, – еркек
болса, бір сəрі, əйел бейшараның жынданғаны да аянышты
екен. Үсті-басын жұлып, шыдатпай, аузына келген сөзді айтып,
жұрттың мазасын кетірген жоқ па?
– Ерте демей, кеш демей, – деді Мəшік, – мезгілсіз уақытта
байбалам сап жылай беретін болды ғой, бейшара. Содан безер
кылды ғой жұртты, əйтпесе, кейінгі кезде залалы тиген жоқ еді.
– Жансақалдың үйі жынданған қызын қалай алып кетті? – деп
сұрады Таспай.
– Еркек жақтарының əкеткісі келмесе керек, – деді Мəшік, –
шешесі кеп əкеткен көрінеді. Үйіне барған соң, бейшараның есі
кіресілі-шығасылы күйге түсті. Бірнеше күн сап-сау жүріп, ара-
тұра бұзылып қалады деседі. Сау күндерінде кітап, кұраннан
көзін алмай, намаздан басқа уакыттарын соған ғана бөледі
деседі.
Сөзін осылай аяқтап келген Мəшік үлкен, кірпігі ұзын, қабағы
қалың көзін маған аудара қарап:
– Ұмсынның жайы осылай, бала, – деді. Біз, тегі, Жұсыптың өз
үйіне түсерміз. Ол үйге кештетіп барамыз, түнде көре алмассың.
Таңертең тұрған соң, ат суарып кел де, қай үйде отырғанын
біліп, барып көр. Қызының сəлемдемесін бер. Ауыл үйді сұраса,
білгеніңді айт. Бірақ Шери бар дей көрме, есіне өткен күнін
түсіріп, бұзып аларсың.
Жұсыптың үйіне біз ымырттатып жеттік. Оның үйі расында
қазиналы екен. Ішіне тай шаптырарлыктай кең.
Мен түнде тиышсыз ұйыктадым, оныма себеп, – шамды
сөндіргеннен кейін, саңлаусыз қараңғы үйдің ішінде, жатқан
төсегімнің қасында жынды біреулердің бейнесі елестеді де
тұрды...
Талығып барып үйықтағандықтан, көп жатып қалсам керек,
біреу түрткенге басымды көтерсем, осы үйдің жалшы баласы
екен, түндік ашылған, үйдің іші түгел тұрған, баладан басқа
үйде ешкім жоқ. Күн шаңырақтан қарап, биіктеп капты.
– Саған ат суарсын дейді, – деді бала.
Киініп, далаға шықтым. – Киім! дегенде, менің үстімдегі:
қамзол-шалбарым да, көйлегім де, сыртқы шекпенім де,
аяғымдағы қисық табан шегірен етігім де түгелімен Таспайдың
баласы Қанапиянікі. Бұларды беруге қимай, Қанапия
жыламсырағанда:
– Жылама, – деген Таспай, баласына жекіп, – мен емес, əлгі
Мəшік ағаң осы балаға жабыса қалған. Ертпегей едік, ерткен
соң, жат елге тырдай жалаңаш қалай апарамыз? Киіп, барып
қайтсын, шығарма дыбысыңды!
Қанапиядан еріксіз алып берген киімдерді маған кигізерде:
– Қасымызда боласын ғой, – деген Таспай, – бірақ бұ киімдерге
не етікке дақ түсіретін болсаң, менен жақсылық таппа!
Таспайдың бұл сөзін мен үнемі есте тұтып, киімді баптап ұстап
келе жатырмын.
Далаға шықсам, мені оятқан бала біздің екі атты жүгендеп əкеп,
арбаға байлап қойған екен. Бұ бала кешеден бері мені
айналдырыңқырап, сықақ қылғысы келіп жүрген қулау бала
көрінген. Со қулығын ол əлі де кейбір сөзімен, дене
қимылдарымен маған көрсетті де, ат суаратын көлдің жөнін
сұрағанда:
– Осы бетке тарта берсең, жарқыраған көл жатады, – деп жөн
сілтеді. Бір атты жайдақ мініп, бір атты жетекке алып, мен кете
бардым.
Бала сілтеген жөнде қырқаланып белес тұрған. Со белестен əрі
қарай ассам, жаркыраған кішірек көл жатыр. Шоқытыңкырап
келген қалпыммен көлге түсіп кетпек боп ем, аттар жалтақтап
жоламады. Семізден жарап келе жатқан аттарды еркіне қоймай,
қыл шылбырменен сауырға тартыңқырап қап ем, көлге түсе
кетті.
Көлдің шеті қорыстау, батпақ сияқты көрінді маған. Оған мен
қарамай, аттарды тағы да ілгері айдай бастадым. Таяқтан
қысылған сайын аттар тереңдеп бата берді...
Аздан кейін аттар қимылдай алмастық халге жетті.
Не істеу керек?
Сазда тұра беруге болмайды. Аттың үстінен түстім де, жаяу
жетектемек болдым. Енді өзім батып барам...
Маған қиыны екі етігім болды: сазға кірген етіктер əлденеге
тістесіп тұрып алады да, қонышынан қолыңмен тартпай
шыкпайды...
Сол азаппен ес кетті, жан шықты дегенде жағаға жеттім-ау!..
Денемде де, киімім де сазға былғанбаған тинақтай жер жоқ...
Жанталасқан аттар да кабырғасынан жылжып, сазды есіп
отырып, əрең дегенде жағаға шықты... Со кезде манағы қу бала
да жайдақ атқа мініп шауып келді.
– Ой, мұрныңды… – деп ол менi боқтай келдi. – Мен сенi көлге
қарай сiлтесем, сорға кеп түсiп кеткенiң не қылғаның? Қайта,
шыққансың, түбiне батып кетпей!..
Менi оның алдап жiбергенiн бiлiп тұрмын. Бiрақ не iстейсiң
оған! Əлiм жетпейтiн жасы үлкен бала!..
Бала бiраз күлiп алды да, менi мүсiркеген боп:
–
Саған обал болған екен, – дедi, – мына қалпыңмен ауылға
қалай барасың? Аттарды да жуу керек, киiмдерiңдi де жуу
керек. Суы түщы қайраң көл бар, жүр, барайық соған!..
Бала шаба жөнелдi, мен де артынан жөнелдiм.
Көл расында да қайраң екен. Аттар суға қанғаннан кейiн, бала
екеумiз тазартып жудық, мен киiмдерiмдi жудым.
Мана сазға кiрген етiктi қонышынан тартып жүргенде, екi
ұ
лтаны суырылып қалып қойыпты.
Бұл арада бала менi аяудың орнына, ұзыннан өшi, қысқадан кегi
бардай: «Оқасы жоқ, тiрi болсаң, етiк табылмас деймiсiң», – деп
мазақтап, қарқылдайды да күледi…
Ауылға барар бет жоқ!.. Бармағанда, қайда барасың!..
Не хал болғанын жорамалдағандай, менiң серiктерiм де
тиышсызданып тұр екен. Бiздiң қарамызды көрген соң, олар
қолын бұлғап шақырды… ұялсам да келдiм-ау!..
Олар менi аттан түсiрiп, «не болды, не болды?» деп сұрай
бастады. Сонда қу бала тұрып:
– Мынауың бiр қара басып жүрген бала ғой, өзi, – дедi
серiктерiме, – көл деп сорға түсiп кетiп, өзi де өле жаздапты,
аттарын да өлтiрiп ала жаздапты. Əрең шығарып, көлге апарып
жуып қайттым.
– Не дейдi, – деп Таспай ызғарланған кескiнмен менiң
киiмдерiмдi қарады да, ұлтансыз екi етiктi көрдi.
– Қап, бүлдiрген екенсiң ғой, – деп Таспай менi сабамақ болып
едi, мiнезi жұмсақ Мəшiк:
– Ұят болар, жат жерде, баланы бақыртып сабап жатқаның.
Ештеме етпес. Осы ауылда етiкшi бар шығар, табандатып
алармыз, – деп арашаға түсе кеттi. Таспай:
– Қап, сен қырсық па, сен қырсық!.. – деп түсiн суыта, саусағын
безедi де қойды.
– Кешегi орамал мен сақинаң бар ма? – деп сұрады менен
Мəшiк.
Қарасам, орамал орнында екен, тек малшынудан бояуы шығып
кеткен екен.
– Тез кептір. Сөйт те, апарып бер. Кешікпей жүреміз. Өзі
Тілемістің отауында көрінеді, – деп Мəшік маған ақ үйдің
біреуін нұсқады.
Етігімді ауылдағы етікшіге ұлтандатуға апарып бергеннен
кейін, манағы қылығыма бетімнен отым шыққандай, мен
сəскелік асқа барған жоқпын.
Қонақтар мен үй иесі асқа отырған кезде, мен
–
Тілемістің отауы! деген үйге келдім. Ақкигізді, баулары
ə
шекейленген өрнекті отау. Түріліп қойған кигіз есіктен
сығалап қарасам, отаудың іші тамаша жасау. Төрге жинаған əр
түсті жібек көрпелер, көк барқытпен тыстаған мамық
жастықтар, теңдеп буған кілемдер, үйдің ішкі баулары да,
басқұр, таңғыштары да кілемдей өрнектеліп тоқылған. Оң
жақта үстіне ақ масақана құрған ақ никельді кровать, оның
үстінде өрнектері ғажап жабу...
Осы кровать пен төрдегі жүктің екі арасындағы кезеңдеу жерде
менің көзіме қайран қаларлық ғажап көрініс ұшырай кетті: ар
жағында керегеге сүйеніп, адамның бойынан биік айна тұр...
Сол айнаның бер жағында шаш сияқтанған бірдеме түрегеп
тұрған адам бейнелі əлдененің төбесінен жерге төгіліп тұр!..
Ішінде əлденемене бүлкілдейді!.. Не нəрсе бұл?.. Адам дейін
десем, – мұндай ұзын жəне қалың шаш бола ма!.. Адам емес
дейін десең, – неге жанды мақлүқтай қимылдайды ол!..
Демімді іштен алып, қайран қап тұрғанымда, ықтиярдан
тысқары жөтеліп қалдым... Сонда əлгі зат бері карай бұрылды
да, жаңағы төгілген шаштың орта кезі қақ айрыла берді...
Қарасам, əйел!.. Екі қолымен шашын кейін қарай сілкіңкіреп
тастаған ол, мені көрді де, төгілген шашын иығына салып,
басына жұқалау ақ шəліні жамыла қойды. Сөйтті де:
– Келе ғой, шырағьм, – деді маған.
Қиссаны көп оқыған жəне ғашықтық қиссаларда талай
сұлулардың сипатын кездестірген, солардың ішінде перінің не
хор қыздарының сұлу сипаттарың оқыған маған мынау əйелдің
қасында олардың бəрі сұлу емес сияқтанды... Соның дөңгелене
біткен аппақ, жұп-жұқпа бетіне, мандайдан тура түскен тіп-тік
қыр мұрнына, үлбіреген жұқа еріндері мен оймақтай аузына,
ұ
зындау біткен аппақ мойнына, тостағандай мөлдір қара көзіне,
қайқая біткен ұзын қара кірпігіне, қиыла біткен қою қара
қасына, кең мандайына... дене кұрылысы да лайықталып
жаралған сияқты: орта бойлы, кең кеуделі, тар мықынды, тіп-
тік, əдемі дене!..
Ə
йелдің сұлулығына есім шыққандықтан, оның кім екенінде
жұмысым болған жоқ, күмістей сыңғырлаған дауысымен – келе
ғой, шырағым! деген соң, үйге кірдім. Əйелдің маған бірінші
сөзі:
– Қақаң ауылының баласымысың?
1
– Ие, – дедім мен.
Ə
йел кроватының алдына отырды да, қасымда кімдер барын
қыскаша сұрап ап:
– Қакаң үйінде болғаның бар ма? – деді.
– Болдым, – дедім мен.
– Онда Күлəмəй деген кызды білемісің? – деп сұрады əйел.
Білмегенімді білемін дей алмадым мен. Сол арада орамал мен
жүзік есіме түсіп, қалтамнан суырдым да, колына ұстата бердім.
– Бұ не? – деп сұрады əйел.
– Күлəмəйдің сəлемдемесі, – дедім мен.
Ə
йел орамалды сабырмен ғана алды да, аппақ ұзын, нəзік
саусактарын майыстыра жүзік ораған түйінді шешті. Сөйтті де,
жүзік пен орамалға қарап отырып:
– Ол қыз бұл орамалды жылап берді ме? – деп сұрады менен.
Мен жауап бере қоймап ем: – Ұйпаланыпты ғой мынау орамал,
су болған орамал ғой, – деді.
Ə
лгінде көлде су боп, далада кептіріп алғанымды айтқан
жоқпын.
Сонан кейін үнсіз тұнжырай калған əйелдің кескіні жел үрлеген
судын, бетіндей қимылдай бастады... Жылағысы келіп
қалғанын көріп тұрмын... Ойымда – Ұмсын осы! деп жорып
тұрмын...
Ұ
мсынның нақ қасында гүрси ағашқа бетін ашып салып қойған
сарғылт қағазды кұран тұрған. Ар жағында жақтаулары
ойылған сүйектермен əшекейленген шкаф, оның ішінде
қырынан қаланған жуан-жуан кітаптар... Бұндай жуан
кітаптарды менің өмірімде бірінші рет көруім.
Түсі құбылып кеткен Ұмсын, жанында тулаған толқынды басуға
себеп болар ма деген адамдай, дірілдеген қолдарымен
қасындағы кұранды ала берді де, көтере алмағандай орнына
қайта қойды. Содан кейін қызынан келген қызыл жібек
орамалмен бетін баса койды да, ал өксіді кеп!.. Бүкіл денесімен
жылағандай, оның тұла бойы қалшылдап кетгі!
Мен қайран қап, қасында түрегеп тұрмын... Сөйтіп тұрғанымда,
ө
ксіп жылаған əйел күліп қоя беріп, маған аса қоркынышты
кескiнмен тесірейе қарай қойды... Енді менiң алдымда манағы
жұмақтан келді ме деп жорыған хордың қызы емес, сипатынан
жан түршігетін албасты елестеп кетті...Мен тұра қаштым... Əйел
мені тұра қуды...
Сасқалақтап, есіктен шыға алмай жүргенде, əйелдің қолына
түсіп қалар ма ем, қайтер ем, – егер жаулықты жас əйел сол
сəтте есіктен кіріп келмесе. Əйел жындыны кұшақтай алды да:
– Қалқам-ай, не болды саған? – деді. Мен есіктен зып етіп ата
жөнелдім.
Артынан білсем, Ұмсын сұлу осы əйел екен.
Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов бiрiгiп Ұмсынның трагедиялық жағдайы туралы
«Ақан – Зайра» атты пьеса жазған екен. Сiрә, Сәбит Мұқановтың айтуымен Мұхтар
Әуезов жазса керек. Әрине, бұл шығармада артық кеткен жерлер көп. Дегенмен
оқырман жұрт бiлуi үшiн, пьесаның кейiпкерлер тiзiмiн және 1-шi суретпен, 5-
суреттен үзiндiлер берудi жөн көрдiм. Сонымен қатар пьесаның соңында редакция
жазған түсiнiктеменi де қостым.
Мұхтар Əуезов
АҚАН – ЗАЙРА
Ақындар, əншiлер өмiрiнен алып жазылған 6 суреттi күйлi
пьеса.
Адамдары:
Ақан – ақын, серi, əншi.
Зайра – Керей iшiндегi азырақ рудың байлау бiр жерiнiң қызы.
Мұсылманша жақсы оқыған, хиссашыл.
Шаймардан – қыз ағасы. Зайраның иесi де сол. Бiржан, Ыбырай,
Нұржан, Шолақ – Ақын, əншiлер. Бiржан кəрi ақын. Өзгелерi бiр
құрбылас жастар Нұржан шарғи кiтапшыл, молда сөздi.
Шери – Торсан байдың саудагер баласы.
Торсан – Қырда саудасы мол жүрген, тұрмысы қалашалау,
саудагер бай.
Ақлима – Шеридiң үлкен қатыны.
Айша – Шеридiң қарындасы, қалаға аралас.
Азын-аулақ орысша бiледi.
Бəкен – Торсанның кiшi баласы. Əке ығындағы үндемес бала.
Төре – Абылай тұқымы, орысша офицерлеу.
Ояз тiлмашы.
Ояз – Торсан, Шери тамыры.
Қулар – Торсан ауылының əртүрлi кем-кетiктi мазақ етiп, бай
ауылын күлдiрiп жүретiн қулары. Сақау, қыли, сыбызғышы,
бəйiтшi…
Ботпай – Торсанның əрi туысы, əрi ақылшысы. Досмұхамбет –
Торсан балаларының ақыны.
Шарғи кiтапшыл.
Алтынай – Зайраның шешесi.
Бəйбiшелер, бөгде адамдар, қыз-қатын, нөкер жiгiттер, бəйге
атқа шапқан балалар.
Бiрiншi сурет:
Аздан соң алды жүгiре, ойнай күлiп көрiнiске шығады. Топ
ортасында Зайра. Қасында қыз-келiншек, араларында
домбыралы ақындар, сал жiгiттер. Бұл топта Нұржан, Ыбырай,
Шолақ бар. Бұлардан оқшауырақ екi домбыраның үнiн қосып,
Ақан мен Бiржан шығады.
5-шi сурет:
Сахна бiр отау, бiр үлкен үйдiң жартыларынан құралған.
Араларында алаң бар. Отау Шеридiң үлкен əйелi Ақлиманiкi.
Сонда Айша, Ақлима. Үлкен үйде Торсан. Оған Бəкен қымыз
сапырып берiп отыр.
Көрiнiсi:
Торсан: Бiр қырсық үшiн Ақлимамнан айырылып құтымды
шайқаушымем? Ақлимадан басқа келiнiм жоқ оның төркiнi
менiң асқар белiм.
Құтырмасын, құдайын ұмытпасын Шери… Кергi жоқ.
Торсан Бəкенге: Болды. Шырағым, басымды пəледен құтқар.
Осыны, тiледiм сенен. Сен ал.
Түсiнiктер:
«Ақан-Зайра» – Сəбит Мұқановпен творчестволық бiрлiкте
дүниеге келген туынды. Жазушы архивында пьесаның араб
ə
рпiнде жазылған қол жазбасы мен латын əрпiнде машинкаға
басылған нұсқалары бар. Екеуiнiң арасында бiрлi-жарым
түзетiлген, қысылған, өшiрiлген сөздер болмаса айтарлықтай
айырма жоқ. Пьесаны (либретто делiнген) жазушының өзi орыс
тiлiне аударған. 1936ж. 17 майда «Қазақ əдебиетi» газетiнде
жарияланған үзiндiсiнен басқа ешқайда жарық көрген емес.
Ескере кететiн бiр нəрсе: қолжазбада Зайра есiмi бiр-екi-ақ
жерде кездеседi, ал қалған тұстың бəрiнде Ұмсын болып
жазылған. Жарияланған үзiндiде де, латын əрпiнде машинкаға
басылғаны мен орыс тiлiне аударылған қолжазбада да Зайра
деп алынған жəне шығарма атауы да – «Ақан-Зайра». Солардың
бəрi ескерiле келiп, араб əрпiнде жазылған қолжазбадағы
Ұ
мсын емес, басқа нұсқалардағы Зайра алынды.
Ғабит Мүсiрепов
Ұ
МСЫН ТУРАЛЫ
Жерлес жазушы Ғабит Мүсiрепов те бала кезiнде Ұмсынды
Торсан үйiнде көрсе керек. Сол көргенде-ақ ол Ұмсынның
ғажайып сұлулығына қайран қалады. Оның Торсан үйiнде
көрген қорлығы да, кiтапты көп оқитындығы, бiлiмдiлiгi де жас
Ғабиттiң есiнде қалады. Мiне, осы жайлар өмiр бойы Ғабиттiң
есiнен кетпейдi. Ғабең қазақтың үш асыл қызы: Ұлпан, Ұмсын,
Майра туралы, олардың трагедиялық өмiр жолы туралы көп
ойланып, көп толғанған. Осы үшеуi туралы шығарма жазып жас
ұ
рпаққа танымдық ретiнде тапсыруды ойлайды. Ақыры 1975
жылы «Ұлпан» повесiн жазып шығарады. Осы повестiң соңында
Ғабең былай дейдi: «Менiң ойыма өз заманынан бұрын туып,
арманда кеткен үлкен жанның бейнесi бiржола ұялап,
шегеленiп қалды. Қанша жыл ойымда жүрсе де, қашанғы əдетiм
бойынша кешiгiп жарық көрген «Ұлпан» сол бейнеге, сондай
бейнелерге арналады». (Ғ.Мүсiрепов. Ұлпан. Повестi. Алматы
«Жазушы» 1975, 242-бет).
Ə
йгiлi əншi Майра Уəлиқызы Шамсутдинова туралы Ғабең
1981ж. 27 ақпанда «Атақты əншi Майра» атты əңгiмесiн «Қазақ
ə
дебиетi» газетiнде жариялады. Кейiн оны жөндеп,
толықтырып, 1982 жылы «Майра» деген атпен жеке кiтап
(сувенирлiк басылым) етiп шығарды.
Оның ендiгi арманы Ұмсын туралы кiтап шығару болған екен.
Ғабеңнiң бұл арманы туралы бiз Ғабеңмен соңғы 15 жыл бiрге
тұрған соңғы жұбайы Ғазиза Бисенова апамыздың «Жалын»
журналының 1987ж. №1 санында, жарияланған «Жомарт жүрек
жылуы» деген естелiгiнен байқаймыз. Осы естелiгiнде Ғазиза
апай былай дейдi:
«Жат қолында» романын тамамдағаннан кейiн Ұмсын атты қыз
төңiрегiнде жиi айтатын болды. Шет жағалатып бiлгенiм –
Ұ
мсын Ұлпанның заманында өмiр сүрген көзi ашық, көкiрегi
ояу сауатты адам. Сол кездiң өзiнде алыстағы Александрия
қаласында оқып бiлiм алған. Елге оралған соң бiлiмiне сай орын
таба алмаған. Европа мəдениетiмен қысқа көйлек киедi, басына
орамал салмайды. Ел арасында көзге шыққан сүйелдей күн
кешкен оның бұдан кейiнгi өмiрi өксiкпен өтедi. Бұл бiр
қайғылы тарих болса керек. Ол мен үшiн қаламгер Ғабеңнiң көз
жұмғанға дейiнгi арманы, қарындашының ұшында қалған
болашақ шығармасы сияқты болады да тұрады».
Ғабеңнiң Ұмсын туралы кiтап жазуды армандап, дайындық
жасағанын бiз оның əр түрлi мағлұматтар мен бiрге келешек
жазатын шығармаларына керектi жоспар мен мəлiметтер
жазған күнделiктерiнен де көремiз. Ендi сол күнделiкке
Ұ
мсынға байланысты Ғабеңнiң əр кезде жазған ойлары мен
жинаған мəлiметтерiн сол қалпында келтiрейiк:
Ұ
мсын:
Самай руы Жансақал баласы Жүсiп қажының қызы Ұмсын.
Ағасы Тiлемiс4 – зергер, өрiмшi, тiгiншi адам. Жүсiп əуелi
Абылаймен (Рамазанов) бiрге Мекеге барған. Ескендрияда
(Александрия) түбi қыпшақ, Бейбарыс нəсiлi Астад Махмудимен
танысқан. Оның жаңаша орта мектебi бар екен. Ұмсын кейiн
сонда барып оқып қайтады. (237).
Ұ
мсынға:
1. Бұл Клеопатра‘ шомылған бассейн екен. Ұлы Ескендiр9. Юлий
Цезарь³. Помпей8 мен Антоний9 шомылған бассейн екен. (бала
осыны зарлап айтады), (бала болмас, əтек күзетшi боларау-Ғ.М.).
2. Қарындасының ояң-ойпат, дөң-дөңкес жерлерiнiң бəрi
танылып тұр. Қызыл жiбек шомылу көйлекшесi денеге
жабысып, сұлулық-сипатын да, дененiң бар бiтiмiн де
жасырмай тұр. Ағасы…
Мен жуынып, киiнiп келейiн (Ұмсын кеттi).
3. Қара шашты, сарғылт шашты қыздар ендi көрмеген адамға
таңырқанып қарап тұр кесек денелi, киiм пiшiмi жат, қара
мұртты т.т. …жас жiгiт… Бұл Тiлемiс¹º.
Ұ
мсын:
Ұ
мсын Жансақалов Жүсiптiң қызы (Есiл бойындағы Самай) –
1885ж. туған¹¹. Ағасы (?) – Тiлемiс зергер ағаш шеберi. Ғашық
жiгiт Нүрке Тоқтабаев, Кiшкентай Жолке баласы.
Бiрi серi, бiрi азулы. Нүрке – 1876ж; Кiшкентай – 1885ж. туған.
Шериаздан Торсанов. Ақлима Нұрқан қызы. Бəкен (Ұмсынды
осыған қосады). Торсан.
Ұ
мсын Александрияда 5 жыл оқып келген¹².
«Кəрi қыз».
Үш мiнез.
1. Ұлпан.
2. Ұмсын.
3. Майра.
1. Ұлпан – Есеней.
2. Ұмсын – жынданбаған, өмiрден баз кешкен, əдейi жынды
десiн деген. Адамға көрiнiп, аяушылық күтпеген, өз елiне
қайтып көрге кiрiп жатуды ойлаған. «Өлiмнен ұят күштi» (248).
Ұ
мсын.
(Повесть)
Ұ
мсын Жүсiп қызы, шешесi Қарашаш (Қареке атанып кеткен.
Ұ
мсынның 7 жасында өлген). Шойман Жүсiптiң шешесi,
Жансақалдың əйелi, болыс болған адам.
Патшаның Анастасия деген қызы туған жылы Самай болысы
Анастас болысы атанады. Шойманды жеңген Нұрғожа¹³.
Анастастың атын бiлмей қалады. Шери айтып жiбередi. Содан
Шери болыс болады.
Шойман кемпiрдiң Ұмсынды Шериге беруге салмақ салғаны
осыдан (Шери қыр Самайды бөлек болыс етуге уəде бередi).
Ұ
мсын 1908ж.24-те.1884ж. туған,1917ж.өледi). Ұмсын – Надежда,
ағасы – Тiлемiс – (1880-1962) өрiмшi, зергер, ұста, киiм тiгедi,
етiкшi, ақылды, зерек, оқымаған адам¹4.
Ұ
мсынды алғаш айттырған Нүрке Есiлбай баласы. Ұмсынның
ғашықтары. Ғалиянұр, Нұрғожа¹‘.
1
Ұ
мсын
Екi бəуеске, алты тарантаспен жас келiндi алып келе жатыр.
Ақлима Нұржан болыстың қызы, қасында қыз-келiншек, бала-
шаға. Жас келiндi қарсы алуға шығыпты.
Екi жеңгесiмен келiншек, үлкен топпен шыққан Ақлима
қарама-қарсы келе жатыр.
Шашу – өрiк-мейiздi, қант, конфет, құрт, бауырсақ… бiр кезде
түйенiң құмалағымен атқылады келiндi.
Күн де жауып, қатты күркiреп шелектеп жауып кеттi. 9 жасар
Айша келiндi аяп, екi қолын керiп тұра қалды. «Тимеңдер! Ағама
айтам».
Ақлима тобы оған қараған жоқ. Атқылап жатыр, атқылап
жатыр. Жас келiн бүрiсiп қалды.
Бұл келiншектiң аты Ұмсын едi.
2
Александрия. Море, пляж.
Баспалдақпен бiр көркем жiгiт түсiп келедi. Ақ киiмдi, қара
тебетейлi. Бұл Клеопатра мен Антонийдiң пляжi. Бұл…
Қызыл купальник киген қыз жүгiрiп келiп ағасының мойнына
асылды. Ұмсын осы қыз. Ағасы өрiмшi, ағаш шеберi, зергер,
палуан, əншi Тiлемiс. Шомылып жүрген қыздар қоршап алды.
– Бiржола кеткенiң бе?
– Мына жiгiт күйеуiң емес пе?
3
Ұ
мсын Қызылжар медресесiнде. Əл-Азжар. Мұхамед бин Вағиф
мектебi. 12 фəн, Қожылдық. География. Тарих. Тiл. Əдебиет.
Есеп. Дүние тану.
4
Шери пленный. Задержан 20 қысырақ в Мендiғаре. Шақан у
Мiнайдара. 20 лошадей конножавойника – Жуан – Хохола. Он
нажимает на Торсана.
Нұрқан мен Мiнайдар – құда.
5
Ақлима Нұрқан қызы. Ол өзiнiң үстiне Ұмсынды алдырар емес.
Шери Самай баласы, атқамiлерлердiң аузын алып, Ақлиманы
жiберiп, Ұлпанды алмақ. Жiбередi жай сөз, тұра келе екi əйел
сыйысып кетер деген. Ол болар емес.
Нұрқанның жiгiттерi Сыбанды қоршап алып тұр.
6
1. Шақан Торсан ұлы Уақ болысы.
2. Шерияздан Торсан ұлы Самай болысы.
3. Арап Торсан ұлы Сыбайдың ең байына күйеу болды.
4. Бəкен Торсан ұлы. Ұмсынды осыған атастырды.
7
Бiтiмi Ұмсынды Бəкенге, Айшаны Мiнайдар баласына. Ұзамай
Шақан жарылып өледi.
Шақан өлiмi. Нұрқан жiгiттерi Торсан ауылын қамап алып
тұрған күндерi. Жуан – Хохол жылқымды тауып бер деп əлек
салып жатқан күндерi. Торсан Исақанды Мiнайдарға жұмсаған.
Қолға түсiп қалған екi жiгiтi – Шөкен мен Терiстаңба – қағазға
iлiнiп босаса екен, орыстың малын қайырып берсе екен, деген.
Мiнайдар Шақанды 3 күн қабылдамады, 4-шi күнi Шақанның
жегiп барған аттары жоғалып кеттi (Мiнайдар мен Нұрқан
Қостанай уезiне қарайды. Торсан, Самайлар Қызылжар уезiне
қарайды).
Шақанның өзi көрген қорлығы, қызын ерiксiз айттырғандары –
Шақан жарылып өледi.
8
Айша құдалығы.
20 құнан Торсанның алған қалың малына қосылады. Мiнайдар
ендi 80 мал бередi. Болды!
Келесi сайлауда Шеридi Самайлар түсiрiп тастады, Ұмсын.
Шери. Бəкен. Ауыл жiгiттерi. Бəкен – Шери – Ұмсын қыз туды.
Ə
ке кiм?
«Жынданған» Ұмсын, жаны ашыған Ақлима, Айша.
Жынданған белгiлерi:
Жалаң бас, жалаң аяқ отырады, түзге құман алып шығып, суға
киiмшең түседi, кейде сихр оқиды (Араб жырлары) Лəйлi-
Мəжнүн. Омар Һаям, Софы Аллаяр. Араб-Фарси тiлiнде бiр
сандық кiтаптары бар екен!
Жынданды дегенге əуелi Ұмсын намыстанып жүрушi едi. Ендi
осы ауылдан құтылу үшiн өзi жынданған белгiлердi ойлап
тапты. Сарнау шығарды. Он жасар Айша мəсi киiп жүрушi едi,
оған кейде жалаң аяқ жүрудi үйреттi. Кешке ауыз шаю.
Ұ
мсын жынды атанды.
Елiне қайтуы. Ақан серi. Баспасөз жiгiттерi.
1917 жыл.
Ұ
мсын 30-31 жастарында əуелi өкпе ауруына, одан кейiн сүзекке
ұ
шырап өледi. Торсан үйiнен соңғы рет қашқанда күзгi қара
жаңбырлы суық екен. Екi түн далаға қонады. Амалсыздан, сол
күнi кешке Мұсабай қажының үйiне кездескен екен. Ол –
көрдiк-бiлдiк демейiк, жолыңнан қалма дептi.
1913 жылы өлдi. Ұмсын жоқтау айтты. 1917ж. Қашып келiп Ақан
бейiтiне жетiп өлген. Қатар көмiлген. Қарсы-жаңбыр, ылғи
түнде жүредi, күндiз адам көрiнсе көлге түсiп кетiп қамысқа
тығылады, қуғыншылар… iздеушiлер… Көл жағасында
iздеушiлер… суық суда түн болғанша отырады. Түнде жүрiп
кетiп Ақан моласына жетiп құлайды¹9.
Революция
Бұл кезде Египет Түркияға бағынышты… Египеттi Англия
басып алса да, өзiне қосып алған жоқ. Египет Түркияға жылдық
шығын (дант) төлеп тұрады. Хедив – мемлекет бастығы – Египет
билеушiсi.
Бұған дейiн мектептер француздардың қолында едi, ендi
ағылшындарға көштi. Франц. қолында жеке мектептер, дiни
мектептер қалды…
1890ж. Бастап Александрияны халықаралық миниципитер
билейдi (8-том, Ист.19-века).
– Ұлпанды көмген жердiң, не болмаса Ұлпанның аяғы басқан
жердiң топырағы құтырған шығар! – (Шери).
Ə
йелдерге бiлiм берудi жақтаған, жүзеге асырған адам – Гулям
Рифат-бей, Əл-Азхар универс. шыққан адам (1875ж. өлген).
1. Ұмсын өзiнiң бұл елге керексiз болып келгенiн түсiндi.
2. Сүйдiм дегенiне сене алмады, оқыған романдар басқаша
айтатын.
1. Ұмсын оқытушы болуға ұмтылып, Абылай арқылы мектеп
аштырып едi, балаларға құран, намаз оқытпағаны үшiн мектеп
бiр қыстан кейiн жабылып қалды.
Күйеу келдi (Нүрке Есiлбай қажының баласы)¹³
– Таһатың (дəретiң) бар ма дептi жатар алдында. (Айтыс, тартыс,
талас, айрылыс).
Ұ
мсын
Елiме пайдалы болармын деп ойлаған Ұмсын ендi сол елге, сол
заманға беделсiз екенiн түсiнедi, трагедиясы осында. Бақытқа
сенбейдi, бақытсыз өмiр керек емес.
«Мен елiмнiң бар тiршiлiгiнен жатсырап кетiппiн, мен əкелген
бiлiмге аңсап отырған ешкiм жоқ». (266)
Ақан серi – Ұмсын
Ақан 1913ж. 73 жасында қайтыс болған.¹8 Ұмсын 1917-1918
жылдың қысында 33-34 жасында қайтқан: өкпе ауруына сүзек
қосылған. (Ақын Молдахмет Тырбиевтен алынған мəлiмет).
Ақанның əр кезде Ұмсынға шығарған өлеңдерi:
– Ақтангер əлде неге есiнейдi
Аққу ма, перiште ме түсiне ендi
Кезiнде бағы тайған, дер кезi ауған
Күнiнiң не боларын түсiнбейдi.
Сап көңiлi Ғайнен Хият бұлағындай
Мəңгiлiк қасiрет тартса өкiнбейдi.
Ақтангер күй талғамас бəйге десе
Қаракөз тiлек тiлеп мөлдiресе
Алласы нағып мойын бұрмас екен
Күнəсiз қыз жүрегi шын тiлесе.
Бақыт па, иə, қасiрет пе – маңдайымнан
Бал тамар сөйлеп кетсең таңдайыңнан.
Сирател мұнтағаның ағашындай
Жұмақтың жаратылдың қандайынан?
Адамның бар сипатын көрер Ғайни,
Сайфун ғала рəсиуал, узнаини.
Бiр сiзге махаббатым барлығына
Тасшафуд екi иығымда малақайни.
* * *
Ұ
мсын Торсанның үйiнен қашып кеткелi 4 жыл… 1917 жылы
«бостандық, бостандық!» деп ел түгел айғайлағанда сорлы
Ұ
мсын күзгi қара жаңбырда Қызылжарға тартады.¹9 Бұл кезде
қаланы ақтар алып қойған едi. Жолда ақтар оның екi атын
тартып алып, арбасын далада қалдырады. Ауылдың бiр
қызымен, көшiрiмен мидай даладағы көлдiң жағасына түнейдi.
Арба қалды, қарлы жаңбыр… суық өтiп, өкпе ауруы… 4 күннен
кейiн елге жеттi. Жөтелiп келедi. Өкпе ауруы… сүзек болды.
Ұ
мсын Торсанның баласы Шериге ұзатылатын болып, үмiт
үзiлгеннен кейiн Ақан қызға мына бiр өлеңдерiн жазып
жiберген.
Уаттури зайтун ағаш лағыл шашың,
Жұмақта фауақия iшкен асың.
Болғанда жаның жаннат, лебiзiң лəззат,
Қор болды-ау бiр наданға ғазиз басың.
Не айтайын арашалар шамам қайсы,
Құрғамас өле-өлгенше көзде жасым.
Күн-түнi қасiретiңдi бiрге тартып,
Ө
лермiн қуарғанша баста шашым.
Айтар ем бақытты бол Ұмсын-жан деп,
Айтпаймын, бiлгеннен соң ол болмасын!
«Тегiнде Ақан мен Ұмсынның тiлектерi де, күндестерi де,
жауластары да көп болған. Сондықтан Ақандiкi делiнетiн
ө
леңдердiң iшiнде сондай дос-қас қосқандар да бар сияқты»
(Молдахмет Тырбиев, 1943 жыл).²º
Ұ
мсын Торсан баласы Шериге менiң 5-6 жастағы кезiмде
ұ
затылып келедi. 1908-1909 жылдары.
Басқа балалармен бiрге сабақтан қайтып келе жатып Ұмсынды
бiз де қарсы алдық… Күн жауып кеттi. Шеридiң əйелi Ақлима,
қасында қыз-келiншек. Алдарында көк жiбек шымылдық. Əуелi
құрт, iрiмшiк, бауырсақ, бiрер кəмпит шашты. Артынан ылғи
түйенiң құмалағын шашты: келiншектi атқылады, екi əйел
қатты қимылдады. Бiреуi Ақлима, бiреуi Нұржамал деген əйел
едi. Күн жауып кеттi. Он жасар Айша Ұмсынды қорып, құлашын
керiп оның алдында тұра қалды. (Тағы бiр еске түсiрерiм).
Сонымен бiрге Ғабең күнделiгiнде «Ақан трагедиясы» деген бiр
үзiк ойын келтiредi. Онда былай дейдi:
Ақан трагедиясы
«Ақан 50жаста, Ұмсын жиырма жаста.
Екеуi де бiрiн-бiрi айтпай бiлдiрмей сүйедi, арада отыз жас
айырма бар.
1. Оңашада Ақан мен Ұмсынның өзiне-өзi айтар ғашықтығы,
шер сөздерi, теңеулерi, сөз лептерi бiреу ғана. Екеуi де ақын,
екеуi де қатты сүйедi, бiрiне-бiрi айта алмайды, жалғыз, оңаша
шерленедi.
2. Кездесiп қалғанда ортақ əңгiмелерi басқа тақырыптарда.
Мұнда көзқарастары бiрге шығады, сол арқылы сыр алысады.
3. Көбiнесе, бiрiне-бiрi ұрлап қарап, байқамай дене, қол тиiсiп
қалғанда дiр қағады. Дəлел тауып басқаға бұрады.
4. Ұмсын Ақанның əн мен өлеңi бəсеңдемесiн деп ойлайды. Ақан
да Ұмсынға солай қарайды. Аяғында ақын қосылмауға бел
байлайды.
Илья Жақанов
АҚҚУЛАР ҚОНҒАН АЙДЫН КӨЛ
Белгiлi композитор, жазушы Илья Жақановтың осы əңгiмесiнiң
«Жүйрiк ат, қыран бүркiт, ұшқыр тазы» бөлiмiнде Үкiлi Ыбырай,
Нұрке серi, Шынтемiрдiң Тұрғыны жəне Ұмсын туралы
баяндалады. Ең алдымен Тұрғынның ата-тегiн айта кетейiк.
Тұрғынның атасы Тауағаштағы Шағалақ Керей Шорман дуан
(округ) кезiнде старшина болған кiсi екен. Өзi бай болыпты.
Оның баласы Шынтемiр мырза қобыз, сыбызғы, сырнай,
домбыра, скрипка тартып əн салған. Ол да кейiн сол Шағалақ
елiнде старшина болған. Шынтемiр мырза Үкiлi Ыбырайды
тəрбиелеп Болатнай медресесiнде оқытыпты.
Бұл əңгiмесiнде И.Жақанов қазiргi Айыртау ауданындағы
Карасев совхозының «Бiрлестiк» бөлiмшесiнде тұратын суырып
салма ақын, əншi Байжұман Ғабдуллиннiң əңгiмесiн келтiредi.
«О, ол кез – Үкiлi Ыбырайдың 35-ке ойнақтап шыға келген
жалын лептi өрт кезi… Үкiлi Ыбырайды ел қатарына қосып,
бұлбұлша сайратқан ақын жанды Шынтемiр мырза дүние
салған. Шынтемiрдiң көзi кеткен сөң оның Тұрғын деген естi
ұ
лы Үкiлi Ыбырайды туған ағасындай көрiп, қадiрлеп ұстап,
екеуi iрге бөлiспей жүрген-дi. Тұрғын да əкесi сияқты ел
iшiндегi сал, серiлердi, ақын жырауларды, аңшы, саятшы,
мерген, зергер ұстап, палуан жiгiттердi маңына көп жиды. Оның
қасқыр алатын «Танакөз» деген бүркiтi, «Қуйын» деген құмай
тазысы болды.
Бiр қансонар күнi таң азанмен Тұрғынның үйiне Керей елiнiң ер
көңiлдi серi жiгiттерi – Есенəлi, Мырзай, Қазыбек, Мырзатай
серi, Тiлеухан палуан, Үкiлi Ыбырай, Нүрке серi, Оспанның
Рахметi дейтiн саятшы бар, бəрi ұмар-жұмар жинала қалады.
Олар сол дуылдасқан күйi əлекедей жаланып, құстарын алып,
итiн ертiп, басымен алысқан алмауыттарын айқастатып
Жалғыз Жамантауға қарай тартып отырады…
Ертеңнен кешке дейiн созылады сол шулы шабыс… Қызыл
жалқынданып күн батып бара жатады.
…
Бүгiнгi тамашаға мəз болған жiгiт пiрлерi ердiң қасынан,
қанжығадан төмен салбырап жер сызған көкжал арланның
терiсiне мақтана көз тастайды қызыл түлкi де көздiң жауы,
ынтықтырады…
Аңшылар көлденең Есiлдiң терiскей бетiндегi Мерген²¹ деген
жердегi Жансақал қажының ауылының тұсына келедi.
Дүрiлдеп, дабырласа күлiсiп, əзiлдесiп, бiрiн-бiрi жұлқылай
тартысып келе жатқан желiктi топтан Үкiлi Ыбырай мен Нүрке
серi күбiр-күбiр сөйлесiп кейiндеп қала бередi. Мұны байқап
қалған Тұрғын ат басын тежеп: – Неге бөгелдiңiздер? – дейдi.
Үкiлi Ыбырай жымиып көзiнiң астымен Нұрке серiге қарайды.
Тұрғын iстiң жайын түсiне қалды. Өзi бiлетiн құпия едi.
-Ə, онда аруақ аттағандай болмайық. Қажының ауылына
түсейiк, – дейдi, екi əншiнiң көңiл дiтiн, меселiн қайтарғысы
келмеген Тұрғын.
Тұрғын Нүрке серiнiң, əншiлiгiне тəнтi едi.
Оның көкейiнде не барын аңдап та жүрген-дi.
Жiгiттер құанысып, ат басын Жансақал қажының ауылына
бұрады. Жансақал Самай Керейдiң Мерген əулетiнiң²² жуан
сiңiрлi, iрi байы едi. Ол үш жүз кiсi сиярлық үлкен мешiт ұстап
отырды. Баласы Жүсiп те қажы. Осы Жүсiп Қажының Ұмсын
атты перiште пiшiндi сұлу қызы бар, ол Болатнай,
Қызылжардағы, Троицкiдегi мұсылман медреселерiн тауысып,
одан Египетте… Александрияда дiн жолын қуып, сонда қалып
қойған бай туыстарының қолында дiн оқуын тамамдаған
бiлiмпаз жан. Нүрке серi ғашық едi, Ұмсын қызға.
Кiм едi, бұл еркебұландай бұлғақтаған Нүрке серi?
Нүрке серi Таузар Керей iшiндегi Бертiс биден. Əкесi Тоқтабай
кезiнде Бiржан сал тобындағы алғыр ақынның бiрi едi, ерте
дүние салған, одан көп ұзамай шешесi Бəтиха да қайтыс болған.
Нүркенi ағасы Омар тəрбиеледi. Омар да Бiржан салға ерген
ə
ншi. Ол бiр жағы Үкiлi Ыбыраймен дос. Сондықтан, ол
Нүркенiң бетiн қақпады. Оны əнге баулыды. Нүрке биiк
шырқады. Ол мiнезi өр, қызу қанды жiгiт боп өстi. Оның серiлiгi,
шешендiгi, мəрттiлiгi, беттiлiгi сол кезде-ақ елге аян бола
бастағанды. Оның төңiрегiне қыздар үйiрiлдi, жiгiттер үйiрiлдi.
Ұ
мсын қыз оның осы қасиетiн сүйетiн-дi. Дiн уағыздаған сұсы
бар қажы ауылынан жасқанып Ұмсын мен Нүрке Есiлдiң
сыңсыған қалың тоғайып жамылып, сұқты көздерге көрiнбей
жасырын ғана сыр шертiсiп жүретiн-дi.
Бұл жайды Тұрғын тобындағы жiгiттер жақсы бiлетiн. Үкiлi
Ыбырайға Ұмсын мен Нүрке Лəйлi-Мəжнүндей көрiнетiн. Ол
бұларға қызығып жүрiп өзiне мəңгi арман боп қалған
Кəкимасын – Гəккуiн жиi еске алып аһ ұратын. Бұл Нүрке өзi
ə
ншi, өзi палуан, əрi мерген… жiгiт пiрiнiң жары боларлық
Ұ
мсын қыз сүйген бiр мұңдық боп Үкiлi Ыбырайды неше түрлi
ойға салатын. Дəл осы бiр сəтте де ол Нүркенiң шалқығанын
көрiп, оған жақсы тiлек тiлеп ат үстiнде тербелiп келе жатады.
Аңшылар Жансақал қажы ауылына кеп ошарыла түсе қалады.
Жансақал қажы, қыз əкесi Жүсiп қажы, оның Қойбағар мырза
деген баласы бəрi жол жүрiп кетiптi. Қонақтарды Жансақал
қажының бəйбiшесi Ажар²³, оның келiнi – Балтуған,
Қойбағардың əйелi, Ұмсынның жеңгесi Əсем, Жүсiп қажының
кiшi ұлы Тiлемiс қуана қарсы алады. Үкiлi Ыбырай, Нүрке
серiнiң келгенiн естiп ауылдың кəрi-жасы лезде жиналады.
Қонақтар жайғасқан соң Ажар бəйбiше сөз бастап:
– Əр келгенде бiр көркейтiп кетушi едiң, Ыбырайжан… қажы
ауылы дiндар ел, деп безiндiң бе, кейiнгi кезде ат iзiн салмай
кеттiң ғой, – деп наз айтады. Ыбырай көргендi бəйбiшенiң бұл
сөзiне разы боп сыпайы ғана күлiмсiреп əлдене айтқысы келiп
ұ
мсына бергенде Тұрғын оның алдын орағытып: – Үкiлi
ағамыздың өрiсi кеңейiп, ұзап кеттi ғой, шешей, барар жерi
көп… сыйлы ауылдар, сыйлы жандар көп, бəрi күтедi əнiн
сағынып, – дедi.
– Рас, Тұрғын шырағым, қажы ауылы дейдi, бiздi. Бiрақ, осы
отырған жұрт құран құшақтаған сопыдан гөрi ақын сөзiн, əншi
үнiн сүйедi. Өзiм де сондаймын. Келiнiм, қызым да солай, жəне
Бiржан сал, Ақан серi, мына Ыбырайжанның əндерi… е, оған не
жетедi, не?
Ажар бəйбiше жасында əншi-ақ болыпты. Тағдыр оны сал, серiге
бұйыртпай қажыға… құлқуалланы күнде сұңқылдатқан бiр
пiрадарға кез қылыпты. Жазмыштың iсi осы.
– Тұрғын сүйенiшiң, берекең бопты, Ыбырай жан. Тұрғындай
арыстан Қарауыл елi сенi қызғанбаса да болғандай, екен, – дейдi
Ажар бəйбiше.
Ə
п-сəтте дастархан жайылып, екi иiнiнен дем алып жез
самаурын келедi бұрқылдап. Кешкi шыңылтыр аязда құрысқан
дененi ыстық шай лезде-ақ жадырата бередi...
Шай iшiп болған соң Үкiлi Ыбырай бүктемелi домбырасын
алып, жаутаң көз жұртты қыдырта бiр шолып өтiп өзiнiң
«Гəккуiн» сыңқылдатады, құдды бiр айдын көлде сылаң қаққан
аққу үнi… ол қызына түсiп Бiржан салдың «Он саусақ» əнiн
ағылтсын… «Гəккудi» үнсiз тыңдаған жұрт мына əнге келгенде
ал кеп дүрiлдесiн…
– Поу, шiркiн, арман-ай!
– Уа, дариға!
– Сөз-ақ қой! – десiп Үкiлi Ыбырайды хан көтередi. Бiр кезде
Ақан серiнiң «Сырымбетiн» созып тұрып алғанда əншiнiң
кербез келбетiне сүйсiнедi.
Кезек Нүрке серiге келедi. Оның үнi Үкiлi Ыбырайға өзгеше бiр
жан тынысындай сезiлетiн өзiнiң сүйiктi шəкiртi. Нүрке серiнiң
ə
уелеп кететiн биiк үнiнде жан бiткендi тебiрентетiн еркелiк
наз бар едi: ол Үкiлi Ыбырайдың арманмен аңқылдаған
«Қаракөз» əнiне басады. Ұмсын қыз əн бiткенше үнсiз толқып,
мөлдiреп қана отырады. Көздерiне көздерi түйiскенде Нүрке
серiнiң үнiмен күрсiнiс лебi шыққандай болады. Мұны сезген
Үкiлi Ыбырай бетi дуылдап, тұла бойы өрт боп жанып,
шамырқанып, шырқап жiбере жаздап өзiн-өзi зорға тежей
қобалжиды, iштей өзiмен-өзi арпалысады; екi қолын қоярға жер
таппайды: көзiнен шұғыла тарайды, тiлiне кеу-кеулеп бiр
қызулы сөз түйдегi келедi.
– Ə, шiркiн, серiлерiм, аң қызығы да бiр аһ ұрғызатын дəурен
ғой! – дейдi бiр қария.
– Ол да бiр оралмайтын махаббатың!
– Өтедi, кетедi бəрi! Түзге шығып, түзде сайрандаңдар, түге!
Шалдар күрсiнедi, аңшылар жарқылдап, жайраң қағады.
– Нүрке, – дейдi Үкiлi Ыбырай үнi дiрiлдеген күйi.
-Иə, Үкiлi аға! – деп жалт қарайды ол.
– Сен орныңнан тұр да сыртқа шық…
– Шығайын, Үкiлi аға!
– Жаңа жолшыбай соққан төрт түлкiнi əкел де, көзбе-көз терiсiн
сыпыра бер.
– Иə, иə, – дейдi Нүрке серi аң-таң боп.
– Сөз сол!
Ə
п-сəтте Нүрке де ып-ықшам боп бiлегiн сыбанып,
лыпылдатып, түлкi терiсiн сыпыра бастайды. Оның шапшаң
қимылы, жайнаған жүзiне қызыға қарап отырып Үкiлi Ыбырай
«Ахоу» деп бастай жөнеледi. Тау аңғарынан лап ете қалған жел
боп гуледi бiр тосын əн.
Бiр қызық ит жүгiртiп аң ауласа,
Мiнген ат шабуылмен танауласа.
Кигенiң iшi қызыл орман түлкi,
Құлпыртып жез сабаумен сабауласа.
Болғанда атың жарау, бедеу қату,
Жiгiтке лайық па үйде жату.
Серiлiк, жастық, ерлiк ойға қонып,
Жiгiтке бұл бiр дəурен дуылдату.
Қызыл жел көңiлiңдi қыздырмалап,
Тұрмай ма тағатыңды бұздырмалап.
Жүйрiк ат, қыран бүркiт, алғыр тазы,
Үшеуi ер жiгiтке құйрық, қанат.
Ə
н тоқтаусыз ағылғанда шыдамсыз қызба жiгiттер:
– Айхай!
– О, қайран Ыбекең!
– Осындай да үн, осындайда екпiн болады екен! – десiп ду ете
түседi.
Үкiлi Ыбырай сол шайқала шайқақтаған күйi демiн бұзбай
заулатады…
Тақтай бет, салыңқы төс, қамыс құлақ,
Бөп-бөлек ойынды етi тұрса құлап.
Жүйрiктi бiр досыңнан сыйға мiнiп,
Демалып төс ағашта жатсаң сұлап.
Бүркiтiң тұрса сонда саңқ-саңқ етiп,
Күтулi саятшымен бабы жетiп.
Қанды көз қайқы тұмсық қарауытып,
Ұ
мтылып көрiнгенге тап-тап етiп.
Қарғылы тұрса тазың сылдыр қағып
Керiлiп бiр сiлкiнсе дүр-дүр қағып.
Ертемен аңға шығар мезгiлiнде
Алдыңнан жетiп келсе сылаң қағып.
Сол күнi келе қалса аң құмарым,
Лепiрiп соға қалса ынты зарым.
Бүгiлтiп жылқыдағы жүйрiк атты
Ертемен алып келсе малшыларын.
Иттi алып, аңға шықса, құсты бiреу,
Ерiне алтын балдақ етiп тiреу.
Жiгiттiң бес күн жарым ғұмырында
Па, шiркiн, болса деген бұл бiр тiлеу!
Үкiлi Ыбырай жалпақ алақанымен домбыра шанағын шарт
еткiзiп əндi шарт үзедi.
– Жалғап жiберiңiз…
– Əн бiткен жоқ. Рахмет саятшыны ғана атадыңыз…
– Қызығы ендi басталды. Əнге қосылатын басқа адамдар да
бар…
– Қызды ауылдың бүгiнгi думаны ше? Соны қосыңыз!
– Бекер тоқтадыңыз! – дедi таңқалған Тұрғын.
– Ең болмаса тағы бiр қайырыңызшы, – деп қызынған Нүрке
серiнiң қолында қызыл түлкi құлпырып тұрады.
– Айтар сөздi жұтпаңыз, Үкiлi аға, дейдi сылқ-сылқ күлген
Ұ
мсынның жеңгесi Əсем де.
Үкiлi Ыбырайдың қысық көзi шоқтай жанып, аң алған қырандай
сiлкiнiп, дүрсiлдеген жүрегi кеудесiн тепкiлеп, өрекпiген
көңiлiн күшпен басып, сыпайы ғана мырс етедi де домбырасын
қасына сүйей салып, одан əрi əндi қозғамайды. Əн аяғы бiтпей
жұрттың мысы құриды. Мұның сырын елден бұрын Ажар
бəйбiше сезе қояды да: – Жə, əн айтсаң жаныңды жеп айтасың,
деген. Аянатын əншi бүйтпейдi. Қанi, ендi шай iшiлсiн, – дейдi.
Шай iшiп отырып Ыбырай Ұмсынға ұрлана көз тастайды. Əнге
ден қойғанда ол аққудың көгiлдiрiндей үлбiреп, бiр пəк
келбетпен отырады екен. Нүрке серiмен қарақат көзi түйiсе
қалғанда жүзiнен бiр жанды елжiретер мейiрiм нұры төгiледi…
Қыстың ұзақ таңына дейiн тамашаға кенелген ауыл адамдары
дабырласа алғыс сөздерiн айтып тарап жатқанда Үкiлi Ыбырай
Ажар бəйбiшенiң:
«Тəңiрiм-ай не болар екен күндерiң?» деген сөзiн құлағы шалып
қалады. Қонақтар да тысқа шығып кетедi. Үкiлi Ыбырай төсек
сала бастаған Əсемнiң қасында бөгеле бередi. Ол Əсемнiң
алдында еркiн едi, қадiрi бар едi. Əсем Ұмсын мен Нүрке серiнiң
құпиясын бiледi, оған тiлектес. Жəне одан ол қорқатын да.
Бiрақ, Ұмсынның айнымайтын бетiн көрiп, оны қолдайтын.
Нүрке серiнiң жаз дидарлы жiгiт екенiн айтып, кейде
ынтықтырып та қоятынды.
– Ə, Үкiлiм, аң қуған аңшымыз, деп қыз аулаған ғашықтар боп
шықтыңыз-ау, бүгiн! – дейдi Əсем бiр түрлi қобалжыған үнмен,
– қайдам, болжаусыз бiр iс боп жүрмесе…
Арада бiр жыл өтедi.
Нүрке серi үшiн терiскей Есiл бойынан ыстық жержоқ. Ол
салып ұрып жетiп келедi де тұрады. Есiлдiң мүлгiген көк тоғайы
Ұ
мсын екеуiн көздiнiң көзiнен, сөздiнiң сөзiнен жасырып
бағады. Жан баспайтын нудың iшi Нүрке серiнiң əнiне,
Ұ
мсынның күлкiсiне тұнады. Екi мұңдық еш қаперсiз мəз
болады, сыланып суға түседi, топ-топ шiлiктi айнала жүгiрiп,
тығылыспақ ойнайды.
– Ə, көз жазып қалдың! – деп Ұмсынның күмiс күлкiсi төгiледi.
– Айтпа ондай сөздi! – дейдi Нүрке айналып-толғанып…
Жоқ. Ұмсынның айтқаны келедi. Көңiлiнде еш алаңы жоқ
Нүрке серi сол ойнақтаған жиырма жасында бiр күнi айдалады
да кетедi. Кiнəсi – ата қонысынан қуылып, помещиктерiмен
айқасқаны, болыстарға өшiккенi.
Ұ
мсын шерменде боп отырып қалады, Нүрке серiден үмiтiн
үзбейдi. Əке-шешесi бiреулермен құдаласқан болады. Ұмсын
ешкiмге, ешқайда мiз бақпайды. Күндер өтiп жатады.
Күндердiң күнiнде алаяқ Торсан болыстың Шери деген
шолжыңы Ұмсынды зордың күшiмен тоқал етiп ауылына алып
қашып келедi. Шеридiң өз əйелi Балта Керей Нұрқан болыстың
қызы, көк долы Ақлимаш балаларға түйенiң құмалағын шашу
ғып шаштырып, жанжалмен қарсы алып, ауылдан айдап
шығады. Шери Ұмсынды безектетiп Марьевкаға апарып, сол
жерде бiр орыстың үйiнде байлап-матап ұстайды. Ұмсын
көнбейдi…
Ел iшi бүлiнiп, дау басталады. Дауда Торсан болыс Ұмсынның
ə
кесiне қыруар айып төлеп, құдасы Нұрқан болыстың аяғына
жығылып, атшапан айыбын берiп зорға құтылады. Бiрақ арада
жыландай сумандаған сұм билер, қисық сөздiлер бұл iстiң
аяғын көлгiрсiтiп, Ұмсынды жылатып, еңiреткен күйi Торсан
болыстың жөнi түзу баласы деп Бəкенге қосады.
Бұл – 1904 жыл.
Келесi жылы Ұмсын перзент көредi. Қызының атын Күлемай
қояды… Күлемай туысымен Ұмсын жынданып кетедi.
Үш жылдан кейiн Ұмсынды төркiндерi көшiрiп əкетедi.
Ұ
мсынның дертi айықпайды. Ол айнаға қарап «Қандай сұлу
едiм» деп жылаумен болады, шымылдық iшiнен шықпайды.
Азапты, күйзелiстi он жыл өтедi. Бұл кезде Нүрке серi айдаудан
келiп, Қызылжар, Көкшеге бабыз тауып, табан тiрей алмай,
Есiлдi өрлеп, Нұраны бойлап, одан Сарысуды сағалайды,
Бетпақдаланы басып, Шұға, Сыр елiне қашып, жергiлiктi би-
болыс, патша əкiмдерiнен бой тасалап жүредi.
Осы кездерде «Аңшының əнiн» жер-жерде айтып жатады. Əн
ұ
зақ бiр дастан боп шырқалады.
Таулардан түлкi қашса бұлдыр қағып,
Соңынан құса тазы сылдыр қағып.
Рахмет саятшының дабылымен
Шайқақтап қыран ұшса бұлтты жарып.
Алғанда қыран бастан, тазы таңнан
Құтылмас қашқан түлкi қос қыраннан.
Жiгiттiң бес күн жарым ғұмырында
Мұншама қызық өтер бұл жалғаннан.
Ұ
зақ күн түлкi қуып тауды айналып,
Кеш болып, қараңғыда көз байланып.
Олжаны қанжығаға байлай салып,
Қонуға қызды ауылға ыңғайланып.
Желiккен сол көңiлмен қайтқанда елге,
Мiнген ат қарауытып батса терге.
Ө
леңшi, домбырашы қасыңда боп,
Кез болсаң қоналқада бұраң белге.
Аққұман, ақ самаурын тұрса қайнап,
Шай құйса Ұмсын бала көзi жайнап.
Келгенде қажы мырза үйде жоқ боп,
Отырса Нүрке серi күлiп-ойнап.
…
Тоқтабай əкең аты, Нүрке өзiң,
Қосылар шын сұлуға келдi кезiң.
Ағаңа бiз сияқты той жегiзiп,
Қарғам-ау, бiтiрсеңшi iстiң тезiн.
Керейде ардақты iнiм, кемеңгерiм,
Күнде ойын, күнде жиын жүрген жерiң.
Несiне сəттi iстен тайынасың,
Тұрғанда ағаң Тұрғын ардагерiң!
Бұл əндi шымылдық iшiнде шырмалған Ұмсын сұлу бiрде күлiп,
бiрде жылап отырып тыңдайды. Бұл əндi көрген қызығы оң мен
түстей боп, туған жерi көзiнен бұлбұл ұшқан жаны жаралы
Нүрке серi тыңдайды.
Үкiлi Ыбырай осы əнiмен жалпақ сахараға дабыл қағып
сұңқарша саңқылдайды…
1915 жылы Нүрке серi көп сандалып Көкше, Қызылжар жағына
қайта оралады. Бұл кезде оны қуғындаған бiраз қаскөйлердiң де
көзi кеткендi. Ұмсынның айықпас дертке ұшырап, шерлi боп
қалған аянышты халiн көредi. Ұмсын Нүрке серiнi бiрде
таниды, бiрде танымайды. Шымылдық iшiнде айнаға қарап
қойып, сылқ-сылқ күлiп жата бередi. Нүрке серi қайғымен қан
құсады.
Сол жылдың қара нөсерлi қарашасында ол дүние салады. Бiр
жыл өткен соң Нүрке серiнiң бейiтiн құшақтап Ұмсын сұлу да
көз жұмады²9.
Уəлихан Қуанышев
ҚОР БОЛҒАН ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛУ ҚЫЗДАРЫ-АЙ!
Сол жылы Есiлбай қажының баласы Ғабдырахман Троицкiде
«Ғалия» медресесiн тəмамдап келедi. Арабша, парсыша судай.
Қадым мен Жəдид оқуын бiтiрген ғалым. Ғабдырахман оқуды
бiтiргенде, құрмалдық тойына шақырумен бардық. Сөз
арасында Есiлбай қажы мен Жансақал қажы бесiк құда екенiн
бiлдiм, – дедi əжем.
Ұ
мсын сұлуды атастырған Ғалауетден деген баласын бiрiншi
көруiм едi²³. Өте сымбатты жiгiт екен. Салдығы да киiм киiсi
мен жүрiс-тұрысынан көрiнiп тұр. Пресногорьковка қаласында
орысша оқиды деген едi, отырғандар. Оқуын бiтiрмей
қалыңдығын алатын түрi жоқ. Қалыңдығы болса
Ғабдрахманмен бiтiрiп келiп жатқан көрiнедi – дедi, екiншiсi
сыбырлай. Оқысын өте зерек бала ғой, қалыңдығы қайда кетер
дейсiң дейдi, тағы бiреуi. Той тарқап, үйге оралғанда, бұрын
қарым-қатынасымыз бар, ауыл арасы онша алыс емес,
Жансақал үйi, оқу бiтiрiп келген немере қызының құрмалдық
тойына шақырып кетiптi, келесi жұманың сəрсенбiсiне. Есiлбай
қажы аталас болғасын жəне жиi қатынасып едiк, ол үйге
жайбарақат барған едiм.
– Жансақал үйiне сəн-салтанатпен барыңдар ендi, -дедi енем.
Ибалы болыңдар, сыпайылық сақтаңдар, қыз қылығымен деген,
алыстан шақырылған қонақтары көп көрiнедi. Керей, Уақты
былай қойып, Атығай, Қарауыл, Қанжығалылардан
шақырылғандар бар дейдi.
«Күмiс күйме» толы қыз-келiншектер, салт атқа мiнген жiгiттер
болып, Қызылағаш ауылына жол тарттық. Желе жортып
отырып, Қызылағашқа сəске кезiнде жеттiк. Алдымыздан салт
атқа мiнген жас жiгiт қарсы алып, шеттеу тұрған сегiз қанат ақ
үйдi нұсқады: «Ұмсын отауында қонақ боласыңдар» дедi.
Үш көк ат жегiлген «Күмiс күймедегi» қонақтарды Ұмсын өзi
нөкер қыздарымен қарсы алды. Бiз Кiшi жүзден көшiп келген
жылы туған бала, өрiмдей қыз болыпты. Қыз болғанда қандай
десеңшi! Уыз бiлек, ақ саусақ, қолын алғанда тұла бойым исiнiп
кеттi.
«Мынау аспанның ақ қанатты перiштесi екен – дедiм iшiмнен.
Көкте десем қор қызы, жерде екен ғой. Əкем марқұм Қыз
Жiбектi аузынан суы құрығанша сұлулығын айтып отырушы
едi. Мен көрген Ұмсын қыз Жiбектен əлде қайда артық көрiндi
маған. Сұңқардай көзi сүзiлген, ақ бөкендей белi бүгiлген,
мойыны қудай үзiлген, кер маралдай керiлген Жансақал қажы
ұ
лға бергiсiз қызы алдымда тұр.
…
Үйге кiрiп, басқа қонақтармен амандасып жайғасқаннан
кейiн, Тулалық ақ самауырымен шай да келдi. Жұрттың бəрi
көңiлдi шай iшiп, дастархан жиылды. Дəм қайтарылды, iзгi
тiлектер айтылды. Ұмсын жеңеше деп маған той басталғанша
жүрiп келуiмiздi өтiндi.
Қызылағашты жағалай келе жатырмыз. Қызылағаш саясына
тiгiлген өңшең ақ боз үйлер, қара құрым қаптаған адамдар. Бiр
жерде домбыра шертiп, күй тартылса, бiр жерде əн айтылуда.
Сəйгүлiк мiнген балалар ерсiлi-қарсылы шауып жүр. Той
көрiнiсi көңiл бөлерлiктей. Ұмсын болса iлгерi жүрiп, алыстай
бергендi қалады. «Қыздың көзi қызылда» деген-ау, Ұмсын маған
сауал қоюмен болды. «Күмiс күйме» жайын айтып берудi өтiндi.
Ə
ңгiме қызыумен ұзақ жүрiп қалыппыз. Соңымыздан iздеп
келген адам болмаса, əлi де бiраз жерге барады екенбiз.
Кешiкпей қонақтар да келiп жеткен көрiнедi. Той басталғалы
жатыр. Менiң бар назарым Ұмсында. Қиғаш қабақты, ақ
бөкендей тамақты, сөзi қандай салмақты, айдай сұлу, алма
мойын сияқты. Қалыңдығын алмай, оқумен жүрген
Ғалауетденге таңданбасқа болмады. Ғалауетден болайын деп
жүрген жiгiттiң арыстаны ел аузына iлiгiп жүрген.
Иə, Ұмсын жанынан бiр елi алшақтағым келмедi. Той үш күнге
созылды. Бүгiн палуандар күресi. Бiрiншi бəйгеге бiр тоғыздан,
үш күнгi сайысқа үш тоғыз. Ертең ат бəйгесi, үшiншi күн
ақындар айтысымен аяқталады…
Ұ
мсын бастаған топпен палуандар күресер жерге келдiк. Алқа-
қотан отырған үлкендер, жастар жағы түрегеп жүр екен.
Басқарып жүрген Ұмсынның шешесi кiлем төсетiп, бiздi де
шеттен орналастырды²8.
Палуандар күресi басталып, «Аруақ!Аруақ!» деген шулар
көбейiп кеттi. Жұрттың көзiне ерекше түскен Қанжығалының
түйе палуаны болды. Ол ешкiмге дес бермей, жығып сала бердi.
Ақыры оған қарсы шығар адам да болмай қалды.
– Керейде маған қарсы шығар ұл тумады ма? Неге үнсiз
қалдыңдар? – дегенде, Ұмсынның шешесi: «Неге болмасын,
мына менiң қайныммен күресiп көр. астамшылықты алла да
хош көрмеген», – дедi. Осы кезде ортаға жауырыны қақпақтай,
бұра санды, ортадан жоғары бойы бар бiр сары шықты.
Ұ
мсынның айтуынша, бұрын күреске түсiп машықтанбаған,
бiрақ қара күшiмен кiмдi болса да тамсандырған көрiнедi.
– Я, аруақ, ағайымды қолдай гөр! – деп, ол толқып кеттi.
– Жiгiтiм, күрескiң келсе менi орнымнан қозғап көр! – деген
түйе палуанның дауысы гүж ете түстi. Қойманның қолы
палуанның иығына сарт ете түскенi сол едi, ұстаса кетiп,
бөрiкше көтерiп алғанда, қара жер қыртысынан сөгiлiп кете
жаздады²9. Бие сауымдай айқасып, екi палуан бiрiн-бiрi
тiзерлете алмады. Бiр мезгiлде күрес əдiсiн бiле бермейтiн
Қойман қара күшке салып, түйе палуанды лақша көтерiп,
тымақша алып ұрғанда, таудан тас құлағандай болып кеттi. Түйе
палуан орнынан тұра алмай жатып қалды. Осымен ұзаққа
созылған палуандар күресi аяқталып, той кешкi жастар
ойынына ұласты.
Екiншi күнi ат бəйгесi болатын болды да, алысқа шабатын 30
атты айдап, Ақсуат көлiне аттандырды. Күн қызғанша ат бəйгесi
аяқталсын дестi үлкендер. Жақын жерден шапқан құнан, тай
бəйгесiн қызықтап жатқанда, Ақсуаттан шапқан аттың да
қарасы көрiне бастады. Көздiң ұшында жеке дара келе жатқан
Самай Толыбай Шарықбайдың сары аты деген естiлдi³º. 50-60
шақырым жерден шауып келген сары аттың екпiнi үй
құлатардай едi. 1-шi, 2-шi күндердегi бəйгенiң жеңiмпаздары
Жанбұра, Толыбайдың өздерi болып екi тоғызды иелендi.
Тойдың үшiншi күнi өткен ақындар айтысы өте қызықты болды.
Бас жүлдеге Атығай-Қарауыл елiнен келген Орынбай ақын ие
болды.
Той тарқады, үш күн бауыр басып қалған Ұмсынмен қоштасу
ауыр болды. Қайранкөлге дейiн шығарып салды. Сөйткен
Ұ
мсын сұлуды Торсанның балалары зорлап алып қашты дегендi
естiгенде, төбе шашым тiк тұрып, «Қайран, Ұмсын-ай!», қор
болған қазақтың сұлу қызы-ай!» – деп бiрнеше күн аза тұтып
жатып қалдым, – дедi əжем.
Көзiнiң жасын көл қылған əжеме отырғандар уату айтып,
Торсанға лағнет айтып жатты…
Уəлихан Қуанышев
Ұ
МСЫН СҰЛУ
Мен жаздым бұл дастанды әжеме арнап,
Дұғасын оқушы еді Ұмсынға арнап.
Келгенге Ұмсын шерін жыр ететін,
Отырып екі көзден жасы парлап.
Екі бай бірі – Керей!, бірі – Уақ!,
Қоныпты бастарына дəулет пен бақ.
Қызықтап достықпенен жүргенінде,
Болыпты əйелдері екіқабат.
Жанбура, Керей Жүсіптiң
Еш перзенті жоқ еді.
Бір перзенттің жоғынан,
Уайым-қайғы жеп еді.
Перзент көрер күн болса,
Ардақты досым Есілбай.
Болайық құда деп еді,
Тілегі Жүсіп қабыл боп.
Ө
ткенде тоғыз ай ,тоғыз күн.
Көтеретін көңіл қыз туды.
Молдасы ауылының азан айтып,
Ұ
мсын деп нəрестенiң атын қойды.
–
Көрермен мықтыларын мадақтаған,
Ақындар айтысады ауық-ауық,
Сүйеді қыздың бетін ебін тауып.
Құрылған ел шетінде алтыбақан,
Қыздырған қызбозбала ойын-сауық,
Арада қыз қорғаған жеңгелер бар,
Дейтұғын пəленшенің пəлесі бар.
Жиылған əр ауылдың көп жастары,
Ғашық боп бір-біріне болды ынтық зар.
Той-тарап, жиылған ел үйге қайтты,
Риза боп, бай Жүсіпке алғыс айтты.
Келгенге жол-жорамен той-домалақ,
Жүсіп те тон кигізіп, шапан жапты.
Ө
ткізді екінші той – Уақ! жағы.
Тұрғандай шырақ жанып – Иран бағы!.
Жиылып Уақ жағы ақылдасты,
Бұл тойды біріншіден асырғалы,
Есілбай Уақтардың Шонжар байы,
Ұ
л туып, əйелінен көңілі жайлы.
Шақырды игі жақсы қалың елден,
Бірі алыс, бірі жақын елден келген.
Жиылған осы тойда Уақ елі,
Қойыпты бала атын Ғалауеттен.
Шаптырды бəйге атын алыс жерге,
Асырып шабыс жолын белден-белге.
Шақырған əртараптан қонақтар көп,
Бас қосты үй тігілген – Қайран көлге!,
Ə
келген бəйге аттары екеу болды,
Көргендер ат тұрқына көңілі толды.
Қайсысы сайгүліктiң бəйге алар деп,
Сыншылар қарап жатыр оңды-солды.
Торыны Қожа сыншы көзі шалды.
Жақындап қарсы алдына тұра қалды.
Тор төбел бұл араның жылқысы емес,
Тұяқбай бұл жүйрiктi қайдан алды.
Қараса тұрқы ұзын, шөген тұяқ,
Қаз мойын, бөкен жонды, қамыс құлақ,
Танауы қоңыр борсық үңгіріндей,
Омырауы тау соғардай салы құлаш.
Ақанның мынау тұрған Құлагері,
Құдайым тілмен көзден сақта деді.
Бəйгені бірінші атап, шаппай берсе,
Беретін бір тоғыздың иегері.
Бəйге атын жібермекші доғалақтан,
Ө
лтірер жаман атын əр сор қаққан.
Арасы Қайран көлмен алпыс шақырым,
Аттар көп, дəмелі боп бара жатқан.
Басталды ойын-қызық тойдың сəні.
Естілді қыз-бозбала салған əні.
Сар қымыз сараяқтан сарқып ішіп,
Шалдар да гуілдесті одан əрі.
Қобызшы тартты қобыз əн мен күйге,
Жиналған игі жақсы Ақбоз үйге.
Көлдегі – Аққу құстар үнін қосты.
Десті жұрт, бұл күйшінің керімдігі,
Үлкендер гуілдесті əзілменен,
Сөйлейді игі жақсы дəтіменен,
Күй тартып, қыз-бозбала əнге басты.
Шілденің сүт пісірім таңы да атты.
Басына жастық салған, кемпір-шалдар,
Көздерін шаршағаннан ұйқы басты.
Таң атып тұратүғын сəске болды.
Келгендер тойға разы, көңілі толды.
Естілді бəйге дүбір алыстан-ақ.
Келетін бəйге атының кезі болды.
Алыстан болжау қиын əр адамға
Көрінді көз ұшында жалғыз қара.
Шабысы жануардың ескен желдей,
Мəреге келiп жеттi жеке дара.
Торысы Тұяқбайдың – Торы төбел!,
Бергенге Құдай өзі бере берер.
Жылқысы Кіші жүздің Жағалбайлы,
Туысы Сейіс батыр сыйға берген,³¹
Тұяқбай бір тоғызды айдап алды.
Болдырған жаман аттар жолда қалды
Ұ
л мен қыз мəпелеген жылдан өтті.
Қызықтап екі сəби жүргенінде,
Екеуі бал-бұл жанып беске жетті.
Екі бай əзілдесіп отырғанда,
Болайық құда деген еске түсті.
Есілбай туыстарын жинайды енді,
Жүсіпке құдамын деп сенім берді.
Ұ
затпай құда түсу ойыменен,
Баратын құдалар да белгіленді.
Бас болып, Шағырай шешен барсын деді.³²
Керегін ұялмастан алсын деді.
Кешікпей жүретіндер дайындалып,
Жиналды Шағырай шешен нөкерлері.
Қамданды Жүсіп қажы елi болып,
Құдаға келетұғын көңілі толып,
Жылқыдан қоңды жылқы алдырады,
Қосарлап, бағлан мен тоқты сойып,
Тартыңып Шағырай жетті нөкерімен,
Алдырмас ешбір жанға сөзге шешен.
Қарсы алып құдаларды үлкендер жур,
Ə
йелдер арқан тартып тұрды бекем,
Шағырай жақсы білер құда жолын,
Шойманға жақын кел деп созды қолын,
Ауылға үлестірсе жетер ақша,
Салады қалтасына бір мың сомын,
Құдалар құйрық жесті бауыр шайнап,
Отырды əзілiмен гүл-гүл жайнап.
Қызығын құдалықтың үш күн көріп,
Аттанды құдалар да я, құдайлап,
Арада күндер жылжып жылдар өтті,
Бүршіктеп жас қайындай Ұмсын өсті.
Ə
йелдер жақын жүрген сырын алып,
Болады нағыз сұлу осы десті.
Бой түзей жасынан-ақ Ұмсын жүрді,
Құрбымен қайғысыз боп ойнап-күлді.
Алдында не боларын білген бар ма?
Айықпас қайғы оны күтіп тұрды.
Күлкісі жасынан-ақ сыңғырлаған,
Бала боп көрген емес жаза қылған,
Қыз болып, қуыршақпен ойнағанда,
Қолы епті іс қылғанда басқалардан.
Талабы жас та болса таудай еді.
Ə
ркімге ұнайтұғын істегені.
Асыр сап балалықпен жүрсе-дағы,
Бала боп, еш нəрсені бүлдiрмеді.
Оқыды Ұмсын сұлу жастайынан,
Алтыда өзі зерек хат таныған.
Бақыты Бұқарадан Хазірет келіп,
Оқытты жас баланы талаптанған.
Оқытып жас Ұмсынды жата берді,
Білімі жас баланың арта берді.
Оқумен талай күндер өткенінде,
Білгенін Хазіреттің жаттап алып,
Жас Ұмсын бал-бұл жайнап күлімдеді.
Білгенін Хазірет те аямады,
Болған жоқ оқуында жанамалы.
Оқумен күндер өтті, жылдар өтті.
Жаттатты жас Ұмсынға құран кəрім,
Білгенін Хазіреттің білді бəрін,
Хадисін пайғамбардың жаттап алып,
Таңдантты Ұмсын сұлу елдің бəрін.
Хазірет шəкіртіне бата берді,
Жиғызып жақындағы тəмам елді,
Балада таудай талап зейіні бар,
Оқыт деп əкесіне ақыл берді.
Аттанды енді Ұмсын алыс жолға,
Шешесі жылап-сықтап қалды зорға.
Оқуға барар жері – Троицк!,
Оңай ма үйден шығу жап-жас қызға.
Қаланың бір беделді медресесі,
Түседі жоғарғы оқу – Уазипаға!.
Іздеген оқу-білім сонда барған,
Оқытты – Қадым!, – Жадид! ғалымдардан,
Ынтығы Ұмсын сұлу – Жадид! болды,
Үш жылдай соны оқып сусындаған.
Бұл – Жадид! жаңа шыққан ғылым еді,
Жастарға керегі де осы еді.
Үйретті жаратылыс, табиғатты,
Кетпестей жас есінен білім берді.
Танытты Жағырапиядан əлем жүзін,
Бар ма екен бұдан да зор асқан білім?
Жастарға үлкен білім тəрбие деп,
Оқытты Шахризада – Мың бір түнін!.
Жаттатты Оқулық деп – Қыз Жібекті!,
Тебіренткен ғашық жыры сом жүректі,
Ақжүніс, Ертарғынды қоса жаттап,
Айтатын тыңдаушыға жергілікті,
Оқудың қызығымен үш жыл өтті.
Оқитын – Он екі! пəнді тəмам етті.
Шақырған елден кісі көлік келіп,
Ұ
мсын да аман-есен елге жетті.
Қуанған бірінші боп əке-шеше,
Жиналды туған-туыс əлденеше,
Туған ай туралған бір сарымсақтай,
Кеткендей Ұмсын сұлу күні кеше,
Жиналып елі-жұрты той қылады.
Төңіректен алыс-жақын көп жинады,
Тынымсыз дайындалған бай ауылы,
Бəйге атын балуанын дайындады.
Шақырылған ел осы тойға келіп жатыр,
Тігілген ақ боз үйлер кең қанатты,
Шойманай осы тойды өзі билеп,
Көрсетпек көп, жиынға салтанатты.
Жігіттер, дайағашы атқа мінген,
Бəрі де қонақ күтіп өткерілген.
Келеді маң-маң басып түйе керуен,
Жабуы түйелердің көркем кiлем,
Құдасы Есілбайдың салтанатты,
Көреді жиналған жұрт тойға келген,
Түсірді қапшық-қапшық шəй мен қантты,
Ас үйге жігіттері тасып жатты.
Тағы бар жəшік-жəшік құрт пен майы
Боз үйде толған екен кең қанатты.
Ə
кепті сары қымыз сүйретпемен,
Ə
рқайсы бір түйенің жүгі екен,
Сойысқа тоғыз түйе, он бір бие,
Баршылық істетті ғой бұны деген,
Тіктірді жүз кісілік шатырларын,
Тандантты жиылған жұрт елдің бəрін,
Жиналған қымыздағы саба, саба,
Ішетін мешкейлер бар шара-шара,
Жүгіріп ізет қылар жігіттер бар,
Дайын боп тойдан бұрын алдын-ала,
Алыстан келген ру Қанжығалы,
Қарсы алды Керей, Уақ ақсақалы,
Жиналған игі жақсы əрбір елден,
Сөз болып ел бірлігі айтқандары,
Ішілді аяқ-аяқ сары қымыз,
Отырған ақсақалдар бəрі нығыз,
Құрдастар бірін-бірі қағытқанда,
Ашылар жаман-жақсы бар сырыңыз.
Айтылды көп əңгіме өткендерден,
Сөйлейді сөзге шешен көпті көрген.
Ағызып сөздің майын сөйлегенде,
Көрінер елге көсем өзгелерден,
Үлкенді əрқашан да ардақтайық,
Жақсыны ел аузындағы мадақтайық.
Үлкендер осы сыймен тұра тұрсын,
Қонағын Ұмсын сұлу қарсы алайық.
Қонағы Ұмсын сұлу Айкүн еді,
Шөбере батыр Ноян келіні еді.³³
Жегілген үш ақ боз ат күміс-күйме,
Атбасын ақ отауға дөп тіреді,
Қарсы алды Ұмсын сұлу нөкерімен,
Қыздары бəрі сұлу өткерілген
Қаумалап есік ашып түсіреді,
Ө
бісіп бір-бірінің беттерінен.
Кигені Айкүн жеңге дұрия көйлек,
Бешпенті алтын алқа өңірде жоқ.
Қыз сыны бұзылмаған ару екен.
Ақ пейіл, иман жүзді, көңілі тоқ.
Айкүн мен Ұмсын сұлу дидарласты,
Қол беріп, бет сүйісіп амандасты.
Ұ
мсынжан мынау менің тартуым дей,
Мойнына сары алтыннан алқа тақты.
Құлпырды Ұмсын -дағы айдай болып,
Қуаныш бой билеген көңілі толып,
Дүние қызықтырған тілді байлап,
Алғысын жеткізе алмай мүлде толық.
Қыздардың білгісі көп жеңгесінен,
Қараса-киімне көз сүрінген.
Жеңеше өз жайыңнан айтасыз ба?
Бізге де бір бақыт қой сізді білген.
Айкүн де елін ойлап сағынады,
Қыздарға сауал қойған танданбады.
Қысқаша сіңлілерім айтайын деп,
Қам көңіл көп ойланбай сөз бастады.
Төркінім Кіші жүзде Жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Түбекке айдап салған көп жылқыны,
Малым деп іздеп барып санамайды.
Нағашым Ор қалада Дербісəлі,
Қаланы билейтүғын ол князі.
Салдырған медресе мен мешіті бар,
Бітірдім үш жыл оқып соны-дағы.
Бойжеттім он жетіге жасым толып,
Жасады жасауымды ұжым болып.
Толықсып екі арада жүргенімде,
Келгенді Уақ жұрты құда болып.
Ұ
затты жат жұртына ырғап-жырғап,
Ө
сірген өз баласын сыйлап-сипап.
Жасауым тоғыз түйе жүгі болды.
Сыртында ақ отауым сегіз қанат,
Қосылдым өзім қалап сүйгеніме,
Нағашым тарту етті күміс күйме.
Жегілген үш ақ боз ат қүміс сайман,
Жасаудың басы болды асыл дүние.
Келгенді қартайса да нағашы əжем,
Жылаған екі беті əлем-жəлем,
Қарағым алтын алқа мойныңа тақ,
Бұқардан саған арнап əкелінген.
Мойнымда гауһар тастан алқа болды.
Ə
жеме елжіреген көңілім толды.
Салдырдым сарсандыққа əжем сиын,
Сар сандық алтын -күміс бүйым болды.
Киімім тоқсан тоғыз жағалы ішік,
Бəрі де тігілген еді өлшеп-пішіп.
Кебісі құндыз жаға іші жылы,
Бəрі де аң терісі іші ыстық.
Енді мен қайынатамнан сыр шертейін,
Білмеген боларсыздар бұған дейін.
Біз келдік Кіші жүзден туған іздей,
Ө
лдіге санаған ғой бізге дейін.
Ноян атам Құралаймен бізге барған,
Қалмаққа Еділдегі ойран салған.
Нағашы Кіші жүзде Қоңыр биі,
Жиенге отау тігіп, малын салған,
Шөбере сол атамның келінімін,
Жолдасым Сейіс батыр өз еліңнің.
Дəм айдап Орта жүзге келін болдым,
Қыздар-ау, білгің келсе осы сырым.
Қыздар да көңіл-күймен тындағанды,
Айкүн де көзін бұлап шылағанды.
Ə
ркімнің туған жері өзіне ыстық,
Жүйкесі елін ойлап босағанды.
Бір бала келіп жетті аттай шауып,
Келіпті болған жерден ойын-сауық,
Шақырған сол араға Шойман екен,
Ə
кел деп ақ отаудан қонақ алып.
Түсірген ақ отауға жастар жағын,
Сынасар қыз-бозбала өзі бағын.
Жастар бар өнер қуған ел аралап,
Безейтін ойын-тойда тіл мен жағын.
Дуылдап жастар отыр шатыр үйде,
Жыршылар қара қобыз салған күйге,
Қыздар да барлы-жоғын киіп келген,
Келіпті бай қыздары тігіп күйме.
Бəрі де тойға келген қызық үшін,
Достасқан екеу-екеу ажырапты,
Қымсынбай емін-еркін сөйлеу үшін.
Жиылып түгенделген жұрттың бəрі,
Жастардың ойын-күлкі ынтызары.
Ə
ркімнің ойын-тойда өнері бар,
Шығады тамсандырып салған əні.
Қосылып қыз-келіншек əнге салған,
Бола ма бұдан артық үлкен думан?
Қыз ойнақ той тартысы бозбалаға,
Көрінген сүйкімдірек дүние-малдан.
Кеп жетті Ұмсын сұлу нөкерімен,
Береді төрден орын, өз сиымен.
Қараған бəрі-дағы келгендерге,
Жайғасты Ұмсын-дағы қонағымен,
Қарайды отырған жұрт төргі жаққа,
Ұ
мсынды безендірген алтын алқа.
Жарқырай төрде отырған екі ару,
Қоймады көрген жанды таңдантпасқа.
Көбейді көп ішінде өзеуреген,
Топ жарып, белбеу ұстап сөз сөйлеген.
Ө
леңді Ақжайықтың аруы айтсын,
Болады айтпаса егер менсінбеген.
Көріп жүр мұндай тойды талай жиын,
Бастады Сегіз Сері – Ақбұлағын!,
Ə
ңімен Жайықтағы айтқан бұрын.
Ұ
нады тыңдағанға Айкүн əні,
Келгендей жаңа əуен тойдың сəні.
Шойман тұрып келіп бетін сүйді.
Қарағым бір əн айтшы одан əрі,
Бастады Қызжібектің ариясын,
Болғандай өлең əні тіпті басым.
Алғысты тыңдаушылар жаудырады.
Қызжібек бəріне де ұнағасын,
Домбыра келіп жетті Ұмсынға да,
Бұл тойдан өлең айтпай құтыла ма?
Бұлданбай Ұмсын-дағы домбыра шертті.
Айт деп тұр жеңгелері тұсындағы,
Айт дегенде өлеңді аңыраймын,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын,
Қайда жүрсем жақсының жанындамын.
Іздегенмен жаманға табылмаймын.
Еркем-ай, Бүгін болған мерекең,
Болсын тағы ертең-ай.
Ұ
мсынның Еркем-айы ұнағанды,
Айт, айт деп тағы көптің сұрағаны.
Тағы да бастап кетті Жеңешені,
А-ай-ай, Жеңеше-ай,
Мінезің сенің өзгеше-ай, деп тоқтаған
Тебірентті тындаушыны Ұмсын əні,
Құлаққа майдай жақты шырқағаны,
Көркіне үні де сай екен ғой деп,
Келгендер бір-біріне сыбырлады.
Жарқ еткен қарағанда Ұмсын нұры,
Аз сөзді мағыналы Ұмсын сыры.
Көрген жан мінезінен мін таппайды.
Аспанда жарқыраған шоқ жұлдызы,
Сымбаты Ұмсын сұлу биік еді,
Бұралып тал шыбықтай иіледі,
Тазадан асыл киім кисе шығып,
Қызындай хордың қызы көрінеді.
Лайық біздің Ұмсын қандай елге,
Мойнында теңге моншақ, маржан-перде,
Құдайым тіл мен көзден сақтасын деп,
Тілейтін от басында аға-жеңге.
Ақ жүзіне қарасаң,
Көңілге салар жараны.
Сымбатына қарасаң,
Ақ бетінде кіршік жоқ.
Суда жүзген аққудай,
Тұрады жүзі жарқырап.
Туған түннің айындай,
Сөйлеген сөздің сыбдыры,
Аққан бұлақ суындай.
Аузынан шыққан лебізі,
Сары алтынның буындай.
Дидарына қарасаң,
Шашы сүмбіл секілді,
Айдын көлдің құрағы.
Қара көзге қарасаң,
Періште жаққан шырағы.
Саусағына қарасаң,
Суда жүзген сүліктей.
Отыз тістің қаласы,
Тізген меруерт секілді.
Бойына үңіліп қарасаң,
Ор киіктің лағы.
Гауһар шолпы, сырғасы,
Көтеріп жұп құлағы.
Сабағындай жүзімнің,
Мөлдіреген бұғағы.
Он беске келген жасы бар,
Оймақ ауыз бота көз,
Қаламдай жатқан қасы бар.
Кере құлаш шашақтай,
Қап-қара болған шашы бар.
Жібек баулы тұлымы,
Пісте келген мұрыны.
Аппақ тісті меруерт,
Адамзаттың сұлуы.
Бидай өңді беті бар,
Аппақ қардай еті бар.
Орта бойлы дембелше,
Жүріс-тұрыс өзгеше.
Сүйгеніне берген серті бар,
Хор қызындай жымиып,
Езу тартқан күлкісі,
Темір де болса ериді.
Ер жігіттің мықтысы.
Ұ
мсын нұрын шашады,
Қиғаш қасы қиылып,
Адамзаттан бөлекше,
Үрі мен пірі болмаса,
Ақылдан адам адасар,
Жақын келіп қараса,
Осындай еді Ұмсынның,
Құдай берген сипаты,
Ерекше келген дүниеге,
Адамзаттың қымбаты.
Дуылдап той қызығы жүріп жатты,
Сібірлей сүт пісірім таңы атты.
Азырақ көз ілдіріп дем алуға,
Үлкендер үйлеріне кетіп жатты.
Екінші той күні еді балуан күрес.
Болатын бір-бірімен бақа тірес.
Жиналған əр тараптан балуандар,
Кім-кіммен күресерін ешкім білмес.
Келіпті Қанжығалы түйе балуан,
Жеңіспен əрбір тойда жүлде алған.
Бір тойда тоғыз балуанды бірдей жығып,
Бас бəйге бір тоғызды жеңіп алған.
Дəуреннің аталары батыр балуан,
Атағы күрескенде жерді жарған.
Бермеген бас бəйгені бұл өңірде,
Атанған он жетіде түйе балуан,
Келгенді күрескенді шыдатпады.
Аяғы сондай мықты іштен шалған.
Ə
дісін бар күрестің білетұғын,
Жеңілмей ешбір жаннан жүретұғын.
Күреске ешбір балуан шықпай қалды,
Кім бар деп маған шығар айқай салды.
Шойман-ай əйел де болса намыстанып,
Күрес деп, Қойман ерге қолқа салды.
Қойман ер кең иықты, ашаң кісі,
Болатын бір өзінде түйе күші.
Сындырмай осы тойда жеңге сағын,
Қайнысы күресем деп алға шықты.
Жеңгесі кигізеді түйе жүн шекпен,
Орады белбеу етіп шылбыр жіппен.
Сиынып өз атасы Ошыбайға,
Ортаға алшаң басып Қойман жеткен.
Тұрады түйе балуан түйедей боп.
Не айла істесем деп ойлаған боп.
Биледі оның бойын астамшылық,
Тəйірі бұл жігітті жығам ғой деп.
Қойман ер келсең кел деп ақырады.
Аруағын аузына алып шақырады.
Қарсысын намыспенен ұстағаннан,
Көтеріп төбесінен асырады.
Үйіріп тас төбеде есін алды,
Жамбасын қара терге батырам деп,
Балуанды қозғалмастай қатты ұрады.
Тұра алмай сол орында жатып қалып,
Күйреді қабырғам деп ол жылады.
Қол салып сынықшылар қарады да,
Сынған деп қос қабырға ем қылады.
Қойман ер аруақ қолдап жеңіс алды,
Қозғайды ауырғанды аман ба деп.
Балуанның қолы қатты темір екен,
Мертікпей аруақ қолдап аман қалды.
Бас жүлде Қойман ерге берілген соң,
Күресі балуандардың аяқталды.
Қайыным осы тойда ерледі деп,
Тізгінін бəйге күрең ұстатады.
Той-думан одан əрі жалғасады.
Бəйге атын Алыпқашқа айдатады.
Сəскеде ертеңгі күн жетіңдер деп,
Найман ер той бастаған бұйырады.³4
Құрылған əрбір жерде алтыбақан,
Көп жастар сол бір жерге шоғырланған,
Киінген қызыл-жасыл қыз-келіншек,
Қызықтап қариялар қарап тұрған.
Ə
ншілер топтасыпты ақ шатырға,
Түрілген екі жаққа қос қабырға.
Салғанда əнші жігіт Біржан əнін,
Жиналды əйел жағы осы араға.
Сары қымыз келтірілді сабаменен,
Сүйретпе қымыз жатыр ішілмеген.
Шойман-ай екі арада бəйек боп жүр,
Ішкізген əйелдерге сусап келген.
Кіргізді қарияларды ақ боз үйге,
Отырды орналасып жүйе-жүйе,
Тартылды ет астау-астау дастарханға,
Бəрі де орналасты өз орнына,
Сойылған төр түліктен жылқы, түйе,
Жиналған қызық үшін осы үйге.
Тартылды бағлан еті табақ-табақ,
Ə
йелдер дəн риза осы сыйға,
Шəй келді еттен кейін сусағанға.
Болса да сары қымыз алдарында,
Құйғаны қою етіп үнді шайы,
Ішпеген қайсы бірі ғүмырында,
Төгілді сары бауырсақ кəмпитпенен,
Жоқ еді бейшаралар мұны жеген
Қойылды дастарханға құрт пен майы,
Сүйкімді дəмдері бар ел көрмеген,
Үлкендер үнді шайын қанып ішті.
Дастархан толған кəмпит неше түсті,
Жиналған дастарханға бата берді,
Ə
н мен күй жастар жақтан қатар келді,
Ақындар баталарын күймен айтып,
Тойына Ұмсын сұлу ажар берді.
Ауысты жастар жағы əн мен күйге.
Дуылдап шалдар отыр ақ боз үйде,
Қыздырмай сары қымыз қоя ма екен?
Бастады жайлау əнін əйелдер де,
Аралап осы тойды Ұмсын жүрді,
Көрген жан көргендей-ақ ай мен күнді,
Кигені нөкерінің бекзат киіт,
Көп елді тойға келген сүйсіндірді,
Басқарған осы тойды Найман шешен.
Айтулы ердің бірі елге көсем,
Ескертті бəйге атын келетұғын.
Барыңдар мəре тұсқа көрем десең.
Алыпқаш бəйге аты шыққан жерi,
Саяғаш, Қызылағаш келер жері.³‘
Арасы екі аралық елу шақырым,
Алаңдап ұйықтамаған қосқан ері.
Мəреге елдің бəрі жиналады,
Төңірекке елдің бəрі көз салады.
Қүдай-ау кімнің аты келеді деп,
Бүкіл ел мазасыз боп қозғалады.
Алыстан шаң көрінді будақтаған,
Екінші тағы бірі қосақталған.
Көрінді екі қара алыс, жақын,
Озғаны Шарықбайдын сары аты.
Ел болып соны бəрі мадақтаған.
Екінші Ыбырайдың қара аты.
Бар дейтін қабырғада қосқанаты.
Жүлде алып бұдан бұрын жүрген еді.
Естілмей ел аузында жаманаты.
Үшінші Есілбайдың торбестісі,
Мақтайтын оны-дағы атбегісі.
Тістесіп құйрықтарын жеке келді.
Жүйрігі отыз аттың ішіндегі,
Ендігі той қызығы айтыс болды.
Жиылған шатыр маңы кісі толы.
Жақындай айтыс жерге бара алмасаң,
Түрегеп тұрғандардың болды соры.
Айтысы ақындардың қызған екен.
Тындаушы ақ шатырға симай кеткен.
Тұр түсі ақындардың өрт шалғандай.
Мұндайда ақын тартыс болады екен.
Біреуі қатты шертті домбырасын,
Көсіліп екі ақын айтысқанда,
Шымырлап дене балқыр боп қорғасын.
Ақынды айтыстырды ертелі-кеш,
Сөздері шашыранды жалған емес,
Қызықтап үлкен кіші тыңдағасын,
Шаршауды айтыскерлер білер емес.
Арқаның күңіренді сар жайлауы,
Жеткендей көп айтыстың сөз байлауы.
Суырылып жеке шықты бəйге атындай,
Атығай,Қарауылдың «Орынбайы»,
Бас бəйге белгіленген бір тоғыздан,
Айтыста орақ тілмен бал ағызған.
Жүлдегер Орынбай деп атағанда,
Тыңдаушы қолдап кетті бір ауыздан.
Қызықпен үш күн өтіп той тарады,
Ауылдағы қалған жұрты жиналады,
Тік тұрып қонақ күткен үлкен-кіші,
Ұ
мсынның ұлы тойын жалғастырды.
Оралып Жүсіп қажы құдасынан,
Есілбай жеткен еді ордасына.
Алдынан əкесінің бала шықты.
Көз салып қарағаны баласына,
Баласы ержеткенді бойы сұңғақ,
Қараған баласына оны сынап.
Қарағым қатарынан кем болмас деп,
Азырақ тұрып қалды көзін шылап.
Сауатын ашқан еді ел молдасы,
Көрмеген сары орысты ел баласы.
Құмартты мен орысша оқимын деп,
Жетілген жастайынан ой-санасы.
Іздеді ілім-білім сары орыстан,
Бар еді əке тамыры қол алысқан.
Балаңды оқыту үшін стапқа əкел,
Қайғырма əрі қарай мен оқытам.
Есілбай тамырына құлақ қойды.
Болғасын өзі қажы терең ойлы.
Баламды ренжітпей оқыт сен деп,
Қонағы Еремейге қойын сойды.
Барады елден орыс қаласына,
Кiрмеген орыс оқу санасына.
Түседі училище жеті жылдық,
Оқитын орыс қазақ арасында.
Жасынан ел көзіне түскен еді.
Үмітін үзбегенді Уақ елі.
Орыстың оқуына тез жетіліп,
Биыл еді сол оқуды бітiргенi.
Сыйлады зиялы деп орыс қазақ,
Болған жоқ бала болып ешбір мазақ.
Оқуды қатарынан үздік оқып,
Түсуге жоғарғы оқу еткен талап.
Жасынан зерек еді Галауеттен,
Ə
кесі баласынан үміт еткен.
Қарағым үйленуге жасың жетті.
Ойым еді енді сені үйлендірсем,
Осылай əке бала сырласады.
Ə
кесі баласына шын айтады.
Оқуға жоғарғы оқу ниет еттім,
Оралып Ұмсын елге келсе-дағы.
Барайын мен Ұмсынға жайымды айтып,
Келемін жаз айында елге қайтып.
Тойыңа келесі жыл дайындал сен,
Айдатып өгіздерді Ірбіт шауып.
Мінгені жас жігіттің торы бесті,
Жігіт еді жастайынан болған есті.
Келгенде қайын жұрты қарсы алып,
Сұлтаны жігіттердің күйеу десті.
Сырласты сері жігіт сүйген жанмен,
Болмады қайын жұртта сүйсінбеген.
Серттесіп келесі жыл үй тігуге,
Оқудан осы мезгіл келем деген,
Орыстан білім іздеп жігіт кетті,
Қаласы патша тұрған барып жетті.
Инженер тау кеншісi боламын деп,
Хабары Галауеттен желдей есті,
Ұ
мсын ба қолдамайтын оңған істі,
Қаласы патша сарай барамын деп,
Үмітін Ұмсын-дағы іштен пішті.
Жатқанда түн ортасы түс көреді.
Түсінде бір жамандық іс көреді,
Торыған ауыл үстін Қара бүркіт,
Ұ
мсынды алып ұшып жөнеледі.
Оянып сəске түсте Ұмсын тұрды,
Далада бойын жазып біраз жүрді.
Бар еді ел шетінде балгер кемпір,
Жорытпақ соған түсін көңілі еді.
Аяңдап соған қарай Ұмсын барды,
Сабырмен көрген түсін баяндады.
Қарғам-ай, өңің сынық көп ойлама,
Ойласаң терең батып көп бойлама.
Сым торын бір дұшпаның құрған екен,
Сақтану керек болар алдын-ала.
Бұл күнде Торсан болыс толған шағы,
Үш болыс бiр шаңырақтан жанған бағы.³9
Ірбітке керуен тартып сауда қылып,
Қатарлап ағаш үйді салғызады.
Құс тістеп мұрныменен тұрған кезі,
Ө
ңірді өзім билеп тұрсам деді.
Жүйрік ат, жүйрік тазы, қыран бүркiт
Сұлуы əйелдiң де соныкi боп,
Алдына дау-дамаймен кім келеді.
Көбіне ойлайтыны тартып алу,
Ұ
рлықпен пайда үстіне пайда табу.
Қорлыққа шыдай алмай келген болса,
Қамшы үйіріп ада ол жанға пəле жабу.
Торсанның тасы өрге домалады,
Айтқаны ұлық алдында құп болады.
Арқаның биіне əділ пəле жауып,
Қозыбай Семей жаққа жер ауады.³³
Торсанның бір баласы Шери еді,
Ол жүрген бір алаяқ кезеп еді.
Жол жүріп қажы аулына барғанында.
Ұ
мсынды шыққыр көзі көріп еді.
Сөз салып Ұмсынды өзі көндіре алмай,
Қапа боп бейтарапта жүрген еді.
Баласын Есілбайдың білетұғын,
Көңілдес ағайын боп жүретұғын.
Бауырлас ағайын деп жүрсе-дағы,
Көре алмай оны іші күйетұғын.
Аттанды Галауеттен Петерборға.
Жүргенде іші күйіп Шери зорға.
Інім-ау мыңау менің қосқаным деп,
Салдырды қол сандыққа алтын ақща, қалың дорба.
Кеткен соң Галауеттен қуанады,
Денесі бірде күйіп, бір тоңады.
Ұ
мсынды қалай қолға түсірем деп,
Ұйқысыз талай түнді оздырады.
Сөз салса маңайлатпай жүреді екен,
Ұ
статпай түзде тағы ол бір бөкен.
Жинайды атқа мінер ұрыларын,
Қылады соларменен əңгiме дүкен.
Бас қылды он бесіне ер Таспайды,
Ақылын өзiң тап деп сөз тастайды.
Ер Таспай жамандықтың адамы емес,
Іс қылсам ақылменен деп ойлайды.
Аулынан Жүсіп қажы мықты тапты,
Молырақ ақша беріп жылдамдатты,
Ауылдың сүндет тойға кетер күнін,
Күн бұрын Шери сұмға хабарлапты.
Бөрісі Шери сұмның дайын болды,
Қару ап қарақшылар атқа қонды.
Сапарың сəтті болсын ер Таспай деп,
Сұм Шери айламенен үйде қалды.
Жүйрік ат астарында желдей ескен,
Бөрілер талма түсте келiп жеткен.
Бос қалған қажы аулында қыз-келіншек,
Жиналып ақ боз үйде гуілдескен.
Келгендер ақ боз үйді қоршап алды,
Қуалап қыз-қырқынға ойран салды.
Ұ
мсынның бет-пердесін орап алып,
Бөктеріп мықты жігіт алға салды.
Шапқыншы Марьевкаға алып барды,
Сары орыс еңгезердей қарсы алды.
Бос үйді жеке тұрған көрсетеді.
Кіргізiп есігіне замок салды.
Естілді Ұмсын сұлу қарғағаны.
Орысқа олжаларын тапсырды да,
Жендеттер алды-артына қарамады.
Сары орыс кіріп келді есік ашып,
Тұрған жоқ еш нəрседен асып-сасып.
Қуғыншы арттарынан қуып келсе,
Бермекші есігінің кілтін ашып.
Ұ
мсынды елден ешкім іздемеді,
Қорлықты мұндай өмір көрмеп еді.
Кетті деп өзі қашып Ұмсын қызды,
Ə
йелдер өсек айтқан көбейеді.
Жылайтын баласына ана байғүс,
Шойманға көрінгендей өң менен түс.
Айрылған баласынан бозінгендей,
Зарлады ақ боз үйде ертелі-кеш.
Дүрлікті бұл сұмдыққа ауыл болып,
Қуарған Жүсіп қажы құдай солып,
Ұ
мсынның ешбір жерден дерегі жоқ,
Кеткендей осы ауылды жындар соғып.
Найман ер бұл қорлыққа намыстанды,
Жөн көрді, Торсанменен шабысқанды.
Қыз үшін қан төгіске бармаңдар деп,
Ақылмен Жүсіп қажы тоқтатады.
Тұтқында шер тарқатқан Ұмсын зары.
Ə
кемнің жалғыз қызы едім,
Аңдап басып жүр едім.
Сары майдай сақтаған,
Алтын гауһар пұлы едім.
Анам сүйген қыз едім.
Бақшадағы гүлі едім,
Құдай берген көріктің,
Сор екенін білмедім.
Он беске келіп бой жеттім.
Жұрт көзіне көп түстім.
Ойын-сауық кештерде,
Сұлу Ұмсын есіттім.
Тiтіркенді жүрегім,
Қош көрмеді көңілім.
Көптің бірі болсам деп,
Алладан еді тілегім.
Жаздық маусым етпеді,
Ə
кем елдің байы еді,
Ауыл болып бір тойға,
Кеткен тұстың шағы еді.
Ауылда қалған жастарды,
Жинадым етпек бастаңғы.
Ө
лең айтып, би билеп,
Ойын қызық басталды.
Ойыны қызық жастарды,
Ө
зім жүріп басқардым.
Жау шабады ойда жоқ,
Қызыққа қарап мастандым.
Айғай шықты алыстан,
Бір-бірімен жарысқан.
Жау шапты деп жеңешем,
Кір деді үйге Ұмсынжан.
Келген жаулар алысты,
Жастар жүр бермей намысты.
Керегі жауға мен екем,
Дəуі келіп жабысты.
Бұғақ салды мойныма,
Жасым толды қойныма.
Жасанып келген жасақ қой,
Еркімізге қойды ма?
Бөктерді ердің қасына,
Жетпеді күші жастардың,
Қуанышы мол қастардың,
Аяушылық жауда жоқ,
Ісі іспеттес мастардың,
Қалаға келіп тоқтады,
Біреуді іздеп жоқтады.
Қорқау Шери келмепті,
Біреулері оны боқтады.
Кіргізді орыс үйіне,
Кілтте деп сыртын бүйырды.
Гүж-гүж етті Иваны,
Бар ма дедім иманы.
Мал емес, бұл адам ғой,
Ə
йелдің екен сырттаны.
Орыс үйі абақты,
Ə
кеп берер тамақты.
Сырласарға ешкім жоқ,
Ө
лейін десем жан тəтті.
Қадыр кешін күткендей,
Ілінбейді кірпігім.
Зар еңіреген анам-ай,
Кімге тəлім бұл күнім?
Найман-аға қайдасың?
Асырды дұшпан айласын.
Сіздер жоқта ел шапты,
Көрмедім ел пайдасын.
Сұлу Ұмсын жылады,
Көздің жасын бұлады.
Торға түсіп бұлқынды.
Оркиіктің лағы.
Тордан шығу қиын-ды,
Бір аллаға сиынды.
Қойман көке қайдасың?
Босатсайшы лағыңды,
Торға түскен мен бір қар,
Құтылуды ойлап еттім зар.
Іздеп көкем келмесе,
Босата алар кімім бар.
Сыртым менің кілттеулі,
Сыртқа шығу шектеулі.
Қарулы орыс күзетші,
Терезе есік бітеулі.
Айғайды көке салыңыз,
Елді жиып алыңыз.
Ордасын бұзып Торсанның,
Кегімді менің алыңыз.
Неткен дүние жалған-ай,
Атам аруағы қолдашы,
Жанбура мен Толыбай,³8
Қолға түстім оп-оңай,
Бұтаға қонған торғайдай.
Іздемейтін қыз мен бе едім?
Бармысың жан аға, Шолжақай?³9
Жанбурадан Құдайқұл,
Құдай қылған іс пе бұл?
Жасымнан дертке ұшырап,
Болғаным ба зарлы құл?
Елдің ері Байсерке,4º
Құдай берген береке,
Мұңымды кімге шағамын,
Шипа болшы бұл дертке.
Анай, Қанай, Кенжетай,
Тəңірім сүйген ұлдар-ай,
Қапаста жатқан қызыңды,
Желеп-жебеп құтқаршы-ай.
Байбота мен Ақбота,
Жебеші мені жан ата,
Жендеттерден сақтай гөр,
Пірлер қолда бер бата.
Атам қажы Жансақал,
Екiншi атам Бисақал,
Ө
ріс толы баққан мал.
Құрмалдық айтып құдайға.
Немереңді сақтап қал.
Ата аруағын тербедім,
Еш бір жəрдем көрмедім,
Алла сөзін жаттап ем,
Алғаның ба бергенің?
Ойхой дүние өттің бе?
Түбіме менің жеттің бе?
Сүйгенімнен айырып,
Ойрандап мені кеттің бе?
Оқу ілім іздедім,
Жамандықты білмедім.
Он беске жасым жеткенде,
Жар қосағымды іздедім.
Бесікте қатар өсіп ек,
Ел сыйлаған біз түлек.
Ер жеткесін екеуміз,
Оқу іздеп кетіп ек.
Мен оқыдым арабша,
Сен оқыдың орысша.
Хат арқылы сүйіскен,
Күндер еді тамаша.
Алыстасың Галауым,
Ө
зің еді қалауым.
Мені іздеп келгенше,
Гүлдей өскен гүліңнің,
Үзіліп те түсер сабағы.
Ғұмыр берсін саған-ай,
Орындалмаған арман-ай,
Екеумізді қоспаған,
Діні қатты заман-ай.
Түстім қорқау қасқыр қолына.
Құрбандықпын жолыңа,
Еңді менде өмір жоқ,
Сұлулық жетті сорыма?
Аландама оқи бер,
Естен кетпес іште шер.
Ақиретте қосатын,
Алла емес пе кемеңгер.
Қош аман бол ардақтым,
Жылауменен зар қақтым.
Домовойдан шошынып,
Ауру дертке шалдықтым.
Жалғыздық түсті басыма.
Ешкім келмей қасыма.
Бұлғақтаған күндер-ай,
Бары жоғы осы ма?
Торға түскен түлкімін,
Орны толмас күлкінің,
Кімдер мені құтқарар.
Іздемесе төркінім.
Қорқау Шери қорлады,
Айтқаныма болмады.
Алма бетті аймалай,
Еркіме мені қоймады.
Сұлулық деген солар гүл,
Баянды болмас қызығы,
Гүл сабақтан үзілсе.
Жалғанбас жіппен үзігі.
Көрмегенді көріп мен,
Байшешектей суалдым.
Бұдан жаман бар ма екен?
Көрге кірмей өлгеннен,
Арам тіске шайналдым.
Бағым неге байландың?
Ө
лгенім менің жақсы еді,
Көргенше қорлық хайуаннан.
Алып барды аулына,
Жетпеген мені қаулыма.
Ойын-қызық тойы жоқ,
Тікенек шығып жолыма.
Ақлима күндес қарсы алды,
Ə
йел екен байсалды.
Сұлу қайдан жүрсің деп,
Менен жаман қорланды.
Шери бай боп оңбайды,
Екінші əйел алмайды.
Алданғансың сұлуым,
Көрсетермін майданды.
Азулы екен Ақлима,
Кісі салды Торсанға,
Екінің бірiн таңдасын,
Теріс кетсе қайнатам.
Біле ме екен оңбасын?
Жіберді кісі Нұрханға,
Нұрхан жиды бауырын.
Мəнiсiн айтып дауының,
Торсанды барып шабуға,
Ығай-сығай сайланды.
Уəделесіп байламды,
Қаруланып алғандар,
Соғысуға оңтайлы.
Мықты жігіт көп екен,
Қорқақтары жоқ екен.
Мiнгені шыңқай торы екен,
Қарасы да көп екен.
Суыт жүріп жеткенде,
Далада Торсан жүр екен.
Ордаға кірді құдалар,
Түстері суық бас салар.
Амандық-саулық сұраспай,
Шақырт тез, – дедi, балаңды.
Көрмеспін енді қараңды.
Қызымды алып жай кетпей,
Ө
ртеп кетем қалаңды.
Торсан сонда қорықты,
Жамандыққа жорыпты.
Шақыртады баласын,
Беремін деп жазасын.
Келді бала бүрісті,
Сері жігіт осы деп,
Отырғандар күлісті.
Шери отыр сызданып,
Шатақ іске былғанып,
Бір ауыз сөз айта алмай,
Отыр еді қорғанып.
Қарсы келер шама жоқ,
Ұ
мсынды Шери тастады.
Құдалар кетті қуана,
Ұ
мсын қалды далада.
Артын күтіп жүргенде,
Ағайын түсті араға.
Елдігімізге нұқсан деп,
Қосыпты екінші балаға.
Күндер өтті жылжумен,
Түндер өтті сыңсумен.
Қорланып Ұмсын жүрсе де,
Дүниеге бір нəресте келтірген.
Қойсайшы жастық шіркінді.
Аузынан Ұмсын түскендей,
Қыз бала еді сүйкімді,
Қырқынан оны шығарып,
Күлəмай деп қойды шіркінді.
Күлəмəй əлпештеумен жасқа толды,
Шешесі қорланумен жастай солды.
Қайғымен есі ауысып жүргенінде,
Кеселден жаман ауру шалық болды.
Інісі сұм Шеридің Бəкен еді,
Ерiксіз сол Бəкенге қосып еді.
Ауырған енді сұлу кімге керек,
Үйіне апарыңдар кетсін деді.
Естілді Торсан жақтан жайсыз хабар,
Шықпады ер адамнан онда барар.
Жиналды баруға енді Шойман шеше,
Ерекше қатуланып жауға шабар.
Жетеді қызына енді Шойманайым,
Жоғалтқан көптен бері күн мен айын.
Жылады екі мұңлық айырылыспай,
Жеткізді жанашырлар Ұмсын жайын.
Шойманай қызын алып елге оралды,
Естіді айуандықпен болған жайды.
Торсанға қарсы шабар шамасы жоқ,
Қарғыстан басқа айтар жол қалмады.
Ұ
мсынды өз отауына кіргізеді,
Күтуші жанашырдан əзір еді,
Келгенде жеңгелері құрбы-құрдас,
Мұңлы Ұмсын сауыққандай бой түзеді.
Кей күндер сап-сау болып айығады,
Таранып айна алдында көп тұрады,
Киініп сау күніндей тамақ ішіп,
Домбыра ап шерлі, мүңлы күй тартады.
Есіне түсіп кетсе іздейтүғын сары лағын,
Қуалап қызықтайтын ақ тайлағын.
Мінбеген көптен бері атым қайда?
Көретін тұлпар көктің Паңжорғасын.
Деп жадырап сөйлесіп отыратын,
Ауырған Ұмсын сұлу жылдап жатты,
Ауруы ағайынға қатты батты.
Құдайдың өтерінде мейірі түсіп,
Ұ
лыстың ұлы күні дүние сапты.
Ұ
мсынның шешесі
Шойманайдың жоқтауы,
Үздің бе, өмір құлыным?
Үзілмей менің жұлыным.
Сұрап жүріп құдайдан,
Бірінші көрген қызығым,
Жыламадың бесікте,
Туып едің өзгеше,
Қыз баласындай өсірдім,
Тұмар тағып төсіңе.
Жеттің беске гүл жайнап,
Қызықтап құда түсірдім.
Оқыдың хазірет алдынан
Оқу түбін түсірдің.
Жаттап алып құранды,
Ислам дінін ту қылдың.
Алла Жаппар құдай-ай,
Алдың ба бізді аямай?
Бір сұқсырға жем болып,
Арманда кеткен ботам-ай.
Жібердім оқы деп қалаға.
Ана көңілі балада,
Келгеніңше жай таппай,
Сиынып ем аллаға,
Бердің құдай тілекті,
Қуантып-ақ жүректі.
Үш жыл оқып оқуын,
Зиялы боп ер жетті.
Құрмалдық шалып той қылдым,
Аямай малды сойғыздым.
Бата берген жақсылар,
Аямайтын құдай не қылдым?
Сүйгеніне қосылмай,
Кетті құлыным арманда.
Нысапсыз Торсан қорлады.
Бөлтіріктері зорлады.
Хор қызындай құлыным,
Жетпей жатып сорлады.
Сорлағаны емей немене?
Қызғалдақтай солғаны.
Қызықпен өткен күнім-ай,
Жығылдым ғой орға мен,
Көтерер кім бар басымды-ай,
Сүйейтұғын қызым жоқ,
Жиған едік дүние боқ,
Көрінбейді көзіме,
Көзіме түсті қызыл шоқ.
Аспандағы жұлдызым,
Суда жүзген құндызым.
Бізді тастап кеттің бе?
Көрініп келген хор қызым.
Көзден тілден сақта деп,
Құдіреті күшті алладан,
Жатсам тұрсам тіледім.
Бермедің құдай тілекті,
Күнəкəр болсам кеш, алла,
Көрсете көрме түнекті.
Қыздар сұлу киіммен,
Шөпте тəтті бүлдірген.
Сұлу да тəтті құлыным,
Ө
ткенің бе дүниеден?!
Құдайға қарсы болмайын,
Ө
зі беріп өзі алған,
Азабын тарттың аурудың.
Елің болып қиналған,
Жыламай енді қайтейін.
Жетпей жасы суалған.
Мақтасам өзімді-өзім болар өлім,
Қыздардың маңдай алды қатары едің,
Мерт болдың берген жерге отау тікпей,
Бүгілер санаменен қыпша белім.
Қадыр тұтқан ағайын,
Көздің жасын тияйын.
Мөлдіреген көзімді,
Жылауменен ояйын.
Ер жеткен бауыр сенде жоқ,
Орныңа кімді қояйын.
Жылаудан жұртым пайда жоқ,
Артының берсін қайырын.
Махмет Қожахметұлы
ТАҒДЫР
Кезiнде есiмi облысымызда кеңiнен танымал болған ақын
Ахметжан Нұртазин4¹ Преснов ауданына орман
шаруашылығының директоры болып келгеннен-ақ,менiң
ə
кеммен достасып үнемi қарым қатынаста болды.Бұл,
ұ
мытпасам 1945-46жж. болса керек. Көбiнесе ол кiсi бiздiң
«Қызыл ой» колхозына Преснов аудандық атқару комитетiнен
ө
кiл ретiнде, кейде өз жұмысымен, əйтеуiр жиi келудiң
нəтижесiнде бiздiң ауылдың өз адамы тəрiздi болып кеттi.
Аханның əкеммен достық қарым қатынасы өзi көз жұмғанша
үзiлген жоқ. 1956-57 оқу жылында бiз зайыбым Дəметкен
екеумiз Ақбалық ауылына мұғалiм болып үй iшiмiзбен көшiп
бардық. Ол бiздiң отау тiккен жылымыз едi. Оған дейiн,
колхоздар iрiленген соң Петровка селосында тұратынбыз.
«Қожахметтiң жалғызы бiлiктi маман болыпты, əрi отау тiгiптi,
соған барып қуанышын бөлiсемiн», – деп келгенде «Бiздi көшiп
кеттi», – деген соң, марқұм тұп-тура өзiнiң жолдастарымен
қасында облыс ақыны, əншi Игiбай Əлiбаев4² бар бiздiң үйге
келдi. Үлкен мəжiлiс басталып кеттi. Сол ауылдан, көршi
ауылдан сыйлы-сыйлы азаматтар шақырылды, əңгiме-дүкен
құрылды. Арасында əн-күйге де кезек берiлдi. Көршi Жаңажол
ауылында тұратын атам Құпбидың үйiне сол кезде Сергеев
ауданының бiр мектебiнде мұғалiм болып көптен жұмыс iстеп
жүрген iнiсi Кəлəу Тайжанов4³ қонаққа келiптi. Ол марқұм да
шақырылды. Игiбай, Кəлəу екеуi кезектесiп домбырамен əндi
шырқағанда бүкiл ауыл жиналып, кəдiмгi той болды да кеттi.
Бiр сөздiң ретiнде Ахаң «Ау Қожеке мына Игiбайды жақсы
бiлесiң, ал мына Кəлəу Құпбидың туысы болғанмен менiң iнiм.
Сiздiң ертеде өткен Нүрке iнiңiз сияқты əрi домбырашы, əншi,
аңшы, балуан», -дедi де бөгелместен «Əй, Кəлəу, аңшының əнiн
шырқашы», – дедi содан соң Ахаң. Əн төгiлдi. Əн сөздерiнiң
iшiнде Нүркенiң аты 2-3 рет аталды. Сөз бұзып, əн туралы,
Нүрке туралы сұрауға ол кезде бiздiң əрi жас, əрi дəстүрдi бұзып,
үлкендермен деңгейлесуге шамамыз келмейтiн кез. Қонақ күтiп
зырлап жүрiп, əңгiменiң Үкiлi Ыбырай деген кiсi туралы екенiн
аңғардым. Бiрақ, үлкендер осы əңгiме тұсында бұрынғыдай
саңқылдамай, жабырқау дауыспен əлдебiр қыршаңқылау өлең
жолдарын кезекпен айтысып «Сол үшiн кеттi-ау» – десiп
отырысты.
Уақыт жеттi. Ахаң да дүниеден өттi. 1978 жылы жазда шешемнiң
дүние салуына байланысты көңiл айтуға Кəлəу ағай келдi.
Ə
ңгiме арасында «Аңшының əнi», Нүрке, Үкiлi Ыбырай туралы
сұрадым. Ол кiсi «Ей, қалқам, осы сұрақты, əкеңе қойсаң менен
де көп айтар едi ғой», – дедi. Əкемнiң: «Оны қайтесiң? Өттi, кеттi,
ө
лдi», – деп күрсiнiп жауап бермейтiнiн айттым.
Кəлəу ағай: «Менiң бiлетiнiм Ыбырай өте сыншыл,шыншыл,
батыл, турашыл ақын болғаны», – дедi. «Аңшының əнi» халық
ə
нi делiнiп жүр деп əкеме қарады. «Руы қарауыл iшiнде
Қалдабан, Сандыбайұлы Ыбырай. Жасынан домбыра тартып əн
айтып, бөркiне, домбырасына, атының кекiлiне, құйрығына үкi
тағып сал-серiлермен үзеңгiлес жүрген адам, – деп бастады
ə
ңгiмесiн əкем. Жүрген жерi той-думан, бай-билерге қарсы
ө
лең-жыр шығарып, қара халықтың жақтаушысы болған, тек
бай-мырзалардан дəмдес болғаны шағалақ – Керей
Шəймерден44 деген кiсiнiң досы екен. Əкесi Сандыбай темiрден
түйiн түйген кiсi екен. Дүние қумаған, жанына өзiне ұқсас Нүрке
ə
ншi, Рахмет құсбегi, Тiлеужан балуан сияқты жiгiттердi ертiп,
серiлiк құрып, елден-елге қыдыра жүрiп сауық сайранмен ел
көңiлiн көтерген. Ыбырайға демеушi болып бетiнен қақпай
ө
сiрген, өндiрген сол Шəкең болса керек. Шаймерден өлген соң
оның үлкен баласы Тұрғын, əкесiнiң Ыбыраймен достығын
үзбеген. Бетi қайтпай, тура, сынға жол берген.Үкiлi Ыбырай
Кеңес үкiметiн де сынға алған. Сөйтiп өкiлге, əкiмге, үкiметке
тiл тигiздi деген сылтаумен сотталып кетiп, аты аталмай қалған
адам. Ал Нүрке болса, бiздiң ағайын Тоқтыбайдың баласы. Əкесi,
шешесi ерте өлген соң ағасы Омардың қолында тəрбиеленедi.
Омар Тоқтыбайұлы кезiнде Бiржан салдың тобында серiлiк,
салдық құрған. Əншi iнiсiнiң қабiлетiн аңғарған ол Нүркенi
Ыбырай тобына қосады. Мүмкiн жас дарынды Ыбырайдың өзi
танып, шақырды ма екен, əйтеуiр Нүрке əншi Үкiлi Ыбырай
тобында болуы анық. Сөйтiп əншi Нүрке, аңшы Нүрке аталуы
хақ.Нүрке менен үлкен. Есейген соң жақсы таныстым деп сөзiн
жалғады əкем. Шамамен 1883ж. туған болуы керек. Сайрандап
жүрiп, Үкiлi Ыбырай бастаған топ, Самай Жансақал қажының
ауылының тұсына келгенде Нүрке Ыбырайға ақырын ғана бiр
сөздер айтып, Ыбырай жүрiсiн тежеп, айналсоқтай бергенi.
Осыны көрген Тұрғын мырза Шаймерденұлы «Əй, жiгiттер,
қажының ауылына соқпай өту əбестiк болады. Сəлем берейiк,
бiрақ Жүсiп қажының үйiне түсейiк, – дейдi. Жүсiп –
Жансақалдың баласы келедi. Жүсiп қажы үйiнде болмайды.
Қонақтарды дəстүр бойынша ауыл азаматтары қарсы алады.
Қажының кiшi баласы Тiлемiс өте жақсы ықылас көрсетедi.
Нүрке Тiлемiстiң апасымен сөзi жарасқан екен, қалың берiп
құда болуға Нүркенiң туыстары кедей, амал жоқ iштен тынып
жүрсе керек.
Дəм iшiп, ел жиналып, əңгiме-дүкен қызып, əн мен күйге кезек
тиiп, жол Ыбырайға келгенде домбырасын безiлдетiп
«Аңшының əнiне» басады. Əннiң аяқ тұсында, əзiлге сайып:
Тоқтыбай əкең аты, Нүрке өзiң,
Қосылар шын сұлуға келдi кезiң.
Ағаңа бiз сияқты той бастатып,
Қарғам-ау бiтiрсеңшi iстiң тезiн.
Керейде ардақты iнiм кемеңгерiм,
Күнде ойын, күнде жиын жүрген жерiң.
Несiне сəттi iстен тайынасың,
Тұрғанда оған Тұрғын ардагерiң,
– деп Нүркеге «Тайын ба, мал жоқ деп ығыспа», – деп қуат
бередi. Бұлар келген соң, ауылда алтыбақан болады. Жастар
жиналып, ойын-сауық басталады. Сол кеште Нүрке мен Ұмсын
сөз байласады. Араға уақыт салып Нүрке алып қашатын болып,
жолдастарының ақылымен, Ұмсынмен келiседi. Бiрақ ол
тiлектерiне жетпейдi.
Үкiлi Ыбырайдың өлеңдерiн əсiресе бай, болыстарды
масқаралайтын ажуа өлеңдерiн, өздерiнiң бетiне айтып халық
алдында күлкi еткенi үшiн бе, əлде қуаяқ кедейдi кердеңдетiп
күлкiге қала беремiз бе деген басқалардың жұмысы ма, кiм
бiлсiн, əйтеуiр араға жыл салып 20 жасар Нүрке жер
ауып,айдалады да кетедi.
Ұ
мсынды Торсан болыстың Шери атты баласы тоқалдыққа
алады. Оның əйелiнiң төркiнi Балта керей Нұрқан болыс екен.
Жүсiп қажы, Нұрқан болыс Торсанға кiсi салып қатты сөздер
айтылып, ел арасы бүлiнуге айналады. Араға билер, ағайын
түсiп Торсан болыс көп қалың берiп, Жүсiппен келiсiп
Нұрқанның аяғына жығылып, айып төлеп Ұмсынды бойдақ
жүрген, жiбi түзу баласы Бəкенге қосады. Келесi жылы Ұмсын
бiр қыз бала туады да, ауруға шалдығады. Уайым, қайғыдан
жынданады. Оны төркiнi алып кетедi.
Бұл шамамен 1905 жылдар болу керек. Нүрке айдаудан қашып
келедi. Ұмсынға барады, бiрақ ол Нүркенi танымайды.
Құсаланған Нүрке, əрi жауларынан ығысып, елге тұрақтай
алмай Сыр елiн паналайды. 1915ж. жауларының көбi ол
дүниелiк болған соң елге оралады. Бiрақ көп ұзамай сол
жылдың күзiнде дүние салады. Келесi жылы Ұмсын да қаза
болады.
Мiне,Нүркенiң тағдыры осындай.Ұрпақ қалған жоқ. Тек ағасы
Омардың баласы Əбеннен мына жанымыздағы Бүркiт деп
ə
ңгiмесiнаяқтады əкем.
Достарыңызбен бөлісу: |