Ə
бжатай С ұрағанов
Ұ
МСЫН СҰЛУ
Аяйын бiлгенiмнiң айтпай несiн,
Ө
лiмнiң бiлмейдi адам ерте-кешiн.
Жəмиғат, зейiн қойып оқысаңыз,
Жазғаным Ұмсын сұлу поэмасын.
Ашылып айтса, тарқар көңiл кiрi,
Айтпаса кiмге мəлiм кiмнiң сыры.
Басынан бағы тайып, құса болған,
Бақытсыз қыз баланың бұ да бiрi.
Жансақал – қыз əкесi Мекке барған,
Елге келiп, пiрəдер қажы атанған.
Бас өсiп, малда бiтiп, дəулет шалқып,
Тəңiрге риза болып, көңiлi тынған.
Есiлбай – Керей-атаң – белдi байы,
Жетерлiк бiр басына бiткен малы.
Дүние-мүлiк басқада зəру емес,
Шетiнен бəрi оқыған балалары.
Бай баймен құда болса – жүрер жорға,
Кедей баймен құда болса – жүрер дорба.
Жансақал, Есiлбаймен құдай десiп,
Құда түсiп, болыпты бесiк-құда.
Қажының жалғыз қызы Ұмсын деген,
Кəркiнен көз алмайды оны көрген.
Бағында пiсiп тұрған қызыл алма,
Бұраң бел, он алтыға биыл келген.
Сол Ұмсын Жансақалдың ерке қызы,
Ə
кенiң əлпештеген бақ жұлдызы.
Сипаты пейiштегi қор қызындай,
Балқиды толған айдай нұрлы жүзi.
Дүниеде көп қыздардан артық көркi,
Көргенi сұлу Ұмсын ойын-күлкi.
Ə
зiрге жоқ басында еш уайым,
Болған соң бiр басында толық еркi.
Тамаша əр мүшесi алуан-алуан,
Сипат жоқ осы күнде одан озған.
Дүниеде мұндай сұлу тумағандай,
Көркiне сұлу Ұмсын қайран қалған.
Ауылда қыз ұзату – той басталды,
Ұ
зақ түн толастамай əн шырқалды.
Кездесiп Ғалауетден Ұмсын сұлу,
Сөйлесiп бiрiне-бiрi қатты ұнады.4‘
Ғалауетден: – Қойма, – дедi, – өкпе бiзге,
Қалқажан ендi менен құдер ұзбе.
Бiр-ақ жыл қалды оқуды бiтiретiн,
Үйленем, қаласа Алла, келер жылы.
Екi жас мiне, осылай сөз байласты,
Қыз Ұмсын төктi сонда көзден жасты.
– Қорқам! – деп, қайта-қайта айта бердi,
Жетсек деп, сол бiр күнге тез асықты.
Сол тойдан үйдi-үйiне жұрт тарасты,
Аспандағы ай екi жасқа сəуле шашты.
Ө
мiрлiк екi жүрек бiр болсын, – деп
Сəт тiлеп, көкте жұлдыз жымыңдасты.
Ұ
мсын қыз ұйықтап едi, бiр күнi жатып,
Қысқа түн өтiп қапты, таң да атып.
Шошынып өз-өзiнен Ұмсын байғұс,
Оянды зар еңiреп, жасқа батып.
Ұ
мсын қыз жеңгесiне айтты түсiн:
-Жеңгетай, көргенiмнiң барлығы шын.
Арманыма жетем бе, ойыма алған,
Қорыққанымнан кетiп тұр, ес-дертiм.
-Бас салды қараңғыда қара жылан,
Белiме оралды кеп, тездеп-жылдам.
Аузымды басып менiң, үн шығармай,
Ə
кеттi алыс шалғай жерге таман.
Ұ
қсады қыз-дəуренiм өтетiнге,
Басыма кемдiк мұңдар жететiнге.
Үйiмнен тұз-несiбелi таусылғандай,
Жылаумен мен ұқсадым кететiнге.
Керейде соңғы болған Торсан болыс,
Бақ адасса – батпаққа қонады ырыс.
Пара алғыш, өзi тентек, тым қатыгез,
Халқына кездеспедi жан да дұрыс.
Болмады Торсан болыс елге жайлы,
Қолдады пара берер көп байларды.
Ө
зiнен бағы асты деп, күндеп-мiндеп,
Жазықсыз жер аудартты Қозыбайды.
Торсанның Шери деген үлкен ұлы,
Қарақшы кезеп, шiркiн, жаннан ұры.
Қолына ұрылардан жiгiт ұстап,
Ұ
рлатып алдыратын көп жылқыны.
Тебiлдi Қызылағашта Алтыбақан,
Қыз-бозбала кезектесiп өлең айтқан.
Көтерiп көңiлдерiн жастар жағы,
Қалжың сөз, əзiл-оспақ – бəрi жарасқан.
Жүргенде «Ақ сүйектi» олар ойнап,
Сəтiн салса, құтылып қайда бармақ.
Бетпе-бет, ойда-жоқта ұшырасып,
Ə
кеттi екi тентек қызды арқалап.
Сорлы Ұмсын босанам деп, бұлқынады,
Бар күшiн салып жазған, жұлқынады.
Қамалса күймелi арба ол iшiне,
Бұлардан босап қалай құтылады.
Тез жеттi олар орыс қаласына,
Бұрыннан «тамыр орыс» панасына.
Кiргiздi үйге сүйреп, қыз байлаулы,
Қарамай күнəсiз жан көз жасына.
Байлаулы қызды олар босатпады,
Алға қойған тағамнан түк татпады.
Қаншама сұраса да əр нəрсенi,
Тiс жарып, ешкiмге ол тiл қатпады.
Шеридiң таусылады бар амалы,
Ұ
мсын қыз: Жан екен, деп санамады.
Ақша берiп, орыстың кемпiрiне,
Жазықсыз Ұмсын қызды дуалады.
Таң ата: Қыз жоқ! – деп, жұрт дүрлiктi,
Iздестiрдi қалдырмай бар түндiктi.
Ауылға кiмдер келiп, кiмдер кеттi,
Болды ма, бейтаныс жан, ер күдiктi.
Жер қалмай, қызды шолып iздегенмен,
Табылмай сорлы-байғұс ешбiр жерден.
Iз-түссiз, тойлы түнде қыз жоғалды,
Бiр жан да кездеспедi көрдiм деген.
Арада осылайша күндер өттi,
Естiлер, тым болмаса, сыбыс, дестi.
Ешкiмге қиянатым жоқ, – деп қажы,
Жазықсыздан жазықсыз кiм өшiктi?
Отырмын зорға шыдап, шықпай жаным,
Есiлбай берiп қойған, қалың малын.
Жаратқан! Жалғыз өзiң жар бола көр,
Қызымның бiлсем деймiн бiр хабарын.
Жазықсыз кiм көнедi қиянатқа,
Тiлемен жамандықты: жауыз-жатқа.
Жоқ едi, ұзыннан – өш, қысқадан – кек,
Тапсырдым қыз баламды, жалғыз – Хаққа!
Жамандық iс жатпайды жасырғанмен,
Бəз бiреу жаулық жасап, басынғанмен.
Болыстың бiр баласы бар деседi,
Айғақ жоқ, нақты барып көзбен көрген.
Бүгiнде жан азайды сөздi ұғар,
Қызымнан жетсе шiркiн, жылы хабар.
Ағайын, айтыңдаршы, менде қазiр –
Күш барма, сол болысқа қарсы тұрар?
Тыңдаңыз ендiгi сөз Ұмсын қыздан,
Тағдырдың тəлкегiне ұрынған жан.
Көп төккен, көзден аққан жасын иiп,
Құтылса жарар едi-ау, есен-аман.
Тұтқын боп, Ұмсын сұлу, төктi жасты,
Ақ жүзiн қасiрет пен қайғы басты.
Бұл дұшпан маған ғашық болмас едi,
Қап-қара, шұбар қылып шешек жесе.
Байланды жатқа басым, жанашыр жоқ,
Бар үмiт ағалардан, көңiлге тоқ.
Оңайлықпен ендi олар берiспейдi,
Торсаннаң балалары – бар жауыз топ.
Қалама терiм сiңген құндыз бөрiк,
Түскесiн басқа қайғы құрсын көрiк.
Бiрiндей бозбаланың Ұмсын едiм,
Басымнан билiк кетiп, қалмады ерiк.
Менде жоқ, бұрынғыдай ұйқы қанық,
Қайғырып, қапаланам күйiп-жанып.
Жаратқан жалғыз өзi жəрдем берiп,
Құтылсам бұл қапастан ебiн тауып.
Тəңiрiм, бұл пəледен өзiң қорға,
Қыз Ұмсын қапелiмде түстi торға.
Ерке өскен мен əкемнiң тотысы едiм,
Отырмын өлмеген соң, əрең-зорға.
Амалсыз не қылайын жалғыз басым,
Кемiдi қасiреттен жарым жасым.
Ой тауып, осындайда жол сiлтейтiн,
Белгiлi болды арасы дос пен қастың.
Жығылды Ұмсын сұлу есiн бiлмей,
Қор болып, мехнат тартып неше күндей.
Жабысқан осы дерттiң түрi жаман,
Қаншама таң атырды көзiн iлмей.
Есiн жиып, тағы да көзiн салды,
Қапаста тұрғанына қанша налды.
Ата-ана, елi-жұрты еске түсiп,
Қыз Ұмсын əлсiн-əлсiн естен танды.
Тағдырдың кiм көнбейдi құдiретiне,
Жiбермес өз көңiлiм жанды еркiне.
Тап болды ауруы жоқ Ұмсын сұлу,
Кеселдiң жазылмайтын бiр дертiне.
Балгерлер бойға сiңген дуа дестi,
Айырар асқынғанда ақыл-естi.
Жасалған қастандығы ойлап тапқан,
Алмақ боп, жазықсыздан солай өштi.
Сол дуа көп кешiкпей бойға сiңiп,
Отырад өздi-өзiнен сылқ-сылқ күлiп.
Шалдықты жазылмайтын осы дертке,
Ө
з басын өздiгнен жерге ұрып.
Кететiн əлсiн-əлi есi ауып,
Бiр көзi көрмей қалды, нұры тайып.
Ө
зiнен-өзi сөйлеп отырады,
Алдына қолаң шашын күнде жайып.
Еркi жоқ қыз баланың күнi құрсын,
Жiгiт сол серттен таймай, сөзде тұрсын.
Тырнағына iлiгiп, жыртқыш аңның,
Қор болдың қандай жанға сұлу Ұмсын.
Аямай, көндiрем деп, сабап ұрды,
Дуадан естен танып, болды – жынды.
Сол дерттен жылға жетпей Ұмсын сұлу,
Ө
мiрмен қош айтысып, көзiн жұмды.
Ағайын, туған-туыс – бəрi жылап,
Зорлыққа, қиянатқа əрең шыдап.
Жел дағы тына қалды iшiн тартып,
Орман да аза тұтып, аң-құс шулап.
Жас өлiм қандай ауыр, жанға батты,
Қара жер бауыры суық, кiмдi аяпты?
Торсанның баласымен өзiн қоса,
Қалың жұрт қарғыстарын айтып жатты.
Көргем жоқ, ол жандарды мен де көзбен,
Естiген əңгiмем-ед, үлкендерден.
Егер де болса, мiнi – жансақ жерi,
Кешiрiм мен сұраймын, шын сiздерден.
Ожан Қали
АДАСҚАН АҚҚУ
Дастан
Ерiмей жiбiмеген iштiң мұзы,
Жаз келмей бұрын жеткен қыстың сызы.
Гүл жармай дүниеден ерте озған,
Қазақтың оқымысты тұңғыш қызы.
1
«Қажы – бай құлағың сал мына сөзге,
Тапсырар аманатты – келдiм кезге.
Бiлуге дүниенi құмартып тұр, -
Ұ
мсынжан… айтарым жоқ онан өзге!»
Көз жұмды Қарашашы осыменен,
Сыртынан бақұлдасып қызыменен.
Тұңғышы туа жалғыз кiшкентайы,
Томпиған əрi сырлас досыменен.
Қалды Ұмсын анасынан алты жаста,
Iнiсi Тiлемiстiң жөнi басқа.
Ат қойған «ағасына» Қойбағар деп,
Бекерге атамапты бостан-босқа.
Жетектеп бала Ұмсынды өз қатарлы,
Мешiтке молла алдына өзi апарды.
Жеткiзiп «Қарашаштың» соңғы сөзiн,
Жұсып бай түсiндiрдi жəй-жапсарды.
Ə
уендi əлде қалай самал сырлы,
Ə
ндете жарма есiктi аша кiрдi.
Нұрлы жүз екi көзi оттай жанып,
Бала Ұмсын өз-өзiнен тасый кiрдi.
«Көздiнiң көз айымы болмағай тек,
Япырау бал-бұл жанған неғылған бет.
Ə
жесi-ау немереңе тұз сұрықта,
Хазiрет көрмей жатып таңқалған ет».
Осы оймен хазiреттi кешке қарай,
Ə
упiрiм əлдеқандай күшке санай.
Шақырды дəмiн үйiп дастарханға,
Ақ бата адал ниет – iске балай.
Қуанды ата-əже əулетiмен,
Салдырам оқу орнын сəулетiмен.
Оқумен айналысса аярым жоқ,
Бөлемiн əдейi арнап дəулетiмнен.
2
Кей-кейде алғы күнге алаңдайтын,
Сағыныш əлде қандай сылаңдайтын.
Бұлдырлау беймəлiмдеу болашағын,
Аялай ақ үкiлей армандайтын.
Дүниеде басқа жоқтай құран бiлiп,
Оқыған балалықты құрбан қылып.
Ананың ақ сүтiндей пəк тазалық,
Дарыған тұла бойға имандылық.
Бiлудi үйренудi армандаған –
Ө
мiрдiң асылы деп жайраңдаған.
Бұқардың бiр ғалымы хазiреттен,
Үш жылда бастауышты тамамдаған.
Оқуда не бiр терең мойымады,
Ұ
стазы алғырлығын пайымдады
Бұл қызға айтарым жоқ ендi менiң
Хазрет таусылғанын мойындады.
Құраннан басқа жоқ деп өмiр мəнi,
Балқыған əр жолынан оның жаны.
Қолына құран тисе алып ұшқан,
Жұмаққа кiргендей-ақ оның жаны.
Оқыған Мұңлық-зарлық – болған қайғы,
Жүсiп пен Зылиқадай ғашық жайдi.
Сырларын сансыз ғашық бойға бүккен,
Балайды «патшайым» деп сұлу айды.
Ғажайып құбылыстар бiлген сайын,
Тауысқан құныға оқып көздiң майын.
Па шiркiн болған екен жан берiскен,
Бiрi үшiн бiрi өлген Қозы – Баяндайын.
Осындай сезiмдер де болады екен,
Көңiлдер сырға симай толады екен.
Қосылған сүйгендердiң арманы жоқ,
Бақ құсы таңдап келiп қонады екен.
Көлденең көз салғанға арбалмаған,
Жылтырақ барға жоққа алданбаған.
Ата-ана асылым деп жалғыз қызын,
Бақытын болашағын армандаған.
Апарды «Троицкий» мектебiне,
Сай келдi дəрежесi жеткенiне.
Не бары «Уазифада» бiр жыл оқып, –
Бiтiрдi келесi жыл көктемiнде.
Бұл қыздың алғырлығы бөлек дедi,
Санасы өте терең зерек дедi.
Имамы Қызылжардың Мұхамедбин,
Оқыту одан əрi керек дедi.
Жүсiп та бiр кездерi көңiл қойған, –
Бiлiмнiң негiздерi аян оған.
Шет елде одан əрi оқуына
Бөгемей баруына бейiл болған.
3
…
Қажылар болған екен жол бастаушы,
Сияқты кəдiмгiдей қол бастаушы.
Ұ
зақ жол өмiр-өлiм арасында,
Алланың əмiрiмен жан сақтаушы.
Болыпты соның бiрi Бəдел қажы,49
Қол созған қалғандарға – болмай лажы.
Жолында қажылықтың ғұмыр кешiп,
Арнайы Мəдинадан киген тəжi.
Тəжiнiң қасиеттi күшiменен,
Тұрағы – Александрия түсiне енген.
Қалаған шаһарлардан өзiң таңдап,
Меккеден Əмiр жеткен – тұрсын деген.
Арабтан əйел алған қош көретiн,
Ойы да ақылы да дес келетiн.
Бəделдей əрi дарын əрi жалын,
Қазақтың əдет-салтын ес көретiн.
Осылай орын тепкен Бəдел қажы,
Жат жұртта аңыраған қобыз сазы. Иа Алла!
Қазақтың дəм тұзынан айырма деп,
Алдырған Сарыарқадан құрт, май, қазы.
Мекеге сапар шеккен – жолы болған,
Мысырда Бəдел-мешiт орын салған.
Бiр қазақ мың қазаққа төр ұсынып,
Дарқандық дариясы тасып толған.
Бiр жолы Абылайдың4³ бастауымен,
Аманат – Ұмсын қыздың қостауымен.
Аль Азһар мектебiне Египеттiң,
Алдырған Гүлям Рифат48 қоштауымен.
Алынды Бəделбейдiң қамқорына,
Үйреттi бəйбiшесi жаңа орынға.
Алыста бөтен елде алаң болмай,
Бет бұрды ақиқаттың ақ жолына.
Аль Азһар ғылым орны атағына,
Сайма-сай шəкiрт болды қатарында.
Ескендiр Зұлқарнайын орын тепкен,
Атақты Александрия шаһарында.
Бiр кезде жер кiндiгi болған шаһар,
Шаһарда жаннан басқа бəрiн сатар.
Жер жүзiн дiрiлдеткен жорығымен,
Александр Македонский салған қаһар.
Салдырған сарайларды алтындатып,
Көрсеткен күндiк жерден жарқылдатып.
Аттанған шығыс бетке осы жерден,
Қолменен жерқайысқан солқылдатып.
Адамның есебi жоқ қалың орман,
Қырқысқан қызылқанды қырғын болған.
Қисапсыз сол қырылған жан атаулы,
Бiр сəттiк қызық үшiн болған құрбан.
4
…
Жолдарын бөгемеудi заңдастарған,
Талапты тəуекелмен жолдас қылған.
Айларды жол үстiнде артқа тастап,
Оқуды Египетте жалғастырған.
Жеткенi таяу шығыс айдын жүзi,
Аль-Асһар университетi шыққан құзы.
Шет елге бiлiм iздеп тұңғыш барған,
Қазақтың жұдырықтай жалғыз қызы.
Келгенi үш континент жанасқан жер,
Дiн Ислам бiр тұтаса толысқан бел.
Сан тiлдi жарқыл-жұрқыл хан базардай
Үш нəсiл бiр шаһарда тоғысқан ел.
Бұл жалған дүниеде жетпес баға,
Жиналған бар əлемнен «сый мен сана».
Сыңсыған сықырлаған қалың орман,
Ғажайып бұл не деген кiтапхана!
Сияқты Александрия мұнарасы,
Жетпейдi шет-шегiне көзқарасы.
Жол тауып бұл биiкке қалай шығар,
Ə
лiде қатаймаған бұғанасы.
Сырлары ғылым бiлiм асқаралы –
Мақсатты күш жiгерден жасқанады.
Саралау тану сызу ажырату,
Барлығы тiл бiлуден басталады.
Көруге дүниенiң арай күнiн,
Естуге дүниенiң талай үнiн.
Биссмилаһи жар болагөр – ашты есiгiн,
Дүниенiң тылсымдалған сарайының.
Тiлдестi түрлi мəсiл тұрғындармен
Кездестi көсем шешен бұлбұлдармен.
Тұңғиық түнгi аспанға талмай қарап,
Сырласты жымыңдаған жұлдыздармен.
Ден қойды дүниенiң дыбысына,
Кiргендей қайдағы бiр қуысына.
Сол жерден қарманғанда алтын балық,
Сезiндi ұстағандай уысына.
Тыңдасаң дүниенiң жыры қандай!
Тиедi жан жүйеңе үнi балдай.
Сазды үнi əлемiңдi шайдай ашып,
Жайнайсың Иран бақта отырғандай!
Шешендiк сайыстарда төгiлген тер,
Бүгiлмей тақ таласта қираған бел.
Бiрi өлп бiрi кетiп жеңген жерде,
Ө
шпестей атақ даңқты сыйлаған жер.
Бұл жерде тасқұдайлар керден кеткен,
Жеңген соң Перғауынды Парсы келген.
Торабын тоғыз жолдың тартып алып,
Румдар тас бекiнiп алған төрден.
Цицерон қалың қолмен басып өткен,
Көсiлiп Август, Помпей тасып өткен.
Патшалар бiрiн бiрi ығыстырып,
Румнан Юлий Цезарь қолы жеткен.49
Қаптаған жау атаулы келген өктем,
Басқыншы бұл өңiрге өлiм сепкен.
Кемелер мың-мың санды адам толы,
Шайқаста шаит болып суға кеткен.
Бүгiндер көк теңiзi шалқып жатыр,
Бусанып күн көзiне балқып жатыр.
Осынша адамдарды жұтып алып,
Ештеңе бiлмегендей толқып жатыр.
Анау тұс «қауыз» дейдi Антонийдiң,
Арнайы жас патшаға берген сыйдың.
Сұлудың падишасы Клеопатра,
Екеуi махаббаттың кешкен күйiн.‘º
Екеуi сол қауызға түседi екен,
Румның мақсат жолын пiшедi екен.
Маржанды – миллион унци
2
кəусарға ерiтiп,
Ə
р күнде Клеопатра iшедi екен.
Антоний тұңғыш көрген мұндай жəйдi,
Сұлулық сымбатына сайма-сайды.
Күн сайын жайнай түсiп жасарудың,
Сырына қанық болып қайран қалды.
Ойласа жатқан теңiз жер ортада,
Байланыс жасалғандай жол ортада.
Тарихқа үңiлгенде бұрынғы өткен,
Сезiндi жүргендей-ақ сол ортада.
Болған ғой бiр заманда «заман ақыр»,
Ө
ртенген жер бетiнде күлi жатыр.
Жалғанды жалпағынан басып өткен,
Кiтаптың беттерiнде iзi жатыр.
Қақ алдан iңкəр көңiл бұлаңдаған,
Көруге тағат таппай тұра алмаған.
Аль-Асһар мектебiнде бес жыл оқып,
Ғылымнан он екi фəн тамамдаған.
5
Алқызыл алашабыр көкбоз аспан,
Күн батып бара жатты қырдан асқан.
Аңшылар келе жатты қыраулатып,
Ақ мамық жауған қарды күрт-бырт басқан.
Келгендей бүгiн сəнi қырдың жоны,
Көк қыран, құмай тазы оңды солы.
Қанжыға қарсақ, қасқыр, қызыл түлкi,
Олжалы болған бүгiн аңшы тобы.
Аңшылар жолы болған сəндi-бапты,
Ə
серлi өңкей шешен тiл мен жақты.
Қуаныш бойға сыймай бұрқыраған,
Даланы дуға бөлеп келе жатты.
Жиналған осы өңiрден сал жiгiттер,
Бəрi де саятшыға сай үмiткер.
Бүгiле бүктетiлiп көсiлетiн,
Астында бөкен санды сəйгулiктер.
Тұлпарлар ауыздықпен алысады,
Жiгiттер сұқпа сөзге барысады.
Қызынған аңшылықтың желiгiмен,
Жол бермей сөзге қонақ жарысады.
Ыбырай дəл ортада көк жорғамен,
Тайпалтып келе жатыр жасарған өң.
Тұғырда қыран бүркiт томағалы,
Жүрiстен шайқалмайды оң солға тең.
Ө
з ара гуiлдесе қағысқаны,
Сөз əзiл, оспақ көңiл жарысқаны.
Тұрғыны Шынтемiрдiң Шормантегi,
Iшiнде осы топтың арыстаны.
Баласы Тоқтабайдың Нүрке серi,
Түп төркiн – Таузар Керей шыққан тегi.
Таузардың маңдай алды балуаны –
Ə
рi əншi əрi мерген əрi серi.
Iздеген бала жастан жан-тұрақты,
Ойлаған Нүрке серi жар мен бақты.
Жiгiттiң жарқылдаған жампоз пiрi,
Тербелiп ат үстiнде келе жатты.
Ойласа Ұмсын қызды тасиды еркi,
Есiнен кетпей қойды сұлу көркi.
Бiлмейдi не қыларын мұндай кезде,
Болады асқынғандай ғашық дертi.
Каирге бес жыл бұрын аттандырған,
Сол сəтте қимастықпен мойын бұрған.
Тербеле ұзай берген фаэтонмен,
Кеткендей болған сонда жаны құрбан.
Түседi кездескен кез ерке Есiлде,
Ə
лiде келмесе де бiр кесiмге.
Қойбағар Тiлемiспен Қараөткелде,
Ұ
мсынды қарсы алғаны əлi есiнде.
Сонда ол қолын бере құшақтасқан,
Көзiнен əлде қандай шуақ шашқан.
Сүйрiктей саусақтары дiрiл қағып,
Iштегi жанған өрттi əрең басқан.
Ұ
мсынның Египеттен оралғаны,
Ө
ңiрге жаңалық боп таралғаны.
Той болған ұланғайыр ауылында,
Сонда бiр жарқыраған жан арманы.
Жақындап Нүрке серi сөз жайдақтай,
Ой салды Ыбырайға жез қармақтай.
Астында жер баспайтын қыл жиренi,
Боз iнген сүтiн емген бозтайлақтай.
Бұл ойды Ыбырай да байқап қалған,
«Бұла күш бұлғып көңiл шығар алдан.
Жiгiттiң бес күн жарым ғұмырында,
Қол созған алтын айға қайран арман».
Қарағым Нүрке серi деген сонда,
Көз салшы айналаңа оң мен солға.
Бет алған жағдайыңды бiлемiн ғой,
Белгiлi көп бөгеттер тұр ғой жолда.
Жолкеұлы мал берудiң жолын тапқан,
Бiр серi сөз салыпты Есiл жақтан.
Көз салған көңiл арсыз əулекi көп,
Ыбырай ақыл бердi – содан сақтан.
Сұлуға кiмдер талай қызықпаған,
Ə
улекi əумесерлер қызықтаған.
Ақырып айға шапқан арыстандай,
Аһ ұрып көз майларын тұздықтаған.
Кiшкентай Жолкеұлы соның бiрi,
Азуы алты қарыс оның түрi.
Байлықпен байлап матап əкiм байды,
Алыстан айбат шегу оның қыры.
– Бұлардың барлығына қарамаймын,
Сүйгенге тең келер деп санамаймын.
Қаласа көп ұзамай алып қашам,
Ə
зiрше Тұрғын байға паналаймын.
– Көмегiм менiң шырақ тiл мен жағым,
Бұл қайда алып барар ол бiр ағым.
Дауласса дауға ортақпын малға ортақпын,
Сен батыр қайда болсаң мен сондамын.
Бұл Нүрке қандай қызға ғашық болды?
Айтқанда сол сұлуды тасып толды.
Ұ
мсынның бала кезi еске түсiп,
Көруге Ыбырай да асық болды.
Қажылар елi атанған осы маңда,
Көрмеген көптен берi серi салды.
Бұрылып Жансақалдың ауылына,
Сау етiп бiр топ аңшы түсе қалды.
Тұрғындай бай арада серi жəне,
Ертеден байға түсу болған кəде.
Қажылар үйде болмай қарсы алды –
Бiр кезде атағы асқан Шойман əже.
Жүсiптiң кiшi ұлы Тiлемiсi,
Саудамен аты шығып жүрген iсi.
Қуана қарсы алды қонақтарды,
Қадiрiн ағалардың бiлген кiсi.
Жайылды берекелi дастарханы,
Күткендей көптен берi тосқандары.
Жайғасты «ат шаптырым» үлкен үйге,
Ө
ңiрдiң жақсы менен жайсаңдары.
Сусындап қонақтардың қанған шөлi,
Отырған жайма шуақ сүртiп тердi.
Түскендей көктен ғайып бiр перiште
Айқара жарма есiктен шыға келдi.
Кигенi аппақ шаңқан ақ көйлегi,
Аққудай көлки ұшқан құс бейнелi.
Жұлдыздай жарқыраған екi көзi,
Ырғалған жүрiсiнен «жер тербелдi».
Қыр мұрын аппақ жүзi жазық маңдай,
Қиғаш қас алма мойын толған айдай.
Жалт етiп жүз аудара қарағанда,
Дермiсiң перiштеден жаралғандай.
Сұлулық көздi қарып сүрiнгенi,
Жұтынып тамақ қырнай күлiмдедi.
«Тiл көзден сақта құдай мына қызды» –
Ыбырай iшiн тарта күбiрледi.
Сынауда Ыбырайға орнаған бақ,
Ертеден алғыр беттi Нүркеге жақ.
Тең екен мына сұлу Нүркеменен,
Екеуi ғашық болса болғандай-ақ.
Көргенде Ұмсын сұлу өңкей салды,
Сызыла көз астынан шолып алды.
Сиқырлы сұлулықтың мысы жеңiп,
Белгiсiз бiр тыныштық орнай қалды.
Иiлiп сəлем бердi бел қайысып,
Отырды өз сəнiне сай жайғасып,
Ақ сəуле əшекейлеп самауырды,
Шəй құйды аппақ сүйрiк қол майысып.
Тұрғыны Шынтемiрдiң сөзге ептi,
Толайым тумысынан көрген көптi.
«Тiлдессек боларма екен немереңмен,
Соңынан ақ əженiң ерген» дептi.
– Лұқсат Тұрғын жаным сұрағаның,
Орданың шаңырағын сыйлағаның.
Жер шалғай теңiз асып аман жеттi ау,
Маңдайға жалғыз бiткен – қимағаным!
Отырыс жүрiсiнде бала жастан,
Инават ақыл паңдық араласқан.
Ел көрiп жер көргенi байқалып тұр,
Ашықтық туралықты жəне қосқан.
Қарағым аман келдiң – шүкiршiлiк,
Етемiз бəрiмiз де жол ұсынып.
Арабтың жаңалығын айтшы жаным,
Сұраймыз ағаларың – қол құсырып.
Бастады сонда сұлу сөздi еппен,
Мөлдiреп екi көзi нұрын төккен.
Үнiндей қоңыраудың сыңғыр қағып,
Сүйкiмдi дауыс жеттi қырын беттен.
– Ағатай сөз бергенге құн жетпейдi,
Бұл сапар үлкен iске мiндеттейдi.
Бiр сөзбен айтып беру мүмкiн емес,
Барлығын баяндауға тiл жетпейдi.
Сондықтан айт десеңiз ол жақтарды,
Арабтың жазулары айғақтар-ды.
Ұ
лтымыз оқысын деп алып келдiм,
Бiр сандық анау тұрған кiтаптарды.
– Қанықтым жауабыңа жан қарағым,
Аз сөзбен бəрiн айттың беу жарадың!
Ұ
лтыңа жеткiзiпсiң жетi жұрттан,
Байлығын баға жетпес ой сананың.
– Сағындым ел жұртымды өздерiңдi,
Елiктей еркiн өскен жерлерiмдi.
Дарқаны дариядай кең даламның,
Сағындым сұлу сырлы сөздерiңдi.
Сөз десе бiздiң қазақ елеңдеген,
Құмары тамыршыдай – өлең деген.
Ауылға сал серiлер келгендi естiп,
Ағылды бай үйiне – көрем деген.
Үй толды адамдарға жыр сүйетiн,
Жан ашып өнер десе жан күйетiн.
Ыбырай осы ортада балқып отыр,
Арадай тыным таппай бал жиятын.
Ө
зiнше тыңдаушыны сынап алды,
Құлағын домбыраның бұрап алды.
Домбыра былпылдады қуйқылжыды,
Ə
серлi бiр əуездi əнге салды.
– Айт десең, Ұмсын қалқам, сөзiм дайын,
Ортада отырғанда «күн мен айым».
Серiлер сырларынан суыртпақтай,
Айшықтап əсемдете баяндайын.
Қалайық келдi кезек ей, əн бастайын, аа-а-а
Ə
н сүйген төңiрекке ей көз тастайын аа-а-а.
Төңiрек судай тынып толқып отыр
Сондықтан ей «толқынымнан мен бастайын,
ой… ги-ги-гай, ги-ги-гай.
«Толқынды айту керек ей жайлап қана, аа-а-а
Ө
зiнiң нақысымен ей сайлап қана, аа-а-а
Дариядай шалқып жатқан болмаса да,
Бұлақтай ей, көзi шыққан қайнап қана
ой… ги-ги-гай, ги-ги-гай.
Ə
уелi лапылдаған жалындай бұл аа-а-а
Екпiндеп емен жыққан дауылдай бұл аа-а-а.
Майдағы майда мақпал жауып өткен,
Екiншi ей нөсерлеткен жауындай бұл
ой… ги-ги-гай, ги-ги-гай».
Қырғидай қас қағымда шолып алды,
Нүрке мен Ұмсын қызға көзiн салды.
Екеуi екi жақта отырса да,
Толқыған жарастығын сезiп қалды.
Толқынды одан əрi толқытты – ай кеп,
Толқыны ғашықтарға жеткендей – дөп.
Дəнекер жiбiн жалғап жымдастыра,
Екеудiң емiн тауып еткендей сеп.
Ыбырай айтар сөзге аузы ептi,
Қос шектi одан əрi безiлдеттi.
Бүгiнгi жолы болған «аңшылықты»
«Толқынға» жалғастыра серiк еттi.
Ашылды ақындықтың тағы қыры,
Бұл кеште жиналған жұрт ұқты мұны.
Шырқалды ұрпағына аңыз болар,
Ə
йгiлi Үкiлiнiң «Аңшы жыры».
– Бiр қызық ит жүгiртiп аң ауласа,
Мiнген ат шабуылмен танаулса.
Кигенiң iшi қызыл орман түлкi,
Құлпыртып жез сабаумен сабауласа.
Болғанда биең жарау атың қату,
Жiгiтке лайықпа қарап жату.
Серлiк жастықта ерлiк бойға қонып,
Жiгiтке ол бiр қызық дуылдату.
Қызыл жел көңiлiңдi қыздырмалап,
Тұрмайма тағатыңды, бұздырмалап.
Жүйрiк ат, қыран бүркiт ұшқыр тазы,
Үшеуi ер жiгiтке құйрық қанат.
Қалың бет салыңқы төс қамыс құлақ,
Бөп бөлек ойынды етi тұрған құлап.
Жүйрiктi бiр досыңнан сұрап алып,
Кежiмдеп кереуетте жатсаң сұлап.
Бүркiтiң сонда тұрса саңқ-саңқ етiп,
Күтiлiп саятшымен бабы жетiп.
Қанды көз қайқы тұмсық қарауытып,
Ұ
мтылып көрiнгенге тап-тап етiп.
Қарғылы тұрса тазың сылдыр қағып,
Керiлiп бiр сiлкiнсе дүр-дүр қағып.
Таңертең аңға шығар мезгiлiнде,
Еркелеп келсе жетiп сылаң қағып.
Сол күнi келе қалса аң құмарың,
Лепiлдеп соға қалса ынтызарың.
Бүгiлтiп жылқыдағы жарау атты.
Ертемен алып келсе малшыларың.
Иттi алып аңға шықсақ, құсты бүреу,
Ерiне күмiс балдақ қылып тiреу.
Жiгiттiң бес күн жарым ғұмырында,
Па шiркiн болса деген бұл бiр тiлеу.
Таулардан түлкi қашса бұлдыр қағып,
Соңынан құса тазы сылдыр қағып.
Кейiнгi дабылшының айғайымен,
Шайқақтап қыран ұшса бұлтты жарып.
Алғанда қыран бастан тазы таңнан
Құтылмас қашқан түлкi қос қыраннан.
Жiгiттiң бес күн жарым өмiрiнде,
Мұншама қызық өтер сұм жалғаннан.
Күн ұзын түлкi қуып тауды айналып,
Қарайып күн кеш болса көз байланып.
Олжаны қанжығаға байлап алып,
Қонуға қызды ауылға ыңғайланып.
Желiккен сол көңiлмен қайтқанда елге,
Мiнген ат қырауытып батса терге.
Ө
леңшi домбырашың қасында боп,
Кез болсаң қоналқыға бұраң белге.
Самауыр ақ шəйнекпен тұрса қайнап,
Отырса бiр сұлу қыз көзi жайнап.
Сол күнi қыз əкесi үйде жоқ боп,
Отырсақ əзiлдесiп күлiп ойнап.
Шешесi ойнақылау жастау келсе,
Ол қызға бiр жеңгесi қастау келсе.
Бiр жiгiт аузы ептi түлкi сойып,
Ə
зiлдi қалжың сөздi бастай берсе.
Сол жiгiт бастай берсе əзiл сөзiн,
Қараса қызға жiгiт қадап көзiн.
Iшiнде махабаттың оты лаулап,
Балқыса қорғасындай сонда сезiм.
Тоқтабай əкең аты Нүрке өзiң,
Серпiле көңiл ашар келдi кезiң.
Шалқыта «Шалқыманы» басшы жаным,
Шаттана балқығандай «мөлдiр көзiң».
Бiр тұстан дауыс шықты «Жарқыным-ай!»
– Па шiркiн Ыбырайым – алтыным-ай!
Кiр түссе көңiлiңдi ақын ашар!
Қырандай аспандаған жарқылын-ай!
Ө
зi айтпай «Шалқыманы» бере салды,
Тұрғын бай қылығына қайран қалды.
Ыбырай елiктiре желпiндiре,
Нүркенi осы кеште алға салды.
Ал Нүрке ақ жеңдерiн түрiн алған,
Малдасты айқастыра құрып алған.
Еңселi өр кеуделi кең иықты,
Қыран көз нұрлы жүзi бал-бұл жанған.
Шашақты домбыраны алды қолға,
Ұ
қсады шыққандай бiр биiк жарға.
О..у ли-лла-лай, ли-лла-лай,ли-лла-лай,
Дауыстың екпiнiмен толқыды алға!
…Ө
леңмен екi өкпеңдi қалқытайын,
Денеңдi қорғасындай балқытайын.
Бiржаннан алып қалған əнiм едi,
Азырақ «Шалқымамды» шалқытайын.
Салайын «Шалқымамды» ырғақтатып,
Үкiлi домбырамды бұлғақтатып.
Шырқаған əнiм едi серiлiкте,
Оңаша Торшолақпен келе жатып.
Ө
леңмен болдым таныс ой мен қырға,
Құлақ салып, халайық, əнiмдi тыңда.
Бiреуге айдай алмас малды берiп,
Мол қылған əн-өлеңмен менi жырға.
Ө
леңмен талай жердi тегiстедiм,
Қадiр бiлмес адаммен келiспедiм.
Атығай, Қарауыл мен Керей, Уақ,
Сен алма, мен бiр тауық, жемiс тердiм.
Шарықтап шалқыманы аспандатты,
Қызғанда қызға қарап қасын қақты.
Ə
нменен көңiл күйдi əсем өре,
Қыз жүзiн жанарымен жақындатты.
Ə
серлi əн бастырмалай жосып өттi,
Екпiнi алты қырдан асып кеттi.
Шабытты шалқыманың шарпуымен
Шайқала осы тұста тасып кеттi.
Сұлуға көз қиығын салып өттi,
Жəй өтпей қыран көзi қарып өттi.
Балқыған шалқымаға жайнап жүзi,
Қыз дағы жарқылымен жанып өттi.
-Уа шiркiн Ыбекеңнiң «Шалқымасы-ай!»
-Шалқыма Үкiлiмнiң атына сай.
-Шалқытқан Нүркенiң де осал емес,
-Өнерi жаз бейнелi көркiне сай.
Ешкiмге бiлдiрмейтiн басқан iзiн,
Толқытты осы бiр əн Жүсiп қызын.
Нүрке де жеткiзгендей бар тiлегiн,
Сүртiндi орамалмен нұрлы жүзiн.
Сұлудан бiр сыйқырлы сезiм жеттi,
«Өнермен өрге жүзер кезiң кептi».
Бiр күштiң əлде қандай əсерiмен,
Қос шектi алқымдата безiлдеттi.
Нүркенiң бабы келдi-ау – жалындатты,
Тайпалған боз жорғадай ағындатты.
Зор екен дауыс деген кең тынысты,
«Айбозды» боз iнгендей аңыратты.‘¹
«Айбозым айхай бозым-ай даңғыл бозым!
Ел шалғай жүре алмадым жалғыз өзiм.
Сүйiктi сүйiскендi сағынғаннан,
Талады қарай-қарай екi-ау көзiм.
Ха-ла-ла-ку лиллай, лиллай, лиллай
Лила-лау, лиллай ха-ла-ла-ку
Лила-лай, лила-лай».
– Па шiркiн серi болсаң Нүркедей бол!
– Əн салса ой өрнегiн пiшедi мол!
– Келгенiн ел еркесiн естiгендер,
Тыңдауға түстiк жерден түседi жол!
Бұл өткен думан сауық өтетұғын,
Ə
ркiмнiң азба көппе көретұғын.
Ө
тiптi от оранып жалын жұтқан,
Түстей боп сенбесiңе сенетұғын.
Сезiмдер серттескендей болған едi,
Оралмас алыстаған арман едi.
Қазбауыр ақша бұлттай өте шыққан,
Бұл да бiр жiгiттiктiң дəуiрi едi.
6
Қызықта, неше түрлi ауыр мұң да,
Болған ғой «Қызылағаш» бауырында.
Үйленiп Жүсiп байдың Қойбағары,
Той болған Жансақалдың ауылында.
Соңына салтанатты нөкер ерген,
Бай қызын өткен жылы тұңғыш көрген.
Сұлудың сымбатына арбалған соң,
Арнайы Ақан серi тойға келген.
Қай кезде серi деген қызу қанды,
Той десе аямаған шыбын жанды.
Думан той көркiн ашар ардақтыны,
Қуана ауыл болып қарсы алды.
Ə
н салған Ақан серi осы тойда,
Жəй бастап əуелiнде қоңыр майда.
Ой мəнiн астарлата жүз құбылта,
Аударған қыз көңiлiн келген бойда.
Сырларын одан əрi тереңдеттi,
Бесiктi тербеткендей өлеңдеттi.
Ə
н сүйер адам болса осы тойда,
Аспаннан жұлдыз алып берем дептi.
Келеме тойдың сəнi ойын болмай,
Ə
н мен күй əлдиледi ойды толғай.
Басталды көршi, мыршым ойын-сауық,
Орамал сезiм-сырды кеттi жалғай.
Ə
н салған осы тойда байдың қызы,
Арайлы мың құбыла арман жүзi.
Кəусардай имандылық – иландырып,
Үнiнен тазалықтың қалған iзi.
Сызылта баяулата салған əнi,
Жеткендей ғұламадан iлiм нəрi.
Құранның хадисiнен хабар берiп,
Ə
нменен өрнектелдi өмiр мəнi.
Бiлдiрiп үкiлi үмiт үндерiнен,
Жастықтың жалын атқан күндерiнен.
Жұмбақтай Ақан серi сұрақ қойған,
Сөз бастап Араб Парсы тiлдерiнен.
– Адамның екi көзi көрер ғайни,
«Самигөн ғала рəi-си ұзнайни
Тахбүбiм сiзге ғашық болғаныма,
Ташшаһүн екi инiмде малакайни».
Сыпайы сыр ашарда ең əуелден,
Аялай шын асылдың қамын жеген.
Алаштың ардагерi серi Ақанға,
Бөгелмей сонда Ұмсын былай деген.
– Дiлбардан дiлбар керек шахуазия,
Перизат духтар шаһи гүл-назия.
Ə
р нақыш мəдхамды гүл түстерсiң,
Дiл арай дiл Хафиза гүл-нақия».
Асыра жұмбақ айтып берем деген,
Жəй қалды байдың қызын жеңем деген.
Байқатты Ұмсын сұлу серi Ақанға,
Бiлiмi əлде қайда тереңдiгiн.
Сезiндi Ақан серi басқандай шоқ,
Манадан айтқандары жалғандай боп,
Көрiндi мына отырған Ұмсын сұлу,
Ой жетпес алыстағы армандай боп.
Таң қалды Ақан серi бiлiмiне,
Қомсынды өзiнiң құр тiрлiгiне.
Асылға сұлулыққа дiңгек болған,
Япырмау дариядай дiн-дiлi ме!?
– Ай жүзiң жарқырап тұр-ақ жақұтың,
Бүйырар екен кiмге бұл бақытың.
Жалғанда жан қисам да бермес едiм,
Ə
ттеген өттi-ау – кеттi-ау уахытым.
– Ағажан, қапаланба өткенiңе,
Ризалық тəуба керек жеткенiңе.
Алаштың ардақ тұтқан ардагерi,
Жетерсiз əлi талай өткелiңе.
– Жеткiзген бiр өзiңе мəлiм күйдi,
Десем де сiздейлердi жаным сүйдi.
«Ағажан» деген сөзiң жүрегiмдi
Ерiтiп жасартқандай жылы тидi.
Көз салса күлiм қаққан қыздың жүзi,
Балбырап балқығандай байдың қызы.
Толқыған серi дағы сол бiр сəтте,
Сезiндi ерiгендей iштiң мұзы.
Ешқашан ойламаған сүйер жанды,
Сақтаған самалым деп ұмiт – арды.
Iштегi толықсыған сыр сезiмдер,
Бұлжымас сенiм сертiн бұзып жарды.
Сезiмдi сездiрмеуге асық болған,
Сақтанған жосығы мол шалыс жолдан.
Айтысып сол бiр көрген сəттерiнен,
Сөйлеген сөздерiне тасып толған.
Ұ
мсынның мысы жеңiп ой қамалды,
Таба алмай отырғанда бiр амалды.
«Қыз сыны» сағымдайын сылаң етiп,
Кенеттен түсе кеттi – ой орамды.
Ұ
мсынды сонда Ақанға көршi қылған,
Қиғандай сұлулыққа басын құрбан.
Соңында ойын-сауық Ақан серi,
Тасыта тасқындатқан асыл жырдан.
Тереңнен толғай орай қыздың жəйiн,
Көз салды қияда үшқан қырандайын.
Отырған қыз-бозбала қызығардай,
Ағызды тамылжыта тiлдiң майын.
– Сары бел Сарыарқадай жаннат жердiң,
Нелер жоқ ортасында қалың елдiң.
Таранған аққу құстай айдын көлде,
Ғажайып бiр перизат қызды көрдiм.
Көрерiм əлде ұзақ, əлде қысқа,
Жарқ етiп ой оралды жарқын нұсқа.
Жүректi жарып шыққан жыр арнадым,
Кенеттен кездескен соң аққу құсқа.
Ақбозат, ақ пəуеске, сыйлы есiмнен,
Сұлулық сомдалады үйлесiмнен.
Аппақ боп жарқыраған шыға келдi,
Түскендей патша қызы күймесiнен.
Бейнесiн баяндауға тiл батпайды,
Шекеде бiр шоқ үкi бұлғақтайды.
Аяқты шекей басып жөнелгенде,
Кең етек ақ көйлегi ырғақтайды.
Көргенде көңiл шiркiн ойнақтайды,
Сұлудан басқа жанды ойлатпайды.
Қап-қара қос бұрымы белден түсiп,
Айшықтап ару қызды айғақтайды.
Жұқа өң аппақ жүзi үлбiреген,
Маржандай екi көзi мөлдiреген.
Сағымдай самал соғып тербегенде,
Етегi ақ көйлектiң желбiреген.
Беттедi сол ару қыз ақ отауға,
Жеткiзген Шам Мысырдан сəлем сауға.
Нөкерлер шыға келе құшақтаса,
Қарсы алды қыз-бозбала жан атаулы.
Ақылман жанға жайлы сөзi қандай!
Сыпайы сыңғыр қаққан үнi қандай!
Сабырлы парасатты терең ойлы,
Көргенде ердi есiнен тандырғандай.
Ашылды алтын сандық қоңыраулы,
Iшiнде толған кiтап бұған баулы.
Тағыда алтын жүзiк сырғасы бар,
Ə
келген нөкерлерге сəлем-сауға.
Сұлулық осындай да болады екен,
Көргенде көңiл шiркiн толады екен.
Ə
лемнiң бар асылы ғажайыбы,
Басына бiр адамның қонады екен.
Жарасып сырлы сазды сөз өрнегi,
Болсайшы екеу ара-наз ермегi.
Па шiркiн! Осындай қыз бағын ашар,
Жiгiттiң жолы болып кез келгенi!
7
Арада үкiлi үмiт талып ұшқан,
Хат кеттi сезiмдердi алып ұшқан.
Көбелек көңiл шiркiн сағымдайын,
Сағыныш от оранып жалын құшқан.
Сүйгенiн алыстағы асыл тектi,
Ə
нменен Ақан серi жалғай өптi.
Елiнен Қарауылдың көктей өтiп,
Сағыныш Сырымбеттен самғай жеттi.
Ақан серiнiң бiрiншi хаты
Ақтанкер əлденеге есiнейдi,
Аққу ма перiштеме түсiне ендi.
Кезiнде бағы тайған дер кезi ауған,
Күнiнiң не боларын түсiнбейдi.
Сап көңiлiм Ғайни Хият бұлағындай,
Мəңгiлiк қасiрет тартса өкiнбейдi.
Ақтанкер күй талғамас бəйге десе,
Қара көз тiлек тiлеп мөлдiресе.
Алласы нағып мойын бұрмас екен,
Күнəсiз қыз жүрегi шын тiлесе.
Бақыт па қасiрет пе маңдайымнан,
Бал тамар сөйлеп кетсең таңдайыңнан.
Сирател мұнтағанның ағашындай,
Жұмақтың жаратылдың қандайынан.
Адамның бар сипаты көрер Ғайни,
Сайфун ғала расиуал узнайни.
Бiз сiзге махаббатым барлығына,
Тасшаһфуд екi иғымда малақайни.
8
…
Жасынан өршiл өжет – өр бұлқына,
Көнбеген көркем ойы ел ырқына.
Самайда Жүсiп байдың жалғыз қызы,
Атанған ғалым-дiндəр ел жұртына.
Қазақтың бұл қызының асқан бағы,
Оқуда жiгерлi жан жасқанбады.
Мысырда бес жыл оқып елге оралған,
Ұ
мсынның атақ даңқы аспандады.
Жылтырап көзге түстi жылым жандар,
Таңқалды таңдай қақты сұғынғандар.
Тұс-тұстан аш көздене ауыз ашып,
Көз салды байлықпенен құтырғандар.
Iздедi аңдушылар жұқа тұсты,
Ақылдан асып туған айла күштi.
Бiлiмiн бағаларлық орта болмай,
Сау басы сұлулықтан дауға түстi.
Сөз кеттi мен алам деп Сибан байы,
Ешкiмге есе бермес оның жəйi.
Алыстан айбат шектi Жолке байдың,
Азулы адуынды Кiшкентайы.
Көз салған Ғалиянұр Көкшетаудан,
Ұ
мсынды көргеннен-ақ көңiлi ауған.
Сұлуды не қылса да мен аламын,
Қайтпаймын деп ант еткен «қалың жаудан».
Астына жорға мiнiп сылаңдаған,
«Алдыма жан салмаймын қараңдаған».
Килiгiп Атығайдың Нұрғожасы,
Қайткенде мен алам деп жалаңдаған.
Кезiнде Торсан байдан айла асқан,
Байлығын Есенейдiң мықтап басқан.
Торсан құл Торсан бай боп шалқығанда,
Байлығын Торсан байдың Шери басқан.
Байлықтың көбiк буы мастандырды,
Арамдық тойымсыздық бастан кiрдi.
Барымта қарымтаның жетi атасы,
Кеуденi бұзып жарып астам кiрдi.
Қай күнде аңдушының жолы болған,
Тiмiски орағытар оңды солдан.
Адал ма, арамына қарамайды,
Жиренбей жұта берер «қара жолдан».
Байлардың шек болмаған былығында,
Қандай күш тиым салар қылығына.
Сыртынан торуылдап көз салған ғой,
Атақты «қыр» самайдың сұлуына.
Шериiң үйде жатып күлген едi,
Iстерiн серiлердiң бiлген едi.
Кiмдiкi болар екен көрейiк деп,
Қомдана етек жеңдi түрген едi.
Шери бай iштi-сыртты барлап алды,
Алыстан орағыта қармақ салды.
Ə
улетiн қажылардың дəулетiмен,
Би болыс əмiрi мен қыспаққа алды.
Қарайтын Шеримедi барға жоққа,
Май құйды ебiн тауып жанған отқа.
Тұрғанда Жұдырықтай қарақшысы,
Бай қызын алып қашу қиын боппа.
Қалайша серiлерден қиып жолды,
Алсам деп Шери болыс күптi болды.
Шаймерден елiн билеп тұрған кезде,
Алыстан екi құрдас құрды торды.
Қай күнде бай ниетi жесе құнды,
Қарамай артқа қысты өсегiңдi.
«Ұмсындай ақ перiште қызды құшып,
Жаңғыртсам арманым жоқ төсегiмдi».
Деп ойлап хабар салды Шаймерденге,
Шериiң қисық атар жəй мерген бе?
Серiлер сопыларың жалғыз оқтық,
Не тұрыс бiлте басар дəл келгенде.
Нүркенiң болмағандай жəй ермегi,
Қосуға барымтаға сай келгенi.
Айласын көп ұзамай iске асырды,
Ауылнай Есiлбайдың Шаймерденi.
Бозбала қайдан бiлсiн Нүрке серi,
Жүргенде жайбарақат жайлап елдi.
Алысқа оралмастай ебiн тауып,
Ұ
статып ту Сiбiрге айдап жердi.
…
Түс көрген кеше ғана жалынды өрттi,
Көз алдан көлкiлдеген сағым да өттi.
Қараусыз аққу құстың ақ үрпегiн,
Қаңғыған бiр қара құс қағып өттi.
Япырмау бұл неғылған түс торып жүрген,
Бiлдiрдi əжесiне жорып жүрген.
«Қорғайтын азаматтар кетiп қалды-ау –
Деп əже абыржыды – толып жүрген».
Шəймерден хабар салды – өңкей соқыр,
Ауылы қажылардың бейғам отыр.
Жұтынып жалақтаған қарақшылар,
Жетпiс пен Жұдырығың дайын отыр.
Ө
згеше сұлулығы бала жастан,
Ай жүзi ай таңбалы болған асқан.
Келгенде дəл жиырмаға Ұмсын сұлу,
Шериi Торсан байдың алып қашқан.
Арамза қорқаулармен астасқанда,
«Қос мырза» көршi түсiп қостасқанда.
Шығады мұндай сойқан аяқ асты,
Жауыздық тағылықпен бас қосқанда.
Аш көздi жүрдай болған ұят ардан,
Бай ұлы жас тоқалды қылған арман.
Майысқан тал шыбықтай ақ аруды,
Үстiне қос қатынның алып барған.
Қараса алып барған «қара күштi»,
Түнерген тұңғиықтай түсi сұсты.
Бiр сəтте ақ арманы жанып кетiп,
Бiр сəтте-ақ қыз бақыты күл боп ұшты.
Қуғыншы қыз артынан келе алмады,
Көмектi еш қайсынан көре алмады.
Уахытты бiр жетiге созса дағы,
Шеридiң «сыбағасын» бере алмады.
Қорланған Ұмсын сұлу көзi жасты,
Таныды қор болғанда дос пен қасты.
Жансақал ауылынан еркек кiндiк,
Шыға алмай қарап тұрып қара басты.
Ойлады ендi кiм бар келетұғын,
Ұ
мсынның мына халын көретұғын.
Ə
легiн əулетiмен бұл Шеридiң,
Оңдырмай «сыбағасын» беретұғын.
Салмақты қыз төркiнi сала алмады,
Аяғын Торсан байдың шала алмады.
Мысырда жан жолатпай бес жыл бойы,
Қорғаған Бəделбейдей бола алмады.
Қапыда iлiккен көз қарақтыға,
Қамалған Нүрке серi абақтыға.
Жəй емес екен ғой бұл сұмдығы,
Ə
йтпесе қақтырмас ед қанаттыға.
Қыз құнын Торсан байға дауға салды,
Шери ме ауырсынар «қалың малды».
Қалған мал Есенейден аясын ба,
Бiрнеше «қырық тоғызды» бере салды.
Ақан серiнiң екiншi хаты
Қыз қайда қалқатайдай көңiл ашар,
Көңiлiм сенi ойласам болды нашар.
Айырлып сенен қалқам қалған күнi,
Ə
нiне бiр басайын «Алты басар».
Ой қалқа, сен маған жоқ мен саған жоқ,
Шекеңде бұлғақтаушы едi үкiлi шоқ.
Көзiме ұйықылы ояу көрiнесiң,
Ойянып тұра келсем дəнеңе жоқ.
Ой қалқа, өлер болдым сенi ойлай,
Күйдiрдi ғашық дертi ерiкке қоймай.
Бiр жаман мал бердiм деп алып кеттi,
Жылқы екен қыздың құны сығыр құдай.
9
Берген соң қалың малды Шери байың, -
«Тоқалым меншiгiмде қалды-ау дайын».
Далиып Кейқуаттай көсiлдi-ай кеп,
Кiм ойлар торға түскен қыздың жəйiн.
Бiр жағы қыз келдi деп құрақ атса,
Бiр жағы гүл солды деп құрап жатты.
Бiр жағы қыз кеттi деп тулап жатса,
Бiр жағы өкси сыңси жылап жатты.
Бiр жағы қуаныш деп тойлап жатса,
Бiр жағы бұл несi деп ойлап жатты.
Бiр жағы қара мұртын майлап жатса,
Бiр жағы азу тiсiн қайрап жатты.
Бiр жағы жол болды деп жосып жатса,
Бiр жағы беттi шымши шошып жатты.
Бiр жағы алақайлап тасып жатса,
Бiр жағын қара түнек басып жатты.
Ұ
мсын қыз қарсыласты бағынбады,
Төңiрек толқығандай сағымданды.
Түсiрдi жас келiндi пəуескеден,
Құрбылар нөкерлерi жанындағы.
Салтанат ығай-сығай келе жатты,
Айнала жиналғандар құрақ атты.
Сəукеле қыз басына түскен сəтте,
Көрiнбей көк аспаннан жұлдыз ақты.
Жұлдызы аспандағы көрiнбедi,
Қыз сыңси амалсыздан егiлгенi.
Қапыда торға түскен жастық дəурен,
Көл болып көзден жасы төгiлгенi…
Қош болшы Нүрке серi – атқан таңың,
Адалдық аңғалдықтан құшты-ау жалын.
Қапыда құр бекерге күйiп кеттi-ау,
Ғаламат саған деген ғашық жаным!
Сымбатың ерекше едi-сенiң сəнiң,
Сырыңа сүңгитiнмiн ерiп тəнiм.
Самалың тербеткендей кетпейдi естен,
Есiлдiң тоғайында салған əнiң.
Кеш менi Ақан аға ашылмадым,
Себебi сiзге де аян тосылғаным.
Көл болған көңiлiңдi ашық айтқан,
Еш қашан естен кетпес тасынғаның.
Жүргенде келдiм бе деп кездерiме,
Жасауға жарық сəуле өз жерiмде.
Алыс жер Арабтардан аман жетiп,
Таландым тағылыққа өз елiмде.
Би, болыс белге түйiп ұят арды,
Қамалап қаралаған қарғы салды.
Жайлауға жалғыз шыққан жезкиiк ем,
Ерiккен есiрiктер атып алды.
Қош болшы бұлғақтаған жастық шағым!
Қыз дəурен ендi оралмас – алтын тағым!
Қош болшы еркiндiгiм-ақ самалым!
Қош болшы қиял құсым-ақ арманым!
…
Түскендей ұясына ну араның,
Басқандай қанды ауыз у жараның.
Шашу деп Ақылима бəйбiшесi,
Лақтырды ешкi-қойдың құмалағын.
Түскенде құмалақтар қарсы жақтан,
Шайқалды шымылдығы шаршы топтың.
Тiл қатты арашалай Айшадай қыз,
Жеңгемау елде жоқты қайдан таптың?
– Сөйлеме жеңгеңе сен қарсы келме,
– Ендеше тойдың сəнiн бөгеп бөлме.
– Бұлайша жұрт алдында сапылдама,
– Ендеше қиыңменен жақындама.
– Былай кет тоқылдақтай тақылдамай!
– Есiң жи одандағы тақымдамай!
Келгенде ақ əжеге сүйгiзгелi,
Жаудырып түйе боғын жүргiзбедi.
Сəн құрған сəукеленiң салтанатын,
Қалқалап қи нəжiстi тигiзбедi.
Дауыстап ашуланды Торсан қызы,
Қалса да қаймыжықтай iштiң мұзы.
Сiңлiм-ау күндесiме күн тигiзбей,
Қорғайсың неге ғана иттiң қызы.
Қыздарға тiл тигiзбе апа жаным,
Қалайша мұны айтуға барды арың.
Ежелден келе жатқан дəстүр салт қой,
Ə
келсе əйел етiп ағажаным.
Лақтырды түйе қиын табалады,
Қарғыстан оның аузы жабылмады.
Елде жоқ есуасты тоқтатуға,
Айшадан басқа кiсi табылмады.
«Қашаннан үйренiп ең мұндай сыйға,
Қалмады-ау байға лайық ақыл-иба».
Шапшыды ауызына келгендi айтып,
Көк долы көгерген бет Ақылима.
Тiрелген тығырыққа ару жаны,
Көрiндi қалмағандай өмiр мəнi.
Қорлықта жан қиудың жолын таппай,
Қиналды шырқыраған шыбын жаны.
Налыды тағылыққа елiндегi,
Қазақтың қасиеттi төрiндегi.
Бұл нөпiр қараңғылық қашан бiтер,
Сағынып аман жеткен жерiндегi.
Сол бойда ес жиғызбай – жарып алды,
Жолында құрбандыққа шалып малды.
Некенi қызық көрiп жиналған жұрт,
Молланың қақ алдына алып барды.
Куəдiрмiз, куəдiрмiз
Куəлiкке жүрəдiрмiз!
Қосыларға екi жастан,
Ризашылық сұрадырмыз.
«Бəракал – лаһу лəкə,
Уа бəракə уə жəмəға
Бəйнəкума фи хайр!»
– Торсанұлы Шери мырза
Қосылуға Ұмсын қызға.
Ықтиярыңызбен ризасыз ба?
– Ризамын!
– Жүсiпқызы Ұмсын ару,
Шери-байға қосылуға,
Ықтиярыңызбен ризасыз ба?
Жан-жақтан қыспаққа алды бұл Ұмсынды,
Кiм көрген күнфəй акүн бұл қисынды.
Дем салып үшкiргендей неке суын,
Iше ғой iше ғой деп кесе ұсынды.
– Алдырмай əкемiзбен шешемiздi,
Нелiктен ұсынасыз кесеңiздi.
Болмаса ризашылық екi жақтан,
Қалайша қия аласыз некемiздi?
Не айтарын бiле алмады шала молла,
Қыдырып ел iшiнде жүрген қолда.
Тағыда күңiрене кесе ұсынды, –
«Iш келiн – бөгет қылмай адал жолда».
– Бұл дəстүр ту заманнан келе жатқан,
Екi адам риза болса екi жақтан.
Неке су сонда ғана iшiледi,
Ұ
рлықты адал жол деп қай жерде айтқан?
«Iшеғой» – қосатұғын барлық жанды,
Жасады жалынғандай соңғы амалды.
Еркiмен неке суын iшпесе де,
Некенi құр əйтеуiр қия салды.
Ө
зiнiң бар керегiн алған молла,
Ə
р жерде күн көрiспен жүрген зорға.
Обал сауап дегендi не қылады,
Қара құстай керегiн iлген жолда.
Манадан тiлсiз жүрген қалыңдығы:
«Кетiрмен көрiнгенге жоққа құнды
Туласа тулай берсiн қайда барар»
Деп үнсiз жеңемiн деп iштен тынды.
– Əдетте шашу шашу жолдан едi,
Жоралғы келiн түссе болған едi.
Қи атып ел алдында масқаралап,
Мұндай сый қай атаңнан қалған едi?
– Ұмсын жан олай деме жұрт алдында,
Жəне тұр тыңдаушылар үй артында.
Айтайық өкпемiздi оңашада,
Ақырғы сөзiңдi айтып тым сарқылма.
– Сарқылып отырғаның сенiң өзiң,
Көргенде сол сұмдықты қайда көзiң?
Қиыңды лақтырғанда қайда болдың,
Болмады жұрт алдында айтар сөзiң.
– Кеш қалдым со бiр тұста қара басып,
Бiлемiн жағдайыңды қалған жасып.
Мен əлi көрсетемiн бəйбiшеге,
Тойымды бүлдiргенiн асып-тасып.
– Түсiрдiң менi қолға аңдуменен,
Ұ
рлыққа ұлысыңды баулуменен.
Жасаумен жаман ырым ел алдында,
Былғандың бай атанған ауылыңмен.
– Бiр кезде қол жетпейтiн болдым шынар,
Ғылымнан сусындаумен алдым құмар.
Ақыры сендейлердiң былығынан,
Сандалтып саған қосқан тағдыр шығар.
– Айналдым ақылыңнан Ұмсын жаным,
Түсiнген тағдырласым – өмiр мəнiн.
Көп айлар қобалжұмен тосып едiм,
Ақыры ақ арайлы атты-ау таңым.
– Ақ арай атса егер сенiң таңың,
Айнала ала көздер менiң маңым.
Қиянат көзсiздiк қой мына iсiң,
Не болмақ мүшкiл халде менiң жаным.
– Бəрi де бəрi болат саспа жаным,
Көзсiздiк болса егер-қызу қаным.
Арнаймын барлығында бiр сен үшiн,
Не керек орындалат айтшы жаным.
– Күнiңнiң туғанына көңiлiң тоқ,
Ə
рқашан əсiренiң əлегi көп.
Көпiртiп құр бекерге үйiп төкпе,
Мен үшiн көп нəрсенiң керегi жоқ.
– Айта бер керегiңдi – құлақ сенде,
– Ендеше құлақ қойсаң сұрақ менде.
– Естуге сол сұрақты асығамын,
– Күпсiнбе күнi бұрын тасымағын.
– Рас сəулем антым осы рас мұным,
Тек қана райыңнан қайтшы, күнiм.
Сен үшiн дүниемдi судай шашам,
Кетсе де бар дəулетiм – ата құным.
Ендеше мешiт тұрғыз – құдай үйiн,
Бұл деген қиянатқа – берген сыйың.
Сонан соң шəкiрт керек ынталы жас,
Оңалар сонда ғана менiң күйiм.
Үшiншi – оқу орнын ашу керек,
Бiлiмнiң шамшырағын шашу керек!
Тiлегiм саған қояр осы ғана,
Дүниеге ұрпақ көзiн ашу керек!
– Үш тiлек маған қойдың Ұмсын жаным,
Келтiрер уахыт керек iстiң мəнiн.
Егерде айтқан сөзiм шалыс кетсе,
Кеудемнен көз алдыңда шықсын жаным!
Қай күнде көрмегеннiң алды тылсым,
Билiгi бiлмей жатып қайдан жүрсiн.
Сөз беру Шери үшiн алжастыру,
Екенiн қайран сұлу қайдан бiлсiн.
Ақан серiнiң үшiншi хаты
10
Ұ
аттұра Зайтұн ағаш лағыл шашың,
Жұмақта фауақия iшкен асың.
Болғанда жаның жаннат лебiзiң лаззат,
Қор болды-ау бiр жаманға ғазиз басың.
Не айтайын арашалар шамам қайсы,
Құрғамас өле-өлгенше көзден жасым.
Күнi-түнi қасiретiңдi бiрге тартып,
Ө
лермiн қуарғанша баста шашым.
Айтар ем бақытты бол Ұмсынжан деп,
Айтпаймын бiлгеннен соң ол болмасын.
11
Намысы бəйбiшенiң қоза түстi,
Ə
рқашан дəрменсiзге – ыза күштi.
Артынан жəйлап жүрiп күндесiнiң,
Бiлдiрмей орды терең қаза түстi.
Шериiң шiренуден аса алмады,
Айбарын бəйбiшенiң баса алмады.
Қырқысқан қызғаныштан қызылмай боп,
Бастарын қатындардың қоса алмады.
«Қайната алдыңыздан өтейiн бе?
Немесе төркiнiме кетейiн бе?
Ақлима Торсан байға сұрау салды –
Қорлықтың мен түбiне жетейiн бе?»
Бұл сұрақ құдасына бұрын жеттi,
Нұрқанды Торсан байға қылды кектi.
Шеридiң əуселесiн көрейiн деп,
Апай төс ұрда жықтар бұрды беттi.
Дүрлендi Нұрқан болыс – дереу менен,
Көрмесе көрсетейiн – желеуменен.
Торсанды жау шапқандай екi жақтан,
Шабылды қарымтаны төлеуменен.
Ызғардан ығып сасқан Торсан байың,
Бiлетiн ежелден-ақ Нұрқан жəйiн.
Айырып Бəкенiне қоса салды,
Самайдың үлбiреген күн мен айын.
Шеридiң ұстағандай сақалынан,
Бəленi ойлап тапты қатарынан.
Қос қатын өсек жайып бүкiл елге,
Айырды ең алдымен тоқалынан.
12
«Ей Шери, ұрлық десе келмедi ұйқың,
Ө
зiң де айналаң да өңкей қиқым.
Шоқпарды көтере алмас белге байлап,
Не теңiң алып қашқан – мынау сиқың.
Жоқ екен түк береке сөзiңде де,
Көз салған көңiл арсыз көзiңде де.
Айырып сенi менен жұрт тастады,
Басыңда билiгiң жоқ өзiңдi де».
Шеридiң əдетiнде алды-тарды,
Бұл жолы ауыз ашпай сөзсiз қалды.
Қолқасын суырғандай қойынынан,
Көз алда алып кеттi «сүйген жарды».
Тоқалсыз сондадағы жүре алмады,
Мойынын басқаларға бұра алмады.
Бəйбiше жас аруға дуа жасап,
Ұ
мсынға сырқат кiрдi бiр талмалы.
«Көз салған сүйiктiсi сол ойында-ай,»
Көкейден кетпей қойды көзайымдай.
Қыз туды ақ отауда жыл өткен соң,
Ө
зiнен айнымайтын «Гүлайымдай».
Жамандық жасырынған болды күштi,
Сырқаты сол Ұмсынның үдей түстi.
Арамдық тағы ойлады Ақылима,
Кiм көрген құдайы жоқ мұндай iстi.
Ұ
мсынға Айшадағы үйiр болды,
Таңдады оқу деген қиын жолды.
Арабша тiл сындырып қағаз сүйкеп,
Айыру оны Ұмсыннан қиын болды.
«Тиген соң байдан байға басынбасын,
Ол Ұмсын бiлiмдарсып тасынбасын.
Кететiн қызды оқытып керегi жоқ,
Айшаның басын бекер қатырмасын.
Жындыға мен Айшаны оқытпаймын,
Ө
рмегi құрып кетсiн тоқытпаймын.
Қыздарды қырсығынан алу керек,
Көзiмнiң тiрiсiнде шоқытпаймын».
Бəйбiше бар билiктi қолына алды,
Айшаның оқуына тиым салды.
Ол олма керек десең Ақылима,
Айырды анасынан Гүлайымды.
Алауыз арамдықтың жолы болды,
Үстелей жамандықты есе толды.
Таланған түгi қалмай ел алдында,
Адалдық арамдықтың жемi болды.
Оралар ажарына қайтiп ендi,
Жаралы амалы жоқ жандай көндi.
Бiр кезде жарқыраған жұлдыз едi,
Сол жұлдыз майы бiткен шамдай сөндi.
Таңғалтып тамсандыра ұмсындыру –
Ғажайып сұлулықтан жеткен жылу.
Сағымдай елестедi өткен күннен,
Тағдырын Сəбит айтқан Ұмсын сұлу.
13
Кеткен соң төркiнiне қайырылмады,
Дiнiнен жанды жылтар айырылмады.
Тағдыры тəлкек болған Ұмсын сұлу,
Бес рəкəт намазынан жаңылмады.
Сарғайған сағыныштан сана алданды,
Тосуын Ұмсын сұлу қоя алмады.
Айдалып Итжеккенге сол кеткеннен,
Қайырылып қайран Нүрке оралмады.
Салдырған дуа сырқат меңдей бердi,
Соққандай етек жеңнен кеулей ендi.
Амалын шығарудың таба алмай,
Ел асып қаралса да көнбей қойды.
Бұзықтар бүлдiруге болған құмар,
Ақбейiл жөндеймiн деп таққан тұмар.
Рухын түскен жердiң таңып тастап,
Бұл не күш дүлей дуа бұзып шығар?
Тiлемiс өзi алды қамқорына,
Тəңiрден тiлек тiлеп оң жолына.
Апамды қайткен күнде тұрғызам деп,
Жұмсады бар байлығын оң-солына.
Жұытпай адамзатты жалғыз-бекем,
Айтыпты «дүниеден жалғыз өтем».
Тек қана алыстағы Гүлайымнан,
Хабарды аңсай жылап күтедi екен.
– «Түйiлген алтын жүзiк орамалды,
Тапсыр да оралуды тез амалда.
Бейсеуат адам кiрсе ұнатпайды,
Бөгелмей жоғалтқайсың тез қараңды».
Сөйлеспе деген Мəшiк – пəлен деме,
(Орамал құр əншейiн дəлелдеме).
Сымбатын сұлулықтың көрейiн деп,
Апарған Сəбит бала сəлемдеме.
«-Япырай! Бұл не ғажап, бұл көргенiм!
Көрсем де өз көзiме түк сенбедiм.
Бұл не бұл перiштеме көктен түскен,
Тұра қап өмiрiмде – бiр сенделдiм!»
Ашты Ұмсын орамалды өз жəйiмен,
Болмаса игi едi «Күнайымнан».
Қараса сақинаға əрлеп жазған,
«Ескерткiш анашыма – Гүлайымнан».
«Орамал су болыпты – жылаған ба?
Боташым көздiң жасын бұлаған ба!?»
Деп Ұмсын елегiзи жалт қарады,
Сағыныш анасына силағанба?
Екен-ау сағынышты үзiп берген!
Маржандай мөлдiр жасты құйып берген.
Анасы зарықса егер иiскесiн деп,
Жанботам орамалға түйiп берген.
Егiлдi отыра қап Гүлайым деп,
Иiскедi орамалды Күнайым деп.
Талықси тұншыққандай тыныстады,
Гүлайым сағынған ғой Күнайым деп».
14
Бостандық! Тəуелсiздiк! Бостандық бұл!
Дегендей болды Ұмсынға орныңнан тұр.
Октябрь, революция жаңа Заман,
Туған бұл, төңкерiс бұл, жаңа өмiр!
Келгендей болды Ұмсынға жаңа заман,
Көрiндi орнайтындай жаңа қоғам.
Ұ
мсын да сырқатынан айыққандай –
Көпiрши көтерiлдi ел жұрт тамам.
«Бостандық, Тəуелсiздiк» қос армандай,
Екi-ақ сөз – Нүркесiне қоса алғандай.
Көз алда көтерiлiп жайнап кеттi,
Оралып күнi туып жасарғандай.
Таң қалды үй iшi де ауылы да,
Қуанып ауыл аймақ бауыры да.
Бұл не бұл жанұшырып тынбай жүрген –
Емдеушi Тiлемiстiң дəруi ма?!
«Атты жек iнiм менiң жан бауырым!
Парлап жек iшiндегi ең тəуiрiн.
Нөкер ерт жəнедағы күтушi қос,
Маған да жеткен болар бiр дəуiрiм.
Ойым бар құлшыныстан күш алатын,
Жазылса тəңiр жебеп қос қанатым.
Ə
лi де кезегiмнен үмiттiмiн,
Аспаннан қырғи болып түсе алатын».
Бет алды қолдай гөр деп Қызылжарға,
Лүпiлдеп қайран жүрек жүрген зорға.
Ойы мен əрекетi сай келсе егер,
Жарасып қосылуға қызылдарға.
Жолында жайлау белдi жанай жүрдi,
Айтуға бiр құпия белдi буды.
Ө
ксiкпен өткенiнен тазаланып,
Құйғандай тұла бойға ғұсыл суды.
«Егiлем сағынғаннан Гүлайымды,
Былайғы қайдан бiлсiн мұң жайымды.
Нүркеге көрсете алмай өткенiм бе,
Бiр тамшы гүл боп туған Гүлайымды.
Күймеге қос жорғаны жеккен едiк,
Ө
ткелден махаббаттың өткен едiк.
Нүркемен анау тұста алтыбақан,
Тербеле той үстiнде тепкен едiк».
Тойдан соң сыр сандықты ашқан едiк,
Бəйгеге қос жорғаны қосқан едiк.
Көрсiн деп бар дүние мына жалған,
Маржанын махаббатың шашқан едiк.
Сол күнде қызыл қанды сойқан болған,
Белсендi «Бостандықтың» көзiн жайған.
Ақ банда қызылдармен тайталаста,
Қайтадан Қызылжарды алып қойған.
Жар салған «Бостандық» деп мына жалған,
Жетуге «Бостандыққа» қылған арман.
Келгенде Қызылжардың дəл түбiне,
Көлiгiн ақ бандылар тартып алған.
Күн жаңбыр қарлы боран күз болатын,
Таппады дала кезiп үй қонатын.
Аптада ауылына əрең жеттi,
Айықпас сыркат ендi – қиналатын.
Үмiтi əрекетi ойға толы –
Қиылды жете бере оның жолы.
Қаншама ұмтылғанмен жанұшырып,
Жетпедi «Бостандыққа» қыздың қолы.
Асығыс аласұрып жанын жеген,
Iштегi ойран болған дауыл екен.
Адамда өтер алда жасайтұғын,
Сындарлы соңғы сағат сауығы екен.
Туғаннан табиғаты тыныппа едi,
Боларын болашағын бiлiппе едi.
Батыстан заманасы келе жатқан,
Алайда амал қанша – iлiкпедi.
Нүркеден хабар болмай – кеткен жəйттi,
Тұрмыста бағы жанбай бетi қайтты.
Ө
ткенде дүниеден Қорамсаұлы,
Ақанға арнайы кеп жоқтау айтты.
Дəн түскен сар далада бұлдыр мұнар,
Ө
скен ғой жеке дара жалғыз шынар.
Таланға талап бердi бақыты жоқ,
Жазмыш па? Бұл жалғанда тағдыр сынар.
Ұ
мытып жастық шақты жайраңдаған,
Қараны ағартуды армандаған.
Тоғыз мың тоқсан тоғыз аят бiлiп,
Жəне де он екi фəн тамамдаған.
Құранмен өрнектелген өсиет – нұр,
Құйылған көкiрекке қасиет бұл.
Қор болып мiне осындай аяулы жан,
Жасапты бар болғаны отыз үш жыл.
Күн жұма қар аралас жауын болған,
Ысқырып Солтүстiктен дауыл тұрған.
Зиратын Ақан серi құшақтаған,
Ұ
мсынды ертеңiнде тауып алған.
* * *
Таба алмай шыңға шығар тұра жолды,
Ұ
рынды қиянаттан оңды солды.
Қолына билiк тисе қомпиятын,
Қазақтың былығынан құрбан болды.
Түбiнде – үнсiздiктiң ой жатады,
Арайлы таңғажайып таңы атады.
Беймəлiм болсадағы белгiсiздiк,
Алланың əмiрiмен тiл қатады.
Ерiмей жiбiмеген iштiң мұзы,
Жаз келмей бұрын жеткен қыстың сызы.
Гүл жармай дүниеден ерте озған,
Қазақтың оқымысты тұңғыш қызы.
ЖАНСАҚАЛ МЕН БИСАҚАЛ ƏУЛЕТIНIҢ ШЕЖIРЕСI
Самайдан (Байтекеден) –Жанбұра. Жанбұрадан
– Құдайқұл. Құдайқұлдан –Кенжетай. Кенжетайдан
– Ақбота, Байбота, Жанбота, Байсерке. Байботадан
– Жансақал, Бисақал.
Жансақалдан – Жұсып. Жұсыптан – Ұмсын, Тiлемiс. Ұмсыннан
– Күлəмай.
Тiлемiстен – Тоқай, Шоқай, Мұқаметқали (Мұқаш), Сұлтан,
Мырзай, Қади, Қадиша, Бəдиша, Жəпен.
Тоқай ерте қайтқан, одан ұрпақ жоқ. Шоқайдан – Батырхан,
Қасымхан. Батырханнан – Ақдидар, Анар, Эльмира, Дана, Ансар.
Қасымхан студент кезiнде қайтқан, ұрпақ жоқ. Мұқаметқалидан
– Қалихан, Бəтима, Темiрхан, Қазихан, Рахима, Асылхан, Сапура.
Сұлтаннан – Қымбат, Аманкелдi, Амантай, Бахтияр.
Қымбаттан – Руслан, Бақыт, Жеңiс. Аманкелдiден – Руслан 1982
жылғы – 24те, Жанна – 1987 жылғы – 19да.
Мырзайдан – Балшекер, Бəлəпай, Əнуар, Имантай, Балжан,
Айжан, Айтжан.
Ə
нуардан – Асқар, Асылбек. Асқардан – Жұлдыз.
Имантайдан – Азамат, Ғалия. Жансақалдың iнiсi.
Бисақалдан – Шолжақай, Құдабай.
Шолжақайдан – Қази, Қари. Қазидан – Қағи, Жамақ. Қаридан –
Қабдiреш. Жамақтан – Ерсiн, Ерғали, Еркiн, Ерболат, Жанболат,
Тəттiмбет, Əсет, Аманжол, Айсұлу, Ақмарал, Ақдидар.
Ерсiннен – Асқар, Асқат, Ғазизат, Əсел, Мерхат.
Ерғалидан – Ерлан, Ақбидай, Айгүл, Роза. Еркiннен – Əсемгүл,
Ə
лия.
Ерболаттан – Айнагүл, Ұмсын, Гүлсiм, Асан. Жанболаттан –
Тамерлан.
Тəттiмбеттен – Əйгерiм, Талғат, Сұлтан. Əсеттен – Мейрам.
Аманжолдан – Тамерлан. Айсұлудан – Бақыт, Нұрайым.
Ақмаралдан – Мағжан, Мəдина. Ақдидардан – Ажар, Ержан.
Құдабайдан – Ешмұқан. Ешмұқаннан-Шайзат, Қуаныш, Кеңес.
Кеңес жас бозбала кезiнде қайтыс болды, ұрпақ жоқ.
ҒАЛАУЕТДЕН – КҮЛƏМАЙ
Бiз Сəбит Мұқановтың «Өмiр мектебiнiң» бiрiншi кiтабында
Ұ
мсыннан туған Күлəмайдың 1913 жылы 8 жасында Торсан
атасының үйiнен Қызылағаштағы шешесiне қызыл жiбек
орамалға алтын сақина түйiп берiп жiбергенiн оқыдық.
Жылдар жылжып өтiп жатты. Ұмсын да дүниеден өттi. Күлəмай
ө
сiп бой жеткен көркем сұлу қыз болды. Аталған бiрiншi кiтапта
Мəшiк сол 7-8 жастағы Күлəмайды: «Кескiн-кейпi Ұмсынның
аузынан түсiп қалған, əттең мұрны ғана Бəкенге тартып
кертештеу келген, əйтпесе, құйып қойған Ұмсын!» – демейтiн бе
едi. Ендi сол Күлəмай бой жеткен сайын сұлулана түстi. Оны
көрген талай жiгiттер қызықты.
Ақыры Күлəмайды Есiлбай қажының баласы Ғалауетден алады.
Бұл туралы бiз тағы Сəбеңнiң «Өмiр мектебiнен» бiлемiз. Осы
романының 2-шi кiтабында Сəбең былай дейдi: «Атақты байдың
баласы əрi саудагер, əрi алашордашыл Ғалауетден Мəмеков
Преснов болысында следователь екен. Жасы отыздан асқанша
үйленбеген бұл жiгiттiң көзi бiзге белгiлi Торсанның Бəкен атты
баласының Күлəмай дейтiн сұлу қызына түседi. Ол қызда
Мақыштың Есмағамбетi дейтiн байдың да көңiлi болады, бiрақ
оның үйiнде бiрi қазақ, бiрi татар екi əйелi бар. Күлəмайды
солардың үстiне алмақ. Торсан тұқымы екiге жарылады: бiр
жағы Ғалауетденге, екiншi жағы Есмағамбетке бермек болады.
Осы талас ұлғаяды, бiрақ ерiк қызға тигенде, ол бойдақ жiгiттi
қалап, Ғалауетден қалың малына 80 жылқы бередi де үйленедi».
Бұл оқиға 1920-21 жылдарда болса керек.
Ал Бəкеннiң Рахима деген əйелiнен 1929 жылы туған қазiр
Алматы қаласында тұратын баласы Сүният өзiнiң «Өмiр
дариясының ащы тамырлары» – деген естелiгiнде мынадай
деректер келтiредi:
– Жездем мен Күлəмай апамның өзара қатынастары тiптi
ерекше едi. Көршiлер аңыз қылып айтып жүретiн. Өмiрiнде
жездем апама қатты сөз түгiлi, ала көзiмен қараған емес.
«Соншама не көрдiң Күлəмайда?» дегенде күлiп «5-6 жылдың
iшiнде төрт ұл сүйдiм», – дейтiн.
Күлəмай апамның шешесi – Ұмсын, Жансақалұлы Жүсiптiң
қызы, Есiл бойындағы Самай руынан. Египет мемлекетiнiң
Александрия қаласында 5 жыл Ислам медресесiнде оқыған.
Адамның ақылы, еске алып, сақтауда қызық уақыттары болады.
Ə
кемнiң аузынан бiр-ақ рет бiр шумақ өлең естiдiм. Домбыра
тартып отырып:
Уат тура, Уа, Зайтуни лағыл шашың
Жұмақта Дауақия iшкен асың.
Оралдың көзi өткiр ақиығы –
Отыз құл, 40 кəнизəк – сенiң басың…
Бұл не? – деп сұрағанымда, «Шешең Ұмсынның жазғаны едi»
дедi де, домбыраны қоя салды. М.Əуезовтың «Ақан мен Зайра»
пьесасында Торсан ауылында қазақ өнерiнiң игi жақсылары:
Ақан серi, Бiржан сал, Үкiлi Ыбырай, Нұржан ақын, т.б. айлап
жатып дем алып той-думандар өткiзетiндiгi көрсетiлген. Сонда
Торсан байдың бес ұлының арасындағы жалғыз қыз Айшаның
қонағы – Зайра («Ұмсын»). Мұқаң өзi пьесаға түсiнiктемелерiнде
«Ұмсынның атын əдейi Зайра деп атадым, əдемi естiлуi үшiн»
дейдi. Ұмсын араб тiлiнде Ақанмен айтысқанында, ақын
жеңiлiп қалады екен. Ұмсын шешемiз ауырып, əкем ауылына
апарып тастағаннан соң Күлəмай Торсан байдың бауырында
ө
седi. Соңғы жылдарда əкемдi атымен атайтын едi. Бай
Күлəмайды жас кезiнде атақты бай Мақыштың Есмағамбетiне
атастырады.
Бертiн келе ауылға Омбыда оқып, семинария бiтiрiп,‘² арғы
аталас Мəмектiң Есiлбай қажы баласы Ғалауетден келедi.
Күлəмайды көрген ол, ғашық болып, əкеме жалынады. Бiр
естiгенiмде «аяғыма жығылып жылады ғой» деп едi. Сонымен
ə
кем байдың уəдесiне қарамай қызын Ғалауетденге бередi.
Талай жыл ауылда жесiр дауы болып, Торсанның талай мал-
мүлкi iздеушiлерге кетедi. Сəбең айтушы едi: «Торсанды
экономика жағынан жұтатқан сенiң əкең – Бəкен. Ол кiсi
жасында көп бозбалашылық құрды, көп қатын алды,‘³ бiр
құдаларға «Ұрын» барған соң көтерем болып, атқа мiне алмай,
бай пəуескесiн жiберiп үйiне қайтарып едi. «Арамызды аяққа
бастың» деушiлер айлап Торсан үйiнде жататын, оларға күнде
қой сойып қонақасы берiледi. Сондағы даулайтындары – бiр
сақина, не кiлем. «Бай сүйiктi жалғыз ерке қызы Айшаны
тоқалдыққа беруге мəжбүр болады».
Ендi осы Ғалауетден кiм едi, соған толығырақ тоқталайық.
Ғалауетден Мəмеков 1891 жылы бұрынғы Ақмола облысы
Петропавл уезiнiң Аққусақ болысындағы № 3 ауылда (қазiргi
Жамбыл ауданында) туған. Сəбит Мұқановтың айтуынша,
Жансары Уақтың бiр атасы Жамантымақ. Ғалауеттендер осы
Жамантымақтан тарайды. Ғалауетденнiң алтыншы атасы Тоқай.
Тоқайдан – Түгел. Түгелден – Тотау. Тотаудан – Жайықбай.
Жайықбайдан – Мəмек. Мəмекте төрт бала болыпты: Елеуке,
Есiлбай, Елемес, Естемес. Бұлардың бəрiне де мыңдап мал
бiткен, əрi бəрi де саудамен айналысқан.
Есiлбайда үш бала болған: Ғабдырахман, Жүсiп, Ғалауетден.
Ғалауетден əуелi ауыл молласынан мұсылманша оқып хат
танып, соңынан Пресногорьковтегi жоғары бастауыш мектептi
(7 жылдық) орыс тiлiнде оқып бiтiредi. 1916 жылдың күзiнде
Ғалауетден соңғы класта оқып жүргенде бұл мектептiң 4-шi
класына Баймағамбет Iзтөлин келiп оқуға түседi. Олар жиi
кездесiп əр түрлi тақырыпта, əсiресе, оқу жəне əдебиет
мəселелерi бойынша əңгiмелесiп жүредi. Мысалы, қазақтың
ұ
лы ақыны Абай туралы Баймағамбет алғаш Ғалауетденнен
естiп бiледi. Осы мектепте оқып жүрiп Ғалауетден Ғабдолла
Тоқаевтың, Абайдың өлеңдерiмен танысады. Пушкиннiң,
Лермонтовтың, Крыловтың, Лев Толстойдың шығармаларын
оқиды. Ол өз ана тiлiмен қатар орыс, татар тiлдерiн де жақсы
бiлген.
Ғалауетден осы мектепте оқып жүргеннiң өзiнде туған
халқының жағдайын басқа халықтармен салыстырып, өз
халқының артта қалғанына назаланады. Қайтсек қазақ халқы
iлгерi басып, басқалар мен теңелер екен деген ойға қалады.
Сөйтiп, қазақтың тұңғыш журналы «Айқаптың» 1911 жылғы № 5
санында «Бiздiң қазақ баласына не қылғанда басқа жұрттарға
теңелуi туралы бiраз кеңес» деген мақаласын жариялайды. Сол
мақаладан үзiндi келтiрейiн:
«Бiздiң қазақ халқы Россияда болған инородец яғни жат
жұрттардың (орыс еместердiң) арасында ғылым жағынан төмен
халық болып есептеледi. Əншейiн жер-судың арқасында күн
көрiп, ойын-тойға мəз болып жүрiп жатыр.
Бұл күндерде бiзден басқа халықтар бəрi де оянып, не нəрсе
ө
зiне пайдалы, не нəрсе зиянды, соның себебiне кiрiсiп,
пайдалы жағын ұстап, зиянды жағынан безiп жатыр. Бiздiң
қазақ өз қызығында жүр.
…
Кəнеки, бiздiң қазақ жер-судан айрылып қалса, не күн
көрмекшi? Соның үшiн əркiмге керектi, керексiздi бiлу керек.
Яғни керектi, керексiздi бiле қоюға бiздiң жұртта құрал жоқ. Бiз
алдымен сол құралға жабысуымыз керек. Ол құрал-ғылым,
бiлiм. Пайдаға жабыстырып, зияннан қашыруға себеп болған
сол ғылымды келетұғын заманда өзiмiзге құрал қылуға бiр жол
бар. Ол жол – шамамыз келгенiмiз балаларымызды қолын
жеткiзiп оқыту керек. Сол оқу, бiлiм құралыменен құралданған
соң ешкiм үйретпей-ақ өз бағдарын бiледi».
Пресногорьков мектебiн 1917 жылы жазда бiтiрiп, Ғалауетден
сол жылы күзде Троицк қаласындағы мұғалiмдер даярлайтын
мұсылман медресесiне оқуға түседi. Бiрақ азамат соғысының
салдарынан медресе жабылады да, ол оқуын аяқтай алмайды.
Азамат соғысы кезiнде аз уақыт саудамен айналысады. Осы
кезде ол Қарқаралы қаласында Алашорда үкiметiнiң басшысы
Ə
лихан Бөкейхановтың алашордашыл жастармен өткiзген
мəслихатына қатысады.
1921 жылғы шаруалар мен ақ гвардияшылар көтерiлiсi кезiнде
бұрын Пресногорьковкадағы мектепте Ғалауетденмен бiрге
оқыған жас ақын Баймағамбет Iзтөлиннiң Қызылжар
қаласында ерлiкпен қаза тапқаны белгiлi. Осы қыршын жас
ақынның өлiмiне байланысты Ғалауетден ол туралы мақала
жазған.
Соңғы жылдары Ғалауетденнiң тəлiм тəрбие, оқуға ынталық
ө
зiнiң педагогикалық тəжрибелерi туралы мақалалары ескi
газет-журналдардан табылуда. Олардың кейбiреулерi 1989
жылы «Мəдениет жəне тұрмыс» журналында жарияланды.
Ə
лдеде əзiрше кездеспеген мақалалары болуы мүмкiн.
Сондықтан əлi де iздеу, зерттеу қажет.
Ғалауетден Күлəмайға үйленгеннен кейiн 1922 жылғы қараша
айында Қызылжар қаласында ашылған қазақ педагогикалық
техникумына алғашқылардың бiрi болып мұғалiмдiк қызметке
орналасады. Онда ол орыс тiлi жəне жаратылыстану пəндерiнен
сабақ бередi. Қазпедтехникумда онымен бiрге Жұмағали
Тiлеулин, Жанұзақ Жəнiбеков, Бiрмағамбет Айбасов,
Мұхамеджан Бейсенов, Ғали Кемелов, Садуақас Жандосов,
Бейiмбет Ержанов, Хайретдин Болғанбаев, Сабыр Айтхожин
сияқты əрiптестерi сабақ бередi. Бұл кезде ол отбасымен
қаладағы Ямская (қазiргi М.Əуезов) көшесiнiң № 29 үйiнде
тұрады.
Ғалауетден сонымен қатар педтехникумның жанындағы
мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру курсында да сабақ бередi. Сол
кезде де педсоветтiң жəне курстiк советтiң протоколдары орыс
тiлiнде жазылады екен. Мiне, сол протоколдарды орыс тiлiне
жетiк Ғалауетден Мəмеков үнемi хатшы ретiнде жазып отырады
екен. Оның қолымен жазылған 1923-1926 жылдардағы
протоколдар Солтүстiк Қазақстан облыстық мұрағатында
сақтаулы (Қор 1074, тiзiм-1, iс-1).
Бұған қоса ол қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтерiлiсiнiң тарихы туралы материалдар жинап, зерттеу үшiн
құрылған комиссияның да белдi мүшесi болды. Бұл туралы сол
кездегi Ақмола губерниялық «Степная звезда» газетiнiң 1926
жылғы 16 шiлдедегi № 104 санындағы:
«В комиссии по собиранию и изучению материалов по истории
казахского восстания в 1916 году» деген мақалада былай
делiнген: «Состав комиссии: В комиссии работают товарищи
Жанибеков, Болганбаев, Тлеулин, Мамеков. Что сделано.
Установлена связь с уездами. Выявлена возможность
использования архивных материалов Омского окружного
архива. Завербованы корреспонденты из числа курсантов
русского и казахского педтехникумов и учителей, прибывших
на летние учительские курсы. По настоящее время в комиссию
поступило одно воспоминание, 4 копии важных документов на
русском языке, 7 фотоснимков. На казахском языке материалов
собрано значительно больше. Часть из этих материалов
опубликовано в печати, другая же часть будет опубликована в
ближайшее время… Все это делалось в связи с 10-летием со
времени восстания 1916 года».
Ғалауетденнiң осындай қызмет iстеуiне жан-жары Күлəмайдың
оған үй iшiнде қолайлы жағдай жасауы да көп көмегiн тигiзгенi
анық.
1927 жылы Ф.И.Голощекиннiң «Кiшi октябрi» белең алып,
байларды қыса бастаған кезде, кəмпеске (тəркiлеу) болатынын
күнi бұрын бiлген Ғалауетден Пресногорьков маңындағы
барлық туыстарын жинап осы күнгi Қостанай облысына
қарасты Троебратное селосының маңына апарып
қоныстандырады. Бұл туралы Қабдолла Көпеев деген азамат
ө
леңмен былай деп құттықтапты:
Алабұға көл аты,
Жамантымақ ел аты.
Ғалауетден басшысы
Жiгiттiң теңдес болаты.
Ойы жарық, дөңi қау
Орнықтың ба аман-сау?
Құтты болсын қонысың
Задымыз Уақ, бауыр-ау!
1927-1928жж. байларды кəмпескелегенде, олар бытырап «iш
жаққа» (Ресейге) көшiп кетедi. Осы кезде Ғалауетден де
отбасымен əр жерге бiр қоныстап қашып жүредi.
Осылай қашып орын ауыстырып 1931-1934 жылдары ол
отбасымен Қырғызстанның Фрунзе (қазiргi Бiшкек) қаласында
тұрады. 1935 жылы Степняк қаласынан 80 шақырым
қашықтықтағы Қарағаш деген алтын өндiретiн жерге барып
паналайды. Алайда ол жерде де НКВД адамдары iзiне түскесiн
1936 жылы Омбы облысының Тюқала ауданындағы Алғабас
колхозына барып тұрады. Онда да көп тұрақтай алмай, сол
аудандағы № 363-шi Қошкөл совхозының орталығына көшiп
келiп, сондағы қазақ артелiне бригадир болып орналасады.
НКВД-ның адамдары оны осы жерде 1937 жылғы қазан айының
25-i күнi тұтқындайды. Үйде тiнту жүргiзiп барлық құжаттарын
алып кетедi. Оны алдымен Тюкала қаласының түрмесiне қамап,
кейiн Омбының түрмесiне этаппен жiбередi. Тексерiс
барысында Ғалауетденнiң туған жерiнен ол туралы
анықтамалар сұратып алдырады. Солтүстiк Қазақстан облысы
Преснов аудандық iшкi iстер бөлiмi 1937 жылғы 10 желтоқсанда
Омбы облыстық iшкi iстер бөлiмiнiң сұрағына мынадай жауап
берiптi:
«При этом на ваш № 13-272 от 23 ноября 1937г. сообщаем, что
запрашиваемый Вами гражданин Мамеков Галауетден по
социальному положению бай, в 1929г. был раскулачен и лишен
права голоса. Алашордынец.
Начальник Пресновского РО НКВД лейтенант ГО Фролов.
Пом. О/уп. Сержант ГО Турсунбеков».
Ақыры тергеудi аяқтағаннан кейiн 1938 жылғы 4 наурызда
Омбы облыстық iшкi iстер халық комиссариаты
басқармасының жанындағы үштiк контрреволюциялық-
ұ
лтшылдық ұйымға мүше болды деп айыптап Мəмеков
Ғалауетдендi ату жазасына кестi. 7 наурыз күнi қаулы iске
асырылды.
Артында 34 жастағы жан-жары Күлəмай мен əлi кəмелетке
толмаған 4 баласы қалды. Олардың ең үлкенi Кəмелбек 14
жаста, кенжесi Нариманбек 9 жаста едi.
Ғалауетден Тюкала түрмесiнде жатқанда өз тағдырын жəне
отбасының жағдайын ойлап ұзақ өлең жазыпты. Соны қаусап
түскен тiстерiмен бiрге шүберекке орап үйден барған Күлəмайға
қоршаудың сыртына лақтырыпты. Сол ұзақ өлеңнiң кейбiр
шумақтары мынау:
Шығып ем Қызылжардан тұрмыс айдап,
Жығылдым Тюкалада атым тайлап.
Миымның түпкiрiнде жүйрiк қиял,
Зарлайды күнi-түнi өмiрдi ойлап.
Жоқ едi-ау қиянатым ағайынға,
Мүлтiксiз көпке жағу қиын сауда.
Кiнəмдi өзiм iздеп таба алмаймын –
Ə
йтеуiр оралдым ғой шынжыр торға.
Бəйгеге тiгiлiптi басым, арым,
Артымда, əттең, қалды-ау балаларым.
Толқыны қу өмiрдiң қуып кетсе
Не болар көрген күнiң, қарақтарым?
Лаж жоқ басқа түссе көну керек,
Құрыштай болат-темiр болу керек.
Бұл сөздi қатын, балам, саған айтам,
Белiңдi тəуекелге буу керек.
Көңiлге демеу болар сонда ағайын,
Аңсаған қосылам деп əр жыл сайын.
Артыма төрт баламды кеттiм тастап
Аржағын түсiндiрiп не қылайын?
Көп ойлап бала қамын жемедiм бе?
Ыстыққа, суыққа да көнбедiм бе?
Сұм өмiр еңбегiмдi жандырмады,
Оған да мен кiнəлi дегенiң бе?
Кiнəм жоқ, менiң берер ақылым сол,
Қолыңа айыр ұстап шаруа бол.
Ойланып, еркелiктiң бəрiн тастап
Бiрiгiп ағайынмен күнiңдi көр.
Тағы да бiр-екi сөз, балаларым,
Ренжiтпе жарым көңiл аналарың.
Оқудан Нариманды жəне айырма
Сендерге бұл аманат-тапсырғаным.
Тартпаса, кiм бiледi тұрмыс зарын?
Қолыңнан ерiк кетiп мерт боларын.
Мезгiлсiз сүрiндiрдiң жеткен шақта
Жол тауып жүрегiне ұрпақтардың.
Келмейдi ақындыққа менiң шамам
Ə
шейiн қамықаннан мен зарланам.
Кез болдым 47-мде бұл сапарға
Аяғы осы екен тамамдаған.
Зер салып қарасақ, бұл өлеңiнде автор өз жайынан гөрi артында
қалып бара жатқан жан-жары мен балалары туралы көп
ойлаған. Ол ағайындарына да өзiнiң отбасын тапсырып, ой-
арманын бiлдiредi. Өзiнiң кiнəсiз торға түскенiне қынжылады.
Жан-жарынан айрылған 30 дан жаңа асқан Күлəмай Бəкенқызы
жолдасының аманатын орындап, балаларын жүдетпей
тəрбиелеп өсiрдi. Əрине, қиыншылықтар да болды. Дегенмен
«Орнында бар оңалар» дегендей, ұлдары өсiп əрқайсысы өз
отбастарын құрды. Немерелер де дүниеге келдi. Құдайға шүкiр,
балалары да əке аманатын орындап, шешесiн ренжiткен жоқ.
Сонда да Күлəмайдың ойынан сүйген жары бiр кеткен емес.
Алғашқы жылдары оның есiмiн де атауға қорықты, iштен
тынып жүредi. Тек ХХ съезден кейiнгi «жылмық» кезiнде
Ғалауетденнiң бiр хабарын бiлу үшiн жағалай арызданды.
Ақыры, 1958 жылғы 28-шi қарашада Омбы облыстық
прокуратурасынан мынадай хат келдi:
«Тюменьская область Маслянский район Усольский п/с.
Гражданке Мамековой Куламай.
Ваше заявление прокуратурой Омской области рассмотрено. По
делу, которому Ваш муж арестован в 1937г., Прокурором области
принесен протест и вместе с делом направлен в Омский
областной суд, откуда Вы получите ответ о результатах
рассмотрения дела и вашего заявления. Пом.обл. Прокуратуры
юрист 2-го класса Родионцев».
Айтқандай-ақ, сол жылғы 26-желтоқсанда Омбы облыстық
сотынан мынадай анықтама келдi:
«Справка.
Дело по обвинению Мамекова Галауетдена Еселбаевича
пересмотрено Президиумом Омского областного суда 12
декабря 1958г. Постановление Тройки УНКВД по Омской
области от 4-го марта 1938г. в отношении Мамекова Г.Е.
отменено и на основании ст.4.п.5 УПК РСФСР
делопроизводством прекращено за отсутствием состава
преступления.
Зам.Председателя облсуда Лонин».
Сөйтiп Күлəмай Бəкенқызы сүйген жарының ақталғанын ол
атылғаннан кейiн 16 жыл өткенде естiп бiлiп, Уһ! – деп бiр
тиышталды-ау. Күлəмай апамыз төрт ұлын да үйлендiрiп, келiн
ұ
стап, немере сүйiп, олардың бiраз қызығын көрдi. Ол 85 жасқа
келiп, 1989 жылы қазан айында Түмен облысының
Александровка қаласында қайтыс болды. Балалары мен
немерелерi сүйiктi анасын, əжесiн таза арулап, сол облыстағы
қазан ауданының Ильинка селосынан 25 шақырымдай жердегi
Самай зиратына жерледi.
Күлəмəйдiң iнiсi Сүният Бəкен ұлы өзiнiң естелiгiнде былай деп
жазады: «Күлəмай апам əкем сияқты ұзын бойлы, аққұба, қыр
мұрын, үлкен көздi – көркем əйел едi. Сөйткен апам осыдан 10
жыл шамасында Түмен облысындағы Александровка
қаласында қолымды ұстап отырып қайтыс болды. Мен келгенде
ə
л үстiнде жатқан апам «Бауырым келдi, мiне, бұл менiң
бауырым» деп қолымды ұстады. Көп ұзамай қолы суып, жан
тапсырды».Мiне, бұл Күлəмайдың бауырмалдығын көрсетедi.
Ал Ғалауетденнiң екiншi ұлы Сейiлбектiң жұбайы он баланың
анасы, қазiр Қызылжар қаласында тұратын «Ардақты ана» Мəуа
сол балаларды тəрбиелеп өсiруде қайын енесi Күлəмайдың
еңбегi зор болғанын, сондықтан өзi ешқандай қиыншылық
көрмегенiн айтып отырады. Сонымен бiрге ол енесiнiң өзiне деп
көп нəрсенi үйреткенiн, отбасының тiрегi болғанын еске алады.
Балалары мен немерелерi де ол кiсiнi ешқашан ренжiтпей,
ə
рдайым сыйлап отырған. Күлəмай енесi осы Сейiлбек пен
Мəуаның отбасында соңғы күндерiне дейiн бiрге болады. Бұлар
сүйiктi аналарын соңғы сапарға өз қолдарынан шығарып
салады.
Ғалауетден мен Күлəмайдан төрт ұл:Қамалбек, Сейiлбек,
Мұратбек, Нариманбек ер жетiп, əрқайсысы жеке отау құрады.
Үлкен ұлы Қамалбек Омбы қаласында педучилище бiтiрiп, сол
аталған Тюкала ауданындағы Алғабас колхозында мұғалiм
болады.60-шы жылдары Петропавл педаго-гикалық
институтын сырттай оқып бiтiрiп, қазiргi Аққайың
ауданындағы Камышловка сегiзжылдық мектебiнде көп жыл
оқытушы, əрi сол мектептiң директоры болып iстейдi. Жолдасы
Қашима Сабырқызы екеуi 9 бала тəрбиелеп өсiредi. Олардың
бəрi дерлiк жоғары бiлiмдi. Əр салада қызмет атқарады.
Сейiлбек пен Мəуа он бала тəрбиелеп өсiрдi. Олардың бесеуi
жоғары бiлiмдi. Сейiлбек балалары да əр салада қызметте.
Мұратбек пен Сəбира Бексұлтанқызы да 9 бала тəрбиелеп
ө
сiрген. Олардың да көпшiлiгi жоғары бiлiмдi қызметкерлер.
Нариманбек пен жолдасы Дəмелi Нағашбайқызы Халима атты
қыз тəрбиелеп өсiрдi. Ол Петропавл пединститутын бiтiрген.
Қазiр жолдасы Аманкелдi Бiркенұлымен Сургутте тұрады.
Нариманбектiң өзi де Омбы педучилищесiн, Петропавл
пединститутын бiтiрген.Көп жылдар бойы мұғалiм, завуч,
мектеп директоры болып iстедi.
Осылай Ғалауетденнiң балалары əкесi мен шешесiнiң
армандарын ақтады. Қазiр ағайынды төртеуi де өмiрде жоқ. Ендi
бұлардың балалары жəне балаларының балалары өмiр жолын
жалғастыруда. Сөйтiп, Ғалауетден мен Күлəмайдан қазiргi кезде
отызға жуық немере, қырықтан аса шөбере өмiр сүруде. Ұрпақ
жалғасуда. Олардың бəрi де атасы мен əжесiн əрқашан естерiне
алып отырады. Бұлардың көпшiлiгi, əрине Күлəмай əжесiнiң
шешесi Ұмсын сұлу Жұсыпқызын бiлмейдi. Ендi осы кiтаптан
оқып бiлер деген үмiттемiн.
ТҮЙIН
Мiне, осылай ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында
ө
мiр сүрген қазақтың бiр сұлу, əрi ғалым қызы Ұмсын апамыз
ө
зiнiң мол бiлiмiн iске асыра алмай, өз сүйгенiне қосыла алмай,
сол заманның зорлықшыл қыспағында жылай-жылай өмiрден
ө
ттi.
Оның артында қалған қызы Күлəмай өз сүйгенiне қосылып 15-16
жылдай бақытты өмiр сүргенмен, 1937 жылғы қуғын-сүргiн
кезiнде «халық жауы» болып атылып кеткен жан-жарынан
айрылып бiраз қиыншылық көрдi. Дегенмен 4 ұлын тəрбиелеп
ө
сiрiп, кейiн олардың қызығын көрiп, балаларымен,
немерелерiнiң алдында қартайған шағында дүние салды.
Қазiргi кезде Ұмсынның туған iнiсi Тiлемiстiң немерелерi мен
шөберелрi, Күлəмайдың немерелерi мен шөберелерi бар. Олар
апаларын, əжелерiн бiлiп, əрдайым естерiнде ұстауға тиiс.
Лайым солай болғай.
ТҮСIНIКТЕМЕЛЕР
1. Торсан Тiлемiсұлының руы Шайгөз Уақ. Атасы Сапақ.
Сапақтан – Тiлемiс. Тiлемiстен – Торсан. Торсан туралы Сəбит
Мұқановтың «Өмiр мектебiн-де», Ғабит Мүсiреповтың «Ұлпан»
повестiнде жазылған. Торсан əйгiлi Есенейдiң қызына үйленiп,
Есенейдiң бар байлығына ие болады. Көп жыл болыс болады.
Оның балалары: Шақан, Шери, Арап, Бəкен, Қази, Айша. Кезiнде
Шақан мен Шери де болыс болыпты. Қази Омбыда Алаш-Орда
партиясының мүшесi болған. Шақанның Мағауия деген баласы
1942ж. Қайтқан. Шериден – Хамит, Рақым, Қажымхан, Мұрат,
Меткiр. Хамиттан – Мағауия. Одан – Диас. Қажымханнан –
Сансызбай, Кенесары. Кенесарыдан – Саян, Азамат. Мұраттан –
Марат, Жанат, Қанат. Мараттан – Ерлан.
Араптан – Əнуарбек. Одан – Төлеген, одан – Қаршыға, Бүркiт.
Қаршығадан – Асқар.
Бəкеннен – Күлəмай, Билал, Еслəмбек, Суньят. Билалдан–
Арыстанбек, одан– Торсан. Еслəмбектен – Мағауия. Суньяттан-
Ə
нуар. Одан– Асқар, Арқат.
Қази азамат соғысы кезiнде қаза тапқан.
Ғабит Мүсiреповтың жазуы бойынша, Торсан өзi 1920 жылы
қайтыс болған. Торсанның бiр қылығына ыза болған Шақан
одан бұрын өзiн-өзi жарып өлген. Кеңес үкiметi орнап, қудалай
бастаған кезде Торсанның басқа балалары Ресейге көшiп
кеткен. Қазiргi кезде көпшiлiгiнiң ұрпақтары əлi Ресейде
тұрады. Тек Суньят Бəкен баласы ғана Алматыда тұрып жатыр.
2. «Көк көз Ыбыш».
Ыбыш Иманбекұлы Жалтыр ауылынан Толыбай атасының
жетiншi ұрпағы. 20-30 жылдары белсендiлер қатарында
ауылнай, колхоз председателi болған. 40-шы жылдары парторг
болған қарт коммунист. Одан ұрпақ қалған жоқ. Iнiсi
Самұраттың Бағиза деген қызынан туған жиендерi бар.
3. «Есiлбайдың Шəймергенi».
Есiлбайдың Шаймерденi-Жанбураның бесiншi баласы
Құттымбеттен тарайды. Құттымбеттен – Түмен. Түменнен –
Айжарқын. Айжарқыннан – Есiлбай. Есiлбайдан – Шаймерден.
Шаймерден кезiнде шешен би болған кiсi. Жұсып қажыға
Жанбұрадан қосылады. Кезiнде ел арасында билiк айтып, дау-
дамайды шешiп отырған. Азамат соғысы кезiнде бiреулер (сiрə
қызылдар болса керек) атып кеткен.
4. «Ағасы Тiлемiс». Бұл жерде Ғабең қателескен. Тiлемiс
Ұ
мсынның ағасы емес, тетелес iнiсi.
5. Клеопатра (бiздiң заманға дейiнгi 69-31жж.) Египеттi б.з.д. 51-
шi жылдан бастап басқарған. Əуелi өзiнiң iнiсi əрi күйеуi
Птоломей ХIII-шi мен бiрге басқарған. Кейiн Юлий Цезарьдiң
(47 жылдан) көңiлдес əйелi, ол өлгеннен кейiн Цезарьдан туған
баласы болған. 41 жылдан 31 жылға дейiн Рим қолбасшысы
Антонийдiң көңiлдес əйелi болып одан 3 бала көрген. Антоний
соғыста жеңiлiп өзiн-өзi өлтiргеннен кейiн, өзi де өзiн-өзi
ө
лтiрген.
6. Ескендiр – Александр Македонский (356-323жж.б.з.д.) –
Филипп II патшаның баласы. Ежелгi заманың əйгiлi əскери
қолбасшыларының бiрi. Оның соғыстарында оның əскери
таланты көрiндi.
7. Юлий Цезарь – (13.07.100-15.03.44ж. б.з.д.) – Римнiң саяси
қайраткерi жəне əйгiлi қолбасшысы.
8. Помпей (106-48жж. б.з.д.) – Римнiң белгiлi қолбасшысы жəне
мемлекет қайраткерi.
9. Антоний (82-31жж. б.з.д.) – Римнiң саяси қайраткерi жəне
қолбасшысы. Цезарьдың жоқтаушысы. 36ж. б.з.д. ол
Клеопатраға үйлендi 31ж. Октавианмен соғыста ол жеңiлiп
қалды.
10. «Бұл Тiлемiс» – Шындығында Тiлемiс ол жаққа барған емес.
Ғабең өзiнiң шығармақшы болған кiтабына жоспарлағаны
болар:
11. Ұмсын Жансақалов Жүсiптiң қызы (Есiл бойындағы Самай) –
1885 жылы туған. Егер бұл датаға сенсек Ұмсын 1904 жылы
Шери алып қашқанда 19 жаста ғана болып шығады. Ал Ұмсын
ол кезде Александрияда оқуын 1902 жылы бiтiрiп келген
болатын. Ғабең өзi де осы үзiндiнiң соңында: «Ұмсын
Александрияда 5 жыл оқып келген «кəрi қыз» – дейдi. Жалпы
Ұ
мсынның туған жылын əркiм əртүрлi атайды. Дұрысы – 1878
жыл.
12. Александрия – Александр Македонский iргесiн қалаған қала
болған. Оның əйгiлi кiтапханасы мен маягi талайларды
қызықтырған.
13. «Шойманды жеңген Нұрғожа Анастастың атын бiлмей
қалады». – Бұл жерде сөз сол кезде болыс болған Керейдiң
Жанбура атасынан тарайтын Құрымбайдың Нұрғожасы туралы
болса, керек.
14. «Ұмсын 1908 жылы 24-те. 1884 ж. туған, 1917ж. өледi… ағасы
Тiлемiс – 1884ж. туып 1963ж. қайтыс болған. Өрiмшi, зергер,
ұ
ста, киiм тiгедi, етiкшi, ақылды, зерек, оқымаған адам». –
Тiлемiс Ұмсынның ағасы емес iнiсi. Ол Қызылағаштағы өз
ə
кесiнiң медресесiнде оқыған, сауаты бар жəне орыс тiлiнде
бiлген. Шындығында Ұмсын 1878ж. туған.
15. «Ұмсынды алғаш айттырған Нүрке Есiлбай
баласы.Ұмсынның ғашықтары Ғалиянұр, Нұрғожа» –
Шындығында Нүрке Тоқтыбай баласы. Ал Есiлбай балалары:
Габдрахман, Жұсып, Ғалауетден. Ғабең қайсысын айтып
отырғаны белгiсiз. Ал ғашықтары Ғалиянұр, Нұрғожаны да
бiлмедiк.
16. (Ақан серi) 1913ж. өлдi. Ұмсын жоқтау айтты. 1917ж. қашып
келiп Ақан бейiтiне жетiп өлген. Қатар көмiлген. – Бұл да
болмаған. Ғабең сiрə өзiнiң болашақ кiтабында осылай
көрсеткiсi келген болар.
17. Күйеу келдi (Нүрке Есiлбай қажының баласы) – тағы да қате
айтылған.
18. Ақан 1913 жылы 73 жасында қайтыс болған. Шындығында
Ақан 1913 жылы 70 жасында қайтыс болған.
19. Ұмсын Торсанның үйiнен қашып кеткелi 4 жыл… 1917 жылы
«бостандық, бостандық!» деп ел түгел айғайлағанда сорлы
Ұ
мсын күзгi қара жаңбырда Қызылжарға тартады… – Бұл да
Ғабеңнiң болашақ кiтабына дайындаған жоспарының бiрi болса
керек.
20. Молдахмет Тырбиев – Солтүстiк Қазақстан облыстық халық
ақыны. 1882 жылы туып 1957 жылы қайтыс болған. Өзiнiң туған
жерiнде Шал ақын ауданының Еңбек ауылында жерленген.
21. Аңшылар көлденең Есiлдiң терiскей бетiндегi Мерген деген
жердегi Жансақал қажының ауылының тұсына келедi.–
Автордың Мерген деген ауылды қайдан алғаны белгiсiз.
Шындығында Жансақал қажының ауылы Қызылағаш деген
жерде болған.
22. Жансақал Самай Керейдiң Мерген əулетiнiң жуан, сiңiрлi, iрi
байы едi. Бұл да дұрыс емес. Самай Керейде Мерген деген əулет
болған емес. Ол Самайдың Жанбура əулетiне жатады (шежiренi
қараңыз).
23. қонақтарды Жансақал қажының бəйбiшесi Ажар, оның
келiнi Балтуған, Қойбағардың əйелi, Ұмсынның жеңгесi Əсем,
Жүсiп қажының кiшi ұлы Тiлемiс қуана қарсы алады. – Мұнда
Жансақал қажының бəйбiшесi Ажар деген қате, оның бəйбiшесi
– Шойман.
24. Есiлдiң мүлгiген көк Тоғайы Ұмсын екеуiн көздiнiң көзiнен,
сөздiнiң сөзiнен жасырып бағады – қате. Шындығында
Жансақалдың Қызылағашынан Есiл өзенi 30 шақырым жерде.
25. Аққұман, ақ самауырын тұрса қайнап,
Шай құйса Ұмсын бала көзi жайнап… – деген сөздерден
басталған соңғы үш шумақ өлең Үкiлi Ыбырайдың «Аңшының
ə
нi» өлеңiнде жоқ.
Сəбит Мұқановтың «Өсу жолдарымыз» атты кiтабында
келтiрген мəтiнiнде де кездеспейдi. Автордың қайдан алғаны
бiзге мəлiмсiз.
26. Бiр жыл өткен соң Нүрке серiнiң бейiтiн құшақтап Ұмсын
сұлу да көз жұмады. – Бұл да шындыққа жатпайды. Ұмсын өз
үйiнде қайтыс болып Қызылағаштағы атасы Жансақал
зиратына жерленген.
27. «Сөз арасында Есiлбай қажы мен Жансақал қажы бесiк құда
екенiн бiлдiм, – дедi əжем. Ұмсын сұлуды атастырған
Ғалауетден деген баласын бiрiншi көруiм едi…» – Есiлбай қажы
Жансары Уақ iшiнде Жамантымақтан тарайды. Есiлбай Мəмек
баласы. Есiлбайда үш бала болыпты: Ғабдырахман, Жүсiп,
Ғалауетден. Сəбит Мұқановтың «Өмiр мектебi» кiтабында
айтылғанына қарағанда Ғалауетден 1916 жылдың күзiнде
Пресногорьков 7 жылдық мектебiнiң соңғы класында оқып
жүрген, яғни ол мектептi тек 1917 жылдың мамыр-маусым
айларында ғана бiтiредi. Жəне Ғалауетден 1891 жылы туған,
яғни Ұмсыннан əлдеқайда кiшi. Сонда Есiлбай мен Жұсып қажы
екеуi қалай бесiк құда болады? Бұл жерде Уəлихан ағамыз
қателесiп кеткен.
28. «Басқарып жүрген Ұмсынның шешесi кiлем төсетiп бiздi де
бiр шеттен орналастырды». – Бұл кезде Ұмсынның шешесi жоқ,
ол Ұмсынның 6-7 жасында қайтыс болған. Шешесi деп отырғаны
ə
жесi Шойман болар.
29. «Қойманның қолы палуанның иығына сарт ете түскенi сол
едi, ұстаса кетiп, бөрiкше көтере алғанда, қара жер қыртысынан
сөгiлiп кете жаздады».
Қойман Шабан баласы Жанбура əулетiнен. Шабан Кенжетай
баласы Ақботадан тараса, Жансақал қажы сол Кенжетайдың
баласы Байботадан тарайды Қойман алып денелi, күштi адам
болыпты. Бiрақ аса көп күреске түсе бермеген. Шойман жеңгесi
бiр қиыншылық жағдай туа қалса, қайным»-деп Қойманды
шақырады екен.
30. «Көздiң ұшында жеке дара келе жатқан Самай Толыбай.
Шарықбайдың сары аты деген естiлдi».
Шарықбай Торқа Көшебеден тарайтын Балтай Əулетiнен.
Балтайдан – Асан. Асаннан – Шарықбай туған. Шарықбай
көбiнесе бай орыстардың жылқысын ұрлаумен айналысқан. Ол
ө
зiнiң əйгiлi сары атын баптап өсiрiптi. Оның осы сары аты
ойын-тойларда болатын бəйгелерде ылғи алда келiп бас бəйгеге
ие болады екен. Шарықбайдың ұрпақтары қазiр Тимирязев
ауданындағы Дмитриевка селосында тұрады.
31. «Торысы Тұяқбайдың Торы «төбел»,
Бергенге құдай өзi бере берер.
Жылқысы Кiшi жүздiң Жағалбайлы
Туысы Сейiс батыр сыйға берген.
Тұяқбай бiр тоғызды айдап алды,
Болдырған жаман аттар жолда қалды».
Сейiс батыр Уəлиханның атасы.
32. «Баратын құдалар да белгiлендi
Бас болып Шағырай шешен барсын дедi»
– Шағырай Төбетұлы бүкiл солтүстiк өңiрге белгiлi ақын əрi
шешен болған кiсi. Ол осы күнгi Жамбыл ауданындағы Есперлi
ауылында 1838 жылы туып, 1924 жылы сонда қайтқан. Сол
Есперлiдегi зиратында жатыр. Басында құлпытасы бар. Оның
ө
леңдерi мен шешендiк сөздерi ел iшiнде көп тарап, казiргi
уақытқа жеткен. Руы Бидалы Уақ.
33. «Қонағы Ұмсын сұлу Айкүн едi
Шөбере батыр Ноян келiнi едi». – Айкүн Ноян батырдың
(Қыстаубайдың) үшiншi ұрпағы Сейс батырдың жұбайы. Сеис
батырдың жұбайы Айкүн кiшi жүз Жағалбайлы жағының қызы
екен. Осы Сеис батырдың баласы Қуаныштан туған Уəлихан
оның немересi, осы поэманың авторы. Айкүн – оның əжесi.
34. «Бəйге атын Алыпқашқа айдатады,
Сəскеде ертеңгi күн жетiңдер деп,
Найман ер той бастаған бұйырады» – Алыпқаш Қызылағаштан
70 шақырымдай жердегi үлкен көл. Қазiр ол көлдiң жағасында
Тың игеру кезiнде 1954-1955 жылдары орнаған Комсомольское
селосы бар (Тимирязев ауданы) Найман – Жанбурадан тарайтын
Ақботаның Шабанының баласы, Қойманның ағасы. Жансақал
қажының əкесi Байбота Ақботаның туған iнiсi. Кезiнде Найман
ел iшiнде өте беделдi ақылды, шешен кiсi болыпты.
35. «Алыпқаш бəйге аты шыққан жерi,
Саяағаш, Қызылағаш келер жерi». – Саяағаш – қазiргi
«Ынтымақ» ауылының қыстауы. Ол кезде бұл жерде Шабан
ə
улетi қоныстанып отырған.
36. «Бұл күнде Торсан болыс толған шағы,
Үш болыс бiр шаңырақтан жанған бағы» – Ол кезде Торсан өзi
жəне оның екi баласы Шақан мен Шери үшеуi үш болысты
басқарып тұрған.
37. «Арқаның биiне əдiл пəле жауып,
Қозыбай Семей жаққа жер ауады» – Қозыбай Нəупiлұлы 1822ж.
Қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы
Благовещенка селосына жақын Маманай ауылында туған.
Қозыбайдың əкесi Нəупiл батыр атақты Сегiз серiнiң туған
ағасы. Қозыбай əуелi Болотнай (Новорыбинка), кейiн Қызылжар
медресесiн оқып бiтiредi. 1837ж. əкесi Нəупiл, 1838ж. Шешесi
Балым дүниеден өтедi. 16 жасында жетiм қалған Қозыбайды
туған нағашысы Бидалы Уақ Есенғұл тəрбиесiне алады.
Қозыбай жасынан алғыр, шешен болып өседi. Сол кезде ол
ө
зiнiң шешендiгiмен, тiлiнiң өткiрлiгiмен үш жүздiң қазағына
мəлiм болады. Жергiлiктi байлар мен болыстардың арам
қылықтарын сынап, əшкерелеп отырады. Сол мiнезiн ұнатпаған
Торсан сияқты шонжарлар орыс шенеунiктерiмен келiсiп
Қозыбай шешендi Семей жаққа жер аудартады. Ол жақта əйгiлi
шешендi Абай жəне оның туыстары жақсы қарсы алады.
Дегенмен Қозыбай елiн сағынып жүредi. Кейiн Шағырай шешен
мен Байеке ақын əдейi барып Қозыбайды елге қайтарып алып
келедi. Туған елiне келген Қозыбай 84 жасында 1906ж. Қайтыс
болады.
38. «Жанбура мен Толыбай» – Бұл екеуi Байтеке (Самай) баласы.
39. «Бармысың, жан аға Шолжақай?» – Шолжақай Жансақалдың
iнiсi Бисақалдың баласы.
40. Жанбурадан Құдайқұл. Ал Құдайқұлдан – Анай, Қанай,
Кенжетай туған. Кенжетай балаларының бiреуi – Байсерке.
Байбота мен Ақбота да Кенжтай балалары.
41. Ахметжан Нұртазин – облыс халық ақыны, көп жыл
облысымыздың қазiргi Шал ақын ауданында орман
шаруашылығының директоры болған.
42. Игiбай Əлiбаев – облысқа белгiлi халық ақыны, əрi
майталман əншi, көп жыл мектепте мұғалiм болған.
43. Кəлау Тайжанов – көп жыл мектеп мұғалiмi болған жəне
белгiлi əншi.
44. «Тек бай – мырзалардан дəмдес болғаны Шағалақ-Керей
Шəймерден деген кiсiнiң досы екен». – Бұл жерде автор
қателескен: Шаймерден емес Шынтемiр – Тұрғын ақынның
ə
кесi.
45. «Кездесiп Ғалауетден Ұмсын сұлу
Сөйлесiп бiр-бiрiне қатты ұнады» – қате. Ғалауетден Ұмсыннан
ə
лде қайда кiшi. Ғалауетден Пресногорьковтегi 7 жылдық
мектептi 1917 жылы бiтiргенде Ұмсын қайтыс болады.
46. «Болыпты соның бiрi Бəдел қажы…» – «Бəдел қажы» деп өзi
денсаулығының төмендiгiнен Меккеге бара алмай сонда
баратын бiреуге ақшасын төлеп жiберiп, қажылық атақ алған
кiсiнi атаған.
47. Абылай Рамазанов қажы. Сол тұста қажылық сапарды
ұ
йымдастырушы жəне бастаушы.
48. Гулям Рифат Александриядағы Аль Азһар университетiнiң
ғалымы. Əйелдерге бiлiм берудi жақтаған жəне оны iске
асырған адам.
49. «Цицерон қалың қолмен басып өткен,
Көсiлiп Август, Помпей тасып өткен.
Патшалар бiрiн-бiрi ығыстырып,
Румнан Юлий Цезарь қолы жеткен». – Мұндағы Цицерон – (106-
43жж. бiздiң жыл санауымызға дейiнгi) – кезiнде Рим елiнде
ө
мiр сүрген əйгiлi шешен, саяси қайраткер жəне жазушы.
Август Октавиан (б.ж.с.д. 63-14жж.) көне Рим мемлекетiнiң
ə
йгiлi билеушiсi (император). Оның өлген айы «август» аталған.
Помпей (б.з.д. 106-48жж.) – Рим мемлекетiнiң белгiлi мемлекет
қайраткерi əрi қолбасшысы. Юлий Цезарь (б.з.д. 100-44жж.) –
Рим императоры, қолбасшысы.
50. «Анау тұс «қауызы» дейдi Антонийдiң
Арнайы жас патшаға берген сыйдың
Сұлудың падишасы Клеопатра,
Екеуi махаббатың кешкен күйiн» – Рим қолбасшысы Антоний
Египеттiң патшайымы Клеопатра сұлуға б.з.д. 36 жылы
үйленген. 31 жылы Августың əскерiнен жеңiлгеннен кейiн екеуi
де өзiн-өзi өлтiрген.
51. «Айбозды боз iнгендей аңыратты» -
«Айбоз» Бiржан салдың əнi.
52. Бертiн келе ауылға Омбыда оқып, семинария бiтiрiп, арғы
аталас Мəмектiң Есiлбай қажы баласы Ғалауетден келедi». –
Автор қателескен. Ғалауетден Омбыда емес Троицк
қаласындағы мұсылман медресесiнде оқыған.
53. Ол кiсi (Бəкен – Қ.М.) көп бозбалашылық құрды, көп қатын
алды». – Бəкен шынында да 3 əйел алған: бiрiншiсi – Ұмсын.
Одан Күлəмай туған. Екiншiсi – Жанбөпе. Одан – Билал, Кəмаш,
Еслəмбек туған. Үшiншiсi – Рахима. Одан – Суният.
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
1. Əуезов Мұхтар. 20 томдық шығармалар жинағы. 11-шi том.
Пьесалар. Алматы «Жазушы», 1982. «Ақан-Зайра» – 5-42
беттерде.
2. Мұқанов Сəбит. «Өмiр мектебi». I-кiтап. Алматы. «Жазушы».
2002ж.
3. Мұқанов Сəбит. «Өмiр мектебi». II-кiтап. Алматы. 1953ж.
4. Мүсiрепов Ғабит. Ой – сезiм сəттерi. Алматы. «Жалын», 1975ж.
5. Мұқанов Сəбит пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттiк əдеби-
мемориалдық музей кешенi. Өмiрбаяндық өрнектер. Алматы.
«Арыс», 2002ж.
6. Мүсiрепов Ғабит. «Ұлпан». Повесть жəне əңгiмелер. Алматы.
«Жазушы», 1975.
7. Мүсiрепов Ғабит. «Атақты əншi Майра». «Қазақ əдебиетi»,
27.02.1981.
8. Мүсiрепов Ғабит. «Майра». Алматы. «Жазушы», 1982.
9. Бисенова Ғ. «Жомарт жүрек жылуы». «Жалын». 1987. № 1, 29
бет.
10. Жақанов Iлия. «Аққулар қонған айдын көл». «Жұлдыз», 1987.
№
2.
11. Қуанышев Уəлихан. «Қор болған қазақтың сұлу қыздары-ай».
«Парыз» (Шал ақын ауданында қазақ тiлiнде шығатын газет) –
30 қараша 2001ж.
12. Қуанышев Уəлихан. «Ұмсын сұлу». Дастан (қолжазба).
13. Сұрағанов Əбжатай. «Ұмсын сұлу». Дастан. «Парыз», 2001.
14. Бəкенұлы Сүният. Өмiр дариясының ащы тамшылары.
«Жұлдыз». 2005. № 10. 127-141 беттер.
15. Төреқұлұлы Нысанбек. Қазақтың 100 би-шешенi. Алматы,
«Қазақстан». 1995.
16. Қожахметов Махмет. «Тағдыр». «Солтүстiк Қазақстан». 7.02.
1997.
17. Қали Ожан. «Аққу арман». Дастан (қолжазба).
18. Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк архивiнiң материалдары.
19. Есекеев Жұмабай. «Аңшының əнi». «Солтүстiк Қазақстан». 26
қараша 1999.
20. Мұқанов Сəбит. «Өсу жолдарымыз».
21. Мəмеков Ғалауетден. Бiздiң қазақ баласына не қылғанда
басқа жұрттарға теңелуi туралы бiраз кеңес. – «Айқап», 1911, № 5.
https://t.me/kzkitap
Notes
[
←
1
]
Торсанды біздін. ел «Қақаң дейтін.
[
←
2
]
Унци – алтын өлшемi.
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |