Антон Макаренко атындағы орта мектебі Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н. Байымбет Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары



бет1/3
Дата14.05.2024
өлшемі115.18 Kb.
#501024
түріБағдарламасы
  1   2   3
Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асыру жоспары 2023-2024


Антон Макаренко атындағы орта мектебі


Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н. Байымбет


Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары
Зерделеу мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны
іске асыру жоспарын зерделеу
Бақылау формасы:
- Біртұтас тәрбие бағдарламасының жылдық жоспарына сәйкес іс- шараларға қатысу және нәтижесін талдау;
- 1-11 сыныптарда өтілетін тәрбие сағаттарында құндылықтарды енгізілуімен танысу
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталып, «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп, 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылды. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. 
2023-2024 оқу жылында Антон Макаренко атындағы орта мектебінде тәрбие жұмысы Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі үш «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» құндылықтары бойынша негізге асуда. 2023-2024 оқу жылына арналған сынып жетекшілердің бірыңғай тәрбие жоспары бекітіліп, үш құндылықтың негізінде жасалынды. Бағдарлама аясында құндылықтарға негізделген «Жеткіншектің жеті жарғысы, Балалар кітапханасы, Ұлттық мектеп лигасы, «Еңбегі адал жас өрен» т.б жобалары іске асырылуда.
Білім беру ұйымында басым құндылықтарға негізделген іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Қыркүйек – «білім» айы болып, қазан – «алаш азаматтарын ұлықтау» айы болып бекітіліп, «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» құндылықтары бойынша біршама іс- шаралар жүзеге асырылды. А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл- ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі» тақырыбында апталығын қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, ұлттық мәдениетті дәріптеу мақсатында өткізілді. «Тіл- ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі» тақырыбында өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес «Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел мұраты» тақырыбында Қазақстан халықтары тілдері күніне орай өткен апталықтың ашылуы болды. Жаауапты мұғалімдер: Сайдығұлова Ә, Қошмағанбетова М, Ибрагимова М, Саршаева А.
Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында «Ой шебері» зияткерлік сайыс, Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай үздік мақала байқауы, «Тіл – халықтар достығының кепілі» атты тәрбие сағаты, «Тілдің мерейі – елдің мерейі» мәнерлеп оқу байқауы, «Тіл- ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі» интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Білім алушыларға патриоттық тәрбие берумен қатар қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мен қазақ тілін жақсы білген балаларды қолдау мақсатында «Тілдің мерейі – елдің мерейі» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын өткізілді. Байқаулардың нәтижесі шығарылып, оқушылар мадақтамалармен марапатталды.
Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру, спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» тақырыбында оқушылар арасында «Дене сергіту» челленджі өткізілді.
"Тарихқа құрмет" жобасының жылдық жоспарының негізінде мектеп жасындағы балалар арасындағы мәдени нормативтің орындалу аясында Тараз қаласындағы мұражайға он оқушы, «Ежелгі Тараз»қалашығына он екі оқушы саяхат жасады. 1 қазан- Халықаралық қарттар күнін атап өтуге арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес "Шаңырақ" оқушылар қаумдастығы 6 «В»- 10 «А» сыныптарынан құрылған «Тектұрмас» тобы «Қарияға қол ұшын соз» тақырыбында кездесу өткізілді. Сынып жетекшілері Баялиева А, Ақшалова Ш.
25 қазан – Республика күніне орай өткізілетін іс-шара жоспары бекітіліп, барлық іс- шараларға көрнекілік ретінде Республика күнінің бірыңғай логотипін пайдаланылды. «Әнұран орындау» челленджі барлық сыныптарда бір мезгілде 23 қазан күні болды. Педагогтар өз бірлестіктерімен және оқушылардың арасында Республика күніне орай бейне құттықтаулар жарияланды. Мектепте жеті бірлестік болса, алты бірлестіктен құттықтау видеосы келді, сонымен қатар жоғарғы сынып оқушыларынан да құттықтау видеолары жарияланды. 7 «А»- 10 «Ә» сыныптарынан құрылған «Айша бибі» тобы «Отаным менің» атты 25- қазан Республика күніне ашық тәрбие сағатын өткізді. Сынып жетекшілері Аманова Т, Чмаева З. 1-4 сыныптар арасында өткен "Менің арманымдағы Қазақстан" атты сурет байқауы болды. 6 -сыныптар арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" атты эссе байқауы болды. Байқаудың нәтижесі шығарылып, орындар берілді. «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» тақырыбындағы фотоколлажды математика пәнінің мұғалімі Н. Касымова ұйымдастырды. «Қыран елім –Қазақстан!» атты мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімі өтті. «Жас Ұлан» ұйымына 12 оқушы , «Жас Қыран» ұйымына 12 оқушы қабылданды.
Тәлімгер: З. Ильдинбаева. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты дәрісті 8 сыныптың оқушыларына «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасының жетекшісі А. Саттыбаева өткізді. 9-11 сыныптар арасында "Адалдық-атадан қалған мұра" атты кездесуді «Еңбегі адал жас өрен" жобасының жетекшісі Г. Қанаева адалдық тақырыбында оқушылардан сауалнамалар алып, видеолар көрсетті.
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының мамандары жаңа оқу жылынан бастап әрбір жалпы орта білім беру ұйымының базасында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс істейтінін атап өткен. Осыған орай мектепте ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін, отбасылық және қоғамдық тәрбиеге байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіретін орталық өз жұмысын бастап кетті. Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ұйымдастыруымен «Ата- аналарды педагогикалық- психологиялық ағартудың ғылыми- әдістемелік негіздері» тақырыбында курсқа мектеп психологы С. Курумбаева, тәлімгер З. Ильдинбаева, әлеуметтік педагог Н. Боранбаева арнайы курсын оқыды. Балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөнінде 1–4 cынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасының негізінде С. Курумбаеваға , 5–8 cынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасының негізінде З. Ильдинбаеваға, 9–11 cынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасының негізінде Н. Боранбаеваға арнайы бұйрық шығарылып, жоспарлары бекітілді.
Әр бағдарлама жылына сегіз сабақты қамтиды, орталықтың сабақтары кестеге сәйкес, әр түрлі формаларды қолдана отырып, жеке өткізіледі. Орталықтың қызметіне белсенді ата-аналарды, аға буын өкілдерін тарту көзделген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет