001
Антоним сөздерді табыңыз.
A)Алыста – шалғайда.
B)Жұмбақ – белгісіз.
C)Көңілді – қапалы.
D)Жоғары – жанында.
E)Сөндіру – өшіру.
002
Антоним сөздерді табыңыз.
A)Дәмелі – үміткер.
B)Дөрекі – дүмбілез.
C)Дөрекі – анайы.
D)Дөрекі – тұрпайы.
E)Дөрекі – сыпайы.
003
Лингвистикаға тән терминді көрсетіңіз.
A)Түбек.
B)Механика.
C)Жұрнақ.
D)Коэффициент.
E)Куб.
004
Синонимдік қатарды табыңыз.
A)Қатал, қатігез, мейірімді.
B)Күрес, тартыс, достық.
C)Қоштау, құптау, мақұлдау.
D)Икемді, епті, олақ.
E)Ашық, әзілкеш, тұйық.
005
Синоним сөздерді көрсетіңіз.
A)Өнер, өнеге.
B)Зиян, залал.
C)Заң, заңгер.
D)Жеті, жетік.
E)Бағыт, бағыныш.
006
Синоним сөздерді көрсетіңіз.
A)Кенет, тосын, күрт.
B)Өнер, өнеге, өнім.
C)Заң, заңгер, заңғар.
D)Жеті, жетік, жетіген.
E)Бағыт, бағыныш, бағыныңқы.
007
Синоним сөздерді көрсетіңіз.
A)Кек, кекесін, кейістік.
B)Жарамсыз, жарату, жаралыс.
C)Елсіз, елші, жаушы.
D)Жарасымды, қонымды, үйлесімді.
E)Дүрсіл, гүрсіл, үрпию.
008
Заттық ұғымды білдіретін синонимдерді көрсетіңіз.
A)Денелі, қапсағай.
B)Қасақана, жорта.
C)Даурығу, шулау.
D)Дүмбілез, шала.
E)Дәуір, кезең.
009
Тура мағынада қолданылған сөзді белгілеңіз.
A)Маңдайына кетпес дәулет жазыпты.
B)Тағдыр шіркіннің жазуынан қайда кетпек.
C)Діни наным бойынша тағдыры жазылып қояды.
D)Тағдырдың жазғаны осы ғой.
E)Ой-пікірін қағазға жазып қойды.
010
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A)Мінезі ауыр, қабілеті нашар.
B)Жаңа үй, ескі мұра.
C)Қызыл гүл, үлкен сай.
D)Көз тастады, көз қырын салды.
E)Көзқарасы жақсы, әсем үн.
011
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A)Қызыл гүл.
B)Көзқарасы жақсы.
C)Жаңа үй.
D)Мінезі ауыр.
E)Ат төбеліндей.
012
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A)Көзі ашық жатыр.
B)Аш кенедей жабысты.
C)Әсем қала.
D)Кең жайлау төрі.
E)Көп түкірсе – көл.
013
Тарихи сөзді табыңыз.
A)Тұлпар.
B)Ар-ұят.
C)Ары қарай.
D)Тотыдайын.
E)Сауыт.
014
Тарихи сөзді табыңыз.
A)Кебеже.
B)Лашық.
C)Сәукеле.
D)Жебе.
E)Торқа.
015
Термин сөзді табыңыз.
A)Ханша.
B)Еркіндік.
C)Глобус.
D)Жарық.
E)Қызыл.
016
Термин сөзді табыңыз.
A)Қызыл.
B)Зейнетақы.
C)Бағдаршам.
D)Призма.
E)Жарық.
017
Белгілі бір шаруашылық саласында қолданатын сөздерді көрсетіңіз.
A)Нарық, әкім.
B)Ермексаз, теңге.
C)Шидем, күпі.
D)Емтихан, тәрбие.
E)Қоза, терімші.
018
Мақта шаруашылығына байланысты қолданатын кәсіби сөзді табыңыз.
A)Жәмше, торлама.
B)Лашық, жаппа.
C)Өркен, түбіртек.
D)Қоза, шиіт.
E)Торқа, биқасап.
019
Қызылша шаруашылығына байланысты қолданатын кәсіби сөзді табыңыз.
A)Шидем, кебеже.
B)Қылша, жом.
C)Әңгелек, торлама.
D)Торқа, биқасап.
E)Тышуыр, атауыз.
020
Мақта шаруашылығына байланысты қолданатын кәсіби сөзді табыңыз.
A)Терімші, балдаң.
B)Өркен, түбіртек.
C)Лашық, жаппа.
D)Жәмше, торлама.
E)Торқа, биқасап.
021
Қызылша шаруашылығына байланысты қолданатын кәсіби сөзді табыңыз.
A)Түбіртек, жом.
B)Шидем, кебеже.
C)Әңгелек, торлама.
D)Тышуыр, атауыз.
E)Торқа, биқасап.
022
Басқа тілден енген сөз қатысқан сөйлемдітабыңыз.
A)Еліміздің мәдениеті өркендей түсті.
B)Қалада әйдік үйлер салыныпты.
C)Хан уәзірлерімен келді.
D)Сен кеткен соң, ол келді.
E)Су – тіршілік көзі.
Достарыңызбен бөлісу: |