Аты-жөні Аздан соң тамақ келіп



Дата28.02.2022
өлшемі1.13 Mb.
#455847
K6КO16B


К6КО16

Бақылау жұмысы
6 КО
Аты-жөні __________________________________________________

Аздан соң тамақ келіп ауқаттанғаннан кейін, бидің ауырлап кеткен сыңайын таныған Тынышбай домбырасын алдына өңгерді.



  • Тарт!

  • Жырлап жібер! – дескен көтермеші үндер үй ішінде үдеп кетті. Содан кейін қоңыр саз қоңыраудай сыңғырлады. Қоңыр қаздай мамырлады. Бипыл әуен бал тамызды. «Саймақтың сары өзегі» сарқырап ағып, «Ноғайлы-қазақтың айырылған күйі» көлеңдеп өтті. Көлеңдеп өтті де, көп жанарға шық түсірді. Бұлардан соң қоңыр күй кең толғап «Асанқайғыға» ауысты, «Бұлан жігітті» ерітті. Бірер сәт «Терең көк» итіңдеп, «Қоңыр қаздың» жылағанына ұласты. Сырлы саз отырғандарды тегіс баурап алды. Қыз болып жылады. Жігіт болып кек қуды. Абыз ата Асан боп Жерұйық іздеді. Ажалдан тайсалмай, аспандағы айға қол созған ұланды жоқтады. Ел бірлігін аңсады. Қоңыр саз қаздай мамырлады.

Қазыбек қозғалақтап кетті. Мөлт-мөлт жас үйірілген жанарында әлдене сыр тұнғандай. Өңі құп-қу. «Сыр шашпайтын көздердің осыншама егіліп кеткені қалай? Неден жасаурады екен?» дегендей күйші саусағы жаңылысып барып, тоғыз пернеден тың сарын саулады.
Қазыбек еңсесін тіктеп апты. Әлгіндегі дымқыл басқан көз де ұшқын атады. «Е-е, көбікті көп сөзден гөрі керегі осы екен-ау! Мен айта алмасты айтып, арнап кеткен ойы, өнері жүйрік, сабаздар, сендерде не арман бар! Тіліме оралмайтын кекті екі шекке байлап кетіпсіңдер. Талай алыс-тартысқа бастаған мына «Ала байрақ» барда елімді жаулар, табанға таптар жау жоқ қой. Жоқ! Басты қосса осынау «Ала байрақ» қосар-ақ! Неткен күш! Мынау – азат халыққа тән еркіндік аңсау ғой. Бұғалыққа көнбеймін деп шаншу дәл осы болар!»
Тынышбай күйді екі қайырды.
(С.Сматаев)



  1. Мәтіндегі күйшінің есімі кім?

  1. Қазыбек

  2. Асан

  3. Тынышбай

  4. Жігіт


  1. «Қоңыр қаздай мамырлады» құбылтудың қай түрі қолданылған?

  1. теңеу

  2. метонимия

  3. кейіптеу

  4. метафора


  1. Мәтіндегі тыңдаушыларды жылатқан күйді белгілеңіз.

  1. «Ноғайлы-қазақтың айырылған күйі»

  2. «Бұлан жігіт»

  3. «Терең көк»

  4. «Қоңыр қаз»




4. «Бипыл әуен бал тамызды» троптың қай түрі:.

  1. эпитет

  2. кейіптеу

  3. метонимия

  4. метафора


5. Мәтіндегі асты сызылған сөзді алмастыра алмайтын сөзді белгілеңіз.

  1. тамақтану

  2. ас ішу

  3. жүрек жалғау

  4. қарны ашу


6. Мәтіндегі аңыз кейіпкерін белгілеңіз.

  1. Тынышбай

  2. Асан

  3. Қазыбек

  4. белгісіз


7. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

  1. Тынышбайдың керемет күйші екенін жеткізу

  2. Қазыбек бидің неге жылағанын анықтау

  3. Күй арқылы елдің еркіндікке деген құштарлығына куә болу

  4. Домбыраның қасиетін жеткізу


8. Мәтінге лайық тақырып:

  1. Қазыбек би

  2. Тынышбайдың күйлері

  3. Елім-ай!

  4. Көз жасы


9. Екі ішекті, тоғыз пернелі - бұл:

  1. қобыз

  2. жетіген

  3. сазсырнай

  4. домбыра


10. Мәтінде қарамен берілген сөз нені білдіреді?

  1. көзге шық түскенін

  2. көздің ауырғанын

  3. көздің жасаурағанын

  4. көздің көрмей қалғанын







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет