РЕФЕРАТ
Тексерілді:Ахметолла Б.Ж
Орындаған:Қанатова Ж.А
АНТОНИО ЛУЧО ВИВАЛЬДИ
Антонио Вивальди итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады
Музыкант көзі тірісінде керемет атаққа бөленіп, халық тарапынан мойындалған, Еуропадағы ірі мәдени қайраткер - Кончерто гроссо, ансамбль-оркестірлік концерттің шебері, 40-тан астам опералардың авторы. Вивальдидің танымалдылығы аспаптық концерттерінің, әсіресе скрипканың арқасында келді. Оның атақты туындысы – скрипкалы 4 концерттен тұратын «Жыл мезгілдері» («Времена года») атты сериялы шығарған
Балалық шағы
астанасы Венецияда туған. XX ғасырға дейін Вивальдидің өмірбаянын зерттеушілерде композитордың туған жылы туралы әртүрлі деректер болды. Мәселен, бірі 1675 жылы туған десе, бірі бұдан ертерек деген болжамдар айтқан. 1963 жылы қаңтарда ағылшын ғалымы Эрик Пол тапқан Қасиетті Иоанның Брагорға (Венеция төңірегі) келуі туралы жазбалар Вивальдидің туған Антонио Вивальди 1678 жылы 4 наурыз күні осы кезеңдегі Венециан республикасының жылын бекітуге мүмкіндік берді. Табылған жазбаларға сәйкес, Антонио Вивальди 1678 жылы 4 наурызда туылып, осы соборда шоқындырылады. Бала әлсіз болып туған, өлуге шақ қалған соң, оны тезарада шоқындыру қажет болды.
Антонионың ата-бабалары Брешиядағы лауазымды тұлғалар болды. Композитордың әкесі Джованни Баттиста (1655-1736) осы қалада туған. Джованни он жасында анасымен Венецияға көшіп барды. Мұнда әкесі шаштараз мамандығын үйренді. Осы кезеңдерде италияндық шаштараздарда тұтынушылардың уақыты бос өтпесін деп түрлі музыкалды аспаптар орналастырылатын еді. Уақыт өте келе, Джованни осы аспаптарға деген қызығушылығы оянып, нәтижесінде өмірінің соңына дейін музыкаға арнады. 1677 жылы Джованни Камилле
Каликкьоға (1655-1728) үйленіп, бір жылдан соң ұлдары Антонио дүниеге келеді. шіркеулік жазбаларға қарағанда, Антонионың үш әпкесі – Маргарита Габриэла, Чечилия Мария, Дзанетта Анна және екі ағасы – Бонавентура Томасо пен Франческо Гаэтано болған. Ағалары әкесінің ізін жалғап, шаштаразшы болды. 1685 жылы Джованни Баттистаның есімі «Sovvegno dei musicisti de Santa Secilia» атты музыкалды қоғамды қалыптастырушылардың тізімінде аталды. Аталмыш қоғамның директоры атақты композитор, бірқатар опералардың авторы Джованни Легренци болды. Нәтижесінже Джованни Қасиетті Марк шіркеуінің капелласында (католик шіркеудің хорында) бас скрипкашы болды. Айта кетерлігі, сол кезеңдерде әкесінің толық есімі Джованни Баттиста Росси болған еді. Антонионың әкесіне тартқан сары шаштарі үшін оны «сары дін қызметкері» деп атайтын Композитордың жастық шағы мен музыкалды білімі туралы деректер аз. Сондықтан, Антонионы скрипка өнеріне үйреткен, музыкадағы алғашқы ұстазы әкесі болған деп болжанады. Антонио он жасынан бастап скрипкада ойнай бастайды. 1689—1692 жылдар арасында әкесінің Венецияға келіп-кетуі жиілеп кеткен соң, оны шіркеудегі капеллада ұлы Антонио алмастырып отырды. Кей деректерге сүйенсек, Антонио музыка теориясын Джованни Легренциядан үйренді деседі. Алайда, Легренцийдің 1690 жылы қайтыс болғанын ескерсек, оның жас Антониоға ұстаздық етуі күмән тудырады. Антонионың скрипкада шеберлікпен ойнауы және атақты рим скрипкашысы Арканджело Кореллидің музыкалды стиліне ұқсастығы оның аталмыш скрипка шеберінен дәріс алған деген болжамдар бар. Алайда, қазіргі күнге дейін бұл болжамды растайтын дәлелдер жоқ. Сонымен қатар, хронологиялық деректерде Антонионың шіркеулік қызметі оның 1703 жылы Римдегі оқуымен сәйкес келмейді
Достарыңызбен бөлісу: |