Ақпараты Құрметті ауыл тұрғындары!



Дата24.02.2016
өлшемі54.29 Kb.
#17854
Курский селосы әкімінің міндетін атқарушы

Аманжолов Жангелді Аманжолұлының селоның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы

ақпараты
Құрметті ауыл тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес әр жылдың бірінші тоқсаны барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруімен өтеді. Сол себепті өткен жылда орындалған жұмыстар мен алға қойған жобалар туралы сөз етуге рұқсат етіңіздер:

Село аумағындағы жұмыс істейтін барлық салалардың әрекеттестігін Курский село әкім аппараты қамтамасыз етеді. Негізі жұмыс алға қойған жоспарларға сәйкес жүргізіледі.

Село тұрғындарының саны 982 адам (ерлер- 465, әйелдер- 517), 288 отбасы бар, оның ішінде:

Жұмыс істейтіндер саны 529

Зейнеткерлер 124

Мүгедектер 20

Әлеуметтік құрам бойынша:

Көп балалы отбасылар 15

Оралмандар отбасы 5

Жалғыз басты қарттар тұратын отбасылар 11

Селода тұратын ұлттар саны 19.

2012 жылы село тұрғындарымең 5 жиын өткізілді. Малды табынға шығаруды ұйымдастыру, көркейту- көгаландыру жұмыстарын жүргізу, ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау, жазғы суғару мәселелері қаралды. Қалған жиындарда селоның ағымдағы мәселелері шешілді.

Жеке үй шаруасында: жалпы 434 бас ірі қара, соның ішінде сиырлар 179, шошқа -376 бас, қой- ешкі -244 бас, жылқы -63 бас, құстар саны 1767.

Салық жинау жұмысын өткіздік. 2012 жылы мүлік салығы 52 мың 976 теңге, жер салығы 61 мың 422 теңгені құрайды. Салық төлемі 99,4% құрайды.

Селода қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Халықтық- демократиялық «Нұр Отан» партиясының алғашқы ұйымы жұмыс істейді. 2012 жылы 4 рет жиналыс өткізілді:

1.Ел басының халыққа Жолдауын талдау

2.Алғашқы партия ұйымының орындаушылық тәртібін жоғарылату.

3.Төраға ауысу туралы, және партияға 1 мүше алу туралы.

4.Бірінші Президент мерекесі туралы шара.

Партия мүшелерінің саны - 43.

2012 жылы Курский селосы әкімі аппаратында 24 нормативтік- құқықтық актілер қабылданды, оның ішінде 24 өкім, шешім.

Жер туралы 5 өтініш кабылданды.

7- жеке,

2-занды


2012 жылы 5 неке қиюшылар тіркелді,

туылғандар саны- 5,

қайтыс болғандардың саны- 14.

Село әкімі аппараты міндеттерінің қатарына Есіл ауданының Қорғаныс бөлімімен жұмыс кіреді. 2011 жылы әскер қатарына шақырлушылардың саны 28, оның ішінде 2-і әскери міндетін атқаруда, 7-і резервте тұр, 5-і обылыс орталығында дәрігерлік қаралудан өтті.


Аграрлық сектор
Село аумағында негізінен үш ЖШС бар, олардың барлығы да егін салумен айналысады.

«Жаңа Жер» ЖШС-нің жер көлемі 30583 га, өнімділігі –3,3 ц/га.

Барлығы 121535 мын теңге еңбек ақы есептелген, олардың ішінде:

Ақшалай төленгені- 113905 мын теңге

Ауылшаруашылық өнімдерімен төленгені:

Жеммен 5457 мың тенге;

Шөппен 0 мың тонн;

Сабан 0 мың тенге;

Көмір 0 мың тенге

Колмақол 108448 мың тенге

«Жана Жер» ЖШС-де тұрақты жұмысшылардың саны- 277 адам.
«Азамат-2030» ЖШС-нің жер көлемі 8219 га, өнімділігі 1,9 ц/га.

Барлығы 43 187 мың теңге еңбек ақы есептелген, олардың ішінде:

Ақшалай төленгені 36 709 мың тенге

Ауылшаруашылық өнімдерімен төленгені:

Жеммен 960 мың тенге;

Шөппен 420 мың тенге;

Сабан 0 мың тенге;

Көмір 1 841 мың тенге

Колмақол 33 488 мың тенге

«Азамат-2030» ЖШС-де тұрақты жұмысшылардың саны- 56 адам.


«АгроКурск» ЖШС-нің жер көлемі 2466 га, өнімділігі – 1,6 ц/га.

Барлығы 6 710 390 теңге еңбек ақы есептелген, олардың ішінде:

Ақшалай төленгені 5 637 359 тенге

Ауылшаруашылық өнімдерімен төленгені:

Жеммен 62 144 мың тенге;

Шөппен 240000 мың тенге;

Сабан 0 мың тенге;

Көмір 0 мың тенге

Колмақол 5 335 215 мың тенге

Төленген пай 1 068 750 мың тенге.

«Агро Курск» ЖШС-де тұрақты жұмысшылардың саны- 12 адам.

Білім беру

Селода Курский орта мектебі бар. Қазіргі уақытта мектепте 176 оқушы оқиды, 22 мұғалім жұмыс істейді, олардың 20 жоғары білімді, 2 мұғалімде орта білімі бар.

Мектеп компьютерлермен қамтылған. 17 компьютер интернетке қосылған. Жазғы демалыста балалардың денсаулықты жаксартатын шаралар өткізілді, 46 бала демалды.

Мектеп асханасында демалушыларды ыстық тамақпен ЖШС «Жана Жер»қамтамасыз етеді.

Мектепте негізінен өзекті мәселелер: спорттық құрал жабдықтар (шаңғы) жетіспейді, жылы дәретхананың жоқтығы және жылу жүесін өткізу, төбесіне іргелі жүмыс істеу.

2012 жылдың наурыз айында «Балапан» бағдарламасы бойынша Курский селосында «Балдаурен» балабақшасы ашылды. Балабақша ашылғаныңа сегіз ай болды. Сегіз айдың ішінде біраз жұмыс атқарылды, топты рәсімдеу, казақ бөлмесің рәсімдеу. Медециналық бөлмесі бар, барлық керек заттармен жабдықталған. Үш мезгіл тамақ беріледі. Балабақшаға баратын балалардын саны -42.
Денсаулық сақтау
Село тұрғындарына дәрігерлік емхана қызмет көрсетеді. Дәрігерлік емханада жөндеу жұмыстары жүргізілген, жалпы практикалық дәрігер, фельдшер, медбике, акушер жұмыс істейді, жүректі түсіретін аппарат, жылжымалы флюрография жылына бір қызмет көрсетеді. Дәріхана бар. Дәрігерлер халыққа қызмет көрсетіп тұрады.

Селода санитарлық- гигиенасы сактандырылады, монша жұмыс істейді билетінің бағасы 150 тенге, балаларға 75 тенге.


Мәдениет және спорт
Селода мәдениет үйі бар, онда бұқаралық іс-шаралар,ойын-сауықтар өткізіледі, вокальдық, би үйірмелері жұмыс істейді. Мәдениет үйі ішінде кітапхана орналасқан. Кітапханада кітаптар қоры 4500 дана.

Селода стадион, мектепте спортзалы бар, спорт әдіскері жұмыс істейді. Біздің спортшыларымыз облыстық және аудандық жарыстарға әр-түрлі спорт түрлерінен қатысады. Соңғы бес жыл ішінде біздің споршыларымыз жазғы спартакиадада бірінші орындар алып жүр.


Көркейту
Өткен жылы үшайлық көлемінде көркейту, көгалдандыру, тазалау бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Бірнеше мәрте бұқаралық сенбіліктер ұйымдастырылып, оған: тұрғындар, бюджеттік мекемелер, «Жаңа Жер», «Азамат», «АгроКурск» ЖШС-і бір кісідей ат салысты. Осы сенбіліктерде қоқыстарды шығаруға «Жаңа Жер» ЖШС-нен техника бөлінді. «Жасыл жапырақ» бағдарламасы бойынша ағаштар отырғызылды.
Электроэнергия және байланыс
Пошта бөлімі жұмыс істейді, онда село тұрғындарына жалақы мен зейнетақы уақытында жеткізіледі. Тұрғындар өзі таңдаған газет- журналдарға жазыла алады. Бұдан басқа осы пошта арқылы ақша аударуына, мүлік және жер салықтарын, т.б. төлемдер төлеуге мүмкіндіктер бар. Телефон байланысы жұмыс істейді. Село бойынша 178 абонент телефон жүйесін пайдалануда. Сонымен қатар 22 радиотелефон қосылды, село кітапханасы телефонмен қамтамасыз етілді.

Село тұрғындары түгелдей электроэнергиямен қамтамасыз етілген, электр қондырғылары уақытында тексеруден өткізіліп тұр.


Шағын бизнес
Селода шағын бизнес жақсы жолға қойылған, тұрғындарды 7 жеке меншік дүкендері азық-түлік және күнделікті қажетті тауарламен қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлер қоғамдық қызметтерге қатысып тұрады. Наубайхана жұмыс істейді, күніне 150 нан пісіреді, бағасы 50 теңге.
Болашақта
1.Су құбырларыңа күрделі жөндеу жұмысын жүргізу.

2. Көшелерге жарык өткізу.



3. Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу, жылу жүйесін өткізу, төбесіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет