«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» Дұрыс жолға қойылған



Дата04.01.2024
өлшемі17.4 Kb.
#488471
мақала


«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»
Дұрыс жолға қойылған
дене шынықтыру ойындары
оқу-білім алуға бөгет емес,
қайта бойды сергітіп, ойына
жәрдем ететін нәрсе.  
Ғабит Мүсірепов

Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтады, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытады.


Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық – адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады.
Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.
Жастардың жан-жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес . 
Елімізде пандемия басталғалы Қарағанды қаласы ББД ОӘО ұйымдастыруымен биылғы жылы қатарынан екінші жыл Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында дене шынықтыру пәнінен – ФИЗИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ өткізіліп келеді.
Қимыл-қозғалысы бәсеңдеп, үйде отырып оқыған жастарымыз биылғы оқу жылында оқу орындарына келіп, дене қозғалысымен айналысып, дене шынықтыру сабақтарын сағынып қалғандарын осы апталықтың өту барысында тағы да дәлелдеген сияқты.
Аталған апталық Қарағанды машина жасау колледжінде де өз жалғасын тапты. Колледждің дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Шораева Калима Тлеукуловна мен Нарботаев Сакен Ауелбекович апталықтың жоспарға сай өтілуіне аса жауапкершілікпен қарап, өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете білді.
Аптаның бес күнінде әр түрлі тақырыптарда кездесу мен сайыстар жоспарланған.
Аптаның алғашқы күні «Облыстың көрнекті спортшыларымен кездесу» тақырыбымен ашылды. Ашылу салтанаты ҚР жеңіл атлетикадан спорт шебері, Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарының бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы судьясы Денис Андреевич Соколовпен кездесумен басталды. Д.А.Соколов апталықтың ашылу салтанатына қонақ ретінде шақырылып, студенттермен өз өмірі мен жетістіктері туралы ой бөлісті. Ол үлкен жетістікке жету үшін, әрине, көп еңбектену, көп жаттығу керектігін де айтып өтті.
Аптаның қалған күндері де түрлі тақырыптағы іс-шараларға толы болды:
«Таң жаттығудан басталады!» - бейнеролик, «Біздің жетістіктеріміз» - оқу орындарындағы студенттер мен оқытушыларының спорттық жетістіктерін жариялау, «Спортпен өмір сүремін» - спорттық сауықтыру челенджі, «Спорт әлемінде»- спорттық-зияткерлік викторина, «Менің денсаулығым – өз қолымда» - пәндік олимпиада, үстел теннисінен жарыс.
Ал аптаның соңы дене шынықтыру оқытушылары арасында өткізілген «Үздік дене шынықтыру оқытушысы – 2022» облыстық байқауы және үздік студенттерді марапаттау рәсімімен қорытындыланды.
Апталық барысында колледж студенттері мен жетекшілері аталған барлық іс-шараларға қызыға да белсенді қатысты.
«Таң жаттығудан басталады!» - бейнероликтер байқауы өте тартысты өтті. Байқау қорытындысы бойынша СШП-9-21, ТОРА-9-21, СШП-9-20, ЭС-9-1-21 және СМК-9-21 топтары ерекше көзге түсті.
«Спорт әлемінде»- спорттық-зияткерлік викторинада ЭС-9-1-21 тобының студенттері Асылбеков Ерасыл өзінің білім деңгейінің өте жоғары деңгейде екенін көрсетіп, жеңістің жоғары тұғырынан көрінсе, Жұман Аслан - жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал Болатов Шерхан – ІІІ орынды қанағат тұтты.
«Спортпен өмір сүремін» челленджі барысында спорттық жаттығуларды орындау шеберлігімен СШП-9-20 тобының студенті Матюшенко Янош, ТМ-9-18 тобының студенттері Пак Руслан мен Асқаров Ахметтер ерекше көзге түсті.
1-4-курс студенттері арасында үстел теннисінен өткен турнирде жүлделі
І орынға ОСПУ-9-20 тобының студенті Сабырхан Диас ие болса, ІІ орынды АС-9-19 тобының студенттері Саулеев Еділ, ал ІІІ орынды Душутин Кирилл иеленді.
Апта соңында колледжіміздің мәжіліс залында апталықтың жабылу салтанаты өтіп, үздік те белсенділік танытқан студенттер Мақтау қағаздарымен марапатталып, топ жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды.
Әрине жастарға дене шынықтырумен тек апталық барысында ғана емес, күнделікті өмірде де спортпен айналысу керек. Кей жастарымыз дене шынықтыру мәдениетіне мән бере бермейді. Сөз жоқ, адам өз денсаулығына көңіл бөліп, оны шынықтырумен айналысса, сымбатты да денсаулығы мықты азамат болып өседі. Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы, жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы.
Қорыта келе, еліміздің болашағы – жастарды оқу-білім алуға еш бөгет бола алмайтын дене шынықтырумен күнделікті айналысып, дені сау, денсаулығы мықты да бәсекеге қабілетті болуға шақырамыз!
Шораева Калима Тлеукуловна
Қарағанды қаласы
Машина жасау колледжінің
дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет