Ақпараттандыру туралы


Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред



бет4/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#175233
1   2   3   4   5
Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Уәкілетті орган тіркелген кезден бастап электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне мәліметтерді енгізу үшін тіркеу өтінімдерінің көшірмелерін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымға үш жұмыс күні ішінде жібереді.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



11. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер туралы тиісті мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде енгізеді.

12. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер тіркелген кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде тіркеу туралы куәлікті береді.

13. Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделмеген жағдайда уәкілетті орган оларды алған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде осы тіркеу өтінімдерін қайтару себептерін көрсете отырып, электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесіне немесе иеленушісіне қайтарады.

14. Электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі қайтарылған тіркеу өтінімдерін алған кезден бастап ескертпелерді түзейді және оларды уәкілетті органға тіркеу үшін қайтадан енгізеді.

15. Электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің тіркеу өтінішін қайта қарау осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

16. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесінен немесе иеленушісінен электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу кезінде тіркеу деректерінің құрамын немесе мазмұнын нақтылау үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпарат сұрата алады.

17. Тіркеу үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты беру туралы сауалды алған кезде, электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі тиісті сауалды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жан-жақты жауапты ұсынады.

 

24-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді, кейіннен осы мәліметтерді жаңарта отырып енгізуді қамтиды.

3. Тіркелген электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі жыл сайын 30 наурыздан кешіктірмей, уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жаңартылғаны туралы не жаңартудың жоқтығы туралы, не пайдаланудың тоқтатылу себебін дәлелді түрде жаза отырып пайдалану тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға хабарлама береді.

4. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы жаңартылған мәліметтерді енгізу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу үшін белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

5. Жаңартылған өтінім немесе электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарлама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган оның меншік иесі немесе иеленушісіне мәліметтерді жаңарту қажеттігі туралы тиісті ресми сауал жібереді.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



6. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені тіркеу туралы куәлікті кері қайтарып алуды жүзеге асырады және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне тиісті өзгерістер енгізуді он күн мерзімде қамтамасыз етеді.

7. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміндегі мәліметтер, қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстары жоқ бөлігінде, жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және Интернет желісінде орналастырылуға тиіс.



 

25-бап. Депозитке беру және депозитарийді жүргізу

1. Депозитарийдегі ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерінің, бағдарламалық кодтарының және нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын сақтау оларды есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, меншік иесі немесе иеленушісі сатып алған бағдарламалық өнімді жоғалтқан жағдайда оны ауыстыруды қамтамасыз ету, пайдаланушыларды бағдарламалық өнімдер мен оларды әзірлеушілер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы жинау, жүйелеу, жинақтау мен сақтау және Қазақстан Республикасының бағдарламалық өнімдерінің тізілімін жүргізу депозитарийдің негізгі міндеттері болып табылады.

3. Қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийде міндетті түрде мемлекеттік есепке алынуға, тіркелуге және сақталуға тиіс.

4. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркелген бағдарламалық өнімдер міндетті түрде депозитке берілуге тиіс.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Депозитарийдің қалыптастырылуы мен жүргізілуін, сондай-ақ бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттаманың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның депозитарийде сақталатын бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы өзгертуге және (немесе) үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым бағдарламалық өнімнің меншік иесінің өтінімі бойынша депозитарийді жүргізген кезде бағдарламалық өнімнің көшірмелерін:

1) депозитке берілген дананың электрондық жеткізушісінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда бағдарламалық өнімді мұрағаттау немесе оның сақталуын қамтамасыз ету;

2) бағдарламалық өнім жоғалған, жойылған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда бағдарламалық өнімнің түпнұсқасын ауыстыру үшін дайындауы мүмкін.

7. Уәкілетті орган депозитарийдің жүргізілуін тексеруді жылына кемінде бір рет жүзеге асырады.

8. Ақпараттық жүйе, бағдарламалық өнім, бағдарламалық код және нормативтік-техникалық құжаттама депозитке берілуге тиіс.

9. Ақпараттық жүйе:

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) авторлық құқықтармен қорғалғандарынан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2)  ақпараттық жүйелердің инсталляциялық пакеті;

3) қажет болған жағдайда меншік иесі немесе иеленушісі айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;

4) ақпараттық жүйенің аңдатпалық немесе жарнамалық сипаттамасы;

5) нормативтік-техникалық құжаттама - ақпараттық жүйенің ерекшелігі, сипаттамасы, сынақ бағдарламасы мен әдістемесі, пайдалану құжаттамасы;

6) меншік иесінің немесе иеленушісінің қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттар құрамында депозитке берілуге тиіс.

10. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құруға арналған ақпараттандыру саласындағы тұжырымдамалар, бағдарламалар, нормативтік-техникалық құжаттама уәкілетті органның салалық бағалауымен бірге депозитарийге беріледі.

 

26-бап. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау

1. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Сәйкестігі міндетті растауға жататын ақпараттандыру саласындағы өнім ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттермен айқындалады.

3. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде халықаралық шарттарға сәйкес деп танылған жағдайда, оның Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп есептеледі.

 

27-бап. Ақпараттық жүйелердің аудиті

1. Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану кезеңінде осы жүйелердің меншік иелерінің және (немесе) иеленушілерінің бастамасы бойынша ақпараттық жүйелердің аудиті жүргізілуі мүмкін.

2. Құпиялы мәліметтерді беру шарттары аудит жүргізуге арналған шартта айқындалады.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу жөніндегі шығыстарды ақпараттық жүйенің меншік иесі және (немесе) иемденушісі мен әзірлеушісі арасындағы келісілген шешім бойынша айқындалған тарап көтереді.

4. Аудитті жүргізуді ақпараттық технологиялар саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар адамдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.



 

 

6-тарау.



«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» АЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ТӘРТІБІ

 

28-бап. «Электрондық үкіметті» қалыптастыру шарттары

Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастыру:

1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде «электрондық үкіметті» іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдармен келісілген шешімдер қабылдау;

2) тармақша 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік органдарда ақпараттандыру жөніндегі бөлімшелер құру. Мемлекеттік органдар осындай бөлімшелер болмаған жағдайда ұлттық операторға тиісті инфрақұрылымды құру және дамыту кезінде ақпараттандыру саласында ұлттық оператордың шарттық негізде қызметтер көрсетуі туралы ұсыныстарымен жүгінуге құқылы;

3) уәкілетті орган жанынан мемлекеттік органдардың ақпараттық қызмет жетекшілерінің кеңесін құру;

4) ұлттық оператордың «электрондық үкіметтің» базалық құрамдас бөліктерін техникалық сүйемелдеуі сияқты шарттар орындалған жағдайда жүзеге асырылады.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



29-бап. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету

1. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері электрондық мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетеді.

Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету олардың көрсетілу түрлері бойынша – ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық болып, автоматтандыру дәрежесі бойынша толық автоматтандырылған және ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді.



2. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету осы Заңға, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеуге және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындауға тиіс. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін құзыретіне электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету кіретін мемлекеттік органдар уәкілетті органның келісімімен бекітеді.

3. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді алуға өтініші пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сауал салуы негізінде жүзеге асырылады.

4. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардан анықтамалар және мемлекеттік электрондық ресурстардан алуға болатын өзге де ақпаратты талап етуге жол берілмейді.

5. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

 

30-бап. «Электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерінің түрлері



1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері олардың мақсаты мен тәртібіне қарай ведомстволық және ведомствоаралық болып бөлінеді.

2. «Электрондық үкіметтің» электрондық ақпараттық ресурстарын толықтыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйелер ведомстволық ақпараттық жүйелер болып табылады.

3. «Электрондық үкіметтің» ведомствоаралық ақпараттық жүйелері өзара іс-қимыл жасайтын ведомстволық ақпараттық жүйелер болып табылады.

 

31-бап. «Электрондық үкіметтің» базалық құрамдас бөліктері



«Электрондық үкімет» инфрақұрылымының жұмыс істеуі базалық құрамдас бөліктерді құруға негізделеді және оларға:

1) электрондық қызметтер көрсету арқылы ведомстволық ақпараттық жүйелермен интеграцияланған «электрондық үкіметтің» веб-порталы және шлюзі;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;

3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы;

4) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері;



5) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) ашық кілттердің инфрақұрылымы;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі жатады.

 

32-бап. «Электрондық үкіметті» қалыптастыру кезіндегі базалық құрамдас бөліктер мен ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы



1. «Электрондық үкіметтің» ведомствоаралық және ведомстволық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылының тәртібі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

2. «Электрондық үкіметті» қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар беретін электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі уәкілетті органмен келісіледі.

3. Мемлекеттік органдар ведомстволық ақпараттық жүйелердің электрондық ақпараттық ресурстарының жұмыс істеуі мен қорғалуын қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттік органдар «электрондық үкіметтің» электрондық қызметтер көрсетуі ретінде берілетін ведомстволық электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды және олардың өзектілігін (жаңаруын) қамтамасыз етеді.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері ведомстволық желілерді мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз етеді.

 

33-бап. «Электрондық үкіметтің» мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізу



«Электрондық үкіметтің» мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізу осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

7-тарау.



ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ

ОЛАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ

 

34-бап. Ақпаратты алу және тарату құқығы

1. Жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстары бар ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен және шарттарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың сауалы бойынша оларды қызықтыратын ақпаратты ұсынуға міндетті.

2. Жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстардағы ақпаратты беруден негізсіз бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.

 

35-бап. Сауал негізінде электрондық ақпараттықресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету



1. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мынадай тәсілдердің бірімен:

1) электрондық почтаны пайдалана отырып немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында сауалды беру жолымен;

2) пайдаланушының жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық ресурстарға тікелей өтінімі арқылы ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне сауалды жіберу жолымен жүзеге асырылады.

2. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберілген сауал, қағаз жүзінде жіберілген және сауалды жіберген тұлғаның түпнұсқа қолы қойылған сауалға теңестіріледі. Мұндай сауалдар ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі белгілеген іс қағаздарын жүргізу ережелеріне сәйкес тіркеуге жатады.

 

36-бап. Сауалға қойылатын талаптар



1. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге рұқсат алуға арналған сауалда мынадай мәліметтер:

1) ақпаратты сұратқан тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты;

2) заңды тұлға атынан сауалмен жүгінген кезде - заңды тұлғаның толық атауы, сауалмен жүгінген тұлғаның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;

3) сауалмен жүгінген адамның байланыс деректері (почталық мекенжайы немесе электрондық почта мекенжайы, не телефонның немесе телефакстің нөмірі), олар арқылы ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе оны иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстарды беруі немесе ақпаратты сұратқан тұлғамен байланысуы мүмкін;

4) сұратылған электрондық ақпараттық ресурстың мазмұны, құжаттың атауы мен мазмұны немесе оған белгілі құжаттың деректемелері;

5) сауалды орындау үшін қажетті өзге де мәліметтер;

6) сауалды орындаудың тілекке сай тәсілі көрсетіледі.

2. Егер тұлға электрондық ақпараттық ресурстарды өзі туралы не заңды тұлғаның атынан сол заңды тұлға туралы электрондық ақпараттық ресурстарды беру туралы сұратса, онда ол сауалда өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін және (немесе) оған қатысты сауал жіберілген заңды тұлғада атқаратын лауазымын көрсетуге міндетті.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет