БАҒдарламасы қызылорда 2019ж. 6В06151 (5В070400) «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»



Дата20.01.2020
өлшемі32.98 Kb.
#447845
Программа Сети вт произв практика 2019-2020


«Келісілді»

«Бекітемін»

_____________________________________

Оқу ісі жөніндегі проректор-

(Кәсіпорындағы практика жетекшісінің қызметі)

бірінші проректордың м.а.

_____________________________________

__________________ А.Т.Үргенішбеков

(Аты-жөні, тегі)




20____ж. «_____» ________________

20____ж. «_____» ________________

«Компьютерлік ғылымдар» кафедрасы

6В06151 (5В070400) - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (Компьютерлік жүйелер мен желілер) мамандығы білім алушыларының

өндірістік іс-тәжірибесінің

БАҒДАРЛАМАСЫ

Қызылорда 2019ж.

6В06151 (5В070400) - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (Компьютерлік жүйелер мен желілер) мамандығы білім алушыларының өндірістік іс-тәжірибесі бағдарламасы Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 (09.01.2019ж. өзгерістермен) бұйрығына, «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру, өткізу және практика базасы ретінде ұйымды айқындау» ЕРЕЖЕСІ (бакалавриат) (№1 28.08.2019ж.) және 6В06151 (5В070400) - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (Компьютерлік жүйелер мен желілер) мамандығы білім алушылары үшін өндірістік практиканы ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқауға негізделіп әзірленді.

Өндірістік іс-тәжірибе жинақтау бағдарламасын әзірлеген «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының оқытушысы т.т.м. Мырзамұратова А.Ә.
Өндірістік іс-тәжірибесі бағдарламасы «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының мәжілісінде қаралып, талқыланды.

№ ___ хаттама « ___» ____________ 20 ж.

Кафедра меңгерушісі _____________________ Қоңырбаев Н.Б.

МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ


1

Өндірістік іс-тәжірибеден өту мақсаты мен міндеттері

2

Тәжірибе жинақтауды ұйымдастыру

3

Машықтану мазмұны және іс-тәжірибе тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық

4

Іс-тәжірибе жетекшілерінің міндеттері

5

Машықтанушы студенттердің міндеттері

6

Есепке қойылатын талаптар

7

Жеке тапсырмалар тақырыптарының бағыттары





Ұсынылатын әдебиеттер


КІРІСПЕ

6В06151 (5В070400) - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (Компьютерлік жүйелер мен желілер)мамандығының оқу жоспарларына сәйкес өндірістік іс-тәжірибе жинақтау 4 және 6 академиялық кезең соңында 5 апта көлемінде (2 кредит), бітіруші курста іс-тәжірибесі 7 академиялық кезеңнен соң 7 апта көлемінде (7 кредит) жоспарланған.

6В06151 (5В070400) - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (Компьютерлік жүйелер мен желілер) мамандығы білім алушыларының өндірістік практикасы оқу процесінің құрамдас бөлігі болып саналады және студенттердің университет қабырғасында игерген теориялық білімдерін практикалық тұрғыда бекітуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ақпарат қорғау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысындағы кәсіби шеберліктерін арттырып, мамандық бағытын толық меңгеруге тиімді әсер етеді.

Өндірістік іс-тәжірибеге ағымдағы оқу процесін толық аяқтаған, барлық емтихандарды тапсырған студенттер ғана жіберіледі.



  1. Өндірістік іс-тәжірибеден өту мақсаты мен міндеттері

Өндірістік іс-тәжірибеден өту 6В06151 (5В070400) - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (Компьютерлік жүйелер мен желілер)мамандығының студенттерінің кәсіпорындар мен мекемелердегі қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялардың алатын орнын, атқаратын қызметтерін зерттей отырып, жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, олардың және жалпы қолданыстағы ақпараттың қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында акпарат қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге машықтандыруды, іс-тәжірибе жинақтауды мақсат етеді.

Өндірістік іс-тәжірибеден өтуде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының болашақ мамандарына қойылатын негізгі талап мекемедегі қолданыстағы компьютерлік ақпараттық жүйелер мен желілердің ақпараттық қауіпсіздік деңгейлерін зерделеп, қауіпсіздікті жетілдіру мәселелерін шешуге өзіндік көзқарас пен пікір қалыптастыру, тәжірибе жинақтау.

Өндірістік іс-тәжірибе жинақтауда машықтанушыға келесідей тапсырмалар жүктеледі:


  • Тәжірибе жинақтау саласы бойынша пәндік облысты жан-жақты зерттеп, талдау жасау;

  • Объектіні зерттеудің теориялық негіздерін практикамен ұштастыру негізінде программаларды игеру;

  • Мекемедегі копьютерлік ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі деңгейін зерттеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе оны жетілдіру барысында атқарылатын жұмыстарға талдау жасау;

  • Компьютерлік, ақпараттық жүйелердің техникалық, программалық, математикалық, ақпараттық, аппараттық қамсыздандырылулары бойынша нақты жобалық және құрастырушылық зерттеулер нәтижелеріне сараптама жасап, талдау жүргізу;

  • Әр түрлі салаларда қолданылуға арналған программалық кешендер мен ақпараттық технологияларды іс-жүзінде қолдана білу тәжірибесін жинақтау;

  • Желілік программалық кешендерді желі администраторы, желілік бағдарламашы, ақпараттық қауіпсіздік маманы тұрғысында зерттеп, олардың тиімді жұмыс атқаруын бағалау, жетілдіру, монтаждау мәселелерін шешуге қатысу;

  • Кәсіпорын/мекеменің ақпаратты қорғау мәселелерін шешумен айналысатын қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін зерттеу;

  • Мекеменің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша жалпы түсінікті қалыптастыру;

  • Мекемеде бекітілген ақпарат қорғау жүйесін, конфиденциалды ақпараттың рұқсатсыз қолданылуының алдын алуға байланысты ұйымдастырылатын іс-шараларды жүргізу кешендерін зерттеу;

  • Тәжірибе жинақтау саласы бойынша берілген тапсырмаға сәйкес (программалық өнім, ақпараттық жүйе құру, желі қауіпсіздігін зерделеу, бағалау және арттыру шаралары т.б.) жұмыс жобасын әзірлеу және жоба материалдарын жүйелеу;

  • Іс-тәжірибеден өту нәтижесін сипаттайтын мәліметтер жинақтау және есеп беру.

Өндірістік іс-тәжірибе міндеттері:

  • Студентте өз мамандығы туралы толық көзқарас пен пікір қалыптасуына кәсіби бағдар беру;

  • Ақпарат қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпарат қорғауға қатысы бар қызметкелер міндеттерімен танысу және олардың жұмыстарын атқаруға үйрету;

  • Мекемеде бекітілген ақпарат қорғау жүйесінің профилактикасы бойынша ақпарат қорғау қызметінің жоспарлы алдын алу шараларын ұйымдастыру жұмыстарына қатыстырып практикалық тұрғыда машықтанудан өткізу;

  • Кәсіпорын/мекеменің ақпараттық қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз ету есептерін шешуге студентті әірлеу



  1. Тәжірибе жинақтауды ұйымдастыру

Студенттердің өндірістік іс-тәжірибесі компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялармен, желілік технологиялармен жұмыс ұйымдастыратын мекемелер мен кәсіпорындарда өткізіледі. 6В06151 (5В070400) - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (Компьютерлік жүйелер мен желілер)мамандығының студенттері кез-келген конфиденциалды ақпаратпен жұмыс жасайтын мекемелерде (экономикалық қауіпсіздік; ақпараттық, федералдық қауіпсіздік қызметтері; бөлімдерді, кадрлар бөлімі; ішкі істер бөлімдері кеден қызметі, салық басқармалары, телекоммуникация кәсіпорындары, денсаулық саласы мекемелері, банк саласында және т.б.) іс-тәжірибеден өте алады. Өндірістік іс-тәжірибесі өтетін мекеме, кәсіпорындармен алдын-ала келісім-шарттар жасалады. Өндірісте машықтанушы бітіруші студенттердің университет қабырғасында жмнақтаған теориялық және практикалық білімдері шынайы өндірісте практикалық тұрғыда ұшталуына мүмкіндік беріледі, осы мақсатта машықтанушыға кафедра оқытушы-профессорлық құрамынан және өндіріс тарапынан тәжірибе жетекшілері бекітіледі.

Өндірістік іс-тәжірибеге барар алдында кафедрадан бекітілген жетекшілері студенттермен жиналыс өткізеді. Жиналыста студенттер өндірістік іс-тәжірибесінің мақсат-міндеттерімен танысады, жеке тапсырмаларын алады. Сонымен қатар, өндірістік іс-тәжірибесінің өту барысын қадағалап, тіркеуге арналған студенттің іс-тәжірибе күнделігі табысталады, толтыру ережелерімен танысады. Келісім-шарттардың бір данасы іс-тәжірибе жинақтау өтетін сәйкесті мекемеге тапсырылуы үшін студенттерге беріледі.



  1. Машықтану мазмұны және іс-тәжірибе тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық

Өндірістік іс-тәжірибесі тапсырмаларын іс-тәжірибе өту орнына сәйкес іс-тәжірибе жетекшілері береді. Тапсырма мазмұны іс-тәжірибе өтетін мекеменің қызмет көрсету саласы мен атқаратын міндеттеріне орай мекеме мұқтаждықтарын қамтамасыз ететіндей сипатта беріледі. Іс-тәжірибе жинақтау барысында студент зерттеп, білуі тиіс:



  • Іс-тәжірибе өтетін орынның ұйымдастырушылық құрылымы мен оның басқару қызметін;

  • Зерттеу объектісінде қолданылатын ақпарат жинау, тарату, өңдеу және сақтаудың ақпараттық, техникалық құрылғыларын;

  • Іс-тәжірибе өтетін орындағы қолданыстағы ақпараттық жүйелер мен программалық жабдықтардың жұмыс принципін;

  • Ақпарат қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи ақпараттық технологияларының жұмыс принциптерін;

  • Студент өз мамандығы туралы толық көзқарас пен пікір қалыптастыруы тиіс;

  • Ақпарат қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпарат қорғауға қатысы бар қызметкелер міндеттерімен танысу және олардың жұмыстарын атқаруға үйрену;

  • Мекемеде бекітілген ақпарат қорғау жүйесінің профилактикасы бойынша ақпарат қорғау қызметінің жоспарлы алдын алу шараларын ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;

  • Кәсіпорын/мекеменің ақпараттық қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз ету есептерін шеше білуге үйрену.

Өндірістік іс-тәжірибеден өтуге берілетін тапсырмалар іс-тәжірибе жинақтау орнының қызмет көрсету саласына байланысты студенттің университет тарапынан бекітілетін жетекшісі мен өндірістен бекітілген жетекшінің келісімімен өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

Іс-тәжірибе жинақтау негізінде әрбір студент өз мамандығының мазмұнына, негізгі тұжырымдамасына сәйкес келетін жеке тапсырманы орындауы тиіс. Берілген тапсырма негізінде жинақталған материалдар білім алушының зерттеу жұмысында пайдаланылып және студенттік ғылыми конференцияларға ұсынуға болатындай мазмұны жан-жақты, өзекті болуы тиіс. Жеке тапсырма мазмұны университет пен кәсіпорын үшін өзекті және практикалық тұрғыда маңызды, мәнді болуы керек.





  1. Іс-тәжірибе жетекшілерінің міндеттері

Кафедра тарапынан бекітілген іс-тәжірибе жетекшілері студенттің машықтанудан өту барысын жүйелі түрде қадағалап отыруы тиіс. Тәжірибе жетекшісі іс-тәжірибенің күнтізбелік жоспар бойынша орындалуын қадағалап, студентке пәндік облысты, оның қызмет көрсету саласын зерттеу, мекемедегі қолданыстағыақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері жұмысын игеру және есеп беруге қажетті мәліметтерді жинақтауға бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсетіп отыруы тиіс.

Іс-тәжірибе жетекшілері іс-тәжірибе жинақтау мерзімі аяқталған соң, студенттің атқарған жұмысы бойынша есебін қабылдау комиссиясының қарауына ұсынуы керек және студентке мінездеме беруі керек.


  1. Машықтанушы студенттердің міндеттері

Өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында студент міндетті:



  • Өндірістік іс-тәжірибе өтетін мекеменің ішкі тәртібіне бағынуға;

  • Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін қатаң сақтауға;

  • Іс-тәжірибе программасы аясында қаралған тапсырмаларды толық орындауға;

  • Тапсырылған жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, орындауға және есеп беруге;

  • Іс-тәжірибе есебіне қажетті мәліметтерді жинақтап, жүйелеуге;

  • Іс-тәжірибе өтетін мекеменің ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері жұмысын зерттеп, оны жетілдіру мәселелерін жүзеге асыруға қатысуға;

  • Мекеменің компьютерлік ақпараттық, желілік кешендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына қатысуға;

  • Іс-тәжірибе күнделігін жүргізуге;

  • Іс-тәжірибе есебін жетекшіге жазбаша тапсыруға.



  1. Есепке қойылатын талаптар

Өндірістік іс-тәжірибе есебі сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес орындалуы керек. Іс-тәжірибе есебінің мазмұны төмендегі мәліметтерді қамтуы тиіс:



  • Тәжірибе жинақтау мекемесінің ұйымдастырушылық құрылымы мен оның басқарушылық құрылымы;

  • Зерттеу объектісіндегі қолданыстағы ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері/кешендері жұмыстарына сипаттама;

  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің программалық құралдарына сипаттама;

  • Мекемеде қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік кешендері жұмысын жетілдіру есептері мен мәселеріне шолу және талдау жасау;

  • Мекемедегі желілік қауіпсіздіктің ұйымдастырылуын сипаттау.




  1. Жеке тапсырмалар тақырыптарының бағыттары




  1. Банктік ақпараттық қауіпсіздік

  2. Заманауи ақпараттық шабуыл әдістері мен құралдары

  3. Жергілікті есептеу желісі және оның қорғаныс шаралары

  4. Ақпараттың жоғалуы мен шығып кетуінің алдын алуға аналитикалық талдау жасау

  5. Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің программалық-аппараттық құралдары

  6. Ақпарат қауіпсіздігінің аудиті

  7. Ақпараттық қауіпсіздік есептеріндегі блокчейн технологиялары

  8. Интернет әлеуметтік желілеріндегі ақпараттық қауіпсіздік

  9. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі деңгейлері

  10. Мәліметтерді шифрлеу. Қолданыстағы алгоритмдерді модернизациялау.

  11. Интернет желісіндегі алаяқтық схемаларына талдау

  12. Жеке тұлғаны идентификациялау технологиялары

  13. Жеке тұлғаны идентификациялаудың дыбыстық технологиялары


Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Мэйволд Эрик. Безопасность сетей: Практ.пособие: Самоучитель/Мэйволд Эрик-М.:СП ЭКОМ:БИНОМ, 2005-528 с.: ил.

  2. Расторгуев С. Информационная безопасность: Учебное пособие.-М. :Академия,2007.-192 с.

  3. Комплексная защита информации в корпоративных системах:Учебное пособие.-М.:Форум: Инфра-М, 2010.-592 с

  4. Петров А.А. Компьютерная безопасность. Криптографические методы защиты.–М.:ДМК, 2000г.

  5. Мельников В.В. «Защита информации в компьютерных системах» М., «Финансы и статистика», 2001

  6. Степанов Е.А. «Информационная безопасность информации и защита информации». М. Инфра, 2001

  7. Барсуков В.С., Водолазкий В.В. Современные технологии безопасности. М.:Нолидж, 2000

  8. Ю.И.Никифоров «Компьютерные преступления. Уголовные меры борьбы с компьютерной преступностью», М., Мир, 2000 г

  9. И.Денис Ферн «Секреты супер-хакеров», С-П, «Невский проспект», 2000

  10. Симионс Г.Дж. Обзор методов аутентификации информации ТИИРЭ, 2008.–Т. –N5.–105-125.

  11. В.В.Герасименко Защита информации в автоматизированных системах обработки данных», М., «Русская редакция», 2000 г.

  12. Е.А. Степанов «Информационная безопасность и защита информации», М., Инфра-М, 2001 г

  13. А.Г.Ростовцев «Элементы криптологии», М., Инфра-М, 2000 г

  14. «Теория и практика обеспечения информационной безопасности» под ред. Зегжды П.Д., С-П, Питер, 2000 г

  15. Г. Винтон «Феномен Internet», М., Русская редакция, 2002 г

  16. В.Гайкович, А.Першин «Безопасность электронных банковских систем», С-П, Питер, 2001 г

  17. И.Денис Ферн «Секреты супер-хакеров», С-П, «Невский проспект», 2000

  18. Пшенин Е.С. Теоретические основы защиты информации: Учебное пособие. – Алматы: Каз НТУ, 2000.125 с.

  19. Кнут Д. Искусство программирование на ЭВМ. Т.2. Получисленные алгоритмы. – М.: Мир, 2000 – 724 с.

  20.  Ю. Родичев «Нормативная база и стандарты в области информационной безопасности»Изд.: Питер, 2017-256с.

  21. Е. Баранова, А. Бабаш «Информационная безопасность и защита информации» 3-е изд.Изд-во: РИОР Инфра-М, 2016-324 с.

  22. В. Бондарев «Введение в информационную безопасность автоматизированных систем» Изд-во: МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2016-252с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет